Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет24/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

2.Негізгі кезең.

  • Біз осы ертегі кейіпкерлерін мүсіндейміз.

Тапсырма: ертегі желісі бойынша қоянның бауырсақты кездестіргенін мүсіндеп шығып, дәптеріміздегі жол жиегіне орналастырамыз.

  • Қоянның дене бөліктерін анықтайық (денесі, басы, төрт аяғы, құйрығы, құлағы).

Педагог осы өлшемдерге сай ермексаз бөліктерін дайындап, жасалу жолын түсіндіріп көрсетеді.
1.Ермексазды алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіреміз. Бұл– денесі болады. Арқасын дөңестеу жасаймыз.

  1. Кескіштің көмегімен денесінен аяқтарын шығарамыз. Қолымызды сулап, шымшып тегістейміз.

  2. Бас бөлігін жасау үшін ермексазды алақан арасына салып домалақтап, созу арқылы тұмсығын келтіріп, денесіне

біріктіреміз.Қоянның құлағын, құйрығын педагогтің көмегімен жасап, жапсырады.
Сөздік жұмыс: бауырсақ, қоян.
Көптілділік: қоян – заяц –hare, бауырсақ – колобок –doughnut, ертегі – сказка –fairy-tale, қорап – коробка –box, кілем – ковер –carpets.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы- қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді.
(Т. Бердияров)
Бауырсақтың жасалу жолы.
Бауырсақ бір ғана бөліктен тұрады. Сары түсті ермексазды алақан арасына салып, домалақ пішінге келтіреміз, сәл қысамыз.
Енді бауырсақтың бет бейнесін келтіреміз (көздері, мұрны, аузы).
Балалар, бүгін біз сендермен ертегілер әлемінде қонақта болып, қоян мен бауырсақты мүсіндедік. Қандай тамаша! Енді жұмыс дәптерде көрсетілген жол жиегіне ертегі желісі бойынша кейіпкерлерді орналастырайық.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балалардың еңбегін мадақтайды. Балалармен бірге дайын жұмыс үлгілерін талдайды.
Ата-аналарға арналған көрме ұйымдастыру.
9 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі:мүсіндеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет