БАҒдарламасы (екіжылдық оқыту) Астана, 2015 Бағдарламаны әзірлегендер: Шакишев Қ. Д., з.ғ. к., доцент (1 бөлім)


-тақырып. Сот хабарлаулары мен шақырулары



бет3/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#124702
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

15ақырып. Сот хабарлаулары мен шақырулары

Іске қатысушы тұлғаларды сот мәжілісінің орны мен уақыты туралы хабарландыру тәртібі, шақыру қағазының, хабарлаудың, шақырудың мазмұны. Шақыру қағазын жеткізу және тапсыру. Шақыру қағазын қабылдаудан бас тартудың салдары. Іс бойынша өндіріс кезінде мекен-жайды ауыстыру, оның іске қатысушы тұлғалар үшін салдары, мекен-жайды ауыстырғаны туралы сотқа хабарламау. Жауапкердің тұрғылықты жерінің белгісіз болуы, оны іздестіру.



16ақырып. Бұйрық өндірісі

Бұйрық өндірісінің мәні мен маңызы. Сотқа жүгіну тәртібі. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар. Бұйрық шығару туралы талапты қараудың процессуалдық тәртібі. Сот бұйрығының құқықтық табиғаты. Сот бұйрығына шағым беру және оны орындау. Бұйрық өндірісінің талап өндірісінен айырмашылығы.



17ақырып. Талап қою бойынша іс жүргізу

Талап өндірісінің мәні мен маңызы.

Талап арызды қабылдау. Талап арызды қабылдаудан бас тартудың, қайтарып берудің және қозғалыссыз қалдырудың негіздері. Азаматтық іс қозғаудың құқықтық салдары.

Талаптың түсінігі. Талаптың элементтері. Талаптарды біріктіру және бөлу. Жауапкердің мүдделерін қорғау. Талапқа қарсылық білдіру. Қарсы талап. Қарсы талап қою тәртібі.

Талапты өзгерту. Талаптан бас тарту.

Талапты мойындау. Бейбіт келісім.

Талапты қамтамасыз ету және талапты қамтамасыз етудің күшін жою тәртібі.

18-тақырып. Талап қоюды қамтамасыз ету

Талап қоюды қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және маңызы. Талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау үшін негіздер. Талап қоюды қамтамасыз ету шараларының түрлері, қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтінішті қараудың тәртібі мен мерзімдері. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға шағым беру тәртібі. Талап қоюды қамтамасыз етуден бас тарту. Талап қоюды қамтамасыз етумен келтірілген зиянды өтеу.



19-тақырып. Істі сотта қарауға әзірлеу

Істі сотта қарауға әзірлеудің мәні мен маңызы. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу тәртібінде судья атқаратын процессуалдық әрекеттер. Істі сотта іс қарауға тағайындау.



20-тақырып. Сотта іс қарау

Сотта іс қараудың мәні ме маңызы.

Сот істі қараудың бөліктері. Сот мәжілісіне шақырылған тұлғалардың сотқа келмей қалуының салдары.

21-тақырып. Сот шешімі және оны атқару тәртібі

Сот шешімінің мәні және маңызы. Сот шешіміне қойылатын талаптар. Сот шешімін шығарған соттың шешімнің кемшіліктерін жоюы. Қосымша шешім. Шешімді түсіндіру. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету.

Шешімнің мазмұны. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту. Шешімнің заңды күшіне енуінің құқықтық салдары.

22-тақырып. Сот актілерін орындау

Сот актілерін орындау азаматтық процестің сатыларының бірі ретінде. Қаулыларды мәжбүрлеп орындатудың маңызы. Атқару өндірісіндегі заңдылық кепілдіктері.

Мәжбүрлеп орындау органдары. Атқару өндірісіндегі тараптар, олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері.

Атқару өндірісіндегі өндіріп алушының, борышқордың және басқа да тұлғалардың құқықтарын қорғау.

Атқару құжаттарының түрлері, олардың құқықтық маңызы. Атқару қағазын беру тәртібі. Атқару қағазының дубликаты. Атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату үшін берудің ескіру мерзімі. Атқару құжатын орындау үшін берілген, өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру.

23-тақырып. Аралық сот шешімін орындау

Аралық сот өндірісін құқықтық реттеу түсінігі мен маңызы.

Аралық сотта іс қарау азаматтық құқықтарды қорғау тәсілі ретінде.

24-тақырып. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың түсінігі мен маңызы. Іс бойынша іс жүргізуді міндетті түрде тоқтата тұрудың негіздері. Тоқтата тұру мерзімдері. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымға шағымдану және наразылық білдіру. Іс бойынша іс жүргізуді қалпына келтіру тәртібі.



25-тақырып. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың түсінігі және маңызы. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздері. Талап арызды қабылдаудан бас тартудан айырмашылығы. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың тәртібі және салдары.



26-тақырып. Арызды қараусыз қалдыру

Арызды қараусыз қалдырудың түсінігі. Арызды қараусыз қалдырудың негіздері. Арызды қараусыз қалдырудың тәртібі және салдары.



27-тақырып. Сот ұйғарымы

Ұйғарымның түсінігі. Ұйғарым сот актісінің түрі ретінде. Ұйғарымның мазмұны. Ұйғарым шығару тәртібі, оған шағымдану тәртібі. Сот ұйғарымының көшірмелерін процеске қатысушыларға жіберу. Соттың жеке ұйғарымы.



28-тақырып. Хаттамалар

Сот хаттамаларының түсінігі және маңызы. Хаттаманың мазмұны. Хаттама жүргізу. Сот мәжілісінің хаттамасы. Жеке процессуалдық әрекеттің хаттамасы. Хаттаманың заң талаптарына сәйкес болмауының салдары. Хаттамаға жасалатын ескертпелер, оларды қараудың тәртібі.



29-тақырып. Сырттай іс жүргізу

Сырттай іс жүргізу мәні мен маңызы. Сырттай іс жүргізуге жол беретін жағдайлар. Сырттай шешімнің мазмұны. Сырттай шешімге шағымдану. Сырттай шешімді жою туралы өтінішті қарау тәртібі. Соттың сырттай шешімге қатысты өкілеттіктері. Сырттай шешімді жою және істі мәні бойынша қайта қарауды қалпына келтіру.



30-тақырып. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

Сайлауға, референдумға қатысушы азамматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттігі органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.

Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігін) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.

Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы істер бойынша іс жүргізу.

31-тақырып. Ерекше іс жүргізу

Ерекше іс жүргізудің түсінігі және маңызы. Ерекше іс жүргізудің талап өндірісінен айырмашылығы. Ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібі.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істердің сотқа ведомстволық қатыстылығы. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану. Азаматты қайтыс болды деп жариялау. Азаматты әрекет қабілетті шектеулі немесе әрекет қабілетсіз деп тану. Мүлікті иесіз деп тану. Азаматтық хал актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау. Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар.

Көрсетушіге берілген жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істерді қарау. Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы өтініш бойынша іс жүргізу.

Аралық соттардың шешімдеріне шағым жасау туралы істер бойынша іс жүргізу.

32-тақырып. Сот актілеріне аппеляциялық шағымдану, наразылық келтіру

Заңды күшіне енбеген шешімдер мен ұйғарымдарға аппеляциялық шағымдану, наразылық келтіру сатыларының мәні және маңызы. Аппеляциялық шағымдану және наразылық келтіру құқығы. Шағымдану және наразылық келтіру тәртібі мен мерзімі. Шағымды (наразылықты) қозғалыссыз қалдыру.

Облыстық және оған теңестірілген соттардың апелляциялық тәртіппен істерді қарау процессуалдық тәртібі мен мерзімдері.

Бірінші инстанция сотының ұйғарымдарына, қаулыларына шағымдану (наразылық білдіру).



33-тақырып. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық тәртiппен шағымдану және наразылық беру

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық тәртiппен шағымдану және наразылық беру сатысының мәні және маңызы. Шағымдану және наразылық берудің тәртібі мен мерзімі. Кассациялық шағымд және наразылықтың мазмұны.



34-тақырып. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу

Сот қадағалауы тәртібімен сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қарау сатысының мәні және маңызы. Сот қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қараудың және наразылық келтірудің негіздері. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым мен наразылық келтіру мерзімдері.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының қадағалау тәртібімен шығарылған Жоғары Сот қаулысын қайта қарау негіздері. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын тағайындау. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының ұсынуды немесе наразылықты қарауының
тәртiбi.

35-тақырып. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу

Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау азаматтық процестің сатысы ретінде.

Сот қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың негіздері.

36-тақырып. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру

Арызды беру тәртібі. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы өтінішті қарау және іс қозғау. Арызды қарау. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы сот шешімі.



37-тақырып. Халықаралық процесс

Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу. Шетелдік тұлғалардың құқықтары мен міндеттері. Шетелдік халықаралық ұйымның азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі. Соттардың құзіреті. Соттылық. Шетелдік мемлекеттерге талап қою. Соттық иммунитет, сот тапсырмалары. Шет мемлекеттердің құжаттарын тану. Шетелдік соттар және төрелік соттардың шешімдерін тану және орындау. Мәжбүрлеп орындату. Төрелік соттардың шешімдеріне шағымдану туралы істер бойынша іс жүргізу. Өтінім беру және қарау. Халықаралық процестің маңызы.


Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша ұсынылатын сұрақтар

  1. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары.

  2. Сот арқылы қорғау құқығының түсінігі, мазмұны.

  3. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі мен жүйесі.

  4. Азаматтық іс жүргізу құқығының азаматтық, отбасы, еңбек, конституциялық, әкімшілік құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және өзге құқық салаларымен ара қатынасы.

  5. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері.

  6. Азаматтық іс жүргізу нормалары, олардың құрылымы, уақыт пен кеңістікте қолданылуы.

  7. Азаматтық сот өндірісінің түрлері.

  8. Азаматтық іс жүргізу кезеңдері.

  9. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болу негіздері.

  10. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері және оларды топтау.

  11. Сот азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының міндетті субъектісі ретінде.

  12. Сот құрамы, түсінігі, сипаттама, іс жүргізу жағдайы және маңызы.

  13. Іске қатысушы тұлғалар азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері ретінде.

  14. Іске қатысушы тұлғалар түсінігі мен құрамы.

  15. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі және олардың маңызы.

  16. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының жүйесі.

  17. Жалпы құқықтық заңдылық қағидасы және оның азаматтық іс жүргізуде жүзеге асырылуы.

  18. Сот төрелігінің жариялығы азаматтық қоғаммен әрекеттесудің негізі ретінде.

  19. Азаматтық істер бойынша сот төрелігінің ұйымдастырушылық-функционалдық қағидалары.

  20. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы.

  21. Азаматтық істерді қарауда жеке және алқалылық.

  22. Соттардың тәуелсіздігі және олардың тек қана заңға бағыныштылығы.

  23. Заң мен сот алдында азаматтар мен ұйымдардың теңдігі

  24. Жариялылық қағидасы

  25. Сот төрелігінің мемлекеттік тілі

  26. Диспозитивтілік қағидасы

  27. Айтысушылық және тараптардың процесуалдық тең құқылығы қағидасы

  28. Ауызшалық және тікелейлік қағидасы

  29. Ведомствалық бағыныштылық түснігі.

  30. Аралық соттарға қатысты істердің ведомствалық бағыныштылығы

  31. Бірнеше өзара байланысты талаптардың ведомствалық бағыныштылығы

  32. Соттылық түрлері.

  33. Тектілік соттылығы.

  34. Аймақтық соттылық, оның түрлері.

  35. Жалпы юрисдикциядағы соттардың және мамандандырылған экономикалық, әскери соттардың соттылығы

  36. Соттылық туралы келісім

  37. Істі басқа сотқа беру және осыған байланысты туындайтын даулар

  38. Істің соттылығы туралы ережені сақтамау салдары

  39. Судьяға қарсылық білдіру негіздері және тәртібі

  40. Сот отырысы хатшысы, прокурор, маман, сарапшы, аудармашыға қарсылық білдіру негіздері

  41. Азаматтық процессте тараптардың түсінігі

  42. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі және азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі

  43. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

  44. Іске қоса қатысу. Оның мақсаты мен негіздері.

  45. Процессуалдық іске қоса қатысушылардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

  46. Тиісті және тиісті емес тараптың түсінігі.

  47. Іс жүргізу құқықтық мирасқорлығы (түсінігі және негіздері).

  48. Құқықтық мирасқордың процеске араласу тәртібі және оның құқықтық жағдайы.

  49. Азаматтық процесстегі үшінші тұлғалар түсінігі.

  50. Жеке талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар

  51. Жеке талап мәлімдейтін үшінші тұлғалардың іске араласу негіздері мен іс жүргізу тәртібі

  52. Азаматтық сот өндірісіндегі прокурордың процессуалдық жағдайы

  53. Бірінші сатыдағы сотта прокурордың қатысуы. Оның құқықтары мен міндеттері.

  54. Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының негіздері және мақсаты.

  55. Соттағы өкілдіктің түсінігі, негіздері мен түрлері

  56. Өкілдің соттағы өкілеттіктері.

  57. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.

  58. Сот дәлелдеуі, дәлелдеудің маңызы және көлемі.

  59. Сот іс жүргізуіндегі дәлелдемелер және оның маңызы.

  60. Нақты деректер және дәлелдеу құралдары.

  61. Нақты азаматтық істер бойынша дәлелдеу пәнін анықтау.

  62. Дәлелдеуге жатпайтын айғақтар.

  63. Дәлелдеме ұсыну міндеті.

  64. Дәлелдемелерді топтастыру: бастапқы және туынды, тікелей және жанама, ауызша және жазбаша, жеке және заттай.

  65. Дәлелдемелердің қатыстылығы, жол берушілігі, растығы.

  66. Дәлелдемелерді бағалау.

  67. Дәлелдеу құралдарының түрлері. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері.

  68. Куәлардың түсініктемелері. Куәлардан жауап алудың процессуалдық тәртібі. Куәнің құқықтары мен міндеттері.

  69. Жазбаша дәлелдемелер. Жазбаша дәлелдемелердің түрлері (мазмұны және нысаны бойынша).

  70. Заттай дәлелдемелер, олардың жазбаша дәлелдемелерден айырмашылығы.

  71. Беру және сақтау тәртібі.

  72. Орналасқан жерінде қарау.

  73. Сараптама тағайындау тәртібі және оның нәтижесін бағалау.

  74. Талап қойғанға дейін дәлелдемені қамтамасыз етудің негіздері.

  75. Сот тапсырмасын берудің және орындаудың процессуалдық тәртібі.

  76. Азаматтық процестегі сот шығынының түсінігі.

  77. Мемлекеттік баж, мемлекеттік бажды төлеуден босату. Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі

  78. Іс бойынша өндіріспен байланысты шығындар.

  79. Сот шығындарын бөлу.

  80. Мәжбүрлеу шараларының түсінігі, түрлері, оларды қолдану негіздері мен тәртібі.

  81. Іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі және маңызы.

  82. Талап қою, ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу азаматтық істерді қарау мерзімдері.

  83. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу, өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімдерін ұзартудың және қалпына келтірудің тәртібі.

  84. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алудың салдары.

  85. Іске қатысушы тұлғаларды сот мәжілісінің орны мен уақыты туралы хабарландыру тәртібі

  86. Шақыру қағазының, хабарлаудың, шақырудың мазмұны.

  87. Іс бойынша өндіріс кезінде мекен-жайды ауыстыру, оның іске қатысушы тұлғалар үшін салдары, мекен-жайды ауыстырғаны туралы сотқа хабарламау.

  88. Жауапкердің тұрғылықты жерінің белгісіз болуы, оны іздестіру.

  89. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.

  90. Бұйрық шығару туралы талапты қараудың процессуалдық тәртібі.

  91. Сот бұйрығының құқықтық табиғаты.

  92. Сот бұйрығына шағым беру және оны орындау.

  93. Талап арыз мазмұнына және нысанына қойылатын талаптар, оны сақтамаудың салдары.

  94. Талап арызды қабылдау. Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдары.

  95. Талап арызды қабылдаудан бас тартудың, қайтарып берудің және қозғалыссыз қалдырудың негіздері.

  96. Талап өндірісінің түсінігі және оның басқа іс жүргізулерден айырмашылығы.

  97. Талаптың элементтері.

  98. Талаптарды біріктіру және бөлу.

  99. Талапқа қарсылық білдіру.

  100. Қарсы талап қою тәртібі және оны соттың қабылдау шарттары.

  101. Талапты көлемі, нысанасы, негізі және жауапкерді ауыстыру бойынша өзгерту.

  102. Талаптан бас тарту және оны соттың қабылдау шарттары .

  103. Талапты мойындау және оның құқықтық салдары.

  104. Бітімгершілік келісім жасаудың тәртібі және салдары.

  105. Талапты қамтамасыз ету және талапты қамтамасыз етудің күшін жою тәртібі.

  106. Талап қоюды қамтамасыз ету шараларының түрлері, қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру.

  107. Талап қоюды қамтамасыз етумен келтірілген зиянды өтеу.

  108. Істі сотта қарауға әзірлеу және оның маңызы.

  109. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу тәртібінде судья атқаратын процессуалдық әрекеттер.

  110. Істі сотта іс қарауға тағайындау.

  111. Сот отырысының әзірлеу сатысы

  112. Сот мәжілісіне шақырылған тұлғалардың сотқа келмей қалуының салдары.

  113. Судьяларға және басқа да процеске қатысушыларға қарсылық білдіру.

  114. Істі мәні бойынша қарау. Сот тергеуіндегі судьяның рөлі.

  115. Тараптардың сот жарыссөздері.

  116. Істің мәні бойынша прокурордың қорытындысы.

  117. Шешім қабылдау және сот шешімін жариялау.

  118. Істі қарауды кейінге қалдыру.

  119. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түрлері. Сот шешімінің ұйғарымнан айырмашылығы.

  120. Сот шешімінің түрлері, шешімнің мазмұны (оның құрамдас бөліктері).

  121. Сот шешіміне қойылатын талаптар.

  122. Сот шешімін шығарған соттың шешімнің кемшіліктерін жоюы.

  123. Қосымша шешім.

  124. Шешімді түсіндіру.

  125. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету.

  126. Шешімді дереу орындау.

  127. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту.

  128. Сот шешімінің заңды күші. Шешімнің заңды күшіне енуі.

  129. Сот актілерін орындау азаматтық процестің сатыларының бірі ретінде.

  130. Қаулыларды мәжбүрлеп орындатудың маңызы. Атқару өндірісіндегі заңдылық кепілдіктері.

  131. Аралық сот өндірісін құқықтық реттеу

  132. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың түсінігі

  133. Іс бойынша іс жүргізуді міндетті түрде тоқтата тұрудың негіздері.

  134. Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.

  135. Тоқтата тұру мерзімдері, іс бойынша іс жүргізуді қалпына келтіру тәртібі.

  136. Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың түсінігі

  137. Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың негіздері. Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың тәртібі мен салдары.

  138. Арызды қараусыз қалдыру. Арызды қараусыз қалдырудың құқықтық салдары.

  139. Ұйғарым сот актісінің түрі ретінде. Ұйғарымның мазмұны, оны шығару және оған шағымдану тәртібі.

  140. Соттың жеке ұйғарымы.

  141. Хаттама жүргізу міндеті.

  142. Хаттамаға жасалатын ескертпелер, оларды қараудың тәртібі.

  143. Хаттаманың заң талаптарына сәйкес келмеу салдары

  144. Сырттай іс жүргізуге жол беретін жағдайлар.

  145. Сырттай шешімнің мазмұны және оның қасиеттері.

  146. Сырттай шешімге шағым келтіру тәртібі.

  147. Сырттай шешімді жою және істі мәні бойынша қайта қарауды қалпына келтіру.

  148. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.

  149. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттігі органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.

  150. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігін) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.

  151. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы істер бойынша іс жүргізу

  152. Ерекше іс жүргізу тәртібімен азаматтық істерді қарау

  153. Ерекше талап қою іс жүргізу тәртібімен азаматтық істерді қарау

  154. Ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібі.

  155. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істердің сотқа ведомстволық бағыныстылығы.

  156. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану.

  157. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың келуінің немесе табылуының салдары.

  158. Азаматты әрекет қабілетті шектеулі немесе әрекет қабілетсіз деп тану.

  159. Мүлікті иесіз деп тану.

  160. Азаматтық хал актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау.

  161. Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар.

  162. Көрсетушіге берілген жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру.

  163. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу.

  164. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істерді қарау.

  165. Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу.

  166. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы өтініш бойынша іс жүргізу.

  167. Аралық соттардың шешімдеріне шағым жасау туралы істер бойынша іс жүргізу.

  168. Заңды күшіне енбеген шешімдер мен ұйғарымдарға аппеляциялық шағымдану, наразылық келтіру сатыларының мәні және маңызы.

  169. Апелляциялық тәртіппен істерді қарау мерзімі және тәртібі.

  170. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі.

  171. Аппеляциялық шағымдану және наразылық келтіру құқығы. Жеке шағым не наразылық бойынша істерді қарау тәртібі.

  172. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен шешімдерін кассациялық шағым және наразылық келтірудегі кассациялық сатының маңыздылығы және мәні.

  173. Кассациялық шағымдану және наразылық беру құқығы. Шағымдану объектісі. Шағымдану және наразылық берудің тәртібі мен мерзімі.

  174. Кассациялық шағымның және наразылықтың мазмұны. Шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру.

  175. Кассациялық шағым, наразылықты алған соң судьяның әрекеттері. Кассациялық шағымға қосылу.

  176. Кассациялық шағымнан бас тарту, наразылықты қайтарып алу, талаптан бас тарту, бітімгершілік келісім.

  177. Кассациялық тәртіпте істі қараудың шегі. Істі қараудың мерзімдері мен тәртібі.

  178. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі.

  179. Сот қадағалауы тәртібімен сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қарау сатысының мәні және маңызы.

  180. Сот қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қараудың және наразылық келтірудің негіздері.

  181. Заңды күшіне енген сот актілеріне дау айту туралы өтініш беруге, наразылық келтіруге құқылы тұлғалар.

  182. Сот қадағалауы тәртібімен істi қайта қарау құзіретіне ие соттар.

  183. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым мен наразылық келтіру мерзімдері.

  184. Өтінішті немесе прокурор наразылығын қайтарып беру.

  185. Өтiнiштi алдын ала қарау.

  186. Өтiнiштi алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша қабылданатын шешiмдер.

  187. Сот қадағалау тәртібімен сот актісін тоқтата тұру.

  188. Қадағалау сатысы сотының отырысын тағайындау және істі қарау тәртібі.

  189. Қадағалау сатысындағы сот шешімі және оның заңды күшіне енуі.

  190. Қадағалау тәртібімен шығарылған Жоғары Сот қаулысын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының бұзуы үшін негіздер.

  191. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын тағайындау және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының ұсынуды немесе наразылықты қарауының тәртiбi.

  192. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау азаматтық процестің сатысы ретінде.

  193. Сот қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың негіздері.

  194. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қараудың процессуалдық тәртібі.

  195. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы өтінішті беру тәртібі.

  196. Сот өндірісіне арызды қабылдау. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтарып беру.

  197. Істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау туралы сот ұйғарымы.

  198. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу.

  199. Төрелік соттардың шешімдеріне шағымдану туралы істер бойынша іс жүргізу, өтінім беру және қарау.

  200. Халықаралық процестің маңызы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет