Оқыту процесiнiң заңдыльқтары:
Оқушының бiлiмге деген ынтасына оқытушы әсерiнiң сәйкестiгi. Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниенi тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалiмнiң балаға өмiрде қажет болатын, оларды қызықтыратын бiлiмдi берудегi белсендi ықыласын қажет етедi.
Оқушылардың жеке және ұжымдық iс-әрекеттерiне оқытушының әсерiнiң сәйкес болу заңдылығы. Бұл заңдылық мұғалiмнiң, оқыту процесiнде баланың айналысатын iс-әрекеттерiң әрбiр түрiнiң оның қандай қасиетiн талап етiп,сонымен бiрге оны дамытып отыратынын түсiнуiне мүмкіндік жасайды.
Білім мазмұнын таңдау мен оқушының жеке тәжірибесі арасындағы
Сана мен тәртіп, сана мен сезімдер арасындағы
Парыз бен мінез-құлық арасында
Қызығулар мен мүмкіндіктер арасындағы
Үлкендерге ұмтылу мен жаңа қажеттіліктер арасындағы
Жаңа мәдени жағдаятқа сай жаңа мінез – талапкер құлық нормалары арасындағы
Бұрынғы мүмкіндіктер мен жаңа қажеттіліктер арасындағы
Танымның жаңа міндеттері мен ойлаудың бұрынғы тәсілдері арасындағы
Оқушыны дамытатын қарама - қайшылықтар
Сурет 1. Оқу үрдіснің қозғаушы күштері
(Б.Б.Айсмонтас бойынша)
Жалпы заңдылықтар:
оқыту талаптарына сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру,
ол білім беру,тәрбие және дамыту процестерімен байланысы,
оқыту процесі оқушыны нақты оқу мүмкіндігін және сыртқы жағдайына тәуелді,
білім беру мен оқу процесі заңды түрде өзара байланысты,
оқытудан мазмұны ғылымен даму логикасы және деңгейіне,қоғамның талабын көрсететін мінднттеріне тәуелді,
оқытудың әдістері мен құралдары және оқуды ынталандыру, оқу іс-әрекетінің бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру білім беру мазмұнына және міндеттеріне тәуелді,
оқытуды ұйымдастыру формалары оқытудың міндетіне, мазмұнына және әдісіне тәуелді,
үйлесімді жағдайға сәйкес оқу процесін барлап заңдылықтарын мен компоненттерін өзара байланысын оқытуды берік, саналы және іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз етді.
Оқытудың барлығына тән заңдылықтар қандай-да бір түрінде болмыс көрінес беруі сөзсіз:
Оқу процесі оқытушымен оқушының мақсатына сәйкес болады,егер мұғалімнің іс-әрекеті оқылатын материалды меңгерту тәсіліне сәйкес келсе.
Жеке адамды мақсатқа сәйкес оқыту бұл іс-әрекетке тікелей қалыптасуына байланысты.
Оқыту мақсаты, оның мазмұны және әдістері арасында тұрақты тәуелділік бар; яғни мақсаты, оның мазмұнын , әдісін анықтайды, ал соңғысы мақсатқа жетудің шарты болып табылады.
Заңдылықтар оқушы мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның қолданатын құралдарына, оқыту әдістері және оқу материалының мазмұнына тәуелді. Оның көрініс табуы мұғалімнің оқыту мақсатына толықтығын сезінеме және мақсаты жауап беретін әдістері мен құралдарын қолдануына тәуелді.
Жалпы ретті қарама-қайшылықтар пайда болады:
қоғамдық –тарихи білімдері көлемі мен оқушының оны меңгерген көлемі арасында;
оқушының жеке танымдық іс-әрекеті және қоғамдық –тарихи танымы арасында;
оқушының қол жететін даму деңгейімен оқыту барысында алға жетелейтін оқу міндетері арасында;
жеке ретті қарама-қайшылықтар пайда болады;
бұрынғы білім деңгейі мен оны “жататын” жаңа білім арасында;
білім мен оны біліктілікпен қолдану арасында;
оқуға және оқытуға оқушыларды қол жеткен және қажетті қатынас деңгейі арасында;
күрделі танымдық міндеттер мен соларды шешу үшін бұрынғы кемшіліктері әдістері арасында.
Оқу үрдiсi құрылымының моделi Оқыту үрдiсiн тұтас жүйе ретiнде мынадай үлгiмен көрсетуге болады оқыту үрдiсiнiң жүйе ретiндегi жүйе-құрастырушы ұғымдары мыналар: оқытудың мақсаты, мұғалiмнiң әрекетi (оқыту), оқушы әрекетi (оқу, бiлiм алу) және нәтиже. Осы үрдiстiң озгермелi түрдегi құрамдас бөлiктерi оқыту құралдары болып табылады. Оған оқу материалының мазмұны, оқыту әдiстерi, оқытудың материалдық құралдары (көрнекi, техникалық, оқулыктар, оқу құралдары және басқалар), оқытудың ұйымдастыру формалары кiредi. Оку құралдарының байланысы мен өзара бағыныштылығы оқытудың мақсаты мен оның түпкi нәтижелерiмен тiкелей байланыста. Осы барлық бөлiктердiң кызмет етушi бiрлiктерiн нығыздайтын бағытын оқыту мен бiлiм алу.
Өзiндiк тексеруге арналған сұрақтар
1. Оқыту принципi дегенiмiз не?
2. Оқыту процесiн түсiндiр.
З. Дидактика дегенiмiз не?
4. “Заңдылық”ұғымы ненi бiлдiредi?
5. Оқыту процесiне қандай белгiлер тән?
6. Таным мен оқыту процестерi өзара қалай байланысады?
7. Оқытудың заңдылықтары мен принциптерi кандай қарым-қатынаста болады?
8. Оқыту мен дамуды өзара байланысы қандай?
9. Оқытудың мәнi мен принциптерiнiң өзара байланысы қандай?
1О.Оқытудың негiзгi қызметтерiнiң мәнiн ашыңдар.
Әдебиеттер
1. Баранов С.Г. Сущность процесса обучения. М., 1981
2. Выготский Л.С. Сбор. соч. Т.6. М., 1984.
3. Дидактика 1/Российская педагогическая энциклопедия. Т. 1.
М., 1999.
4. Каптерев П.Ф. Избранные педагогические соч. М., 1982.
5. Коменский ЯЛ Избранные педагогические соч. В 2-х т. М.,
1982.
б. Крысько В.Г. Психология и педагогика в схемах и таблицах.
Мн., М., 2000.
7. Оконь В. Введение в общую дидактику. М., 1990.
8. Садыков ТС., Абылкасьпюва А.Е. Дццакгическйе основы обучения в высшей школе. А., 2000.
9. Теоретические основы содержания общего среднего образования. / Под ред. В.В.Краевского и И.Я.Лернера. М., 1983.
10. Ушинский К.Д. Избранные педагогические соч. В 2-х т. М., 1982.
Тақырып:Білім беру мазиұны.
Достарыңызбен бөлісу: |