Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет13/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

Сергіту сәті:
Шыр-шыр еткен торғайды Қорғамасаң, болмайды. Кіп-кішкене торғайлар Ағаштарды қорғайды. Таспен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
(М.Әлімбаев)
Педагог балаларға «сөз» деген сөздің мағынасын түсіндіреді.

  • Сөз заттар мен құбылыстардың атауы. Мысалы: алма – жемістің атауы, жаңбыр – құбылыстың атауы т.б. Сөз дыбыстан құралады.

«Кім көп біледі?» ойынын ойнату.
Ойлаған сөздеріңді буынға бөлейік.

  • Әр буында бір дауысты дыбыс болады. Дауысты дыбыстарды қызыл түспен, ал дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз (балаларға көрсету). Педагог «Әліпби сыры» өлеңін мәнерлеп оқып береді:

Әліпбидің «А» тұрады басында, Әрқашанда «Ә» тұрады қасында. Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші, Ал осының сыры неде, түсінші?
«А» деген ол – Аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол – Әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол – Балалар ғой әдемі,
Біздің елде Үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей,
Сондықтан да расында, Тұрады олар
Әліпбидің басында!
Педагог балаларға өлең мазмұнын түсіндіреді.
Өлеңді қайталатып айтқызу арқылы, жаттап алуды ұсынады.
Билингвалды компоненттерді қайталатады .
– Жақсы, балалар, енді «Сөз жарысын» ұйымдастырайық. Кім көп сөз айтса, сол жеңімпаз болады (сөз айтқан балаға түрлі түсті қаламнан беріліп отырады).
Қаламдарды санау арқылы жеңімпаз анықталады.
Жұмыс дәптермен жұмыс:дәптердегі №5 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Оқу қызметінің қызықты өткенін және ұнағандығын сұрап білу.
6 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы:Сөздер мен дыбыстар. «Т» дыбысы.
Мақсаты: Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты және дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру.
Міндеттері: 1. «Т» дыбысымен таныстыру, дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру. Қолды жазуға дайындау, саусақ моторикасын дамыту.
Ойларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет