жасайды: сөздерге дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі. түсінеді: "Қ" дыбысының дауыссыз екенін түсінеді; қолданады: "Қ" дыбысын анық, таза айтып қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, Жұмбақбай ата болып киінген кейіпкер, қоржын.
Билингвалды компонент: қонақ – гость.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балаларға қонақ келе жатқанын хабарлайды. Қоржынын арқалап, топқа Жұмбақбай ата кіреді. Балалармен амандасады.
– Жұмбақбай атаның қоржынында жұмбақтар бар, соны шешкен балаларға Жұмбақбай атаның арнайы сыйлықтары бар екен.
Жұмбақ:
Маңдайы бар, тілі жоқ, Құлағы бар, үні жоқ. Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық.
Қос қолға киемін,
Жып-жылы жүремін.
2. Негізгі кезең:
Балалар, сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер, мен сендерге ертегі жазылған үнтаспа сыйлаймын.
Балалар Жұмбақбай атаның жұмбағының шешулері қандай дыбыстан басталады? Өткен тақырыбымыз "Қ" дыбысы болатын. Айтыңдаршы, "қ" дыбысы қандай дыбыс, қандай түспен белгілейміз?
Балалар, "Қ" дыбысы – қазақтың төл дыбыстарының бірі. "Қ" дыбысын анық, таза айтуға тырысайық.
Тіл ұстарту:
Қа-қа-қа –
Бақылайды бақа.
Қа-қа-қа – Атам берді соқа.
Ақ-ақ-ақ –
Басыңа қонсын бақ!
Гүлденіп кетті бақ.
Әжем маған жақ.
Боларсың әркез сақ.
Секіреді лақ.
Шұнаңдайды лақ.
Сылдырлайды бұлақ.
Дидактикалық ойын:"Жалпы атауын ата".
Педагог балаларға допты лақтырып, сөздер айтады, допты қағып алған бала сол сөздердің жалпылама атауын айтады. Қ дыбысының нешінші тұрғанын табады.
Мысалы: Қызыл, жасыл, сары, көк – түстер.
Қоян, қасқыр, түлкі – Қас, көз, қол –
Қызғалдақ, түймедақ, раушан – Май, шай, нан –
Сергіту сәті:
Қанатымды жазамын, Жоғары-төмен қағамын.
Биік көкте айналып,
Жұлдыздай жылдам ағамын.
– Балалар, қазір мен Қ.Мырза Әлидің «Құттықтау» өлеңін оқимын. Өлең жолдарында
"қ" дыбысы естілсе, қол шапалақтай отырыңдар.
Қуанышы баланың –
Қуанышы ананың. Қуанышы ананың –
Қуанышы баланың. Бізді өсірген апатай, Еңбегің де зор екен. Құтты болсын "апатай", Құтты болсын мерекең! Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу: Ұнды қолмен аламыз, Бетіне тұз саламыз. Жылы суды құйып ап, Араластырып қоямыз.
Жұмыс дәптермен жұмыс. №15 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Бізге қонаққа кім келді? Жұмбақбай атаның жұмбақтары сендерге ұнаса, бәріміз бірге қол шапалақтайық.
№17 ҰОҚ
Достарыңызбен бөлісу: |