Билингвалды компонент: Нан – хлеб
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 7 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар, үйде, мейлі көпшілік арасында болсын, нан қоқымын көргенде басуға болмайды екен. Осыны өздеріңнің іні-қарындастарыңа да үйретулерің керек.
№ 8 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі:Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Н» дыбысы.
Мақсаты: «Н» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін кеңінен таныстыру.
Міндеттері: Н дыбысының сөздегі орнын тапқызуға үйрету. Тапсырмаларды орындату арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
Жасайды: сөздерді буынға бөледі, қысқа сөз құрайды, торкөз бойымен күшік суретін салады, өлең арасынан «н» дыбысы бар сөздерді айтады;
Түсінеді: дидактикалық ойын шартын түсінеді;
Қолданады: ойын барысында буынды айтып, сөз құрайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, көркем суреттер.
Билингвалды компонент: тышқан – мышь, сауысқан – сорока, шалқан – репка.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі Педагог шаттық шеңберіне тұрғызады. Бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.
Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді борлып жүрейік.
Педагог:
– Балалар, өткен тақырыпта «Н» дыбысымен таныстық.
2. Негізгі бөлім
«Н» дыбысы дауысты дыбыс па әлде дауыссыз дыбыс па?
Дауыссыз дыбыс.
«Н» дыбысын сендер сөздердің басында, ортасында, соңында кездесетінін білесіңдер.
Мен өлең оқимын «Н» дыбысы бар сөздерді естеріңде сақтап айтып беріңдер. Сөйлемейсің сен неге, Тілің жоқпа, қуыршақ? Жуынбайсың сен неге,
Кірің жоқпа, қуыршақ?
(Р.Тышқанбаев)
Дидактикалық ойын: «Буынды айтып сөз құра»
Ойын шарты: педагог айтқан буынға балалар сөз құрап айтады. Мысалы: На.. . . . , Та. . . .
Сергіту сәті:
Қиынсынып қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз. Көңілді әуен сазымен Жаттығуды бастаймыз.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір,
Қолды жоғары көтеріп, Қолды төмен түсіріп, Терең тыныс алайық.
Педагог тақтаға көркем суреттер іліп, балаларға аттарын қолды шапалақтау арқылы буынға бөлгізеді. Мысалы: шалқан, тышқан, тиін, қоян, орындық, сауысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |