Билингвалды компонент: түйе – верблюд, елік – олень.
Сергіту сәті:
Мен өркешті түйемін,
Басымды жерге иемін.
Маң-маң басып далада
Жантақ жеуді сүйемін.
Дидактикалық ойын: Бастаушы допты бір балаға лақтырып, бір жануардың атын айтады, бала допты кері лақтырып, оның төлін айтады.
Мысалы: сиыр – бұзау, бие – құлын, түйе – бота, есек – қодық, мысық – марғау. Педагог артынан қайталайды:
Е-е-е – ат үсінде ер, Ең-ең-ең – ең үлкені мен, Ең-ең-ең – екі жағы тең.
Балалар, енді біз "тең" сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
Бірінші дыбысты қаттырақ оқимын, т-т-тең.
Сөздегі бірінші дыбыс қандай дыбыс?
Дауыссыз дыбысты қандай түсті текшемен белгілейміз?
Бәріміз көк текшені қоямыз.
Педагог екінші дыбысты қаттырақ созып айтып, екпін қандай дыбысқа түсіп тұрғанын сұрайды. Те-е-ең.
"Е" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
Енді тағы бір дыбыс қалды, тең-ң-ң."Ң" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Оны қандай белгімен белгілейміз?
"Тең" сөзінде барлығы қанша дыбыс бар?
Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз?
"Ер" сөзіне өз беттерімен дыбыстық талдау жасатады.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 25 тапсырма орындалады.
Көмек керек балаларға педагог көмектесіп, қатесін түзейді, үйретеді.
3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Сабақ қызықты болды ма?
№26 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Е» дыбысы .
Мақсаты: "Е" дыбысын қайталау.
Міндеттері: Е дыбысының сөздегі орнын тапқызу. Балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын одан әрі дамыту. Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Достарыңызбен бөлісу: |