Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет10/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: ыммен берілген тапсырманы орындайды, ұзын және қысқа сөздерді қолдарымен өлшейді, сөз айту арқылы стақанға қаламдар салуды, жаңа дыбысқа сөз ойлап айтуды;
Түсінеді: «а» дыбысының дауысты дыбыс екенін, сөздің қаншалықты қажеттілігін; Қолданады: ұзақ және қысқа сөз ойлап айтады, сөздерді буынға бөледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері .
Сөздік жұмыс: Ыммен.
Билингвалды компонент: үй – дом , кітапхана – библиотека, Астана қаласы – город Астана.
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларға ыммен «отырыңдар», «сөйлемеңдер», «тынышталыңдар», – деп белгі береді.
Ыммен – сөйлемей ишарамен түсіндіру.

  1. Негізгі кезең

  • Міне, балалар, көрдіңдер ме, сөзсіз өмір сүру қандай қиын, ал біз бәріміз өз ойымызды сөз арқылы айта аламыз.

  • Балалар, қазір мен бір сөз айтамын. Мысалы: «сиыр», енді сендер бір сөзден айтыңдар. Ал шатасып кетпес үшін мына стақанға әр сөз айтылған соң бір қарындаштан салып отырайық. Мен «сиыр» сөзін айттым, бір қарындаш салайын. Тағы да кім сөз айтады?

Ең соңында қарындаштарды санап, педагог қорытынды жасайды.

  • Міне, біз қандай көп сөз білеміз, айта берсек әлі де көп.

  • Сендер байқадыңдар ма, кейбір сөз ұзақ дыбысталса, енді бір сөз қысқа дыбысталады.

Сол себепті сөздер ұзын және қысқа болады.
Мына екі сөзді тыңдаңдар: үй және кітапхана. Осы сөздердің қайсысы ұзақ, ал қайсысы қысқа айтылады?

  • Біз ол сөзді өлшеп көрсетейік: 2 қолдың алақандарын біріктіріңдер. Сөзді дыбыстай бастаған кезде алақандарыңды аша бастайсыңдар. Ал дыбыстап болысымен, сол сәтте тоқтай қалыңдар ( Бұл жаттығу 2–3 баламен жекелеп жүргізіледі, 6–8 сөз айтылады).

Билингвалды компоненттерді қайталатады.
Сергіту сәті:
Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
(Ө.Тұрманжанов) – Балалар, біздің елордамыз, бас қаламыз қай қала?
Астана қаласының көрікті жерлерінің көркем суреттерін көрсетеді.

  • Астана қаласы «А» дыбысынан басталады. «А» дыбысын аузымызды кеңірек ашып қайталаймыз.

«А» дыбысы дауысты дыбыс, оны әндетіп айтуға болады. Ауыз қуысынан кедергісіз шығады.
«А» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: «А» дауысты дыбысын айтқанда ауыз кең ашылып, тіл ауыз қуысында еркін жатады. Дауыс шымылдығы ашық болады. Осылай «а» дыбысы жасалады. Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді."А" дыбысы – жуан дауысты дыбыс.

  • Ал енді «А» дыбысынан басталатын сөздерден мысал келтіріңдерші. Педагог балалардың ойлаған сөздерін буынға бөлулерін сұрайды.

Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі №3 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет