Билингвалды компонент: сызғыш – линейка
Балалар, буындардың жазылуын сызба түрінде былай көрсетеді (тақтада көрсетеді):
Сыз-ғыш.
«Сызғыш» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
«Сызғыш» сөзінде неше дыбыс?
Екінші буын қай дыбыстан басталады?
Сергіту сәті:
Торғай, торғай, торғайсың, Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын, тойып ал, Сонда аязға тоңбайсың.
(Х.Талғаров)
Дидактикалық ойын: «Сөйлемдерді толықтыру».
Ойын шарты: Балалар педагогтің бастаған сөйлемін жалғастырады.
Өзімнің үлкен бауырым ...
Қыз құлағындағы әшекей ...
Ат тұяғындағы темір ...
Қап-қара құс ...
Шегені қағатын ... – Жарыста айғайлайды...
Шыр-шыр еткен ...
Мысықтың баласы ...
Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі №9 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлеріңді, басбармақтарыңды көтеріп немесе төмен қаратып түсіру арқылы көрсетіңдер.
№10 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі:Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Ғ» дыбысы.
Мақсаты: «Ғ» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Ғ дыбысының сөздегі орнын табуды үйрету, буынға бөлгізу. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.
Тапқырлыққа, ойының ұшқыр болуына тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
Жасайды: жұмбақ шешеді, сөздерді буынға бөледі, өрнектерді штрихтайды;
Түсінеді: "ғ" дыбысының дауыссыз дыбыс екенін;
Қолданады: Ғ дыбысының сөздегі орнын табады, жаңылтпаш қайталайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: ғарышкер – космонавт.
Достарыңызбен бөлісу: |