2.2 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау.
Өнеркәсіп
Өндірістік өнмнің көлемі 2013 жылы 23,1 млрд теңгеңді құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 2,1 % азайды (2011 ж – 23,6 млрд теңге)
Ауданның өнеркәсібін 3 ірі және 6 орта кәсіпорындар құрайды, жалпы шығарылған өнімнен 65,4 % солардың үлесінде.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымы 87,4 % өңдейтін өнеркәсіпті құрайды, 7,4 % электрқуатын өндіру мен бөлу және газ бен суды жеткізу, 5,2 % - тау-кен өндірісі мен ашық кеніштірді игеру.
Өнеркәсіп өнімнің нақты көлем көрсеткіші 2013 ж 115,1 % құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда (128,5) 13,4 % төмен.
Өңдейтін өнеркәсіптің шығарылған өнімінің нақты көлем көрсеткіші 2013 жылы 117,1 % құрады, ал 2011 жылы 140,6 %.
Жалпы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2013 жылы 87,4 % құрады, 2011 ж салыстырғанда 91,9 %
Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен ашық кеніштерді барлау.
Өнеркәсіп өндірісі саласы құм-гравийлік және сазды кеніштерді барлаумен айналысады.
3 орта және 19 кіші кәсіпорындар жұмыс істейді, олардың ішінде: ЖШС «Кентас», ЖШС «Асфальтобетон-1», ЖШС «АДСК», ЖШС «АКНМ», ЖШС «Турген-тас», ЖШС «Найза-тас» және т.б. Тау-кен өндірісінің көлемі 2013 жылы 1198 млн теңгені құрады (2011 ж – 806,3 млн теңге) өсу қарқыны 2011 жылы – 148,5 % құрады.
01.04.2014 ж. қарағанда. пайдалы қазбалар қойнауының пайдалану құқығын беретін 61 келісім-шарт тіркелген.
Өңдеу өнеркәсібі
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2013 ж. 20 млрд. 241,3 млн теңгеңді құрады (2011 ж – 21 млрд. 700 млн теңге), 2011 ж салыстырғанда 6,7 % төмендеді.
Азық-түлік өндірісі 61,2 % құрайды, соның ішінде сүт тағамдары – 37,2 %, сусындар – 12,2 %. Тоқыма бұйымдары мен киім-кешектің үлесі – 0,4%, фармацептикалық дәрі-дәрмектер – 0,7 %, пластмассадан және резинадан жасалған бұйымдар -1,0 %, металлургия емес өнеркәсібінің өнімі – 9,7%.
Ауыл шаруашылық өнімін өндіретін ірі өнеркәсіп мекемелері жұмыс істеіді, солардың шіндегі АҚ «Голд Продукт», АҚ «АПК Адал», АҚ «Компания Фудмастер» және ЖШС мекемесі «Иссыкский плодоконсервный завод».
Қабырғалық панельдердің өндірісімен ЖШС «ИНК-Т» айналысады, «Фитолеум» – дәрі-дәрмектердің, ЖШС «Силуэт», ЖШС «Арлан-777», ЖШС «Шелек Болашақ» - арнайы киімдерінің, ЖШС «Молодит» - медициналық дәрі-дәрмектерге арналған пластмассалық ыдыс швғарумен айналысады.
Ауыл шаруашылық өнімін өндіретін үлесінің жалпы өнеркәсіп өндрісінің көлемі 65,5 % құрады. Ауыл шаруашылық шикізатын өндіретін 74 астам өндіру мекемелері бар.
Аудан өңірлерінің дамуына өндіріс күштерінің орналасуындағы орын алып отырған аумақтық үйлеспеушілік ықпал етеді. Негізгі өндірістік қуаттар
Есік. қ. және Түрген, Ташкенсаз, Коктөбе, Бөлек, Байтерек, Саймасай ауылдық округтерінде, Алматы қ іргелес орналасуы, және Шелек ауылдық округі. Бұл округтеріне 85% астам ауданның өнеркәсіп өнімінің үлесі тиеді.
Өнеркәсіпті дамытудағы негізгі мәселелер:
-
салаға салынатын инвестициялар тұрақсыз сипатқа ие;
-
кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендігі;
-
кәсіпорындардың көпшілігінде техникалық құрылғылармен аз жабдықталуы, өндіріс қорларының едәуір ескіруі ЖШС «Елес», ЖШС «Дионис»;
-
кедендік одаққа кіру жөнінде «Фудмастер» АҚ өнімі бағалық спектрінде бәсекеге қабілетті емес;
Қазақстандық мазмұнды дамыту
Ұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуында қазақстандық мазмұнның үлесін арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.
Аудан қабырғалық панельдерін шығаратын жалғыз болып саналады, бұнымен ЖШС «ИНК-Т» айналысады 2009 ж іске қосылған, жобалық қуаттылығы жыл сайын 1 млрд. теңгенің өнімін шығаруға бағытталған.
Ауданындағы тігін кәсіпорындары ЖШС «Шелек Болашак», ЖШС «Силуэт» және ЖШС «Арлан 777» ауданымыздың кәсіпорындардың және іргелес орналасқан аудандарды арнайы киім-кешек пен басқа да тігін бұйымдармен қамтамасыз етеді.
ЖШС «Электрокабель» Алматы қаласының кәсіпорындарды электрлік сымдармен қамтамасыз етеді.
ЖШС «Иссыкский плодоконсервный завод» Ресейге қызанақ пастасын экспортқа шығарады.
Азық-түлік шығаратын кәсіпорындар: сүт зауыттары АҚ «ФудМастер Компаниясы», АҚ «АПК Адал», өзінің өнімімен Алматы қаласын және республиканың басқа аймақтарын қамтамасыз етеді.
Келесі мәселелер:
-
дайын өнімге сұраныстың төмендеуі
-
шикізаттың, материалдар мен қызметтердің бір бөлігін шетелден сатып алады (асфальтті-бетонның бұйымдарына қажетті гудрон, сүт зауыттарына арналған ыдыс)
-
ауданындағы бір қатар жаңа өңдірістер бар, бәсекеге қабілетті өнімнің шығаруға материалдық-техникамен жабдықтауы, бірақ қазақстан нарығындағы көп жылдар бойы Қытай, Ресейлік және басқа да шетел өндірушілердің ықпалдығының салдарынан республика ішінде өнімді жеткізулерін тежеуде
-
айналым қаражаттардың жетпеуі және төменгі пайыздық мөлшерлемесі бар кредит алу тиімді болмауы
Ауыл шаруашылығы
Ауданның аграрлық секторы – көпсалалы.
Ауданда 146 ауыл шаруашылық кәсіпорындары жұмыс істеіді, 13 354 шаруа қожалықтары мен 49 мыңнан астам өзіндік қосалқы шаруашылықтары жұмыс істеіді, олардың облыстың ауыл шаруашылық өнімдерінің 14 % шығарады.
Ауыл шаруашылықтың жалпы өнм көлемі 2013 ж 49,6 млрд. теңге құрады немесе 129,8 % 2011 ж деңгейімен, оның ішінде мал шаруашылығының өнімі – 20,3 млрд. теңге (127,6 %) және өсімдік шаруашылығы – 29,3 млрд. теңге (131,9%).
Ауыл шаруашылық өнімінің нақты көлем көрсеткіші 2013 ж 102,1% құрады 2011 ж 103%.
Облыс бойынша ауыл шщаруашылық 353,5 мың гектар немесе барлық облыстың аумағынан 4,4 % құрайды, соның ішінде егістік жер – 84,4 мың. га оның ішінде суландыратыны – 77,3 мың. га.
Өсімдік шаруашылық саласында басымдық дәнді-дақылдар анықталған дәнді дақылдық жүгері, соя және жеміс-көкөніс өнімдері.
2011 ж қарсы майлы дақылдардың егістік алқабы 14,4 % өсіп 13,0 мың га құрады, картоп – 9,6 %, 5,7 мың га, көкөністер – 34,3% 9,3 мың га, жеміс жидектер -3,0 %, 3,4 мың га, жүзім – 5,5%, 3,8 мың га, жем шөп – 13,6% 22,3 мың га, дәнді дақылдардың егістік көлемі 16,5% 33,0 мың га азайды, дәнді дақылдық жүгері 2011 ж деңгейінде немесе 20,9 мың га сақталған.
Аудан бойынша тұтас алғанда ауыл шаруашылық дақылдардың егістік алқабы 84,5 мың га құрады немесе 2011 ж көрсеткіштері бойынша 458 га ұлғайды.
егістік аумақтардың жалпы құрылымның дәнді-дақылдардың үлесі 39 % алып жатыр, майлы дақылдар – 15,4%, картоп пен көкөніс-бақшалылар – 17,8% және жем-шөп дақылдары – 26,4%7
Жемістілік аумағының жеміс-жидектердің отырғызуы 3416 гектарды және жүзімнің – 3769 га құрайды. 2011-2013 ж. аралығындағы 1270 га жерге жемістік және 560 га жерге жүзім көшеттері отырғызылды.
2011 жылы 1435 га жерге тамшылатып суару енгізілді, 2013 жылы осы көрсеткіш 3228 га жетті. 14 632 га жерге ылғалдылық сақтайтын технология дәнді-дақылдарға қолданылды.
2011-2013 жылдар аралығында барлық қаржыландыру көздерінің 725,6 млн. теңгеге 155 дана ауыл шаруашылық техника алынды.
Соңғы 3 жылдың нәтижесінде майлы дақылдардың өндірісі 16,8% өсті, картоптың – 9,8%, көкөністердің – 48,4 %, бақша дақылдардың – 2,6%, жеміс жидек – 7,0% және жүзімнің – 10,2%.
Сонымен бірге, дәнді-дақылдарының егістік алқабы қысқаруына байланысты дәнді-дақылдардың жалпы түсімі 15,0 мың тоннаға немесе 9,0 % қысқарды.
15,8 га жерде 162 жылыжай жұмыс істейді, былтырғы жылы оларда 5500 тонна, бұл аудан халқының қажеттіліктің мезгіл аралықтағы 2842 тонна көрсеткіші бойынша.
Жалпы 16,1 мың тонна сыйымдылықты құрайтын 12 ауыл шаруашылық қоймасы қолданысты бар, соның ішінде 12,2 мың тоннаны құрайтын 9 жеміс-көкөніс қоймасы және 3,8 мың тоннаны құрайтын 3 картоп қоймасы бар.
2013 жылы өсімдік шаруашылығында өнімнің жалпы түсімнің нақты көлем көрсеткіші 100,5 % бұл 2011 ж 104,1% қарсы.
2013 жылдың қорытындылары бойынша 2011 ж ауыл шаруашылық малының жеке түрлері бойынша өсім байқалады: мүйізді ірі қара малының – 1,1%, жылқылар – 4,7% және құстар 2011 жылдың деңгейімен.
Сонымен бірге, жайылым жерлерінің ішінде магистральды жолдардың салынуы салдарынан 1,8% - қой мен ешкілерінің төмендеуі, шошқалар - 17,0% байқалады.
Мүйізді ірі қара мал басының (76%), шошқалар (66%) және қой мен ешкі (59%) халықтың шаруашылығында шоғырланған, түйе басының (94%), жылқылардың (51%) және құстың (81%) ауылшаруашылықтық құрылымында.
Мал шаруашылықтың өнімінің өндірісінің көлемі барлық түрі бойынша өсті, әсіресе тірі мал еті бойынша 113,7 тоннаға бұл 20,8 тонна ет, сүт – 629 тонна, және 122,5 мың тонна. Жұмыртқа өндірісі 2011 жыл деңгейінде сақталған немесе 54,8 млн дана, және жүннің көрсеткіші – 641 тонна. Ауданымызда балық шаруашылығымен айналысатын 6 шаруашылық бар: Тескенсу ауылдық округінде ЖШС «Шелекское прудовое хозяйство» форель, алабұға, юалықтармен өсірумен айналысады, өндіріс өнімі жылына 75 тоннаны құрайды, теңгеге шаққанда бұл 420 млн теңге жылдық көрсеткшін құрайды, Саймасай селолық округінде бассейндерде форель шаруашылығымен айналысады, жылына 10 тонна балық өндреді, Қырбалтабай селолық округінде РГКП «Капшагайское нерестовое хозяйство» мемлекеттік тапсырысы бойынша карп, толстолобик, ақ амур өсірумен айналысады, Түрген селолық округінде ЖШС «Фирма Техноимпорт» форель өсрумен айналысады, балық өндірісі жылына 60 тоннаны құрайды және теңге көрсеткіші бойынша жылына 772 млн теңгеніңді құрайды.
Мал шаруашылығының өнімнің өндірісі нақты көлем көрсеткіші 2013 ж 102,5 % құрады бұл көрсеткіш 2011 жылмен 101,1 % қарсы.
Аудан бойынша 8 асыл тұқымдық мал субъектілер жұмыс істейді, солардың ішіндегі мүйізді ірі қара мал – 6, қойлар мен балықтар – 1 шаруашылықтан, солардың ішіндегі 4516 мүйізді ірі қара мал басы немесе жалпы үлестік салмағы көрсеткіші 2,6 %, бұл 7541 қойдың басы немесе 4,2%.
2011-2013 жылдар аралықта «Развитие экспортного потенциала мясо КРС» бағдарламаның шеңберінде шаруа қожалықтарын құру жөнінде 989 мүйізді ірі қара мал басы сатып алынған, 600 мал басына арналған жемдеу алаңдары құрылды.
Ауданымызда эпизоотикалық жағдайды қамтамасыз ету үшін мал дәрігерлік-алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.
2013 жылы бруцеллезге 70,7 мың бас мүйізді ірі қара мал зерттелінді, және 199,8 мың бас қой мен ешкі.
Ауданымызда 6 мал сою нысандары бар, 2013 жылы олардың ішінде 1200 мүйізді ірі қара мал басы сойылды, 250 қой басы, 1440 шошқа басы, 27 жылқы басы сойылды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 3 мал қорымын құрылысы мен абаттандыруға 2013 ж. 4,0 млн теңге қаржы жұмсалды. Жалпы көрсеткіші бойынша мал қорымы 71 елді мекендерде бар немесе 87 % қамтамасыз етілгіндігі.
Ауыл шаруашылық өнімін өңдеумен айналысатын 53 кәсіпорындар бар, 2013 жылы олардың шығарылған өнімі 17 282 млн теңге соммасын құрады.
Ауыл шаруашылық өнімінің өсу көлемі 2013 жылы 114,4 % құрады, бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда (156,1%) 41,7 % кем.
Ауыл шаруашылықтың дамуының түйінді мәселелері
өсімдік шаруашылығындағы қожалықтардың бытыраңқылығы және жер үлесі мөлшерінің аздығы ғылыми-негізделген ауыспалы егісті сақтауға және қазіргі заманғы технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді;
-
ауыл шаруашылық техниканың тоздылығы 67 % астамын құрайды;
-
мал шаруашылығындағы орта және ірі тауарлық өнімдердің жеткіліксіз дамуы ірі көлемді іріктеу-асыл тұқымдастыру жұмысын тежеп отыр, ауыл шаруашылығы малын теңгерімсіз жемдеу мен бар жайылымдарды тиімсіз пайдалану, өнім өндіру прцесстерінің механикаландырылу мен автоматтандыру деңгейінің төмендігі;
Туризм
Туризм – бұл қызметтің түрі тікелей демалыс пен спорт және табиғатпен араласумен тығыз байланысты, ол жеке және коллективті тәсіл ретінде жетіліп, іске асырылынып және жоспарлану керек.
Еңбекшіқазақ ауданы – бұл серпінді дамып келе жатқан өңір. Өнеркәсіп бағытта анық дамып келе жатқанына қарамастан, ауданда туризм саласы дамып келе жатыр.
Еңбекшіқазақ ауданы өзінің орналасуына байланысты Алматы облысында туризм ошақтың дамуында барлық мүмкіндіктері бар.
Аудан Іле Алатауының оңтүстік-шығыс бөлікте орналасқан, тау аралық алқапта 810 м теңіз деңгейінің биіктігінде орналасқан, климаты тым континенталды. Аудан аумағында 63,5 мың га құрайтын Іле-Алатау мемелекеттік ұлттық паркінің бір бөлігі орналасқан. Аудан шекарасына Іле Алатауының тау шатқалы кіреді: Асы жайлаумен әйгілі және бахтах шаруашылығымен Түрген тау шатқалы, бір аты бар биік таулы көлі Есік тау шатқалы. Аудан аумағында Алтын адам табылған, бұл қазіргі қазақ халқының арғы-тегінің мекендеген Отан қорғаушылардың ерлігінің мақтанышы.
Туризм нысандары – Лавар қалашығы, Сақ қорғандары, Асы үстіртінің петроглифтері, Түрген тау шатқалы, Есік көлі, Нура ауылындағы «Жеті Қазына» мұражайы, аюрведикалық денсаулық жақсарту орталығы «Байсеит», Уста Даркембайдың қол-өнер мұражайы.
Еңбекшіқазақ ауданында географиялық қолайлылығы мен климаттық факторлардың әсеріне байланысты барлық мезгілдік туристтік-спорттық курорттық зонадағы тау шаңғы кешенін құруға мүмкіндігі бар. Келешекте тау шаңғы туризм бойынша көпсалалы спорттық-туристтік кешенін салу жоспарда бар. Жобаның жүзеге асыратын орны – Түрген тау шатқалының Ойқарағай үстірті.
Аудандық туризм индустриясын даму мақсатында, кәсіпкерлік бөліммен нақты жұмыс жүргізіледі. Туризм саласындағы бөлімінің жұмыстың басты тапсырмасы ауданда қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті туризм индустриясын және отандық пен шетел азаматтарының әр-түрлі туристтік қызмет қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Ауданында туризм дамуының негізгі көрсеткіші – туристтік-сауықтырудың ақы төленетін қызметінің көлемі, соның мониторингі аудан кенішінде өткізіліп тұр. 01 қаңтардың 2014 жылы туристтк-сауықтыру көлемі аудан кәсіпорындарымен 54,0 млн теңген құрады, бұл 2011 жылдың деңгейімен 36,5 % кем. Кейбір қонақүйлердің күрделі жөңдеудің және қайта құру әсерінен жабылуына байланысты жоспар көрсеткіштері орындалмады.
Мониторинг деректеріне сәйкес ауданында 1 қаңтар 2014 жылдың туризм инфрақұрылымның 15 нысаны жұмыс істейді, соның ішінде 6 қонақүй, 2 аңшылар үйі, 3 демалыс үйі, 3 сауықтыру лагері, 2011 жылмен салыстырғанда өсім 7,1 % құрады.
Еңбекшіқазақ ауданында мониторинг деректеріне сәйкес азаматтар санының ішкі туризм бойынша туристтік ұйымдардың қызметін алғандар 2013 жылы 75 000 адам, бұл 2011 жыл деңгейімен 7,1 % артық (70 000 адам).
Еңбекшіқазақ ауданында статистика мәліметі бойынша 4 туристтік фирма туристтік қызмет көрсетеді, олар: ЖШС Турагенское Агенство «Ольга», ТОО «Охотничий туристский комплекс «Итауыз», ИП Кохметов У.М., ТОО «EuropeAsiaInc».
Басты назар балалар мен жасөспірімдер туризміне бөлінеді. Балалар мен жасөспірімдірдің туризмін қолдау мен дамыту мақсатында ауданында «Алтын-Адам» лагері жұмыс істейді. Жыл сайын лагерде ауданымызда мектепте оқитындар және 500 жуық жетім бала мен табысы аз отбасы балалар жазғы каникул өткізеді. Ауданында келешегі бар туризмнің түрлері: экологиялық, мәдениет-танымдық, тау және т.б. Аудан ішінде экскурсия және жорықтар с-тәжірибелік сабақ өткізіледі. Жорықтар мен экскурсиялар Түргеннің тау шатқалына, Есік көліне, «Фауна» атты түйеқұс шаруашылығына, сақ қорғандарына және т.б. ұйымдастырады. «Менің Отаным Қазақстан» атты жыл сайын мектепте оқитын балалар арасында туристтік экспедиция ұйымдастырылады.
Туризмді дамытудағы мәселелер:
1. Аудан әкімшілік аппаратындағы туризм дамуы штат бірліктің жоқтығы
2. Кейбір нысандардың материалдық базаның орналасуы халықаралық стандарттарға сәйкес болмауы, сервисттік қызметінің төмен деңгейі
3. Жарнама-ақпараттық жұмыстың жеткіліксіздігі, ауданның туристтік әлеуетінің жарнама ақпаратының көлемінің жеткіліктігінің жоқтығы
4. Туристтік инфрақұрылымның нашар болуы, туристтік нысандарға апаратын жолдардың жаман жағдайы, көп тілдік белгілердің жоқтығы.
Құрылыс
Ауданда құрылыстың қызметін 25 ұйым атқарады. Құрылыс жұмысының көлемі 2013 жылы 13,8 млрд. теңге, бұл 2011 жылдың деңгеймен 25,4 % кем. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2013 жылы төмендеуі 2008-2011 жж. ауданның аумағы арқылы өтетін темір жол линияларын салынуы, станциялар, газ құбырымен байланысты.
Құрылыстың дамуының негізгі көрсеткіштері тұрғын үй құрылысы болып табылады. 2013 жылы 18,7 мың м2 тұрғын үй іске қосылды, бұл 2011 жылмен 12,6 % төмен. Бұл статистикалық есебінің жіберілген қателігі ( 2013 ж. 4,24 мың м2 көлемнің жұмысына кірмеуі).
Тұрғын үйінің үлкен көлемінің жекелеген құрылысшылардың есебінен қамтамасыз етілген немесе 16,9 мың м2 (2011ж 21,4 мың м2).
Бюджеттің қаражатынан 1,7 мың м2 тұрғын үй салынып іске қосылды немесе 9 % осы мерзімнің жалпы іске қосылған тұрғын үйі.
Үлкен мәні бар тұрғын үй көлемінің іске қосылуы Есік қаласына іргелес жатқан жерге тиесілі. Сонымен қатар алыс елді мекендерде және ауылдық округінде төмендеуі байқалады.
Сонымен бірге, әлі де тұрғын үйге қол жетімдгінің мәселесі сақталып тұр, соның ішінде жалдамалы үй: жас отбасыларға, бюджеттік саладағы жұмысшыларға, жалғыз басты әйелдерге және басқа да әлеуметтік топтарға.
Ағымдағы жылдың 20 және 30 пәтерлі жалдамалы үйлер 4,23 мың м2 ске қосылды. Тағы 30 пәтерлі жалдамалы үй қарастырылып жатыр.
Құрылысты дамытудағы келелі мәселелер:
Құрылыс материалдарының өндірісі кейбір түрлерінде қажеттілікті қанағаттандырмайды, сол себептен олардың негізгі бөлігі шеттен сатып алынады, бұл құрылыстың қымбаттылығына әкеледі.
-
құрылыс материалдарының өндірісі кейбір түрлері бойынша қажеттілікті қанағаттандырмайды, сондықтан олардың көбісі импортталады, бұл құрылыстың қымбаттауына алып келеді;
-
құрылыс жұмыстары сапасының жеткіліксіз деңгейі;
-
кәсіби жұмыстарда білікті мамандар мен инженерлік құрамның жетіспеушілігі.
Шағын және орта бизнес
Шағын және орта бизнес жоғары қарқынмен дамып келеді, бұл саладағы субъектілердің саны 2013 жылдың 2011 жылмен салыстырғанда 1,1 есе өсіп 16,3 бірлікті құрады.
Шағын кәсіпкерлік негізінен шаруа (фермерлік) қожалықтары түрінде сипатталады, олардың үлесі 71,4 % және жеке кәсіпкерлер (24,7), ең аз үлес – 3,6% – шағын бизнес кәсіпорындарына (заңды тұлғаларға) тиесілі.
Бөлшек сауданың нақты көлем көрсеткіші 2013 ж. 107 % құрады, 2011 жылмен (137,8%) 30,8% төмен.
Шағын кәсіпкерліктің салалық құрылымының шаруа қожалықтың есебінсіз сауда үлесі 29,5 % құрайды.
Кәсіпорындар көпшілігінде Есік қ. және ірі ауылдық округінде дамыған нарықтық және өндірістік инфрақұрылымында шоғырланған.
Шағын субъект кәсіпкерліктің өндірілген өнімінің көлемі 1,1 есе өсіп 29,0 млрд. теңге құрады.
Жұмыспен қамтылғандар саны 1,1 есе өсіп 47500 адамды құрады. Шағын кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың 2013 жылы 1000 адамға шаққанда 100% құрады немесе 2011 ж деңгейімен 3,7 % жоғары.
Бюджетке түскен төлем 2011-2013 жылдары 1,7 есе өсіп, 1,2 млрд. теңгені құрады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы келелі мәселелер:
-
шағын кәсіпкерлікті қолдауындағы инфрақұрылымның нашар дамығандығы;
-
заңды тұлға нысанындағы кәсіпорындардың аздығы;
Сауда және қызмет көрсету саласы
Бөлшек тауар айналымның көлемі 2013 ж. 2011 жылмен салыстырғанда 1,3 есе өсіп 23 455,1 млн. теңге құрады.
01.01.2014 жылы 937 сауда нысаны мен қызмет көрсету саласы, оның ішіндегі 148 қоғамдық тамақтандыру нысаны, 106 тұрмыстық нысаны және 182 қызмет көрсету саласы, 13 базарлар;
2013 жылы 5 нысан, соның ішінде 2 сауда, 3 тұрмыстық және қызмет көрсету саласы ашылды. 100 жаңа жұмыс орны ашылды.
Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру
Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму шеңберінде ауданда жалпы сомасын құрайтын 760,6 млн теңгенің 70 жұмыс орынға арналған 1 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.
Республикалық индустриализациялық картасы шеңберінде «Қорғас-Жетыген» теміржол линиясы және Еңбекшіқазақ ауданның аумағы арқылы өтетін «Қазақстан-Қытай» газ құбыры сияқты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды.
2010 жылы ЖШС “Иссыкский плодоконсервный завод” жобасы іске қосылды және 330 га алқапта тамшылатып суару әдісі бойынша көкөністің өнімі өсіру. Осы заводтың қуаттылығы тәулігіне 600 тоннанны құрайды. 760,6 млн. инвестиция тартылды.
2013 жылы ЖШС “Иссыкский плодоконсервный завод” жаңа өндірістк линиясын енгізу жолымен өндірісін кеңейту арқылы келесі қосымша өнімнің түрін шығаруға мүмкіндік ашты:
-
өрік концентраты
-
кәді концентраты
-
асқабақ даяр азығы
-
алма пюресі
ЖШС «Байсерке Агро» Қырбалтабай ауылы құс фабрикасын құрылысы, инвестиция көлемнің болжамы 430,0 млн. теңге.
АҚ «АПК Адал» мегаферманың құрылысы (сүт өнімдері) инвестиция көлемінің болжамы 1 млрд. 200 млн. теңге. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламасының үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан-Қытай газ құбырының магистралінің үшінші жолы бір техникалық желісі бойынша 1 мен 2 желісі, аудан бойынша ұзындығы 152,40 км. ЖШС «Азиатский газопровод» инвестиция көлемінің болжамы 2013 ж 26 млрд. теңгені құрады.
Сондай-ақ республика масштабтың ірі жобалары жүзеге асыруы жоспарланған: “Батыс Европа – Батыс Қытай” (Алматы-Қорғас автожолының участкесі) халықаралық дәлізін қайта салуы.
Инвестициялық қызметі
2013 жылдың қорытындысы бойынша ауданның үлесі областтық инвестициялық көлемінің 10,2% болып 42 млрд. 539 млн. теңгені құрады ( 2011 жылы – 89 млрд. 386 млн. теңге) Инвестиция көлемінің төмендеуі «Қорғас-Жетыген» және «Азиатский газопровод» темір жол линияның негізгі құрылыстың аяқталумен байланысты.
2013 жылы негізгі капиталының нақты көлем көрсеткіштің инвестициясы 125,4 % құрады, бұл 2011 ж (482,5%) 357,1% төмен.
2013 жылдың инвестицияның құрылымында 82,8% несиелік қаржысы, 8,4 % кәсіпорындардың және ұйымдардың жеке қаражаты, 8,7 % - бюджет қаражаты.
Индустриалды-инновациялық даму
Кабель шығаратын заводтар іске қосылды ЖШС «Электрокабель» Есік қ, табиғи шырындарды және алкогольсіз сусындар шығаратын «Завод здоровых продуктов» АҚ «Голд Продукт» қуаттылығы сағ. 9000 литр, винзавод ЖШС «Био Нан» Қаракемер ауылы, ЖШС «Тургень Продукт» көкөніс пен жеміс өңдеу заводы, Түрген ауылы, ЖШС «Энерго алем» Есік өзенінің кіші СЭС, қуаттылығы 5,1 мВт, резиналық төсемдерді шығаратын цех, ЖШС «Мейджекковер» ағаш-пластикалық құрылымы, Саймасай ауылы; ЖШС «Фитолеум» биологиялық белсендігі бар тағамы және медициналық бұйымдарды шығару, Есік қаласы; ЖШС «Шелек Болашақ» Қызыл Шарық ауылы кеңселік жиһаз шығаратын цех, сондай-ақ 30 астам құрылыс кірпішін және инертті материалдар кеңін игеру заводтар.
Экологиялық жағдай
Ауданда экологиялық ластанудың төмен деңгейі белгіленген.
Дегенмен, экологияға ауа бассейнінің техногенді ластануы мен іргелес өңірлердің ауыл шаруашылық алқаптарының тозуының негізгі көзі ретінде Алматы қаласы біршама әсер етеді.
2013 жылы атмосфераға залалды заттектердің шығарылу көлемі 2011 жылғы (7 500 тонн) деңгейден 4,0 %-ке төмендеп, 7200 тоннаны құрады.
Ауданның келешектегі газбен қамтамасыз ету бойынша экономикаға оң әсерін тигізетіні күтілуде, сондай-ақ экологиялық жағдайының жақсаруы және халықтың әлеуметтік деңгейдің едәуір артуы.
Дегенмен жыл сайын полигондарда 1,2 мың тоннадан астам қалдық сақталады. ТҚҚ-ды шығару артуда, олар ауыл шаруашылығына арналған жердің біршама бөлігін басып алуда, ТҚҚ өңдейтін зауыт салу қажет.
Сонымен қатар 2014 жылы Шелек пен Қарасай ауылдарында жалпы сомасы 29,5 млн теңге құрайтын 2 ТҚК жайластыру жоспарланған. 2013 жылы 12 елді мекендерде жалпы сомасы 141,5 млн теңге құрайтын қоқыстарды жою шараларды қолдану қолға алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |