БАҒдарламасы ботақара 2010 мазмұны №


Жергілікті мазмұнды дамыту



бет3/17
Дата17.06.2016
өлшемі3.84 Mb.
#143041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Жергілікті мазмұнды дамыту

2009 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуларды арттыру бойынша, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жұмыс басталды.

Қазақстандық мазмұн үлесін ұстау мәселесі, аудан басшылығының үнемі бақылауында.

Халық тұтынатын тауарлар өнімін шығаратын және қызмет көрсететін, ірі және орташа бизнес санатына жататын аудандық барлық кәсіпорындарының төлқұжаттары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына бағытталды, Қарағанды облысының тауарөндірушілері каталогына енгізу үшін, қазіргі кезде каталогқа 6 кәсіпорын енгізілді. («ГРК Камбар» ЖШС, «KAZTHERM» ЖШС, «Қарағанды нан компаниясы» ЖШС, ПК «ВЕСТ», «Alian paint” ЖШС. “VERTEX GROUP” ЖШС).

2009 жылы ауданның отандық тауар өндірушілерін «ФНБ»Самрұқ-Қазына» АҚ енгізу және СТ-KZ тауардың шығуы сертификатын алу бойынша жұмыс басталды.

Ағымдағы уақытта СТ-KZ сертификаттарын ауданның 7 кәсіпорыны алды, олардың 5 отандық тауар өндірушілері тізіліміне енгізілді «ФНБ»Самрук-Казына» АҚ.



  1. «Вашкевич» ЖК – су жылыту қазандықтарының өндірісі

  2. Березняки ХХI ЖШС- құм өндіру

  3. “ALIANPAINT” ЖШС– лак бояу заттарын өндіру және сату

  4. «Алга» ШҚ - мал шаруашылығы өнімін өндіру және сату

  5. «Дорстрой LTD» ЖШС - құрылыс индустриясы

2009 жылдың 11 наурызында берілген Қарағанды облысының тауарөндірушілерінде жүйе құрушы кәсіпорындармен, ұлттық компаниялармен тауарларды сатып алуда қазақстандық мазмұн мәселесі бойынша, Қарағанды облысының тауарөндірушілерінде, жүйе жасайтын кәсіпорындармен тауар, жұмыс және қызметтерді беруге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының тапсырмаларын орындауда 11.03.2009ж берген жүйе құратын кәсіпорындармен тауар, қызметте сатыпалу мәселесі бойынша, Қарағанды облысының тауар өндірушілерінде тауар, жұмыс және қызмет ұсынымына хаттама-ықылас бекіткен жергілікті жабдықтаушылардың тізім құрылды:

- Вашкевич ЖК, «Казпошта» АҚ-мен хаттама- бекітілді, 4,5 млн.теңге сомасына қазандықтарды орнату мен монтажына;

- «Березняки ХХI» ЖШС хаттама-пиғыл 3 млн.теңге сомасына құм әкелуге «Арселор Миттал Темиртау» АҚ-мен бекітілді.

2009 жылы 6600 м.куб көлемінде, 8,6 млн.теңге сомасына кәсіпорын құрылыс құмын әкелді, бұл 5,6 млн.тенгеге хаттама-пиғылмен бекітілген көлемнен артық. Ағымдағы жылы кәсіпорын облыстың құрылыс компанияларымен жұмыс істейді, «АрселорМитталТемиртау» АҚ-мен келісім-шарттар бекітілген жоқ.

Ауданның ірі кәсіпорындарында қазақстандық мазмұндағы сатып алымдардың деңгейі 90% құрайды. 2010 жылға тауарларды, жұмыс және қызмет сатып алымдарының жалпы жоспарлық көлемі 2958,2 млн.тенгені құрайды, соның ішінде «ГРК Камбар» ЖШС - 400,3 млн.тенге, «ГРК Sat Komir» ЖШС - 2557,9 млн.тенге, 70% және 93% бойынша сатып алымдардың жалпы көлемінде қазақстандық мазмұн үлесі болжамына сәйкес.

Ағымдағы мерзімде кәсіпорындар бойынша сатып алымдар көлемі 188,8 млн.тенгені құрады, қазақстандық мазмұн үлесі 96,1% құрады.

Соның ішінде:

- тауарларды сатып алу көлемдері бойынша – 68,5 млн.тенге ( 96,8%)

- жұмыстарды сатып алу көлемдері бойынша – 38,7 млн.тенге (100%)

- қызметтерді сатып алу көлемдері бойынша – 76,5 млн.тенге (93,7%).

Тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алуда қазақстандық мазмұнды ұстау үлесі және дамыту мәселесі, аймақ экономикасын дамытуың басымды бағыты болып табылады, ірі жүйе құратын кәсіпорындар бойынша мониторинг ай сайын жүргізіледі, әрі қарай берілген мониторингтер ауданның орташа кәсіпорындары бойынша жүргізіледі.

Мақсатты индикаторларға сәйкес берілген бағдарламалардың дамуы, мемлекеттік мекемелер, берілген бағдарламаның дамуы индикаторларымен мемлекеттік мекемелердің сатып алымдарында қазақстандық мазмұн үлесін арту жоспарланады, жүйе құратын кәсіпорындардың тауарлар 60%, жұмыс және қызметтер 90% артық.



Агроөнеркәсіптік кешен.

Ауданда 968 ауыл шаруашылығы нысандары қызмет етеді, соның ішінде 925 шаруа қожалықтары, 28 – ЖШС, 5 – өндірістік кооперативтер, 1 – акционерлік қоғам, 8 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі ұйымдастырылды: СТК «Дубовский», СТК «Даулет», СТК «Мадина», СТК «Шапагат», СТК «Бота», СТК «Агро-Алем», СТК «Кабылкаир», СТК «Эко Продукты», сервисно-заготовительный центр «Ботакара» және 11072 жеке қосалқы шаруашылығы.

Облыс ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 17%, Бұқар жырау ауданы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі құрайды. Облыстың ауыл шаруашылығы жалпы өндірісінің негізгі бағыттары ет, сүт, жұмыртқа, бидай, картоп және көкөністер өндірісі болып табылады. Облыс аумағында мал шаруашылығы өнімінің өндірісі бар, мал өсіру үлесі 10,1% артты, 2004 жылдан 2009 жыл кезеңіне және 75,7% құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі кейінгі бес жылда 2,2 есе өсті және 16,3 млрд. тенгені құрады, жеке көлем индексі – 110% . Өсімдік өсіру 24,3% және мал өсіру – 75,5%.

Өсімдік өсірудегі негізгі бағыттар – бидай өндірісі, соның ішінде арпа мен сұлы, бұлар ауданның барлық пункттерінде өндіріледі, барлық жыртуға жарамды алаңдардың 74% құрайды. Астық өнімдерін себу алаңдары 2010 жылы 115,1 мың. га құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 3 га артық. Негізгі алаңдар Центральный селолық округына – 13,5%, Ростовка селолық округына – 14%, Ақөре селосына келеді- 6,9%.

2010 жылы картоп және көкөніс өнімдерінің егу алаңдары 2010 жылы 1600 гектарды алды. 2010 жыл қорытындылары бойынша 23,3 мың. тонна картоп және көкөністер өндірілді. Картоп ауданның барлық аумақтарында шығарылады, бірақ негізгі өндірушілер Центральный селолық округының шаруа (фермерлік) қожалықтары (11,5%), Самарқанд селолық округы (9,6%), Ростовка селолық округы (35%). Ауданда өсірілетін басты көкөніс өнімдері – сәбіз және қызылша, асханалық орамжапырақ, олардың үлесіне көкөністердің барлық жалпы жиыны 64,3%. Ауданның көкөніс алаңдарының көбі, ауданның Самарқанд, Көкпекті, Тұзды, Молодецки және Суықсу селолық округтарында.

2009 жылы 22,7 мың.гектар алаңдарында арамшөптерге және өсімдік ауруларына қарсы гербицидтермен емдеу шаралары жүргізілді, 2450 гектар алаңдарда минералдық тыңайтқыштар қолданылды.

2009 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінде, заманауый техникасын және өндіріс технологиясын енгізетін ірі агроөнеркәсіптері өндірістерін дамытуды басымды қолдау қамтамасыз етілді. Осыған алғыс ретінде 2009 жылы 100% егу алаңдары сортты тұқымдармен егілді. Ауданда 2 тұқым егу шаруашылықтары бар: таңдаулы-тұқымдар «КНИиРС» ЖШС және «Қосшокы» ШҚ. Өндіріске астықтың жоғарғы өнімді жаңа сорттары енгізілді «Қарағанды 22», «Қарағанды 70», «Секе».

Сала механизациясы. Машина-тракторлық паркін жаңарту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі. Ақырғы жылдары (2002-2009ж) 169 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынды, соның ішінде 6 себу кешендері және 15 жоғары өндірісті комбайындары. Жақын және алыс шет елдердің жоғарғы өндірісті техникасын алу, 2005 жылмен салыстырғанда 2,4 % энергиямен қамтуды артуға көмегін тигізді.

Заманауый инновациялық технологияларды қолдану. Капельді жыртудың жалпы алаңы 80 гектарды құрайды. Капельді жыртуды енгізу бойынша жұмыс «Айхан» шаруа қожалығымен басталды. Жабдық өз қаражаты есебінен 4,7 млн.теңге сомасына алынды.

Өсімдіктер карантині және қорғау. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытудың халықаралық талаптарына сәйкес, соның ішінде аса зиянды зиянкестерге қарсы күрес жүргізу үшін, бөлінді және толығымен игерілді 71,0 мың.теңге, өсімдік аурулары мен арам шөптердің ошақтарын табу, таратпау және жою үшін 74 мың.теңге бөлініп игерілді.

Көкөністер өнімінің сақталу базасы нығайтылады. Бүгінгі таңда ауданда 27 картоп-көкөніс сақтау қоймалары жұмыс атқарады. Қазіргі кезде ауданда жалпы сыйымдылығы 26 мың.тонна көкөніс сақтау қоймалары қызмет атқарады. 2010 жылы Киров атындағы көкөніс сақтау қоймасы сыйымдылығы 2000 тонна, күрделі жөндеу жүргізілді, жұмыс құны 1,5 млн.теңгені құрады.

2010ж сорттық және егістік, тұқымдық және егістік материалдары 36 мың.тонна көлемінде зерттелді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтін прогрессивті технологиялар енгізіліп жатыр ылғалды үнемдеу және тамшылап суару технологиялары.

Мал шаруашылығы ет, сүт, мал өсіру, өнеркәсіптік құс және шошқа өсіруге мамандандырылған. Мал және құс, мал шаруашылығы өнімі санын өсіруде оң жетістіктерге қол жетті.

Ауданда 4 тұқымдық субьектілер қызмететеді, олардан:

ІҚМ бойынша – 1 «Марат» ШҚ, тұқымдық шаруашылық кәсіпорын статусын статусын 2010 жылы алды. 1 қарашаға ұрғашы мал басы 227 бас, жалпы бас 463 бас. Мал Қазақстанның асыл тұқымды зауыттарынан сатып алынды: Балқаш, Бастау, Новобратск, Ключевой. Жақын уақытта кәсіпорын асыл тұқымды зауыт статусын алуға жоспарлауда, сондай ақ өнім астылатын бренд құруды жоспарлауда.

Шошқалар бойынша 2 – АПК «Волынский» ЖШС, «Медео» ЖШС

Құстар бойынша – «А-Алтын» АҚ.

Сүт бағытындағы негізгі тұқымдардың бірі – Қырдың қызыл тұқымы ет бағытында- Қазақстың ақ бас тұқымы, Әулиекөл тұқымы, қой шаруашылығында Қазақтың қылшық жүнді тұқымы, Дегересс, Еділбай, Сарыарқа, Қазақтың құйрықтысы, жылқы шаруашылығында – Қазақтың «жебе» типі, Мұғалжар, шошқадан ірі ақ тұқымы, құс шаруашылығында * Хайкес белый, Росс-308.

Бес жыл ішінде мал шаруашылығының негізгі өнімдері өсті, ет өндірісі (тірі салмақ) 8,7% және 27,4 мың.тоннаны құрады, сәйкес сүт – 6,5% және 63,9 мың. тонна, жұмыртқа – 1,4% және 97,5 млн. дана.Мал өнімінің ауқымды үлесі Доскейский аулдық округы және Үштөбе, Дубовка, Ботақара селолық округтарына келеді.

Ветиринариялық алдын-алу шаралары жиі жүргізіліп тұрады. Бруцелез бойынша эпизотиялық шараларды қамтамасыз ету үшін ағымдағы кезеңде зерттелді 72,4 мың. бас ІҚМ және 85,2 мың. бас ШҚМ.

Түберкүлезге зерттелді 94,8 мың. бас ІҚМ, осымен қатар оң реттегіштер анықталмаған.

Аудан аумағында орналасқан барлық құс фабрикалары жабық тәртіпте жұмыс істейді. Яғни құс тұмауы тіркелмеген.

Мал сою алаңдарын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде Дубовка селосында сою пункті эксплуатацияланады, Көкпекті селосында сою пункті және 27 сою алаңы. Ауданның 15 тұрғылықты пункттерінде мал көму орындары бар.

Қазіргі таңда азық базасының негізін жайылымдық жерлер, шабындық және алаңдық азықтандыру құрайды. Аудан бойынша жайылымдық жерлер

518,2 мың. га, шабындықтар – 16,9 мың. га, көп жылдық шөптер – 19,7 мың. га, бір жылдық – 1025 га. 2010 ж з 63,1 мың.тонна шөп дайындалды, соның ішінде көп жылдық шөптер жиналды 25,3 мың.тонна шөп.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Өңдеу өнеркәсібі бүгінгі күнде анашар дамыған, жалпы тәулігіне мың тонна бидай қуаттылығымен 2 ұн тарту кәсіпорыны бар. Бидай Қарағанды облысында және ауылшаруашылығын өндірушілерден алынады.

2009 ж олармен 57,4 тыс. тонна ұн. 2009 ж қуаттылықтардың артуы деңгейі орташа 65%. Кәсіпорындар жоғарғы 1-ші және 2-ші сұрып ұндарын шығарады. Өндіріс нарығы – Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы.

Кәсіпорындардың бидай өңдеу кәсіпорындары бәсекеге қабілетті. Кәсіпорын ескі жабдықтың айрыбасталуына үнемі жұмыс істейді ( 2009 ж - «Сункар және К» ЖШС).

Ауданда 14 наубайхана жұмыс істейді, 2009 жылы өндірілген өнімнің жалпы көлемі 4 мың тонна нан өнімін құрады. Әрбір селолық округта 2013ж дейін наубайхана кәсіпорындарының құрылысна іс-шаралар жоспары жүзеге асырылады.

Осыдан басқа «Казыбек би» ШҚ кешенінде Үштөбе селосында тәулігіне 7 тонна жоба қуаттылығымен наубайхана ашу жоспарлануда.

Өңделген өсімдік шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі жоғары тұтынушы сұранысымен, қазіргі заманғы технология жабдықтарымен, пайдаланылатын шикізаттың экологиялық тазалығымен және ИСО 9001, ИСО-22000 тиісті халықаралық стандарттармен басқару, («Ақнар» ЖШС фирма) және шығарылатын өнімдер бәсекеге қабілетті.



Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу. Аудан тұрғындары үшін мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу қалыпты жұмыс болып табылады. Сүт өңдеумен «Шапағат» ЖШС айналысады, жылына 3 мың.тонна сүт өндіру жалпы қуаттылығымен. Кәсіорын Үштөбе селолық округында орналасқын. 2009ж кәсіпорынмен 29,1 тонна сыр өндірілген. Қуаттылық деңгейі 55% құрайды. Ауданның және облыстың ауыл шаруашылығын өндірушілерінде дайындалатын шұжық сыры мен «Чечел» сыр Қарағанды облысында сатылады.

Ет пен шұжық өнімдерін қайта өңдеумен және сүрлеумен ауданның 4 кәсіпорыны айналысады, ауысымына 21 тонна шұжық өнімін өндіру жалпы қуаттылығымен. Кәсіпорын Дубовка селолық округында орналасқан.

2009 ж 367 тонна шұжық өнімдері өндірілген. Кәсіпорынның іс бастылығы 2009ж 70 тен 100%-ға дейін. Ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінен және Қазақстанның басқа да аймақтарынан шикізат сатып алынады. Өнім Қарағанды аймағында және Астана қаласында сатылады.

Өңделген мал шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігі жоғарғы дәмдік сапалармен, заманауый технологиялармен және жабдықтармен негізделеді және халық аралық сапа стандарттарына сәйкес келетін басқару жүйесі

ИСО 9001, ИСО -22000 ( «Акнар ҚФ» ЖШС, «А-Алтын» ЖШС, ПКФ «Медео», «Сомер 2» ШҚ) және өнімге бәсекеге қабілетті бағалармен.

Құс етін өңдеумен облыста «Акнар ПФ» ҚФ жұмыс етеді, қуаттылығы жылына 7,2 мың. тонна, қуаттылығы -90%, сондай ақ құрма жемді өңдеумен айналысады, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 200 тонна.

Балық өңдеумен Новоузенка селосында орналасқан «Морская империя» ЖК айналысады, Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 155 тонна балық өнімі.

Өнім Қазақстан Республикасының аумағында, көбінесе Қарағанды облысы және Астана қаласында сатылады.

Ауыл шаруашылығында дамудың негізгі пролемалары:

өсімдік шаруашалағандағы бытыраңқылық және жер үлесінің шағын болуы ғылыми-негізделген егіс айналымын сақтауға, заманауый технологияларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермейді;

- суару жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлауы суарылатын


    • егістік жерлердің тиімсіз пайдаланылуына және ауыл шаруашылығы дақылдары түсімінің азаюуына әкеліп соғады;

    • ауыл шаруашылығы техникаларының 87% тозған.

    • мал шаруашалағанда орта және ірі тауар өндірістерінің дамуы

жеткіліксіз;

- мал шаруашылығында орта және ірі тауар өндірушілерідің жеткіліксіз дамуы, ірі масштабты селекциялық жұмыстарды ауыл шаруашылығы малдарын теңгерімді жемдеуді және бар мал қамау орындарын тиімді пайдалануды, өнім өндірісінің механизациялануы мен автоматтандырылуын тежейді;

- ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары тозған, сапалы шикізаттың жоқтығынан және дайындау-өткізу желілері нашар дамығандықтан, жұмыс қуаттылығы төмен.

Құрылыс.

2009 жылы тұрмыстық құрылысқа инвестициялар көлемі 459,9 мың. тенгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 175,6% құрайды. 2004ж деңгейі жағдайына өсім 67,7 есені құрады.

2004 ж тұрмыстық құрылысқа инвестициялар 6 798 мың. тенгені құрады, соның ішінде жеке құрылыс 6 798 мың.тенге.

Бюджет қаражаттары есебінен тұрмыстық құрылыс белсендендіріледі. 2008-2009 жж әрекетке 3 екі пәтерлік үй және бір он екі пәтерлік үй енгізілді, енгізілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 1146 ш.метрді құрайды. 2004 ж бюджет қаражаты есебінен инвестициялар жүргізілген жоқ.

Құрылыстың негізгі проблемаларына келесіні жатқызуға болады:

- азаматтарға қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштері жылына бір адамға тұрғын үйді салу және беру көрсеткіші болып табылады, аудан бойынша 2010 жылдың 1 қаңтардағы бұл көрсеткіш 0,17 ш.м. құрайды.

- құрылыс индустриясының дамуының әлсіз болуынан құрылыс материалдары бұйымдарының маңызды бөлігін сырттан әкелу қажет, бұл құрылыстың қымбаттауына әкеледі;

- базалық деңгейдегі мемлекеттік қалақұрылысының кадастры жоқ;


Шағын және орта кәсіпкерлік

Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау ауданның шағын және орта кәсіпкерлігінде оң дамулармен сипатталады.

Сонымен қатар аймақта кәсіпкерлікті дамытуға шағын кредиттік ұйым немесе шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалын ашу қажет.

Ауданда қызмет ететін ШОБ субьектілерінің арасында шағын кәсіпкерліктің ірі және белсенді қызмет ететін субьектілерін көрсетуге болады: с.Үштөбе «Возрождение ХХІ век» ЖШС (жартылай дайындалған өнімдердің өндірісі), «ЖасҰлан» ШҚ а.Доскей (өсімдік майының өндірісі), «Шұғыла» ШҚ с.Қаражар (нан-тоқаш өнімін өндіру, сүтті өңдеу бойынша цех, автотұрақ), Вашкевич ЖК (жылыту қазандықтарының өндірісі), Макарова ЖК К. Ғ.Мұстафин (тігу цех), «Енбек» ШҚ с. Үштөбе (жиһаз цехы).

2009-2010 жылдары «Бизнес-Кеңесші» жобасын жүзеге асыру үшін бастаушы кәсіпкерлер үшін, сертификат алумен тренинг оқулар өткізілді. Оқудың мақсаты тұрғындарды бизнес бастамаларын әзірлеу мен жүзеге асыруға, мемлекеттік органдарда бизнесті тізімге алу процедуралары бойынша, кәсіпкерліктің құықтық негіздері бойынша, салық салу, несиелендіру және бизнес-жоспарларды жасауға оқыту. 150-ден аса адам оқытылды.

Әлеуметтік қөзқарастан кәсіпкерлік тұрғындардың жұмыстылығы проблемасын шешуге, кедейшілік пен жұмыссыздық проблемасының шешілуіне, қоғамдағы әлеуметтік қиындықты шешуге көмегін тигізеді. 2009ж ауданда шағын кәсіпкерлік саласында ауданда 130 жоспарында 170 жұмыс орындары құрылды, орындалу 130,8%. Құрады.

Елбасының «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2010ж негізгі бағыттардың бірі «Бизнестің-жол картасы-2020» бюджеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қолдау және дамыту болды.

«Бизнестің-жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2 жоба мақұлданды:



1. «Премиум А» ЖШС 2 бағыт шеңберінде «кәсіпкерлік секторды сауықтыру»- жоба «Еттен дайындалған өнімдерді шығару бойынша мүліктік кешен алу» жоба сомасы 70,9 тенге, сый ақы ставкасының субсидирленген бөлігі (шамамен) – 1,7 млн. тенге.

Жоба қызметтің негізгі түрі бойнша қарастырылған (бөлу) – жылына 3300 тонна өндірістік қуатылығымен әрі қарай ет өнімдері мен жартылай өнімдерді дайындаумен шошқа және құс етін бөлу.

Жоба Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе селосы мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Жоба «жүзеге асырылу» кезеңінде – қазіргі кезде сатып алу –сату келісім-шарты бойынша өндірістік ғимараттар алынды. Ғимарат техникалық жағынан жарамсыз түрде, жабдық жиналмаған, істен шыққан, сәйкес агрегаттар, механизімдік кешендер жоқ. Инженерлік желілер: су құбыры, канализация, электр қуаты, вентиляция жұмысқа жарамсыз күйде.

Қазіргі кезде жөндеу өткізу жоспарлануда:

1) бөлу цехының реконструкциясы, іргелерді, жаңа инженерлік жүйелерді салуға және ет өңдеуші жабдықты құруға қайта монтаждау;

- шаруашылық, тұрмыстық, кеңселік жайларды.

2) жаңа мұздатқыш жабдығын салумен мұздатқыш жайларын жөндеу және қайта жаңарту;

3) жаңа жайлардың құрылысы;

4) санитарлы-техникалық және өртке қарсы нормаларды қарастыру мақсатында кәсіпорын аумағын аббаттандыру.

Мүліктік кешеннің құрылысы, қайта жаңартылуының жалпы мерзімі 3 жыл:

2010 жылдан 2013 жж.

Жұмыс орындарының жоспарланған саны – 200 адам.



  1. «Здоровые продукты» ЖШС («Өндірістік инфрақұрылым дамуы» шеңберінде - өндірістік инфрақұрылым дамуы. Сомма – 80,0 млн.тенге ( ЛЭП, автожолының құрылысы).

Ауданында кәсіпкерлік мәселесі бойнша әкімшілік белестерді төмендету бойынша шешуші процедуралардың түгенделуі мен қайта қарастырылуы жүргізілді (құжаттар).

Түгендеу нәтижесінде аудан бойынша айқындалды ауданның мемлекеттік мекемелерімен жүзеге асырылатын 37 шешуші процедуралары, соның ішінде оңтайландырылған 24, оңтайландыру пайызы 64,9% құрады.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің қызметінде әкімшілік белестерді төмендету мақсатында, Бұқар жырау ауданы әкімінің жанында Сараптау кеңесі әрекет етеді (кеңестік-орган) шешу жүйесін оңтайландыру бойынша. Бұдан басқа нағыз бәсекеге қабілеттілік маңыздылығын түсініктеу үшін, бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Берілген тақырып бойынша аудандық БАҚ материалдар жарияланады.

Сауда

Сауда экономикалық қызметтің маңызды салаларының бірі болып табылады. Ауданда 2010 ж 1 қаңтары жағдайына сауда қызметін 609 нысан жүзеге асырды, соның ішінде 466 сауда нысандары, 51 қоғамдық тамақтану нысандары, 92 қызмет ету нысаны саласы.

Жеке тауар айналымның негізгі көлемін жеке кәсіпкерлік қызметімен айналысатын және базарда сауда істейтін жеке тұлғалар қамтамасыз етті. 2009ж бөлшек тауарайналымның жалпы көлемі 45,9 мың.теңгені құрады. 2009 ж көтерме тауарайналымның жалпы көлемі 2,5 мың.теңгені құрады.
Көтерме тауарайналым көлемі бойынша шағын кәсіпкерлік 65 мың.теңгені құрайды, жеке салмағы – 0,3%.

2010 жылдың 9 айына бөлшек сауда айналымы 548,2 млн.тенгені құрайды,

2010 жылдың 9 айына көтерме сауда айналымы 21,9 млн.теңгені құрайды, бөлшек тауарайналым көлемі бойынша шағын кәсіпкерлік 33,8 мың.тенгені құрайды, жеке салмағы 6,2 % құрайды.

Сауда айналымын арттыру және аудан халқын жергілікті тауар өндірушілердің ауыл шаруашалақ өнімдерін қамтамасыз ету үшін қалалар мен аудандарда жәрмеңкелер өткізіледі. 2010ж қазан-қараша айларында 5 жәрмеңке өткізілді, онда жалпы 55,5 млн.тенге сомасына ауыл шаруашалаға өнімі сатылды, 15 %-ға базар бағасынан арзан.



Қызмет көрсету саласы

2009 ж Бұқар жырау ауданында тұрғындарға жалпы 288,3 млрд.теңге сомасына қызмет көрсетілді. 2004-2009 жж қызметтер көлемі 3,5 есе артады. Аудан орталығы мен кенттерге қызметтердің жалпы көлемінен 80% келеді. Облыс көлеміндегі жеке салмақ 0,5% құрайды.



Бәсекелестікті дамыту

Бескелестікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметті дамыту бойынша қажет инфрақұрылымды жасау бойынша шаралар жүзеге асырылады және бәсекелестік ортасын жақсарту бойынша.

Ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен толтыру үшін жергілікті тауар өндірушілерімен нарық аумақтарында тегін және жеңілдетілген сауда орындары ұсынылады, дөңгелекті және жолдық сауда ұйымдастырылады. Өз өнімін анайы жерлерде сату рұқсат етілген, осыған орай дел-далдарға тосқауыл қойылған. Сою алаңдары мен пункттердің құрылысы кесте бойынша жүргізіледі.

Әкімшілік белестерді төмендету мақсатында шағын және орта бизнес субьектілерінің қызметінде берілген тақырып бойынша облыстық және аудандық газет беттерінде мақалалар жарияланады.

Сонымен қатар аймақ экономикасының келесі салаларының қиын мәселелерді шешуді қажет етеді.

ЖЖМ нарығы Аудан аумағына ЖЖМ Қарағанды облысы және Қарағанды қаласының сату кәсіпорындарымен жеткізіледі.

Тас көмір жеткізу нарығы. Қазіргі кезде аудан аумағында көмір өндіру 3 кәсіпорынмен жүргізіледі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қушоқы шығу жері, «Сәт Көмір» ЖШС Тоғызқұдық селосында және «Қамбар» ЖШС Қарақұдық селосы. Тұрғындарда, ауданның мекемелері мен кәсіпорындарында көмірді дел-далсыз алу мүмкіндігі бар.

Фармацевтикалық және медициналық өнім нарығы Қарағанды қаласы мен облыстың дәрі-дәрмекті көтерме сатушыларынан сатып алатын, меншікті дәріханалар жүйесімен ұсынылған.

Өңірдің экологиялық мәселелері

Ауданның экологиялық жағдайының жақсаруы басымды бағыттардың бірі болып табылады, мақсаты аудан тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шаруашалақ және басқа жүйенің эколгиялық жүйелерге кері әсерін тигізудің алдын-алу, сондай ақ аумақта биологиялық алуандықты сақтау. Ауданның ірі экологиялық проблемалары атмосфераның су және жер ресурстарының ластануы.

2009 ж атмосфераға ластанған заттардың жалпы лақтырылымы -2,3 тоннаны құрады, бұл 2007 ж деңгейінің 0,7 мың.тоннаға аз. Атмосфераға көміртегі лақтырылымы 0,57 тоннаны құрады.

Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін ірі кәсіпорындар «Акнар ҚФ» ЖШС (с. Ботақара), Кушоқы көмір кенші КД «Борлы» (к. Кушокы), Рудник «Нұрқазган» Казахмыс Корпрациясы.

«Акнар ҚФ» ЖШС кәсіпорынында барлығы 19 атаулы заттар бөлінеді, атмосфераға лақтырылымның жалпы көлемі жылына 130 тонна. Араласқан шаруатұрмыстық және кәсіпорындық сарқынды сулар филтрациялау алаңына лақтырылады.

Қушоқы кентінен екі шақырымда «Казахмыс Корпрациясы» ЖШС Борлы КД көмір кенші орналасқан. Жерден өндіріс ашық әдіспен өндіріледі. Түгендеу мәліметтері бойынша өндіріс алаңында барлығы атмосфераны ластаудың 38 көзі орналасқан: 7 ұйымдастырылған, 31 ұымдастырылмаған көздер. «Қушоқы» кенші үшін жасалған ПДВ нормативтері жобасында 2007-2009 жж жалпы нормативті лақтырылым 80 тоннаны құрайды. Қалдықтар толығымен ішкі жарға орналастырылады, атап айтқанда рекультивацияның техникалық кезеңіне пайдаланылады.

Қушоқы көмір кеншінен және Қушоқы кентінен шаруатұрмыстық сарқынды сулар жасанды-биологиялық тазалануларға бағытталады, тәулігіне 500м жобалық өнімділігі.

Тазартылған сарқынды сулар биотоғандарда қосымша тазаланудан кейін жергілікті рельфке лақтырылады. Кешен 1972 жылдан эксплуатацияланады.

«Нұрқазған» руднигі Ғ.Мұстафин кентіне жақында орналасқан, шығу орнында өндіру ашық әдіспен алынады.

Жыл сайын «Казахмыс Корпрациясы» ЖШС Борлы КД табиғатты пайдалануға рұқсатнаманы қоршаған ортаны қорғау Министрлігінде рұқсатнама алады.

Ғ.Мұстафин кентінің Нұра өзенінің жағасында орналасқан тазалау жайлары режимнен шығарылған.

«Нұра және Ишим» өзені бассейіндерінің қоршаған ортаны реабилитациялау және басқару» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Республикасы су ресурстары бойынша Комитеті «Нұра өзенін ртуттан тазалау» жобасын жүзеге асырады.

Жоба мақсаты Нұра өзені аумағында өмір сүретін тұрғындардың әл-ахуалын арттыру, ластану көзін жою жолымен- бұрынғы Карбид АҚ (Теміртау қ) ғимараты мен жайлары, сондай ақ Нұра өзенін тазарту.

Қоршаған ортаны ластануына түсітен түсімдер көлемі – 38,8 млн.тенге, 2007ж деңгейіне 79% құрайды.



ТҚҚ көму. Қазіргі кезде ауданда ТҚҚ көму қызметін көрсететін кәсіпорындар жоқ, бұл берілген тауар нарығында бәсекелестікті дамыту мүмкіндігі жоқ, елді мекендерге полигондарды бекіту күшіне тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет