Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет51/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Көптілділік: тостаған – тостаган, ою – узор – hack, өрнек – орнамент– pattern.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңберін құру. Арайлы таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, достарым! («Өзін-өзі тану пәні бойынша».) 2.Негізгі кезең.
Педагог балалардың назарын үстел үстіндегі ыдыстарға (кесе,тостаған, саптаяқ, т.б.) аударады.
Әрқайсысының атын айтқызып, білімдерін тексереді.
Балаларға №1 слайдтан түрлі тостағандардың суретін көрсетеді. – Бұл – тостаған.

  • Балалар, тостаған не үшін қажет?

  • Тостаған неден жасалған?

  • Балалар, осы тостағанды әрқайсымыз ермексаздан мүсіндеп жасап көрейік.

Тостағанның жасалу жолын №2 слайдтан көрсетеді.
1.Қоңыр түсті ермексазды алақанымызға салып домалақтаймыз.

  1. Домалақ ермексаздың үстіне қақпақшаны қойып, сәл басу арқылы ойық жасаймыз.Енді бас бармағымыз және сұқ саусағымызбен үңгу, қысу арқылы ішін ойып, шетін шығарамыз.

  2. Саусақпен шымшу арқылы тостағанның түбін шығарамыз.

Сергіту сәті.
Педагогтің қалауы бойынша өткізіледі.

  • Енді, балалар, осы дайын тостағанның сыртын әдемілеп әшекейлейік.Ол үшін ою-өрнек керек.

№3слайд. Осының ішінен иректелген оюды алайық.Оны алақанымыздың ортасына салып ширату арқылы тостағанды безендіретін өрнекті жапсырамыз.
Сөздік жұмыс:тостаған, өрнектеу, безендіру. Көптілділік: тостаған – тостаган, ою – узор– hack, өрнек –орнамент– pattern.
–Міне, біздің әдемі тостағанымыз дайын болды. Енді бұл тостағанмен қымыз ішуге болады.

  • Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын: Кесе, шыны, тостаған, Оларсыз шай құя ма? Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді?

Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалармен дайын жұмыс үлгілерін талдайды. Балалар «Ыдыстар» атты суреттер жинағын қарастырады.
Педагог әр баланың жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.
27 ұйымдастырылған оқу қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет