24-тақырып. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг).
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының түсінігі және нысаны. Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Шектеу шарттары. Сублицензия. Франчайзинг шартын тоқтату.
25-тақырып. Конкурстық міндеттемелер.
Конкурстық міндеттемелердің түсінігі және түрлері. Конкурстық міндеттемелердің мазмұны. Сыйақыға жария уәде беру. Лотореяларды, тотализаторларды өткізудің ерекшеліктері. Тендер және аукцион: түсінігі, ұйымдастыру және өткізу тәртібі.
26-тақырып. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер.
Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің пайда болуының түсінігі және шарттары. Зиянды өндіру мөлшері. Жәбірленушінің кінәсін есепке алу. Моральдық зиянды өтеу. Құқықтық әрекеттермен келтірілген зиянды өтеу. Мемлекеттік органдармен, жергілікті басқару органдарымен және олардың лауазымды қызметкерлерімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс-әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу ерекшеліктері. Кәмелетке толмағандар және әрекет қабілетсіздер келтірген зиян үшін жауапкершілік. Жоғары кауіптілік көзімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік. Жоғары қауіптілік көзінің түсінігі. Бірлесіп келтірілген зиян үшін жауапкершілік. Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеудің ерекшеліктері. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу.
27-тақырып. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.
Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелердің түсінігі және мазмұны. Міндеттемелердің тараптары. Қайтарылуға жататын мүліктің құнын анықтау. Қайтарылуға жатпайтын негізсіз байлық.
28-тақырып. Интеллектуалдық меншік құқығы.
Интеллектуалдық меншіктің түсінігі. Интеллектуалдық меншік құқығының субьектілері мен обьектілері. Интеллектуалдық меншік обьектілеріне құқықтың пайда болуының негіздері. Интеллектуалдық меншік обьектілеріне айрықша құқықтар. Айрықша құқықтарды қорғау әдістері. Лицензиялық шарт.
29-тақырып. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар.
Авторлық құқықтың түсінігі. Авторлық құқық обьектілерінің түсінігі және түрлері. Авторлық құқықтың обьектісі болып табылмайтын туындылар. Авторлық құқықтың субьектілері. Авторлардың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Авторлық құқықтың қолданылу мерзімі. Авторлық құқықты қорғау.
Сабақтас құқықтардың түсінігі, субьектілері және обьектілері. Сабақтас құқықтарды иеленушілердің құқықтары. Сабақтас құқықтарды қолданылу мерзімі. Сабақтас құқықтарды қорғау.
30-тақырып. Патент құқығы.
Патент құқығының түсінігі. Патенттік қатынастарды құқықтық реттеу. Патенттік құқықтардың субьектілері. Патент: түсінігі, қолданылу мерзімі және алу тәртібі. Алдын ала патент. Инновациялық патент. Патент иесінің құқықтары. Патенттік құқықтарды беру. Оған дейін пайдалану құқығы. Өнертабыс: түсінігі және патенттік қабілеттіліктің шарттары. Пайдалы модель: түсінігі және патенттік қабілеттіліктің шарттары. Өнеркәсіптік үлгі патенттік құқықтың обьектісі ретінде.
31-тақырып. Мұрагерлік құқық.
Мұрагерліктің түсінігі, маңызы және негіздері. Мұраны ашу орны және уақыты. Мұраның құрамы. Мұрагерлер. Лайықсыз мұрагерлер. Заңды мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлер шеңбері. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік. Мұрадағы міндетті үлес. Өсиеттің түсінігі, нысаны және мазмұны. Өсиеттің күшін жою және өзгерту. Өсиеттің жарамсыздығы. Мұраны қабылдау. Мұрадан бас тарту. Мұраны бөлу. Мұрагерлік трансмиссиясы. Мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу. Иесіз қалған мұра.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы бойынша ұсынылатын сұрақтар
1. ҚР азаматтық құқығының құқық саласы ретінде түсінігі. Азаматтық-құқықтық реттеудің пәні мен әдісі.
2. Азаматтық заңнамасының принциптері.
3. Азаматтық құқықтың қайнар көздері: түсінігі және түрлері.
4. ҚР азаматтық заңнамасы. Азаматтық заңнамасының әрекеті.
5. Азаматтық заңнамасын ұқсастығы бойынша қолданылуы.
6. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі, оның түрлері мен белгілері.
7. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру: түсінігі мен әдістері.
8. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және әдістері.
9. Жеке тұлғаның түсінігі. Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері.
10. Азаматтардың құқыққабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. Эмансипация.
11. Кәсіпкерліктің түсінігі мен белгілері. Кәсіпкерлер құқықтарының кепілі.
12. Жеке кәсіпкердің құқықтық жағдайы.
13. Азаматты хабар-ошарсыз кетуі. Қайтыс болды деп жариялау.
14. Заңды тұлғаның түсінігі және белгілері.
15. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі.
16. Заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының түрлері.
17. Заңды тұлғаны құру. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу.
18. Заңды тұлғаларды қайта құру: түсінігі, негіздері және тәртібі.
19. Заңды тұлғаларды таратудың түсінігі, негіздері және тәртібі.
20. Заңды тұлғаның банкроттығы.
21. Шаруашылық серіктестіктері: жалпы сипаттамасы.
22. Толық серіктестік.
23. Сенім (коммандиттік) серіктестік.
24. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
25. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.
26. Акционерлік қоғам: құқықтық жағдайы.
27. Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы.
28. Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорынның түрлері.
29.Қоғамдық бірлестіктер мен мекемелер коммерциялық емес ұйымдар ретінде.
30. Тұтыну кооперативтің құқықтық жағдайы. Заңды тұлғалардың ассоциациясы (одағы).
31. Азаматтық құқықтар обьектілері: түсінігі және түрлері.
32. Жылжымайтын мүліктің құқықтық жағдайы.
33. Бағалы қағаздар: түсінігі және түрлері. Бағалы қағаздар бойынша құқықтарды беру.
34. Туынды қаржы құралдары.
35. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың түсінігі мен түрлері.
36. Жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау.
37. Мәмілелердің түсінігі, белгілері және түрлері.
38. Мәміленің нысаны. Мәмілелер нысанының бұзылуы салдары.
39. Мәмілелердің жарамсыздығының түсінігі және негіздері.
40. Мәмілелердің жарамсыздығының салдары.
41. Өкілдіктің түсінігі және түрлері. Өкілеттігі жоқ өкілдік.
42. Сенімхат, оның түрлері, әрекет ету мерзімі және нысаны. Сенім ауысуы.
43. Талап қою мерзімі: түсінігі және маңызы. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, өтуіндегі үзіліс және қалпына келтіру.
44. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі, түрлері және мерзімдерді есептеу.
45. Меншік құқығының түсінігі және мазмұны.
46. ҚР-да меншіктің нысандары және түрлері.
47. Азаматтардың меншік құқығы.
48. Заңды тұлғалардың меншік құқығы.
49. Ортақ бірлескен меншіктің құқықтық режимі.
50. Ортақ бірлескен меншіктегі мүлікті иелену, пайдалану және оған билiк ету.
51. Ортақ үлестік меншіктің құқықтық режимі.
52. Жай серіктестік. Консорциум.
53. Меншік құқығының тоқтатылуы негіздері.
54. Меншік құқығына ие болуының бастапқы және туынды негіздері
55. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтарды азаматтық-құқықтық қорғау.
56. Мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен алу туралы талап.
57. Иеленуден айыруға байланысы жоқ, бұзылуды жою туралы талап.
58. Заттық құқықтарының ұғымы мен түрлері.
59. Шаруашылық жүргізу құқығы.
60. Оралымды басқару құқығы.
61. Міндеттеменің түсінігі, оның субъектілері мен пайда болу негіздері.
62. Міндеттеменің түрлері.
63. Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі. Ортақтасқан, үлестік міндеттемелер.
64. Міндеттемені орындау. Міндеттемені тиісінше орындау.
65. Міндеттемені орындаудың пәні, орындау жері және әдістері.
66. Регрестік талаптар.
67. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің әдістері: жалпы сипаттамасы.
68. Міндеттемедегі қатысушыларды ауыстырудың түсінігі, негіздері және тәртібі.
69. Айып төлеу ұғымы және түрлері.
70. Кепілдік міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі ретінде.
71. Кепіл болушылық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі ретінде.
нің топтастырылуы.
72.Кепілдің түсінігі. Кеіл пәнін айналымға іске асыру тәртібі.
73. Кепілдің түрлері. Ипотека және кепілзат кепілдің түрлері ретінде.
74. Кепіл туралы келісім шарт: түсінігі, нысаны және мазмұны.
75. Айналымдағы тауарларды кепілге салу.
76. Кепілпұл мен ұстап қалу міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің әдістері ретінде.
77. Міндеттемені тоқтату: жалпы сипаттамасы.
78. Жаңғыртылуға байланысты, есепке жатқызу арқылы міндеттеменінің тоқтату негіздері ретінде.
79. Орындауға мүмкіндік болмағандықтан, заңды тұлғаның таратылуымен байланысты міндеттеменінің тоқтату негіздері ретінде.
80. Шығыстардың ұғымы. Шығыстар мен айып төлеудің айырмашылығы.
81. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі, түрлері мен нысандары.
82. Моральдық зиянды өтеу.
83. Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік негіздері
84. Өзге біреудің ақшасын құқыққа қайшы қолданғаны үшін жауаптылық.
85. Субсидиарлық жауаптылық.
86. Үшінші тұлғалардың әрекеті үшін жауаптылық.
87. Азаматтық-құқықтық шарттың ұғымы мен маңызы. Шарт еркіндігі.
88. Шарттың елеулі ережелері. Шарттың үлгілі ережелері.
89. Шарт нысаны.
90. Азаматтық-құқықтық шарттардың түрлері.
91. Шарт және заңнама.
92. Шарттың ережелерін анықтау. Шарттың бағасы.
93. Оферта. Акцепт.
94. Азаматтық-құқықтық шарттың жасасу тәртібі.
95. Шарттың міндетті түрде жасалуы.
96. Шартты өзгерту және бұзу негіздері.
97. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі және салдары.
98. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту (шарттан бас тарту).
99. Алдын ала жасалынатын шарттар.
100. Жария шарт.
101. Қосылу шарты.
102. Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт.
103. Шартты түсіндіру.
104. Сатып алу-сату шарты: жалпы сипаттамасы.
105. Тауардың сапасы. Тауардың кемшіліктері үшін сатушының жауаптылығы.
106. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.
107. Тауар жеткізілімі шарты: түсінігі және мазмұны.
108. Энергиямен жабдықтау шарты.
109. Келiсiм-шарт жасасу шартының құқықтық табиғаты.
110. Кәсіпорынды сату шарты.
111. Айырбас шарты: түсінігі, мазмұны.
112. Сыйға тарту шарты.
113. Сый беруден бас тарту. Сыйға тартуды шектеу. Қайырымдылық.
114. Рента түсінігі және түрлері.
115. Өмір бойы асырауда ұстау шарты.
116. Мүлікті жалдау (аренда) шарты: жалпы сипаттамасы.
117. Мүліктік жалдау (аренда) шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.
118. Лизингтың құқықтық табиғаты.
119. Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты.
120. Прокат шартының ерекшеліктері.
121. Кәсіпорынды жалдау шарты.
122. Мүлікті тегін пайдалану (ссуда) шарты.
123. Тұрғын үйді жалдау шартының ерекшеліктері.
124. Мердігерлік шарты.
125. Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері.
126. Тұрмыстық мердігерлік шарты. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша тапсырыс беруші-тұтынушының құқықтарын қорғау.
127. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердігерлік шарт.
128.Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк шарт.
129. Өтелмелi қызмет көрсету шарты: шарттың пәні. Өтелмелi қызмет көрсету шартының орындалуы.
130. Жүктi тасымалдау шарты. Кейбір көлік түрлерімен жүктi тасымалдаудың ерекшеліктері.
131. Жолаушыларды тасымалдау.
132. Көлік экспедициясы шартының түсінігі және нысаны. Экспедитордың жауапкершілігі.
133. Заем шартының түсінігі және нысаны. Заем шарты бойынша сыйақы.
134. Заем түрлері (банктік заем, мемлекеттік заем, мақсатты заем).
135. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шартының түсінігі, пәні және мазмұны.
136. Банктік шот шарты: түсінігі, нысаны және мазмұны.
137. Ақша аудару шарты.
138. Банк салымы шарты. Банк салымдарының түрлері.
139. Сақтау шарты: түсінігі, нысаны және мазмұны.
140. Ломбардта сақтаудың ерекшеліктері.
141. Тауарлық қоймада сақтаудың ерекшеліктері.
142. Құнды заттарды банкте сақтау.
143. Сақтандырудың түрлері.
144. Сақтандыру шарты: түсінігі, нысаны және тараптары.
145. Сақтандыру шартының елеулі талаптары.
146. Қос сақтандыру. Қайта сақтандыру.
147. Тапсырма шартының мазмұны және түсінігі. Тапсырма шартының тоқтатылуы.
148. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау, оның шарттары. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз жасалған іс-әрекеттер үшін сыйақы.
149. Комиссия шартының түсінігі. Комиссионердің жауапкершілігі. Комиссия шартын тоқтату.
150. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты. Сенімгер басқарушының құқықтары мен міндеттері.
151. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының түсінігі. Шарттың шектеу ережелері.
152. Конкурстық міндеттемелердің түсінігі және түрлері.
153. Конкурстық міндеттемелердің мазмұны.
154. Сыйақыны қоғамдық жариялау
155. Тендер конкурстық міндеттеменің түрі ретінде
156. Аукцион конкурстық міндеттеменің түрі ретінде
157. Ойын жән бәс тігуге байланысты талаптар.
158. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің пайда болуының түсінігі және шарттары.
159. Кәмелетке толмағандар және әрекет қабілетсіздер келтірген зиян үшін жауапкершілік.
160. Жоғары кауіптілік көзімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік.
161. Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеудің ерекшеліктері.
162. Жұмыс, қызмет және тауар кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды өтеу
163. Мемлекеттік оргнадар, жергілікті басқару органдары, сондай-ақ, олардың лауазымды тұлғаларымен келтірілген зиянды өтеу
164. Алдын-ала тергеу, анықтау органдары, прокуратура және соттың құқыққа қайшы әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеудің ерекшеліктері.
165. Моральдық зиянды өтеудің көлемі, тәртібі жәненегіздері
166. Зияткерлік меншік құқығы объектілерінің түсінгі.
167. Зияткерлік меншік объектілеріне мүліктік және мүліктік емес құқық.
168. Лицензиялық шарттың нысаны, түсінігі және талаптары.
169. Шығармашылық зияткерлік қызметінің нәтижелерін жасау және нәтижелерін қолдану ерекшеліктері.
170. Авторлық құқық объектілері түрлері және түсінігі. Авторлық құқықтың обьектісі болып табылмайтын туындылар.
171. Авторлардың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Авторлық құқықты қорғау.
172. Авторлық құқықты қорғау мерзімдері, тәсілдері және тәртібі.
173. Сабақтас құқықтардың түсінігі, субьектілері және обьектілері.
174. Сабақтас құқықтарды иеленушілердің құқықтары.
175. Сабақтас құқықтарды қорғау тәртібі және мерзімдері.
176. Патент құқығының объектілері және субъектілері.
177. Туындыны, пайдалы модельді және өндірістік үлгіні құқықтық қорғау жағдайлары.
178. Патент құқығын беру туралы шарт.
179. Дараландыру құралдарына құқығын иеленушілерді құқықтық қорғау. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарлар және қызметтерді.
180. Селекциялық нәтижені құқықтық қорғау.
181. Интегралды микросызбалар топологиясына құқықты қолданудың ерекшеліктері
182. Ашылмаған ақпаратты құқықтық қорғау жағдайы.
183. Негізсіз баюдың салдарынан туындаған міндеттемелердің түрлері және түсінігі.
184. Мұрагерліктің түсінігі. Мұрагерліктің негіздері.
185. Мұраның ашылған орны мен уақыты.
186. Мұраның құрамы. Мұрагерлер. Лайықсыз мұрагерлер.
187. Заңды мұрагерлік.
188. Мұрадағы міндетті үлеске құқық
189. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік.
190. Мұраны қорғау және оны басқару.
191. Өсиеттің түсінігі және нысаны.
192. Өсиеттің мазмұны.
193. Өсиеттен бас тарту (легат)
194. Өсиеттің күшін жою және өзгерту.
195. Өсиетті орындау.
196. Өсиеттің жарамсыздығы.
197. Мұраны қабылдау.
198. Мұрадан бас тарту
199. Мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу.
200. Иесіз қалған мұра.
Ұсынылатын әдебиеттер
-
Жайлин Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы. 2008
Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыздағы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), 1994 жылғы 27 желтоқсан
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім), 1999 жылғы 1 шілде.
Ресми құжаттар
1. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа : «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен Қазақстан. 2015. 12 наурыз.
-
Назарбаев Н.Ә. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша // Егемен Қазақстан. 2014. 12 қараша.
-
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар // Егемен Қазақстан. 2014. 18 қаңтар.
2 БӨЛІМ. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ»
Мазмұны
1-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі
2-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары
3-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары
4-тақырып. Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы
5-тақырып. Азаматтық істердің соттылығы
6-тақырып. Соттың құрамы, қарсылық білдіру
7-тақырып. Іске қатысушы тұлғалар
8-тақырып. Прокурордың азаматтық процеске қатысуы
9-тақырып. Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуы
10-тақырып. Соттағы өкілдік
11-тақырып. Дәлелдемелер және дәлелдеу
12-тақырып. Сот шығындары
13-тақырып. Азаматтық процестегі мәжбүрлеу шаралары
14-тақырып. Іс жүргізу мерзімдері
15-тақырып. Бұйрық өндірісі
16-тақырып. Сот хабарлаулары мен шақырулары
17-тақырып. Талап қою бойынша іс жүргізу
18-тақырып. Талап қоюды қамтамасыз ету
19-тақырып. Істі сотта қарауға әзірлеу
20-тақырып. Сотта іс қарау
21-тақырып. Сот шешімі және оны атқару тәртібі
22-тақырып. Сот актілерін орындау
23-тақырып. Аралық сотта іс қарау. Аралық сот шешімін орындау.
24-тақырып. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
25-тақырып. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту
26-тақырып. Арызды қараусыз қалдыру
27-тақырып. Сот ұйғарымы
28-тақырып. Хаттамалар
29-тақырып. Сырттай іс жүргізу
30-тақырып. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу
31-тақырып. Ерекше іс жүргізу
32-тақырып. Сот актілеріне аппеляциялық шағымдану, наразылық келтіру
33-тақырып. Кассациялық сатыда апелляцииялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдану және наразылық келтіру
34-тақырып. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу
35-тақырып. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу
36-тақырып. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру
37-тақырып. Халықаралық процесс
1-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі
Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, жүйесі және әдісі. Азаматтық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орны.
Азаматтық сот өндірісінің (азаматтық іс жүргізудің) түсінігі. Азаматтық сот өндірісінің міндеттері. Азаматтық сот өндірісінің түрлері. Азаматтық процестің сатылары.
2-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының түсінігі және мазмұны. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының ерекшеліктері. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болу, өзгеру және тоқтату негіздері.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субьектілері және оларды топтастыру.
3-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары
Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерінің түсінігі және маңызы. Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерінің түрлері және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерінің арақатынасы.
4-тақырып. Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы
Ведомстволық бағыныстылықтың түсінігі және маңызы. Жалпы юрисдикциялы соттарға ведомстволық бағыныстылық. Өзара байланысты бірнеше талаптардың ведомстволық бағыныстылығы.
5-тақырып. Азаматтық істердің соттылығы
Соттылықтың түсінігі және маңызы. Соттылықтың ерекшеліктері. Соттылықтың ведомстволық бағыныстылықтан айырмашылығы.
Соттылықтың түрлері.
6-тақырып. Соттың құрамы, қарсылық білдіру
Сот құрамының түсінігі. Бірінші саты сотының құрамы. Судьяға, процестің басқа қатысушыларына қарсылық білдірудің негіздері. Судьяға және процестің басқа қатысушыларына қарсылық білдіру туралы өтінішті қарау тәртібі.
7-тақырып. Іске қатысушы тұлғалар
Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі.
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі және азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі. Тараптардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері.
Процессуалдық бірге қатысу. Бірге қатысудың мақсаты және негіздері. Бірге қатысудың түрлері. Бірге қатысушылардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері.
Тиісті және тиісті емес тараптардың түсінігі. Тиісті емес тарапты ауыстырудың салдары.
8-тақырып. Прокурордың азаматтық процеске қатысуы
Прокуратураның азаматтық процестегі ролі мен орны. Прокуратураның азаматтық процестегі міндеттері.
Азаматтық процестің барлық сатыларында прокурордың іске қатысуының негіздері мен нысандары. Прокурордың процессуалдық жағдайы. Прокурордың міндетті қатысуы.
9-тақырып. Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуы
Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының негіздері және мақсаты. Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының міндеттері.
Азаматтық процеске қатысушы мемлекеттік органдардың түрлері.
10-тақырып. Соттағы өкілдік
Соттағы өкілдіктің түсінігі және маңызы. Өкілдіктің негіздері. Өкілдіктің түрлері. Өкілдің соттағы өкілеттіктері. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.
11-тақырып. Дәлелдемелер және дәлелдеу
Сот дәлелдемелерінің түсінігі. Дәлелдемелердің түрлері. Нақты деректер және дәлелдеу құралдары. Дәлелдемелік айғақтар.
12-тақырып. Сот шығындары
Азаматтық процестегі сот шығынының түсінігі. Азаматтық процестегі сот шығынының түрлері. Мемлекеттік баж. Іс бойынша өндіріспен байланысты шығындар. Мемлекеттік бажды төлеуден босату. Сот шығындарын бөлу.
13-тақырып. Азаматтық процестегі мәжбүрлеу шаралары
Мәжбүрлеу шараларының түсінігі, түрлері, оларды қолдану негіздері мен тәртібі.
14-тақырып. Іс жүргізу мерзімдері
Іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі және маңызы. Іс жүргізу мерзімдерінің түрлері.
Азаматтық істерді қарау мерзімдері.
Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімдерін ұзартудың және қалпына келтірудің тәртібі.
Достарыңызбен бөлісу: |