Ұсынылатын әдебиеттер
-
Г.Ф. Поленов. Қазақстанның Қылмыстық құқығы. -Алматы, 1997.
-
Қайыржанов Е.И. Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. - Алматы, 2005.
-
Бейбітов М.С., Мәлікова А.Ш. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. (Жалпы бөлім).- Астана, 2009.
-
Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы. (Жалпы бөлім). -Алматы, 2009.
-
Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы. (Ерекше бөлім).- Алматы, 2009.
-
Алауханов Е.О. Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы. (Жалпы және Ерекше бөлім). - Алматы, 2010.
-
Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсіндірме. -Алматы: «Норма-К» баспаханасы, 2010.
Нормативтік құқықтық актілер
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз.-Астана:Жеті Жарғы, 2014.
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚР Заңы.-Астана, 2015.
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсіндірме.- Алматы, 2011.
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсіндірме. -Алматы: «Норма-К» баспаханасы, 2010.
-
Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумының қаулылар жиынтығы, ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары (1961-2011 жылдар). – Астана: ЖШС «Норма-К» баспаханасы, 2011.
-
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 Қаулысы.
4 БӨЛІМ. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ» (жалпы бөлім)
Мазмұны
1-тақырып.Қылмыстық іс жүргізудің мәні және негізгі ұғымдары.
2- тақырып. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздері.
3- тақырып. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары.
4- тақырып. Қылмыстық процеске қатысушылар.
5- тақырып. Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер.
6-тақырып. Ақтау және қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу.
7-тақырып. Іс жүргізу актілері мен мерзімдері.
8-тақырып. Қылмыстық процестегі дәлелдемелер.
9-тақырып. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.
Тақырып 1. Қылмыстық іс жүргізудің мәні және негізгі ұғымдары.
Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі және міндеттері. Қылмыстық іс жүргізудің сатылары. Іс жүргізу функциялары: түсінігі және түрлері. Қылмыстық сот өндірісіндегі жеке және жария бастамалар. Қылмыстық қудалау: түсінігі және айыптаумен арақатынасы. Айыптауды іске асырудың түрлері. Қорғаудың түсінігі және түрлері. Іс жүргізу кепілдіктері: түсінігі және маңызы. Қылмыстық іс-жүргізу нысаны: түсінігі, мәні және маңызы. Қылмыстық іс жүргізудің пәні, жүйесі, міндеттері және әдістері.
Тақырып 2. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздері.
ҚР ҚПК, оның жалпы сипаттамасы және құрылымы. Қылмыстық процесті реттеуге қатысты ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары – қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі. Қылмыстық iс жүргiзу заңының кеңiстiкте, уақыт тұрғысында және тұлғалар бойынша қолданылуы. Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ұқсастық және преюдиция мәселелері.
Тақырып 3. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары.
ҚР Конституциясы мен қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көрсетілген қағидалар.
Тақырып 4. Қылмыстық процеске қатысушылар.
Қылмыстық процеске қатысушылар түсінігі, олардың жіктеуі. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын мән-жайлар. Қарсылық білдіру және талап-тілектер. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тақырып 5. Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер.
Азаматтық талаптардың ұғымы, қылмыстық процесте іс жүргізу тәртібімен беретін негіздері. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысқан адамдардың қылмыстық іс жүргізу барысындағы шығындарын өтеу тәртібі мен өлшемі. Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры.
Тақырып 6. Ақтау және қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу.
Сот өндірісіндегі ақтаудың ұғымы мен негіздері. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан келтiрiлген зиянның өтелуiне құқығы бар адамдар.
Тақырып 7. Іс жүргізу актілері мен мерзімдері.
Іс жүргізу нысаны мен іс жүргізу актілері. Іс жүргізу актілері, олардың ұғымы, түрлері, мәні мен маңызы. Іс жүргізу актілерін жіктеу. Iс жүргізу мерзімдері: ұғымы, маңызы, түрлері, есептеу тәртібі.
Тақырып 8. Қылмыстық процестегі дәлелдемелер.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәні мен дәлелдемелер. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу. Сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары. Сарапшының қорытындысы. Заттай дәлелдемелер.
Тақырып 9. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.
Қылмыстық процестегі мәжбүрлеу шараларының ұғымы мен маңызы. Қылмыстық-құқықтық реттеу механизмінде көзін жеткізу, мәжбүрлеу және жауаптылық. Қылмыстық іс жүргізуде бұлтартпау шаралары. Бұлтартпау шараларының түрлері.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ» (ерекше бөлім)
Мазмұны
1 тақырып.Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу.
2 тақырып. Қылмыстық істердің соттылығы.
3 тақырып. Басты сот талқылауын тағайындау. Соттың отырысына дайындық іс-әрекеттер.
4 тақырып. Басты сот талқылауы.
5 тақырып. Жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.
6 тақырып. Соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қарау.
7 тақырып. Үкімдерді орындау.
8 тақырып. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу.
9 тақырып. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау.
10 тақырып. Есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу.
11- тақырып. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.
12- тақырып. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша іс жүргізу.
13- тақырып. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.
14- тақырып. Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
15- тақырып. Процестік келісім жасалған істер бойынша іс жүргізу.
16-тақырып. Істер бойынша алқабилердің қатысуымен іс жүргізу.
17-тақырып. Үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізу.
1-тақырып. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатысының түсінігі, міндеттері, мәні және мазмұны. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында шешілетін мәселелер. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастау себептері. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау мiндеттiлiгi. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша беру.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзудің түсінігі, мәні, міндеттері және мағынасы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысының қылмыстық процестің басқа сатыларымен байланысы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру түрлері (нысандары). Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру. Анықтау және алдын-ала тергеу, олардың ара қатынасы. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру. Тергеу әрекеттерін жүргiзудiң жалпы қағидалары. Адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындау. Жауап алу және беттестіру. Тексеру, эксгумация, куәландыру және тану. Жасырын тергеу әрекеттері. Тінту және алу. Сот сараптамасы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату және қайта бастау, күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау, жоғалған қылмыстық істерді қалпына келтіру. Тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабарлау және қылмыстық процеске қатысушыларды қылмыстық істің материалдарымен таныстыру. Айыптау актісін жасау және қылмыстық істі прокурорға жіберу. Айыптау актісімен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде прокурор шешетін мәселелер. Айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі сотқа жіберу.
2-тақырып. Қылмыстық істердің қылмыстық іс жүргізуде соттылығы. Соттылықтың түсінігі мен мәні. Соттылықтың түрлері. Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттың қаралуына жатуын белгілеу. Қылмыстық істі соттың қарауына жатқызылуы бойынша беруі.
3-тақырып. Басты сот талқылауын тағайындау. Соттың отырысына дайындық іс әрекеттер.
Басты сот талқылауын тағайындау сатыларының түсінігі, мәні және міндеттері. Соттың келіп түскен іс бойынша іс-әрекеті. Алдын ала тыңдау өткізудің іс жүргізу тәртібі. Басты сот талқылауын тағайындаудың негіздері мен іс жүргізу тәртібі. Басты сот талқылауын тағайындау туралы шешімін қабылдағаннан кейін соттың іс-әрекеті.
4-тақырып. Басты сот талқылауы.
Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Сот талқылауының шегі. Басты сот талқылауының құрылымы. Үкімнің түрлері мен түсінігі.
5-тақырып. Жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.
Жеке айыптау түрінде қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың түсінігі мен мәні. Айыпталушының қарсы айыптауы. Жеке айыптау ісін сот мәжілісінде қарау тәртібі. Жеке айыптау ісі бойынша соттың шешімі және оның түрлері. Жеке айыптау ісін қысқартудың негіздері.
6-тақырып. Соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қарау.
Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау сатының мәні, маңызы, нысаны және мақсаттары. Апелляциялық іс жүргізудің ұғымы, мәні және маңызы. Істерді апелляциялық сатыда қарайтын соттар. Iстi апелляциялық сатыда қараудың шектерi. Апелляциялық соттың өкiлеттiктерi. Апелляциялық сатыда iстi қараудың процесуалды тәртiбi мен мерзімдері. Кассациялық іс жүргізудің ұғымы, мәні және маңызы. Істерді кассациялық сатыда қарайтын соттар. Кассациялық соттың өкiлеттiктерi. Кассациялық сатыда iстi қараудың процесуалды тәртiбi мен мерзімдері.
7-тақырып. Үкімдерді орындау.
Үкімдерді орындау сатысының мәні, маңызы және мақсаттары. Үкiмдi орындаушы органдар мен лауазымды тұлғалар. Үкiмнiң атқарылуын кейiнге қалдыру және оның негіздері. Үкiмнiң атқарылуын тоқтата тұру.
8-тақырып. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу.
Қадағалау инстанциясында іс жүргізудің мәні, маңызы және мақсаттары. Қадағалау іс жүргізуді қозғау. Заңды күшiне енген сот үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау негiздерi. Қадағалау тәртiбiмен істерді қарайтын соттар. Заңды күшiне енген сот шешiмдерiне берілген қадағалау шағымын алдын ала қарау тәртібі мен мерзімдері.
9-тақырып. Есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзу негiздерi мен шарттары. Есi кiресiлi-шығасылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет жасаған немесе қылмыс жасаған соң психикасы бұзылып ауырған адамдарға қатысты қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу жүргізудің процессуалдық тәртібі.
10-тақырып. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.
Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны. Хаттама жасау және оны сотқа жіберу тәртібі. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері.
11-тақырып. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша іс жүргізу.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбiнің ерекшеліктері. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша анықтауға жататын мән-жайлар. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндеттілігі. Кәмелетке толмаған туралы iстi жеке iс жүргiзуге бөлу. Кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты сот талқылау сатысындағы іс жүргізу ерекшеліктері.
12-тақырып. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау.
Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаудың мәні, маңызы және мақсаттары. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жүргiзудi қайта бастау негiздерiнің түрлері. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс қозғау тәртібі. Соттың iс бойынша iс жүргiзудi жаңғырту туралы мәселенi шешуi.
13-тақырып. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты қылмыстық іс қозғаудың iс жүргiзу тәртібінің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшесiне қатысты қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу жүргізу, қылмыстық жауапқа тарту, қамауға алу, мәжбүрлеп келтiрiлудің процессуалдық тәртібі. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына, сотына қатысты алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктері.
14-тақырып. Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Құқықтық көмек көрсету тәртiбiмен жүргiзiлетiн iс жүргiзушiлiк және өзге де iс-әрекеттердің негіздері. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) мазмұны мен нысаны.
15-тақырып. Процестік келісім жасалған істер бойынша іс жүргізу.
Процестік келісім жасалған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасуға арналған шарттар. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімді жасасудың салдарлары. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу тәртібі. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасқаннан кейін қылмыстық іс бойынша прокурордың, тергеушінің, анықтаушының әрекеттері. Ынтымақтастық туралы процестік келісім.
16-тақырып. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу.
Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібі. Сот отырысын тағайындаудың ерекшеліктері. Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу. Алқабилердің қатысуымен соттың істі талқылау ерекшеліктері. Апелляциялық және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізудің ерекшеліктері. Қадағалау сатыдағы сотта іс жүргізу ерекшеліктері.
17-тақырып. Үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізу.
Заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау. Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу. Соттың тәркілеу туралы өтінішхатты қарауы. Тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері. Тәркілеу туралы іс жүргізудегі сот шешімі. Тәркілеу туралы қаулыға шағым жасау, наразылық білдіру.
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша
ұсынылатын сұрақтар
-
Қылмыстық сот ісін жүргізудің түсінігі мен заңдық мәні.
-
Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен міндеттері.
-
Қылмыстық-процестік заң, оның құрылымы.
-
Қылмыстық-процестік заңның кеңістікте қолданылуы.
-
Қылмыстық процестік заңның уақыт бойынша қолданылуы.
-
Қылмыстық-процестік заңның шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылуы.
-
Қылмыстық-процестік заңға түсіндірме беру.
-
Қылмыстық процеске қатысушылар.
-
Қылмыстық процестің стадиялары (сатылары).
-
Қылмыстық процестiң мiндеттерi мен қағидалары.
-
Кінәсіздік презумпциясы қағидасы.
-
Күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету қағидасы.
-
Iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу қағидасы.
-
Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру қағидасы.
-
Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі қағидасы.
-
Процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы қағидасы.
-
Жеке, жеке-жариялы және жариялы iзге түсу мен айыптау iстерi. Оларды бөлу критерийлері.
-
Қорғалуға құқығы бар куәнің құқықтық мәртебесі.
-
Қылмыстық iзге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкiн қылмыстар.
-
Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар.
-
Ақтау және қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу мәселелері.
-
Қылмыстық iстердi бiрiктiру.
-
Қылмыстық iстi бөлектеп алу.
-
Сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтата тұру институты.
-
Іс жүргізу мерзімдері институты.
-
Іс жүргізу мерзiмдерiн есептеу.
-
Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу салдарлары және оны қалпына келтіру тәртібі.
-
Қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы.
-
Қылмыстық процестке қатысушылардың жіктелуі.
-
Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар.
-
Сот тергеушісінің құқықтық сипаты.
-
Сот тергеушісінің өкілеттіктері.
-
Қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.
-
Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар.
-
Қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдардың құқықтық жағдайы.
-
Қылмыстық процесте тараптардың қатысуы.
-
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдай. Қарсылық білдіру.
-
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне шағымдану.
-
Дәлелдемелердің түсінігі және заңдық мәні.
-
Дәлеледеу мен дәлелдемелер.
-
Дәлелдемелердің түрлері.
-
Дәлелдемелер ретiнде рұқсат етiлмейтiн iс жүзiндегi деректер.
-
Қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар.
-
Дәлелсiз анықталатын мән-жайлар.
-
Күдіктінің, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары.
-
Сарапшы қорытындысы.
-
Маманның қорытындысы.
-
Заттай дәлелдемелер түсінігі.
-
Іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары. Құжаттар.
-
Дәлелдемелер жинау, бекiту, зерттеу және бағалау.
-
Дәлелдеудің пәні және шегі.
-
Дәлелдеу процесiндегi ғылыми-техникалық құралдар.
-
Преюдиция түсінігі.
-
Iс жүргізулік мәжбүрлеу шараларының түсінігі және олардың құқықтық сипаты.
-
Iс жүргізулік мәжбүрлеу шараларының классификациясы.
-
Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікті тұлғаны ұстау және жеткізу.
-
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамды босату негiздерi.
-
Бұлтартпау шараларының түсінігі.
-
Бұлтартпау шараларын қолдану тәртібі.
-
Бұлтартпау шараларын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайлар.
-
Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат беру бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде.
-
Жеке кепiлдiк бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде.
-
Әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауына беру бұлтартпау шарасы ретінде.
-
Кәмелетке толмағанды қарауына беру бұлтартпау шарасы ретінде
-
Кепіл – бұлтартпау шарасының түрі ретінде.
-
Үйқамақ бұлтартпау шарасы ретінде.
-
Күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы ретінде.
-
Соттың санкция беруінің түсінігі және мәні.
-
Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау.
-
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау.
-
Күзетпен ұстау мерзімдері.
-
Бұлтартпау шараларын қолдануды ұзарту мерзімдері және оларды ұзартау тәртібі.
-
Мүлiкке тыйым салу.
-
Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту негіздері.
-
Өзге де процессуалдық мәжбүрлеу шараларының түрлері.
-
Күштеп әкелу.
-
Жақындауға тыйым салу.
-
Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер.
-
Қылмыстық процестегі азаматтық талап түсінігі және мәні.
-
Азаматтық талап қою бойынша шешімдер.
-
Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры.
-
Iс жүргiзу шығындарының түсінігі және олардың қылмыстық процестегі мәні.
-
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қылмыстық процестің бір сатысы ретінде.
-
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы.
-
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері.
-
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау мiндеттiлiгi. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша беру
-
Тергеулік.
-
Сотқа дейiнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдар.
-
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер.
-
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары.
-
Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру.
-
Сотқа дейiнгі тергеп-тексерудің мерзімі.
-
Қисынды мерзім түсінігі мен міндеттері.
-
Қисынды мерзімді анықтау критерийлері.
-
Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы құқықтық мәртебесі.
-
Анықтау органдары.
-
Алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органдар.
-
Тергеу әрекеттерінің түсінігі мен мәні.
-
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шығарылатын қаулылар.
-
Тергеу әрекетінің хаттамасы.
-
Күдікті түсінігі және құқықтық сипаты.
-
Іс-әрекетті саралау түсінігі және мәні.
-
Айыпталушы түсінігі және құқықтық сипаты.
-
Күдіктінің іс-әрекетін саралауды өзгерту және толықтыру.
-
Жауап алу тергеу әрекеті ретінде.
-
Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары.
-
Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою).
-
Беттестіру тергеу әрекеті ретінде.
-
Қарап-тексеру түсінігі және түрлері.
-
Куәландыру тергеу әрекеті ретінде.
-
Тану үшiн көрсету тәртiбi.
-
Жасырын тергеу әрекеттерінің түсінігі.
-
Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері.
-
Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдері.
-
Тiнту тергеу әрекеті ретінде.
-
Алу тергеу әрекеті ретінде.
-
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау.
-
Тергеу эксперименті.
-
Қылмыстық процестегі сот сараптамасының түсінігі мен маңызы.
-
Қылмыстық іс бойынша сараптамасы жүргізу.
-
Сараптама субъектілері мен объектілері.
-
Жеке-дара және комиссиялық сараптама.
-
Кешендi сараптама.
-
Қосымша және қайталама сараптама.
-
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату негіздері.
-
Ақтау.
-
Тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды қайта бастау.
-
Күдікті мен оның қорғаушысын істің барлық материалдарымен таныстыру
-
Айыптау актісінің түсінігі және оның қылмыстық процестегі мәні.
-
Айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі сотқа жіберу.
-
Қылмыстық процестегі соттың құқықтық мәртебесі.
-
Соттың құрамы.
-
Қылмыстық істердің соттылығы.
-
Қылмыстық iстердiң аумақтық тұрғыдағы соттылығы.
-
Қылмыстық істердің пәні бойынша соттылық.
-
Жеке бас тұрғысындағы соттылық.
-
Аудандық және оған теңестірілген соттың соттылығына жататын қылмыстық істер.
-
Мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер.
-
Облыстық және оған теңестірілген соттың және Әскери соттың соттылығына жататын істер.
-
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттылығына жататын қылмыстық істер.
-
Соттылық туралы дауларды шешу.
-
Басты сот талқылауы.
-
Алдын ала тыңдау түсінігі және оның міндеттері.
-
Басты сот талқылауының түсінігі және міндеттері.
-
Басты сот талқылауын тағайындау.
-
Соттың істі прокурорға жіберуі.
-
Басты сот талқылауының жалпы шарттары.
-
Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы.
-
Iстi талқылау кезiнде сот құрамының өзгертiлмеуi. Запастағы судья.
-
Басты сот талқылауында төрағалық етуші.
-
Басты сот талқылауындағы күдіктінің құқықтық мәртебесі.
-
Қылмыстық процесте қорғаушының қатысуы.
-
Қылмыстық процестегі жарыссөзділік.
-
Басты сот талқылауындағы мемлекеттік айыптаушының құқықтық мәртебесі.
-
Басты сот талқылауындағы жәбірленушінің құқықтық мәртебесі.
-
Басты сот талқылауындағы азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің құқықтық мәртебесі.
-
Басты сот талқылауының шегі.
-
Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауында қарсылық білдіру.
-
Басты сот талқылауының тәртiптемесі.
-
Басты сот талқылауының хаттамасы.
-
Басты сот талқылауының дайындық бөлігі.
-
Сот тергеуiнiң басталуы.
-
Қылмыстық процестегі жәбірленуші.
-
Қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар.
-
Сот тергеунің аяқталуы.
-
Iстiң қысқартылған тәртiппен сотта талқылануы.
-
Сот жарыссөзі.
-
Сотталушының соңғы сөзi.
-
Сот тергеуiн қайта бастау.
-
Үкім шығару.
-
Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi.
-
Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi.
-
Үкiмдердiң түрлерi.
-
Ақтаушы үкім.
-
Айыптаушы үкім.
-
Үкімнің құрылымы.
-
Жекеше айыптау iстерiнің құқықтық сипаты.
-
Үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау, наразылық білдірудің жалпы жағдайлары
-
Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіпте қарау.
-
Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері.
-
Қылмыстық істерді кассациялық тәртіпте қарау.
-
Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері.
-
Сот үкімдерін, соның ішінде азаматтық талап бөлігінде және қаулыларын орындау.
-
Қадағалау тәртібінде қайта қарау бойынша іс жүргізудің мәні.
-
Соттың заңды күшіне енген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау.
-
Қадағалау сатысында істі қарау тәртібі, қадағалау сатысындағы сот шешімі.
-
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау.
-
Есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу.
-
Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу.
-
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
-
Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу.
-
Қылмыстық процестегі процестік келісім түсінігі.
-
Процестік келісімнің құқықтық сипаты.
-
Қылмыстық процестегі процестік келісім түрелрі.
-
Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім.
-
Ынтымақтастық туралы процестік келісім.
-
Процестік келісім жасасу салдарлары.
-
Қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізу.
-
Істер бойынша алқабилердiң қатысуымен iс жүргiзу.
-
Үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізу
Ұсынылатын әдебиеттер
-
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы. Оқулық. Жалпы бөлімі/ Б.Х.Төлеубекованың ред. - Алматы, 1998.
-
Төлеубекова Б.Х., Қапсалямов К.Ж. және басқалар. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы. Ерекше бөлімі. - Алматы, 2000.
-
Сарсенбаев Т.Е., Хан А.Л. Уголовный процесс: досудебное производство. Астана, 1999.
-
Ахпанов А.Н., Сарсенбаев Т.Е. Примерные образцы процессуальных актов предварительного расследования. Учебное пособие. Астана, 2000.
-
Практикум по уголовному процессу. Учебное пособие под ред. Ковалева М.А., Куцова Э.Ф. М., 1995.
-
Сулейменова Г.Ж. Уголовный процесс РК. Схемы и определения. Общая часть. – Алматы, 1999.
-
Нұрмашев Ұ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы, 2008.
Нормативтік құқықтық актілер
-
ҚР Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз. - Астана, 2015.
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi. 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚР Заңы
-
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі №271 Заңы.
-
«Прокуратура» туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2709 Заңы.
-
«Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңы.
-
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132 Конституциялық заңы.
ОӘжҒК отырысында
бекітілді
№ 9 хаттама
24.04. 2015 жыл
ҒК отырысында
бекітілді
№ 15 хаттама
05.05. 2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |