Тақырып: Психологиялық эксперименттің процедураса мен негізгі сипаттамасы. 1сағат.
Мақсаты:Студенттерге психологиялық зерттеуді ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру. Идеалды эксперимент және шынайы эксперимент, экспериментті ұйымдастыру және эксперимент хаттамалары туралы түсінік беру. Эксперимент берілулері, тіркеу. Эксперименттік іріктеуді үйрету.
Жоспар:
1.Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру.
2.Идеалды эксперимент және шынайы эксперимент.
3.Экспериментті ұйымдастыру.
4.Эксперимент хаттамалары.
5.Эксперимент берілулері, тіркеу. Эксперименттік іріктеу.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
-
Мәселе дегеніміз – ғылымда немесе практикада әлі шешілмеген сұрақтар.
Мақсат – эксперименттің ғылыми – практикалық нәтижесі.
Аралық мақсат.
Эксперимент мақсаттары бірнеше болуы мүмкін. Олардың кейбіреулері аралық, кейбіреулері соңғы. Эксперименттің соңғы мақсатына бірден жетпейміз, бірнеше аралық кезеңнен жетеміз.
Мысалы: Соңғы мақсат: оқушылардың даму үрдісін жеделдету.
-
Аралық мақсат: оқушыларда бар психикалық даму деңгейін бағалау
-
Оқушылардың дамуының соңғы деңгейін анықтау
-
Оқушылардың дамуын жеделдетуге көмектесетін құралдарды анықтау
-
Практикалық эксперименттік жұмыс әдістемелерін жасау
-
Психодиагностикалық әдістерді таңдау және жүргізу.
Міндет дегеніміз – зерттеуді басынан аяғына дейін ұйымдастыру және өткізудің кезекті кезеңдері.
Міндеттер:
-
Мәселені нақтылау
-
Зерттеуге байланысты әдебиеттер, тәжірибелер жинақтау
-
Болжам
-
Әдістерді талдау
-
Қалыптастырушы әдістемелер жасау
-
Эксперимент бағдарламаларын жасау
-
Эксперимент өткізу
-
Өңдеу және талдау
-
Қорытынды шығару
Болжам дегеніміз – жорамал сипатындағы бекітулер, ғылыми ой қорытындысы Эксперименттік тексеруді талап етеді. Болжам қандай да бір жаңа ойды бекітеді және ол бос сөз емес. Эксперименттердің басым көпшілігінде бір ғана емес бірнеше әр түрлі логикалық байланысты болжамдар болады.
Зерттеуді бір ғана топта емес, екі немесе одан да көп топтарда өткізу керек.
Біреуі эксперименталды топ, екіншісі бақылау топ.
Эксперимент топта:
-
Эксперименталды топ зерттейтін өзгерулер арасындағы статистикалық байланыстың сенімділігін анықтауға арналады.
-
Өзгерулер мақсаты өзгертіледі.
Бақылау тобында:
-
Эксперименталды топ алған нәтижелерді салыстыру үшін керек.
-
Ештеңе өзгермейді.
Осы схеманы жүзеге асырудың бірнеше түрі бар:
-
Жалғыз айырмашылық әдісі.
Б (бақылау тобы) А, Б, В, Г Д, Е
Э (эксперименталдық топ) А, Б, В, Г+ Д, Е+
-
Бірге болатын өзгерулер әдісі (жалғыз айырмашылық әдісінің таңдалған түрі).
А, Б, В, Г Д, Е
А, Б, В, Г+ Д, Е+
А, Б, В, Г++ Д, Е++
А, Б, В, Г+++ Д, Е+++
-
Жалғыз ұқсастық әдісі.
А, Б, В, Г Д, Е
И, К, Л, Г М, Е,
Н, О, З, Г П, Е
С, Т, У, Г Ф, Е
Егер әртүрлі белгілер түрленсе, бір ғана ұқсастық өзгермей қалады, яғни А мен Е.
Тақырып: Экспериментті жоспарлау. 2сағат.
Мақсаты: студенттерде жоспарлау кезеңдері: экспериментті мазмұнды жоспарлау және ресми жоспарлау туралы түсінік қалыптастыру Ресми жоспарлау міндеттерімен таныстыру.
Жоспар:
1.Жоспарлау кезеңдері: экспериментті мазмұнды жоспарлау және ресми жоспарлау.
2.Ресми жоспарлау міндеттері.
3.Факторлы жоспарлар.
4.Психогенетикалық зерттеулер.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
Психологиялық экспериментке даярлық оның мақсаттарын және міндеттерін анықтаудан басталады.
Зерттеудің әр түрлі түрлері, әр түрлі күш, уақыт, жұмысты талап етеді. Сондықтан зертеу түрін анықтауда күш және ресурстарды үнемдеу принцибінен бастау керек.
Бұл принципті былай тұжырымдауға болады:
Зерттеуді өткізуге келетін математикалық, уақыттық және ақыл – ой шығынары, оның мәселелеріне, міндеттеріне, мақсаттарына шамалас болуы керек. Сонымен қатар қойылған мәселені шешуге жеткілікті болуы керек.
Психологиялық зерттеудің күрделігіне, қиындығына қарай таңдаймыз. Ең қиыны экспериментті зерттеу.
-
Зерттеу тақырыбын нақтылау. Зерттеу пәні мен объектісін анықтау.
Тақырыпты анықтау – осы зерттеу жауап беретін нақты сұрақтарды анықтау.
Зерттеу объектісі- осы зерттеуде зерттелетін материалдық немесе идеялық объект.
Зерттеу пәні – болжамдарда тұжырымдалып, экспериментте тексеріледі және тақырыпқа сәйкес келуі керек.
-
Керекті психодиагностикалық әдістемелерді іріктеу және бейімдеу және нәтижелері статистикалық өңдеуде құралған.
-
Экспериментті кеззеңді өткізу процедурасын, уақытын және өтетін жерін анықтау.
-
Жалпы жоспар және бағдарлама жасайды. Осында зерттеу кезеңінің кезектігі, уақыты және күтілген нәтижелер жазылады.
Эксперимент филотаждық немесе байқау зерттеуінен басталады. Оның міндеті эксперимент қаншалықты жақсы ойластырылған және даярланған, оның тақырыбы дұрыс алынған ба, болжам нақты тұжырымдалған ба, психологиялық әдістер дұрыс іріктенген бе, алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу құралдары мен талдау тәсілдері дұрыс талданған ба, деген сұрақтарды тексеру.
Филотаждық тексеру алдын – ала көрінбейтін кейбір маңызды қателерді ашуға көмектеседі.
Егер өткізілген филотаждық эксперимент жағымды нәтиже берсе, негізгі эксперимент өткізуге көшеміз.
Негізгі экспериментте ұсынылған болжамды дәлелдеу үшін керек алғашқы берілулер жинақталады. Оларды (алғашқы берілулер) ары қарай жүйелейміз, таблица, график, түрінде белгілеуіміз, керек жағдайда компьютерге енгізіп өңдейміз.
Егер эксперимент нәтижелері сандық сипатта емес сапалық сипатта болса, онда оларды да жүйелейді, талдайды және мағыналы өңдейді.
Эксперимент жоспарлары: эксперимент тек «кейін» жоспары түрі бойынша ұйымдастырылған.
Бұл зерттеу түрінде эксперименталды және бақылау топтары эксперименттің аяқталуында ғана бағаланады, басында бағаланбайды.
2. Эксперимент «дейін» және «кейін» жоспарлар түрі бойынша ұйымдастырылған (негізгі, ыңғайлы).
Бұл зерттеуде себептер мен салдарлар екі топта да экспериментке дейін және кейін де бағаланады. Алынған екі топ арасындағы айырмашылық экспериментке дейін болған деген болжам жоққа шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |