Тақырып: Психологиядағы өлшеу түрлері. Өлшеу әдістері. 2сағат.
Мақсаты: Студенттерге өлшеу тарихына кіріспе. Беріледі. Дәріс барысында өлшеу теориялары, психологиялық өлшеу ерекшелігі, психологиялық шкалалау, психологиялық өлшеу әдістері, тесттердің классикалық теориялары сұрақтарына талдау жасалады.
Жоспар:
1.Өлшеу теориялары.
2.Психологиялық өлшеу ерекшелігі.
3.Психологиялық шкалалау. Психологиялық өлшеу әдістері.
4.Тесттердің классикалық теориялары.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
Өлшеу дегеніміз – белгілі бір ережеге сәйкес заттарға санды жабыстыру.
Өлшеу шкалалары – атаулық, реттік, интервалды, қатынас болып бөлінеді.
Шкалалар
|
Сипаттамалар
|
Мысалдар
|
Атау
|
Объектілер топтастырылған, кластар номерлермен белгіленген, бір кластың номерінің екіншісінен үлкен немесе кіші болуы, зерттеудің қасиеттері туралы еш нәрсе айтпайды (айырмашылықтары бар екендігінен басқа).
|
Көздерінің түсі, жынысы, ұлты, сақтандыру номері, нәсілі, клиникалық диагноздары, майкадағы номері.
|
Реттік
|
Заттарға берілетін санның мәніне сәйкес, заттарға тән қасиеттің санын бейнелейді. Сандардың тең әртүрлілігі, қасиеттердің тең әртүрлілігін бейнелейді
|
Минералдың қаттылығы, жеке басқа қасиеттері бойынша реттілігі, еңбек үшін алған медалдар, әскери ранг
|
Интервалды немесе аралық
|
Өлшеу бірлігі бар. Соның көмегімен заттарды тек тәртіпке келтіріп қоймай, оларға сай беруге болады. Заттарға берілген сандардың әртүрлілігі, өлшенген қасиеттердің санындағы тең әртүрлілікті бейнелейді.
Интервалды шкаланың нөлдік нүктесі ырықты және қасиеттердің жоқ екенін көрсетпейді
|
Календарлық уақыт, температураның шкалалары
|
Қатынас
|
Заттарға берілген сан интервалдық шкаланың ообъектілерінің барлық қасиеттеріне ие, бірақ сонымен бірге шкалада абсолютті нөлдік шкала бар. Нөлдік шкала бағаланатын қасиеттің жоқ екенін дәлелдейді. Өлшеуде берілген сан қатынасы.
Өлшенген қасиеттің сандық қатынасын бейнелейді.
|
Ұзындық, салмақ, уақыт. температура
|
Өзгергіштік деп – зерттеулер мен амалдар сипаттары. Мысалы, салмақ, жас, студенттер саны, оқу жылдамдығы және т.б.
Өзгергіштік шкалалары – үздіксіз – бірнеше мән береді.Мысалы: салмақ, жас, реакция жылдамдығы. Мысалы: 9 метр 10мин. 9 сек. жүгірді. Яғни дәл уақыты емес.
Дискретті өзгергіш – белгілі бір мән береді. Мысалы, балалардың саны – 12 бала.
Алғашқы статистикалық өңдеу дегеніміз – керекті қарапайым математикалық статистика сандарын анықтау.
-
орташа мәнді анықтау
-
дисперсия
-
медиана
-
норманы бөлу
-
квадраттық ауытқуды есептеу
Екінші статистикалық өңдеу – бірінші эксперимент берілулерінде жасырылған статистикалық заңдылықтарды анықтауға керек болжам немесе міндетті шешуде өткізіледі. Бұған: орталарды салыстыру, дисперсия, берілулерді бөлу, регрессивті талдау, корреляциялық талдау және т.б.
Тақырып: Эксперимент нәтижелерін талдау және көрсету. 2сағат. Мақсаты: Студенттерге зерттеу нәтижелерін түсіндіру және талдау туралы түсінік беру. Зерттеу нәтижелерін көрсету формаларымен таныстыру.
Жоспар:
1.Зерттеу нәтижелерін түсіндіру және талдау. 2.Зерттеу нәтижелерін көрсету формалары.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
Экспериментті қолданбалы психологиялық – педагогикалық зерттеудің толық аяқталуының ғылыми қорытындыларды жасау жеткіліксіз. Осы қорытындылар негізінде практикалық психологиялық – педагогикалық нұсқаулар енгізілуі керек.
Эксперимент берілулерін өмірлік психологиялық – педагогикалық жағдайлармен талдау қажет.
Талдау келесі сұрақтарды анықтауды керек етеді:
-
алынған эксперимент берілулері педагогикалық практикадағы қандай нақты мәселелермен байланысты
-
өткізілген эксперимент нәтижелерінен шыға отырып, практикада нені жағымды өзгертуге болады.
-
мұны аз математикалық және моральдық шығындар жұмсап, өмірге көп пайда келтіруде, қалай істеуге болады
-
алынған нәтижелерді өмірге енгізуді қандай кезекте өткізу мақсатты
-
енгізудің мүмкіндіктерін, болатын тиімділігін қалай бақылауға болады
-
енгізу процесі жемісті аяқталғанын қандай критерийлермен анықтауға болды.
Осы жағдайлар анықталғаннан кейін, енгізу бағдарламалары жасалады. Бұл бағдарлама құжат болып табылады. Онда барлық сұрақтарға нақты және анық жауап беріледі. Жоспарларды енгізудің нақты жолдары, оны іске асырудың мерзімдері, енгізуге жауапты адамдар, бақылауды іске асыратын ұйым немесе адам, бақылау критерийлері мен белгілерін енгізу есебінің формалары көрсетіледі. Психологиялық эксперимент нәтижелерін немесе психологиялық тестік тексеруді олардың тестік сипаттарынан басқа таблица, схема, график, суреттер және т.б. түрінде көрсетуге болады.
Кесте (таблица) – сандық және сапалық берілулердің көлденең және тігінен ретке келтірілген жиыны.
Таблицаның атауы, аты болуы да, болмауы да мүмкін.
Таблицалар белгілі бір ережеге сәйкес құрылады:
-
мәтінде 2 – 3 таблица болса, олар номерленеді
-
«Таблица» сөзі оң жақта немесе ортасында жазылады.
-
аты болса, аты жазылады
-
кейде «ескерту» беріледі. Олар таблицаның астына жазылады
-
таблицада тақырыпшалар болады, олар әрбір қатарда не берілгенін көрсетеді.
Таблица түрлері:
-
Атауы, ескертуі жоқ, жалпы тақырыпшасы жоқ таблица.
-
Графаланған, атауы, тақырыптары бар таблица.
-
Графаланған, атауы, тақырыпшалары және ескертулері бар таблица.
Орта мектептің Х – сыныбының балаларының комплексті зертеу берілулері.
График – жазықтықтағы екі өзгеру арасындағы байланысты суреттейтін сызықтар. Графиктер – кеңістіктегі жазықтық 3 өзгеруі бар байланысты суреттейді.
Оқушылардың үлгерімі мен қабілеттері арасындағы тәуелділік графигі
Екі өлшемді графикті пайдаланғанда көлденең сызық бойында тәуелсіз өзгерулер орналасады, олар себептер ретінде қарастырылады.
х, у – тәуелсіз өзгерулерді, z – тәуелді өзгерулерді суреттейді
Үш өлшемді кеңістікті графикте х, у сызығы көлденеңінен, ал z – сызығы тігінен орналасады.
Эксперимент нәтижелерін графиктік суреттеу түрінің бірі – гистограммалар.
Гистограмма – бұл бағаналы диаграммалар, тігінен орналасқан, тік бұрыштардан тұрады. Олардың биіктігі зерттелушіде қандай да бір қасиеттің даму дәрежесін немесе деңгейін бейнелейді.
Зерттелетін қасиеттің жиі кездесуін көрсеткен цифрлар гистограммалар бағанасының ішінде немесе олардың астында немесе тік сызықтың бойында беріледі.
3. Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
Тақырып 1. Экспериментті психологияға кіріспе. Мақсаты: Эксперименттік психология туралы түсінік қалыптастыру.
Психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптерін қарастыру. Студенттерде экспериментік психология жайлы білімді бекіту.
Семинар жоспары:
1.Ғылым әдіснамасы. 2.Психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптері. 3.Психология әдістерінің классификациясы. 4.Психологиялық зерттеу этикасы.
Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану барысында ұсынылған негізгі әдебиеттерді мұқият қарастырыңыз. Сонымен қатар болашақ маман ретінде эксперименттік психологияның практикадағы алатын орнын өз көзқарасыңыз бойынша көрсетіңіз. Жалпыланған жауап көрсетіңіз.
Әдебиеттер:
1. В.Н. Дружинин. Экспериментальная психология. Учебник для вузов.Питер., 2003.
2. В.В Горбунова. Экспериментальная психология в схемах и таблицах.
Р-Д ., 2005.
3. В.В. Константинов. Экспериментальная психология. Питер .,2006.
4.Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.
Тақырып 2. Эксперимент әдісі ғылымдар тарихында.
Мақсаты:Студенттердің ғылымға дейінгі психология, философиялық психология және ғылыми психология жайлы түсініктерін бекіту.
Семинар жоспары:
1.Психологияның эксперименттік ғылым ретінде қалыптасуы. 2.Эксперименттік психологияның дамуы: Англия, Франция, Германия, Ресей. 3.Эксперимент әдісі.
Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану барысында берілген елдерде дамуын өзара салыстырыңыз. Жалпыланған жауап көрсетіңіз.
Әдебиеттер:
1.В.Н. Дружинин. Экспериментальная психология. Учебник для вузов.Питер., 2003.
-
В.В Горбунова. Экспериментальная психология в схемах и таблицах.
Р-Д ., 2005.
-
В.В. Константинов. Экспериментальная психология. Питер .,2006.
-
Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.
Тақырып 3. Эмпирикалық зерттеу жүйесіндегі бақылау әдісі.
Мақсаты: Психологиялық бақылау әдіс және бақылау берілулерінің объективтілік және субъективтілік критерилері, бақылау процедурасының әдіснамасы туралы студенттердің түсініктерін бағалау.
Семинар жоспары:
1.Бақылау әдісі.
2.Ғылыми бақылау белгілері.
3.Бақылау әдісінің арттықшылығымен кемшілігі.
4.Бақылау процедурасының әдіснамасы.
5.Бақылау формалары.
Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану барысында сұрақтарға жауап қайтаруда жалпы психология курсы бойынша алған білімдеріңізді пайдаланыңыздар және «Эксперименттік психология» пәні бойынша алған білімдеріңіз тұрғысынан бағалаңыз.
Әдебиеттер:
1. Ганзен В.А. Теория и методология психологического исследования. СПб., 1991.
2.Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.
Тақырып 4. Эксперимент зерттеушінің практикалық іс-әрекетінің түрі ретінде.
Мақсаты: Психологиялық эксперименттегі экспериментатордың белсенділігі туралы түсінік беру. Себептік қорытындыны жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
Семинар жоспары:
1.Эксперименттік қарым-қатынас.
2.Экспериментатордың жеке басы және іс-әрекеті.
3.Зерттелушінің эксперименттегі іс-әрекеті.
Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану қарым-қатынас мәселесін мұқият қарастырыңыз. Экспериментатор жеке басына баға беріп, ол жіберетін қателіктерді қарастырыңыз.
Әдебиеттер:
1. Солсо Р.Л., Джонсон Х.Х. Бил М.К. Экспериментальная психология: практический курс. Спб., 2001.
2.Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.
Тақырып 5. Психологиялық эксперименттегі болжам және бақылау формалары.
Мақсаты:Студенттердің психологиялық экспериментте тексерілетін болжамдар жүйесі туралы түсініктерін бекіту. Эксперименттік болжам формалары мен таныстыру.
Семинар жоспары:
1.Ғылыми мәселе.
2.Зерттеудің психологиялық болжамы.
3.Ғылыми болжамдарды эмпирикалық тексеру.
Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану барысында психологиялық болжам мәселесін мұқият қарастырыңыз. Психологиялық болжамға
баға беріп, оны құрудағы қателіктерді қарастырыңыз.
Әдебиеттер:
1.В.Н. Дружинин. Экспериментальная психология. Учебник для вузов.Питер., 2003.
2. В.В Горбунова. Экспериментальная психология в схемах и таблицах.
Р-Д ., 2005.
3. В.В. Константинов. Экспериментальная психология. Питер .,2006.
4. Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.
Тақырып 6. Психологиялық эксперименттің процедураса мен негізгі сипаттамасы.
Мақсаты:Студенттерге психологиялық зерттеуді ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру. Идеалды эксперимент және шынайы эксперимент, экспериментті ұйымдастыру және эксперимент хаттамалары туралы түсінік беру. Эксперимент берілулері, тіркеу. Эксперименттік іріктеуді үйрету.
Семинар жоспары:
1.Психологиядағы эксперименттік әдіс.
2.Экспериментті ұйымдастырудың негізгі принциптері.
3.Психологиялық эксперименттің жарамдылығы мен сенімділігі.
Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану барысында эксперименттік процедураны мұқият қарастырыңыз.Экспериментті қандай жағдайда қолданған тиімді деп санайсыз, эксперимент нәтижесін өңдеуде, қолдануда қандай шектеулер бар.
Әдебиеттер:
1.В.Н. Дружинин. Экспериментальная психология. Учебник для вузов.Питер., 2003.
2.В.В Горбунова. Экспериментальная психология в схемах и таблицах.
Р-Д ., 2005.
3.В.В. Константинов. Экспериментальная психология. Питер .,2006.
4. Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.
Тақырып 7. Экспериментті жоспарлау.
Мақсаты: студенттердің жоспарлау кезеңдері: экспериментті мазмұнды жоспарлау және ресми жоспарлау туралы түсініктерін тексеру. Ресми жоспарлау міндеттерімен таныстыру.
Семинар жоспары:
1.Эмпирикалық зерттеудегі жоспарлау туралы жалпы түсінік.
2.Көпдеңгейлі және факторлы эксперименттер.
3.Квазиэксперименттер және корреляциялық зерттеулер.
4. Эксперименттік жағдайды бақылау түсінігі.
Әдістемелік нұсқау: Экспериментті мұқият қарастырып, қандай жағдайларда жоспар құру тиімді екендігін ойластырыңыз. Қандай жағдайларда осы эксперименттерді қолдануға болады.
Әдебиеттер:
1.В.Н. Дружинин. Экспериментальная психология. Учебник для вузов.Питер., 2003.
2.В.В Горбунова. Экспериментальная психология в схемах и таблицах.
Р-Д ., 2005.
3.В.В. Константинов. Экспериментальная психология. Питер .,2006.
4. Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.
Тақырып 8. Психологиядағы өлшеу түрлері. Өлшеу әдістері.
Мақсаты: Семинар барысында өлшеу теориялары, психологиялық өлшеу ерекшелігі, психологиялық шкалалау, психологиялық өлшеу әдістері, тесттердің классикалық теориялары сұрақтарына талдау жасалады.
Семинар жоспары:
1.Психологиялық өлшеудегі шкал типтері туралы түсінік.
2.Психологиялық өлшеу әдістері.
3.Психометрия. Психометриялық заңдар.
Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану барысында ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарастырыңыз.
Әдебиеттер:
1.В.Н. Дружинин. Экспериментальная психология. Учебник для вузов.Питер., 2003.
2. В.В Горбунова. Экспериментальная психология в схемах и таблицах.
Р-Д ., 2005.
3.В.В. Константинов. Экспериментальная психология. Питер .,2006.
Тақырып 9. Эксперимент нәтижелерін талдау және көрсету.
Мақсаты: Студенттерге зерттеу нәтижелерін түсіндіру және талдау туралы түсініктерін бақылау. Зерттеу нәтижелерін көрсету формаларымен таныстыру.
Семинар жоспары:
1.Берілулер жинауға негізгі процедуралық талаптар.
2.Берілулерді алғашқы және екінші өңдеу.
3. Математикалық статистика моделдері.
4.Нәтижелерді талдау және түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану барысында сұрақтарға жауап қайтарыңыз. Математикалық статистика модельдерінің ерекшеліктері қандай.
Әдебиеттер:
1.Гласс Дж, Стенли Дж. Статические методы в педагогике и психологии. М., 1976.
Сидоренко Е.В. Методы математической обработки в психологии. СПб., 1996.
Солсо Р.Л., Джонсон Х.Х. Бил М.К. Экспериментальная психология: практический курс. Спб., 2001.
4. Студенттердің өздік жұмысы.
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
-
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
-
Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
-
Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
-
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
-
Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
-
Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
-
Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
-
Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
СӨЖ тақырыптарының тізімі
-
Экспериментті психологияға кіріспе.
-
Эксперимент әдісі ғылымдар тарихындағы.
-
Эмпирикалық зерттеу жүйесіндегі бақылау әдісі.
-
Эксперимент зерттеушінің практикалық іс-әрекетінің түрі ретінде.
-
Психологиялық эксперименттегі болжам және бақылау формалары
-
Психологиялық эксперименттің процедураса мен негізгі сипаттамасы.
-
Экспериментті жоспарлау.
-
Статистикалық өңдеу жолдары.
-
Эксперимент нәтижелерін талдау және көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |