БАҒдарламасы (екіжылдық оқыту) Астана, 2015 Бағдарламаны әзірлегендер: Шакишев Қ. Д., з.ғ. к., доцент (1 бөлім)



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#124702
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Егембердиев Е.О. ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы. 2010


Нормативтік құқықтық актілер:

1. ҚР Конституциясы



  1. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңы

  2. ҚР азаматтық іс жүргізу кодексі


Ресми құжаттар

  1. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа : «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен Қазақстан. 2015. 12 наурыз.

  2. Назарбаев Н.Ә. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша // Егемен Қазақстан. 2014. 12 қараша.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар // Егемен Қазақстан. 2014. 18 қаңтар.


3 БӨЛІМ. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ»

(жалпы бөлім)

Мазмұны

1 тақырып 1. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы және Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасының негізінде қылмыстық заңнаманы одан әрі дамыту перспективалары.

2 тақырып. Қылмыстық заң.

3 тақырып. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары.

4 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамы.

5 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың объектісі.

6 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жағы.

7 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъектісі.

8 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъективтік жағы.

9 тақырып. Қылмыстық жауаптылық.

10 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігі.

11тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау сатылары.

12 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу.

13 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмайтын мән-жайлар.

14 тақырып. Жаза ұғымы және оның мақсаттары. Жазаның жүйесі мен түрлері.

15 тақырып. Жаза тағайындаудың негіздері.

16 тақырып. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату. Сотталғандықты жою немесе алып тастау.

17 тақырып. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

18 тақырып. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.
1 тақырып. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы және Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасының негізінде қылмыстық заңнаманы одан әрі дамыту перспективалары.

Қазакстан Республикасының қылмыстық құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. Қылмыстық-құқықтық реттеу пәні және әдістері. Қылмыстық құқықтың функциялары мен міндеттері. Қылмыстылықтың жаһандандырылуы. Халықаралық қылмыстық құқықтың дамуы, оның Қазакстанның қылмыстық заңнамасына ықпалы. Қылмыстық саясат және қазіргі таңдағы қылмыстылықпен күресу мәселелері.



2 тақырып. Қылмыстық заң және оны қолдану мәселелері.

Қылмыстық заң түсінігі және маңызы. Қылмыстық құқық нормаларының құрылымы. Қылмыстық құқықтағы гипотеза. Диспозицияның және санкцияның түсінігі, түрлері. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы. Қылмыстық заңның керi күшi. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы. Экстрадиция. Қылмыстық заңға түсіндірме берудің ұғымы, түрлері және әдістері.



3 тақырып. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары.

Қылмыстың қылмыстық құқықтағы анықтамасы. Қылмыстық теріс қылық ұғымы. Қылмыстың белгілері. Қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі. Қылмыс санаттары. Материалдық және формальдық қылмыстың анықтамасы, олардың айырмашылығы. Қылмыс және қылмыстылық.

Қылмыстық құқықтағы теріс қылық анықтамасы.

4 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамы.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының түсінігі мен маңызы. Қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының элементтері мен белгілері. Қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының обьективті элементтері. Қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының құрамының субьективті элементтері. Қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының түрлері. Қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының міндетті және факультативті белгілері.



5 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың объектісі.

Қылмыстық құқық бұзушылық объектісінің ұғымы және маңызы. Қылмыс объектілерінің түрлері. Көпобъектілі қылмыстар. Негізгі, қосымша, факультативті, тікелей қылмыс объектілері. Қылмыс заты және оның қылмыстық-құқықтық маңызы.



6 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жағы.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объективтік жағының ұғымы және маңызы. Қоғамдық қауiптi және құқыққа қайшы іс-әрекет. Қоғамға қауіпті зардаптар. Себепті байланыстың түсінігі және белгілері. Қылмыстың обьективтік жағының факультативтік белгілері.



7 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъектісі.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субьектісінің ұғымы. Жас шамасы қылмыстық құқық бұзушылық субьектісінің белгісі ретінде. Есі дұрыстық қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде. Есі дұрыс еместіктің ұғымы. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы. Қылмыстың арнайы субъектісінің түсінігі және белгілері.



8 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъективтік жағы.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субьективтік жағының ұғымы. Кінә қылмыстың субьективтік жағының негізгі белгісі ретінде. Кінәнің нысандары. Қасақаналықтың түрлері. Абайсыздықтың түсінігі. Қылмыстық салақтықтың жазықсыз оқиғадан (казус-случай) айырмашылығы. Кінәсіз зиян келтiру. Қылмыстық құқықтағы қатенің түсінігі.



9 тақырып. Қылмыстық жауаптылық.

Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен негіздері. Қылмыстық жауаптылық және қылмыстық-құқықтық қатынастардың түсінігі. Қылмыстық жауаптылық, жаза және қылмыстық-құқықтық әсер ету шаралары.



10 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар көптігінің ұғымы. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігінің түрлері. Қылмыстың бірнеше мәртелігінің түсінігі. Қылмыстардың жиынтығының түсінігі мен белгілері. Қылмыстың қайталануының ұғымы мен белгілері. Қылмыстың қайталануының түрлері.



11 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау сатылары.

Қасақана қылмыс жасау сатыларының ұғымы. Сатылардың түрлері. Қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тартудың ұғымы мен белгілері.



12 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу.

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы, белгілері және нысандары. Қылмыстық ұйымдардың түрлері. Орындаушының эксцесі. Арнайы субъектпен қылмысқа қатысу. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi. Орындаушы. Ұйымдастырушы. Айдап салушы. Көмектесуші. Қылмысқа қатысы бардың қылмысқа қатысушыдан айырмашылығы.



13 тақырып. Қылмыстық іс-әрекетті болдырмайтын мән-жайлар.

Қылмыстық іс-әрекетті жоққа шығаратын мән-жайлардың түсінігі және белгілері. Қажеттi қорғанудың ұғымы. Аса қажеттiлiк ұғымы. Қылмыскерді ұстаудың түсінігі. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлар ретінде. Тәуекел ету. Күштеп және психикалық мәжбүрлеу. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау.



14 тақырып. Жаза ұғымы және оның мақсаттары. Жазаның жүйесі мен түрлері.

Қылмыстық құқық бойынша жазаның ұғымы мен оның әлеуметтік мәні. Жаза мақсаттары. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамдарға қолданылатын негізгі жаза түрлері. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамдарға қолданылатын қосымша жаза түрлері. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қолданылатын негізгі жаза түрлері. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қолданылатын негізгі жаза түрлері.



15 тақырып. Жаза тағайындаудың негіздері.

Жазаны тағайындаудың жалпы бастамалары. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар. Шартты түрде соттау. Шартты түрде соттаудың күшiн жою.



16 тақырып. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату. Сотталғандықты жою немесе алып тастау.

Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі және түрлері. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері. Жазадан босату негіздері. Жазадан босатудың түрлері. Сотталғандық түсінігі. Сотталғандықты жою. Сотталғандықты алып тастау.



17 тақырып. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сұрақтары. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату. Тәрбиелік әсерi бар мәжбүрлеу шараларының ұғымы мен мазмұны. Тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларының түрлері. Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзімдері. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату. Кәмелетке толмағандарға жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру. Ескіру мерзімдері. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау ережелерiн он сегiзден жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға қолдану Кәмелетке толмағандар үшін соттылықты жою мерзiмдерi.



18 тақырып. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы және қолдану негiздерi. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерi. Амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау тәртібі және мән-жайлары. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейiн жаза тағайындау жағдайлары.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

(Ерекше бөлім)

Мазмұны

1 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау.

2 тақырып. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

3тақырып. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

4 тақырып. Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

5 тақырып. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

6 тақырып. Мемлекеттiң конституциялық құрылысының негіздеріне және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

7 тақырып. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

8 тақырып. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық

бұзушылықтар.

9 тақырып. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

10 тақырып. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

11 тақырып. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

12 тақырып. Халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

13 тақырып. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар.

14 тақырып. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар.

15 тақырып. Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар.

16 тақырып. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар.

17 тақырып. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

18 тақырып. Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

19 тақырып. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар.
1 тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау.

Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың түсінігі. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамы және саралау. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі және объективтік жағы бойынша саралау. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі және субъективтік жағы бойынша саралау. Нормалардың бәсәкелестігі кезінде саралау.



2 тақырып. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Өмірге қарсы қылмыстар. Денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар. Жыныстық қылмыстық құқық бұзушылықтар. Адамның бас бостандығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Жеке адамның ар-намысы мен ар-ожданына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.



3 тақырып. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Кәмелетке толмағандардың қалыпты өнегелілік және физикалық дамуына қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар. Кәмелетке толмағандардың және отбасылық құқықтық қатынастар саласындағы өзге де тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар.



4 тақырып. Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.



5 тақырып. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар. Адамзатқа қарсы қылмыстар.

6 тақырып. Мемлекеттiң конституциялық құрылысының негіздеріне және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Ішкі қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Экономикалық қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.



7 тақырып. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Бөтен мүлікті жасырын ұрлаудың нысандары мен түрлері. Жасырын ұрлаумен байланысты емес меншікке қарсы пайдақорлық қылмыстар. Меншікке қарсы пайдақорлық емес қылмыстар.



8 тақырып. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге құқыққа сыйымсыз қол жеткізу. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу.Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу. Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату. Құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттi сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату.



9 тақырып. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Қаржы-несие саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Қаржылық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Сауда және халыққа қызмет көрсету саласындығы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Экономикалық қызмет саласындағы өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар.



10 тақырып. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Өкiлеттiктердi терiс пайдалану. Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы. Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң

өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы. Параға коммерциялық сатып алу. Мiндеттерiне адал қарамау.

11 тақырып. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Жұмыс өндірісі қауіпсіздігінің тәртібін бұзумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар. Жалпыға қауіпті заттарды пайдаланумен, қауіпсіздік тәртібін бұзумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.



12 тақырып. Халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Адамгершілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.



13 тақырып. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы. Клиникалық зерттеулер жүргiзу тәртiбiн және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдану тәртiбiн бұзу.Заңсыз түсік жасау. Науқасқа көмек көрсетпеу.Дәрiгерлiк құпияны жария ету. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретiн рецептілердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не оларды қолдан жасау.Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу.



14 тақырып. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Жалпы тұрғыдағы экологиялық қылмыстар. Қоршаған ортаның жекелеген элементтеріне қарсы бағытталған қылмыстар. Флора мен фауна нысандарына қарсы бағытталған қылмыстар. Жер қойнауын сақтауға қарсы қылмыстар.



15 тақырып. Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Көліктік құралдарды пайдаланумен және қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуымен тікелей байланысты көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар. Көліктік құралдарды пайдаланумен және қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуымен байланысты емес көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар.



16 тақырып. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктердi асыра пайдалану. Лауазымды адамның өкiлеттiктерiн иемденіп алу. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау. Пара алу. Пара беру. Парақорлыққа делдал болу. Қызметтiк жалғандық жасау. Қызметтегi әрекетсiздiк. Салғырттық.



17 тақырып. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Қазақстан Республикасының беделіне қол сұғушылық. Өкімет өкілдеріне және мемлекеттік органдардың басқару қызметімен байланысты өзге де тұлғаларға қол сұғушылық. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының тұтастығына қол сұғушылық. Басқару тәртібін қамтамасыз етудегі жеке ережелердің бұзылуы. Басқару тәртібіне қол сұғудың арнайы түрлері.



18 тақырып. Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Сот төрелігін жүзеге асыратын конституциялық құқықтарды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар. Құқық-қорғау органдарының міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруын қамтамасыз ететін ара-қатынастарға қол сұғатын қылмыстар. Іс бойынша тікелей дәлелдемелерді алудың жүзеге асыруын қамтамасыз ететін ара-қатынастарға қол сұғатын қылмыстар. Сот актілерін жүзеге асыруын қамтамасыз ететін қоғамдық ара-қатынастарға қол сұғатын қылмыстар.



19 тақырып. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Әскерилердің жарғылық қатынастарының және бағыныштылық тәртібіне қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар. Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар. Арнайы қызмет атқару тәртібіне қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар.


Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша ұсынылатын сұрақтар

  1. Қылмыстық құқық құқықтың дербес саласы ретінде.

  2. Қылмыстық заңның жалпы және ерекше нормалары.

  3. Қылмыстық заң, оның құрылымы.

  4. Қылмыстық заңның уақыт бойынша, кеңістікте және адамдар арасында қолданылуы.

  5. Қылмыстық заңның кері күші.

  6. Қылмыстық заңға түсіндірме беру ұғымы, түрлері және әдістері. Қылмыстық заңға соттың түсіндірме беруі.

  7. Қолданыстағы қылмыстық заңнамадағы қылмыстық құқықтың қағидалары, олардың түрлері және жалпы сипаты.

  8. Мемлекеттің құқықтық саясаты тұрғысындағы қылмыстық саясат.

  9. Сот шешімдерінің және құқық қорғау органдарының нормативтік актілерінің сот-тергеу практикасында заңды дұрыс қолдану үшін мәні.

  10. Материалды және формальды қылмыстар анықтамасы.

  11. Қылмыстық құқытағы теріс қылық түсінігі.

  12. Қылмыс түсінігі, белгілері және жіктелуі.

  13. Қылмыс санаттары.

  14. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы.

  15. Маңызы жағынан болмашы ғана қылмыстық құқық бұзушылық.

  16. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі.

  17. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының міндетті және қосымша белгілері.

  18. Қылмыстық құқық бұзушылық обьектісінің түсінігі, маңызы және түрлері.

  19. Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты және оның қылмыстық құқық бұзушылықты саралаудағы маңызы.

  20. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі мен қылмыс заты арақатынасы.

  21. Қылмыстық құқық бұзушылықтың обьективтік жағының түсінігі және маңызы.

  22. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектілерінің классификациясы және оның құқықтық маңызы.

  23. Қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекет.

  24. Күрделі, жалғаспалы және созылмалы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

  25. Жалғаспалы, созылмалы қылмыстық құқық бұзушылықтардың бір ғана қылмыстық құқық бұзушылықтан айырмашылығы.

  26. Қоғамға қауіпті іс-әрекетпен және оның салдарының арасындағы себепті байланыс.

  27. Қылмыстық құқық бұзушылықтың обьективті жағының факультативті белгілері.

  28. Қылмыскердің жас шамасы қылмыстық құқық бұзушылық субьектісінің белгісі ретінде.

  29. Есі дұрыстық қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.

  30. Есі дұрыстықты жоққа шығармайтын психикалық кемшілігі бар тұлғалардың қылмыстық жауаптылықтың ерекшеліктері.

  31. Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субъектісі.

  32. Қасақаналық және оның түрлері. Кінәнің екі нысаны бар қылмыстар.

  33. Абайсыздық және оның түрлері. Кінәсіз зиян келтіру.

  34. Заңдық және іс жүзіндегі қателер, олардың кінәға, қылмыстық жауаптылыққа және қылмысты саралауға әсері.

  35. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.

  36. Кінә нысандарының қылмыстық-құқықтық маңызы.

  37. Абайсыздық және оның түрлері.

  38. Қылмыстық менмендік.

  39. Менмендіктің жанама қасақаналықтан айырмашылығы.

  40. Қылмыстық немқұрайлылық.

  41. Оқиға (казус) – қоғамға қауіпті салдар тигізетін жазықсыз зиян келтіру.

  42. Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс үшін жауаптылық.

  43. Ниет және мақсат қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамының субъективтік жағының белгілері ретінде, олардың қылмыстық-құқықтық маңызы.

  44. Қылмыстық жауаптылық заңды жауаптылықтың бір түрі ретінде.

  45. Қылмыстық жауаптылық және құқықтық-құқықтық қатынастар.

  46. Қылмыстық құқық бұзушылықтың бірнеше рет жасалуы, оның түрлері және құқықтық салдарлары.

  47. Қылмыстық құқық бұзушылықтың көптігінің қылмыстық-құқықтық салдары.

  48. Қылмыстық құқық бұзушылық жиынтығының түсінігі және түрлері.

  49. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы.

  50. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы.

  51. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы, жиынтығы және қайталануын танудың жалпы және арнайы құқықтық салдарлары.

  52. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасау сатылары.

  53. Аяқталған қылмыс құрамы.

  54. Қылмысқа дайындалу.

  55. Қылмыс жасауға оқталу.

  56. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудан өз еркімен бас тарту. Ерікті түрде бас тартудың қылмыс жасағаны үшін шынайы өкінуден айырмашылығы.

  57. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы, нысандары және оның арнаулы мәселелері.

  58. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жауаптылығының негіздері және шектері. Қылмысқа қатыстылық.

  59. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары, оны жіктеу критерийлері.

  60. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың қылмыстық заң бойынша түрлері, олардың заңдық сипаттамасы.

  61. Іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жайлар түсінігі және белгілері

  62. Қажетті қорғаныс.

  63. Аса қажеттілік.

  64. Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру.

  65. Негізді тәуекел.

  66. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.

  67. Бұйрықты немесе өкімді орындау.

  68. Жаза түсінігі, мақсаттары.

  69. Қылмыстық теріс қылық жасаған кінәлі тұлғаға қолданылатын жазаның негізгі түрлері.

  70. Қылмыстық теріс қылық жасаған кінәлі тұлғаға қолданылатын қосымша жаза түрлері.

  71. Қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қолданылатын жазаның негізгі түрлері.

  72. Қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қолданылатын қосымша жаза түрлері.

  73. Жазаны тағайындаудың жалпы негіздері.

  74. Кенеттен туындаған қатты жан күйзелiсi (аффект) жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың салдарларының қылмыстық-құқықтық маңызы.

  75. Іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жайлар.

  76. Шартты түрде соттау. Шартты түрде соттауды және сынақ мерзімін ұзартуды жою.

  77. Шартты түрде соттаудың ерекшеліктері.

  78. Айыппұл тағайындау ерекшеліктері.

  79. Сотталғандықтың құқықтық сипаты.

  80. Сотталғандықтың қылмыстық-құқықтық салдары.

  81. Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және тәртібі.

  82. Қылмыстық жауаптылықтан босату түрлері.

  83. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар.

  84. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар.

  85. Шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  86. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.

  87. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  88. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  89. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  90. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы.

  91. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың жазадан босатудан айырмашылығы.

  92. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық заң бойынша анықтамасы.

  93. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері.

  94. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi

  95. Құқық бұзушылықтарды саралау кезінде қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігі (жалпы және ерекше).

  96. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының түсінігі және мазмұны.

  97. Ескіру мерзімі.

  98. Сотталғандықты жою мерзімдері.

  99. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау ерекшеліктері.

  100. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері, мақсаттары, түрлері.

  101. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері.

  102. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

  103. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейін жаза тағайындау.

  104. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау.

  105. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері.

  106. Адам өлтіруде жазаны ауырлататын белгілердің классификациясы.

  107. Өмірге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

  108. Жазаны жеңілдететін жағдайда адам өлтіру.

  109. Жазаны ауырлататын жағдайда адам өлтіру.

  110. Абайсызда кісі өлтіру.

  111. Қасақана адам өлтіруді сабақтас құрамдардан ажырату.

  112. Зорлағаны үшін қылмыстық жауаптылық.

  113. Денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты.

  114. Ауру адамға көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру.

  115. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар.

  116. Жыныстық қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі мен түрлері және олардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.

  117. Жеке бостандыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты.

  118. Жеке тұлғаның қадір-қасиеті мен ар-намысына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты.

  119. Жала жабу және олардың түрлері.

  120. Қорлау және олардың түрлері.

  121. Қорлаудың жала жабудан айырмашылығы.

  122. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты.

  123. Отбасына қарсы қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты.

  124. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты және олардың түрлері

  125. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты.

  126. Азаматтардың еңбек құқықтары мен бостандықтарына қарсы қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты.

  127. Азаматардың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты.

  128. Бейбітшілікке және адамзатқа қарсы қылмыстардың құқықтық сипаты.

  129. Мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

  130. Мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

  131. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың нысандары мен түрлері.

  132. Ұрлық үшін қылмыстық жауаптылық.

  133. Ұсақ-түйек жымқыру.

  134. Ұрлықпен байланысты емес меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтар.

  135. Қылмыстық құқық бойынша ұрлықтың, тонаудың және қарақшылықтың аяқталған сәті.

  136. Алаяқтық (қылмыстық-құқықтық аспектісі).

  137. Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстық құқық бұзушылықтар.

  138. Кибер қылмыстық құқық бұзушылықтар.

  139. Бұзақылық үшін қылмыстық жауаптылық.

  140. Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

  141. Ақша-несие саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

  142. Қаржы қызметі саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

  143. Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызметтің мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

  144. Рейдерлік үшін қылмыстық жауаптылық.

  145. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты.

  146. Имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты.

  147. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты.

  148. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы сипаты.

  149. Экономикалық контрабанда (қылмыстық-құқықтық аспектілері).

  150. Лауазымдық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық.

  151. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктердi асыра пайдалану (қылмыстық-құқықтық аспектілер).

  152. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар.

  153. Пара алудың сабақтас құрамдардан ажырату мәселелері.

  154. Парала алғаны үшін қылмыстық жауаптылық.

  155. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет