Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үлкен болып өседі.
Балалар, енді сендер өздерің орындарыңда "іні" сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар. Педагог көмек керек балаларға көмектеседі. Қателерін түзеп тексереді, үйретеді. Дұрыс талдаған бірінші бала тақтада талдау құқығына ие болады. Қалған балалар тақтаға қарап, қателері болса түзейді.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 27 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
№28 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: "І" дыбысы
Мақсаты: "І" дыбысын қайталау.
Міндеттері: Сөзге дыбыстық талдау жасату, жазуға жаттықтыру, сөздік қорын, тілін дамыту. Түрлі сызықтар, штрихтар жүргізуге үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: сөзге дыбыстық талдау;
Түсінеді: "І" дыбысының дауысты екенін; Қолданады: Оқу қызметінде алған білімдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті хатқалталар, әр мезгілге сай киім түрлері, жұмбақтар, қуыршақ, жұмыс дәптері. Билингвалды компонент: жұмбақ – загадка.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балаларға қонақ келгенін айтады, қуыршақты көрсетеді.
– Балалар, қуыршақтың есімі – Іңкәр. Іңкәрмен амандасайық. Іңкәр бізге көптеген жұмбақтар, ойындар алып келіпті. Бірінші жұмбақтарын шешіп көрейік.
Билингвалды компонент: жұмбақ – загадка.
2. Негізгі кезең
Педагог Іңкәр әкелген сөмкеден жұмбақтар алып оқиды. Жұмбақтар:
Киім киген инеден,
Қорқып ешкім тимеген.
Өзі суда өседі,
Суға қайнап піседі.
Көрмедім еш үйіңді, Қолданбас бұл бұйымды. Жазып қыртыс-тыртысын Жаңалайды киімді.
Ауызы жоқ, тілі жоқ, Естілетін үні жоқ.
Қарап тұрсаң бетіне
Сөйлемейтін күні жоқ.
Балалар, сендер жұмбақтардың бәрін дұрыс шештіңдер. Іңкәр сендерге риза болып отыр. Іңкәр бұл жұмбақтарды бізге бекер әкелмепті, жұмбақтардың жауабының бәрінде "і" дыбысы бар. Іңкәрдің аты да "і" дыбысынан басталып тұр.
Балалар, "І" дыбысын сендер білесіңдер ме? "І" қандай дыбыс?
Қандай түспен белгілейміз?
Іңкәрға "і" дыбысынан басталатынын сөздерді айтып берейік. "І" дыбысы қазақтың төл дыбысы, сондықтан да дұрыс айтуға тырысайық. Іңкәр бізге ойын әкеліпті, сол ойынды ойнайық. Ол киімдерге байланысты, киім сөзінде "І" дыбысы бар ма? Киім сөзін буынға бөлейік.
Дидактикалық ойын: "Бұл киімдерді қай мезгілге киеді?"
Ойын шарты: тақтаға төрт хатқалта ілінеді. Көк – қыс мезгілі, жасыл – көктем мезгілі, қызыл – жаз мезгілі, сары – күз мезгілі екенін айтып түсіндіреді.
Әр мезгілдің киімдерін араластырып төңкеріп қояды. Балалар кезек-кезек өздері алған суреттегі киімді мезгілге сай өз хатқалтасына салуы керек. Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу.
Бағдаршамның көздері Жанып-өшеді өздері. Міне, былай, міне, былай, Жанып өшеді өздері.
Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі № 28 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
Балалар бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерін, қол шапалақтау арқылы көрсетеді. Іңкәр балаларды мадақтайды. Қоштасып қайтады.
№ 29 ҰОҚ
Достарыңызбен бөлісу: |