V. Сабақты бекіту. М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сөзжұмбақ шешу.
1. М.Жұмабаевтың өлеңі.
2. М.Жұмабаев қай ақынның дәстүрінен үлгі алды?
3. М.Жұмабаев өлеңдері қай сарында жазылды?
4. Ақын білім алған қала.
5. М.Жұмабаевтың поэмасын тап.
6. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы.
Бүгінгі сабақта Мағжан ақын өлеңін жан-жақты талдай отырып, өлеңнің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәнін білдік. Мәнерлеп оқу дағдысын дамыта отыра өз ойымызды еркін жеткізуге қалыптастық. Туған тілді Мағжанша сүюді үйрендік. Тіл тазалығы үшін әрқашан ар алдында жауап беретінімізді ұғындық. Тілді сүю, құрметтеу Отанды, елді, туған жерді сүю екенін білдік.
Жалындайық, жанып тұрып өрлейік.
Жанып тұрып, жатқа туды бермейік.
Ғылым қажет даласына қазақтың,
Елім үшін білім алып гүлдейік.
VІ. Бағалау. Топ жетекшілері бағалау парақтарын өткізеді.
VІІ. Үй тапсырмасы. Мағжан шығармашылығынан өздері қалаған өлеңді жаттау.
Сабақтың тақырыбы: Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы
Сабақтың мақсаты: «Батыр Баян» поэмасының тақырыбын, негізгі
идеясын ашып көрсету
Сабақтың міндеттері:
Шығарманы түсініп оқуға, жүйелі мазмұндауға үйренеді;
Поэма мәтініне талдау жасайды, негізгі идеяны түсінеді;
Талдау, салыстыру қабілеттері, танымдылығы, сөздік қоры дамиды.
Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды.
Топтық міндет: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: іздену, зерттеу
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |