БАҒдарламасы есік 2014 Құрылымы №


Ауданның негізгі экологиялық мәселелері



бет3/9
Дата30.06.2016
өлшемі0.91 Mb.
#168449
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ауданның негізгі экологиялық мәселелері:
Ирригациялық суару жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы су ресурстарының оңтайлы пайдаланбауына әкеліп соғады;
Қалдықтарды қайта өңдеу зауытының болмауына байланысты, тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мәселесі;


Бәсекелестікті дамыту
Ауданымызда әкімшілік кедергілерді қысқартуға бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатыр, жалпылай кәсіпкерләк қызметтің дамуы мен бәсекелестік ортаның жақсаруы бойынша қажетті инфрақұрылымды құру.

Шағын және орта кәсіпкерлік жоғары қарқынмен дамып келе жатыр, 2013 жылдың субъектілер саны 2011 жылмен салыстырғанда 1,1 есе өсіп, 16,3 мың бірлікті құрады.

2015 жылға дейін 188 жұмыс орынға арналған сауда мен қызмет саласының 133 нысанның ашылу көзделген.

Азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған ауданда аудан штабтары жұмыс стейді.

5-6 %-дық саудалық үстеме баға бойынша 1 сұрыпты нан жеткізуге наубайханалармен меморандумға қол қойылды.

Ауданда апта сайын ауылшаруашылық жәрменкелер өткізіледі, бұл жерде өнім нарықтық бағадан 15-20 % төмен.

Кәсіпкерліктің және «Атамекен» қоғамының өкілдерінің кейбір бесекелестіктің даму аспектілері, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әкімшілік кедергілерді қысқартуға бағытталған дөңгелек үстелдер өткзіледі және ұйымдастырылады. Осы тематика бойынша мақалалар аудан газеті бетіне жарық шығады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады, одан басқа, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер инфрақұрылымның нысандарын қолдау аясында сервистік-консалдинг қызметінің кәсіпкерлерді қолдау бойынша орталықтарын құру жоспарланған. Бизнес жүргізуге рұқсат процедураның бәсеңдету 30% дейін жеткізу көзделген.

Аудандық эксперттік кеңесінің қызметі арқылы кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктің қызметі белсенділігі оятылады.

Сонымен бірге, ауданда кейбір тауар базарларында бәсекелестікті дамытудағы түйінді мәселелері сақталып тұр.

Жанар жағар май нарығы жеткіліксіз дамығаны, бұл аудан аумағындағы 20 жанармай құю станциялары қолданыста болғанына қарамастан, жанар жағармай бағасы жоғары. Осыған орай бәсекеге қабілетті ортаның құру бойынша жұмысы жалғасын таппақ, жанар жағармайларды салуға жер үлестері бөлінеді.

Қысқы мерзімінде қардың қалың жауғаны кейбір автокөлік жолдарының участкесінде, аудан халықтың бірінші тауар қажеттілігінің үздіксіз қамтамасыз етуге қаупі төніп тұр. Осы қауіптіңді жою үшін, ауданда 3 ай мерзіміне арналған әлеуметтік-маңызы бар тауар қорын жинау жүргізілуде.

Қазіргі заманғы көлік дәлізін құрылуы Жетіген-Қорғас теміржолының салынуы есебінен аудан аумағында жаңа көлік торабына қолайлы жағдай туғызады, бұл халықаралық көліктік жүйесінің ірі қатысушылардың бірі болуға мүмкіндік береді.

Осыдан басқа, жергілікті орындаушы органдардың қызметі Қазақстанның позицияның «жергілікті бәсекелестіктің үдемелілігі» көрсеткішінің Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекелестіктің көрсеткіші бойынша шара әзірлеу мен жүргізу бағытталатын болады.


2.2.2. Әлеуметтік сала

Демографиялық әлеует
2011 жылдан бері аудан халқының саны 10,9 мың адамға көбейіп, 2014 жылдың 1 қаңтарына 283,6 мың адамды құрады немесе ел халқының 14,3 %-і, оның ішінде ауыл халқы – 245,4 мың адам, қалалықтар – 38,2 мың адам.

Осы кезеңде көшіп келудің оң сальдосы байқалады, келушілердің саны кетушілерден көп,2013 жылдың көшіп келудің сальдосы 493 құрады.

Туу көрсеткіші жоғарылады, ал өлім көрсеткіші төмендейді, нәтижесінде аудан бойынша халқының табиғи өсуі байқалады.

Еңбек нарығы
2013 жылы аудан халқының экономикалық белсенділігі 134,0 мың адамға жетті, және 2011 жылменен салыстырғанда 1,7 мың адамға өсті, бұл 1,8 мың жұмыспен қамтылғандардың есебінен.

Ауданда дағдарысқа қарсы шаралардың ойдағыдай жүзеге асырылуда, сондай-ақ 2013 жылы кадрларды қайта даярлау мен стратегиялық өңірдің жұмыстылығы сондай-ақ «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде жұмыссыз азаматтардың үлкен көлемде әлеуметтік көмегімен қамту арқылы жұмысымен қамтылған жалдамалы жұмыскерлердің деңгейін төмендеуіне жол бермеді, керісінше 2013 жылы жұмыспен қамтылғандардың 127,9 мың адамға өсуіне жаңа импульсін берді, 2011 жылмен 126,1 мың адамға қарсы. Нәтижесінде 2011 жылы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 4,5 % -ға дейін азаюы бойынша шаралар кешені дайындалды.

Жұмыс орындар санын құру жөнінде 2013 жылы 2185 орын құрады, 2011 жылмен салыстырғанда (1984 орын) 201 орынға өсіп немесе 110%.

2013 жылы ауданда 62,4 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтылғандары, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың үлесінің жалпы санының 45,3 % , ал 2011 жылы өзн-өзі жұмыспен қамтылғанының үлесі 49,6 % құрап, 4,3% қысқарды.

Өз жұмысымен қамтылған үлесі жалпы халықтың өзін жұмыспен қамтылғандарының санынан 2013 жылы 45,9 % құрады, ал 2015 жылы 34,9 % дейін қысқартуға жоспарланған.

Жұмыссыздардың саны 2011 жылы 6100 адам болған, 2013 жылы 6095 адам, 2013 жылдың 2011 жылмен салыстырғанда 5 адамға қысқарды. 2011 жылы жұмыспен қамту сұрағы бойынша жолыққандар саны 2362 адамды құрады, соның ішінде жұмыспен қамтылғандар 2111 адам немесе 89,4 %, ал 2013 жылы жолыққандар саны 1467 адамды құрады, соның ішінен 1361 адам жұмыспен қамтылған немесе 92,8%.

2013жылы тартылған шетелдік жұмыс күші құрамының үлесі 4% құрады, 2011 жылмен салыстырғанда (17%) бұл көрсеткіш 13% төмендеді.

Еңбек нарығындағы мониторингінің жағдайы орта есеппен барлық жұмыс күшінің сұранысының 30% жұмыспен қамту бөліміне жолығады, қалғандары өз күшімен жұмыс табады. Халқының 70% ауыл тұрғындары құрайды, олардың жұмыспен қамтуы кейбір жағдаймен байланысты: маусымдық ауылшаруашылық жұмыстар, жұмыс күшінің артықтылығы, мамандық бойынша жұмыстың болмауы, негізінен жеке аула шаруашылығымен айналысу.

Ауылдық халқының басқа себептің бірі жұмыссыздықтың жасырын түрі болып табылады. Ауыл халқының материалдық өмірдік деңгейінің жоғарылауы үй шаруашылығынан ашық еңбек нарығына шығару тиіс.

Халық өмірінің деңгейі
2011-1013 жылдар аралығындағы аудан бойынша орта есепен тұрмыстық күнкөрісініңң өсу байқалады, және басқа да әкімшілік-территориялықтың ішінде.

2011-2013 жж ауданда тұрмысы мемлекеттік мекен-жай әлеуеметтік көмегін алғандар саны 1,1 есе төмендеді, яғни 1430-дан 1281 адамға дейін.

Ауданда 6,2 мың мүгедек бар немесе жалпы халық санынан 2,2 %, ал 2011 жылы 5,7 мың мүгедек болған немесе 2,3% халық санының. 1 интернат-үйі, мүгедек балаларға арналған 1 реабилитациялық кабинет және қарт адамдарға және мүгедек балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсететін 4-бөлім бар.

2011 жылы арнайы қызметін көрсететін үлес салмағы бойынша 67,5 % құрады, ал 2013 жылы 96% құрады.

2011-2013 жылдары мүгедектерге арналған нысандарының саны ауданда қарастырылмады, ал 2014 жылы 40 нысандарды құру жоспарланған, 2015 жылы тағы 50 нысан.
Әлеуметтік саладағы келелі мәселелер:





Денсаулық сақтау
Соңғы 3 жыл ішінде 1 бірліккке өсіп және 87 медициналық ұйыммен құрылып, соның ішінде 95,4 % ауылды елді мекендерде орналасқан. Денсаулық сақтау инфрақұрылымы едәуір дамығаны Есік қаласында орналасқан, бұл жерде аудандық орталық ауруханасы, аудандық емхана, перзентхана, тубкабинет, жедел медициналық жәрдем бөлімі, нәрестелер үйі және т.б.

2011-2013 жылдар аралығында ауданда 2 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөңдеуден өтті.

2012 жылы 3 жаңа дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Төсек-орын саны – 675 құрайды. 10 мың халқының санына шаққанда 25,7 2011 ж. 24,2 қарсы. Дәрігерлер саны 1,8% өсті, орта медициналық жұмысшылар – 10%. 10 мың халыққа шаққанда дәрігерлердің қамтамасыздығы 2013 жылы 18,1 құрады (облыс көрсеткіші – 21,3) 2011 ж 13,1 қарсы, орта медициналық жұмысшылармен – 46,3 (облыс көрсеткіші – 64,1) 2011 ж 40,6 қарсы.

2013 жылы халықтың өмір ұзақтығы 69,4 жасты құрайды, бұл 2011 жылмен 0,4% өсті 2015 жылға 71,1 жасына жетуі күтілуде.

Жас мамандарды тарту мақсатында, нақты жұмыс жүргізіледі. Жыл сайын емхана мнекемесінің және денсаулық сақтау басқарманың жетекшілері мемлекеттің ЖОО жұмыс жәрменкесіне қатысады. Соңғы 2 жыл ішінде ауданға 20 дәрігерлер келді, солардың ішінде 15 жас мамандар. Келген жас мамандарға пәтерлер мен жалдамалы үйлер бөлінді. 30 жас маман тұрғын үйге мұқтаж. Дегенмен аудан бойынша дәрігерлік кадрлар жетіспейді, соның ішінде дәрігердің жалпы тәжірибесі мен терапевттер – 20.

«100 мектеп және 100 аурухана » бағдарлама шеңберінде 2010 жылы 250 төсек орынға арналған жаңа орталық аурухана 500 келушілерге арналған емхана іске қосылды.

15 денсаулық сақтау нысандары күрделі жөңдеуді талап етеді.

2010 жылдан ауданда Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіліп, дәрігер мен мед ұйымдарды еркін таңдау жұмысы жалғасын таппақ.

2013 жылы ауданда ананың өлімінің жағдайы тіркелмеген, жас нәрестенің шетінеуі төмендеген 2011 жылы 1000 жаңа туғанға 13,3 2013 жылмен 9,8 дейін.

2013 жылы ауданда жас баланың өлімі (0 бастап 5 дейін 1000 тірі туылғандардың) 11,2% құрады, 2011 жылмен салыстырғанда (14,95%) 3,75% төмендеді.

100 мың адамға шаққанда халықтың туберкулез аурумен ауырғандардың саны қысқарды 2011 жылы 69,3 2013 жылдың 60,9 дейін (туберкулезден өлгені 2011 жылы 3,0; ал 2013 жылы 1,5 құрады), онкологиялық аурулар жоғарылады 2010 жылы 64,5 2013 жылы 95,1 дейін (онкологиялық аурудан өлім 2011 жылы 57,8 2013 жылы 49,3 дейін), қанайналым жүйесінің аурулары 2011 жылы 312,2 2013 жылы 176,5 дейн.

Ауданда 38 денсаулық нығайту орталықтары және салауатты өмір салтын насихаттайтын 1 кабинет бар.


Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер:




Білім беру
Мектепке дейінгі білім беру
Ауданда мектепке дейінгі тәрбие беруге арналған 27 бала бақша мен 34 шағын-орталықтар жұмыс жасайды. Барлығы 61 мектепке дейінгі нысандар.

6 шағын орталықтың жабылуы және 5 бала-бақшаның ашылуы, мектепке дейінгі мекемелердің едәуір азаюы: 2011 ж – 62, 2013 ж – 61.

79 ішінде 46 елді мекендерінде мектепке дейінгі мекемелер бар, олардың 62,1% құрайды. Ауданның 10 елді мекендерінде немесе жалпы санының 13% мектепке дейінгі мекемелердің ашылуын қажет етпейді, себебі осы ауылдың мектепке дейінгі балалардың жасы 25 адамға жетпейді.

2013 ж 3-тен 6 жастағы балалардың мектепке дейінгі мекемелердің деңгейімен қамтуы 51,3% құрады 2011 жылдың деңгейімен 43,4 % қарсы. Топтағы орташа толымдылығы 25 баланы құрайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі жоғары білімі бар мұғалімдердің жалпы мұғалімдер санынан 2,5 % жұмыс істейді және мектепке дейінгі орта кәсібі білімі бар 18,5 % мұғалімдер жұмыс істейді. Жоғары және бірінші санаты мұғалімдер барлығы 5 %.



Орта білім
2011 жылдан 2013 жыл аралығында ауданда Ташкенсаз ауылында 300 оқушы орынға арналған Абдуллин ат. орта мектебі жаңадан қайта салынды, 2013 жылы Есік қаласында 142,4 млн теңгеге Есік қаласының Тоқатаев орта мектебі күрделі жөңдеу өтті. Түрген ауылында Ломоносов ат. орта мектепте 155,7 млн теңге, және 2011 жылы Қырбалтабай ауылында Алтынсарин ат. орта мектепте 40,0 млн теңгеге.

2011 жылы ауданда 81 мепктеп жұмыс істеген, олардың оқушылар саны 37 431. Ауданда 2013 жылға қарағанда 81 мектеп бар, олардың оқушылар саны 39099. Мектептердегі оқушылар саны 2011 жылдың 2013 жылмен салыстырғанда 4,3 % өсті.

Білім мекемелерінің материалдық-техникалық базаның жағдайы қазргі заманғы талаптарға сай емес: : мектептердің жалпы санынан 24 немесе 30% бейімделген, 6 мектеп күрделі жөңдеуді талап етеді. Ауданда 3 смена бойынша оқытылатын 3 мектеп бар. Оқушылар орнының тапшылығы 4162. Есік қаласы, Шелек ауылы, Байтерек ауылында мектеп салынуды талап етеді, апаттық жағдайдағы мектептер жоқ.

2011 жылдан бастап 48 мектептерде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар үшін ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. 2011 жылы олардың ішінен 48 немесе 75% асхана болған, 24 мектепте буфет ұйымдастырылған. 2013 жылға қарағанда 58 мектептерде немесе 71,6% асхана бар, 15 мектептерде буфеттер ұйымдастырылды. 2013 жылы тегін ыстық тамақпен жалпы балалар санынан тұрмысы төмен отбасылардан 3010 балалар немесе 7,9% қамтамасыз етілген, ал 2011 жылы балалардың жалпы санының тұрмысы төмен отбасылардан 3060 бала немесе 8,2 % тегін ыстық тамақпен камтамасыз етілген.

3146 оқушыларға тасымалдау ұйымдастырылған.

Оқулықтарға бөлінген қаржы жыл сайын артып отырады. Аудан мектептерде оқулықтармен қамтамасыздығы 97 %. 2011 жылға қарағанда 2013 жылы оқулықпен қамтамасыздығы 9,0% артты.



Техникалық және кәсіптік білім беру
Ауданда 6 колледж бен 2 кәсіптік мектеп жұмыс істейді: оның ішінде мемлекеттік колледж бен Кәсіптік Техникалық Мектеп – 2, оларда 2776 студент оқиды, 5 жеке меншік колледжінде – 2008 адам және 1 КТМ – 421 студенттер.

Техникалық және қызмет көрсететін еңбек бойынша мамандарды даярлау 20 кәсібі мен 10 білікті мамандық бойынша даярланады.

Жылсайын 60 астам білікті маман жұмысшылары және 360 орта буын мамандары политехникалық, педагогикалық, заң, экономика, медицина бағыттары бойынша және әлеуметтік пен қызмет саласы бойынша даярланады.

2011-2013 жылдар аралығында 200 білікті жұмысшылар және 650 орта буынды мамандар шығарылған.

2013 жылы (14-25 жас) жастардың қамту үлесі техникалық пен кәсіпқой білімімен 8,7 % құрады, 2011 жылдың деңгейімен 0,7% жоғары.

2013 жылы еңбекпен қамтылған бітірушілер мамандықтарының үлесі бойынша оқу орындарының бірінші жылы бітіргендерінің жалпы санынан 48 % құрады, бұл 2011 ж. (34,0%) 12% жоғары.

Соңғы 3 жыл ішінде оқу-өндірістік шеберхананың және проф-лицейлердің лабораториясы және колледждердің материалдық-техникалық базаның жаңарлануы оң шешімін тапты. Бүгінгі күні оқу орындары 40% Т және КБ қазіргі заманға сай құрылғылармен жабдықталған.

Колледж бен кәсіптк лицейлердің өндірістік оқытуының мұғалімдері мен шеберлерінің саны 280 адамды құрады, өндіріс оқытуының шеберлері – 30 адам.

Шелек ауылында 1 кәсіптік лицейдің құрылысы қажет, бар болған оқу орындарының барлығында өзінің жатақханалары бар деп айтуға болмайды, материалдық-техникалық базаның нығаюы және Т пен КБ ғимараттарының күрделі жөңдеуді талап етеді.

2013 жылы Қаракемер ауылында 600 орынға арналған кәсіптік техн. училище және 400 орынға арналған жатақхананың құрылысы басталды.



Электрондық оқыту
Бүгінгі күні ауданның барлық мектептері Ғаламтор желісіне қосылған, 2015 жылы 15 мектептерде 15 интерактивті тақта орнатылған, қамтылғаны: 4-лингафон кабинеті, 6 – биология кабинеті, 4 – химия кабинеті. 2013 жылы 15 мектепте 15 интерактивті тақтасы орнатылған, 8 – химия кабинеті. 2013 жылы қамтамасыз ету үлесі 2011 жылмен салыстырғанда 47% өсті.

Компьютермен жабдықталу жақсарған 16 оқушыға шаққанда 1 компьютер келеді 2013 жылы 15 қарсы 2011 жылы. Пайыздық есебімен 1 компьютерге оқушылар саны азайып 15,8% құрады.


Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі
Ауданда жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған 334 бала бар немесе туғаннан 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан - 0,53%. Осы сан бойынша 263 бала қорғау мен қамқорлығына алынған, 29 бала патронаттық тәрбиеде, 42 бала 2 мемлекеттік мекемелерінің денсаулық сақтау жүйесінде тәрбиеленеді.

Бүгінгі күні балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқоршы отбасылар мен асырап алушы отбасыларына беру есебінен, интернат жағдайындағы балаларды баларға арналған жұмысты ауыстырушы институттарды дамыту мәселелері өзекті болып отыр.


Педагогикалық кадрлар
2013 жылы ауданда 4377 мұғалім жұмыс істейді, бұл 2011 жылы (4268 мұғалімдер) бұл көрсеткіш 109 мұғалімге өсті. Жоғары білімі бар мұғалімдер 2013 жылы 3675 мұғалімді құрады, бұл 2011 жылы (3526 мұғалім болды) 3,4% өсті. 2013 жылы орта педагогикалық кәсібі бар 643 мұғалім болды, 2011 жылмен (718 мұғалім болды) 1,7% төмендеді. 2013 жылы біріре алмаған жоғары білімі барлар 59 мұғалімдер болды. Жоғары санаты барлар 587 мұғалім, 2011 жылмен салыстырғанда (569 мұғалім болған) 0,4 % өсті, бірінші санаты барлар – 1640 мұғалім (2011 ж. 1554 мұғалім), екінші санаты барлар 1 109 мұғалім (2011жылы – 1195), 2013 жылы – 1041 мұғалімде санаты жоқ (2011 жылы 950). 2011 жылға қарай 2013 жылдың жоғары біліктілігі мамандар 0,1 % өсті.

2011 жылдың 2013 жылға дейін келгені 81 жас маман. Педагогикалық кадрларының тапшылығы байқалмайды.


Табиғи-математикалық пәндер
2013 жылы табиғи-математикалық пәндері бойынша оқушылар үлесінің, білім беруге бағытталған бағдарламалардың сәтті (өте жақсы/жақсы) меңгергені 35,2 % 2011 жылға 34,9 % құрап 0,3 % өсті.
Инклюзивті білім
2013 жылы инклюзивті білімге жағдай жасалған білім ұйымдардың үлесі жалпы санының ( 3 мектепте 2 логопед және 3 дефектолог жұмыс істейді), бұл жалпы білім ұйымдарының 3,7 % құрайды.



Білім беру саласындағы мәселелер:


  • мектепке дейінгі білімімен 3-тен 6 жасқа дейін балалардың 48 % қамтамасыз етілмейді


Оң жақтары
Бала-бақшалардың құрылуы және мектепке дейінгі шағын-орталықтардың жұмыс істеуі;

Балалардың мектепке дейінгіқызметінің қамтудың көрсеткішінің өсуі.

Мектептердің материалды-техникалық қамтамасыздығы деңгейінің тұрақты тенденцияның артуы негізінде компьютермен жабдықтауы, кабинеттерді жаңа модификация мен кеңжол ғаламтормен жабдықтауы.

1 компьютерге шаққанда 19-дан 16-ға дейін оқушылар санының қысқаруы.

Күрделі жөңдеуден өткен оқу мекемелерінің санының өсуі.

Әлсіз жақтары
Мектепке дейінгі біліммен 3-тен 6 жасқа дейін балалардың 48,7% қамтамасыз етілмей күйінде қалып отыр.

Мектепке дейінгі мекемелердің жоғарғы және бірінші санаты бойынша білікті кадрлардың тапшылығы.

Мектеп кабинеттерінің жаңа модификациямен төмен қамтуы.

Тіреу мектептердің жоқтығы.

Білім беру қызметінің сапасының нашарлығы.

Баланың құқығын қорғайтын білікті мамандардың жетпеушілігі.

Мұғалім мамандығының мәртебесінің төмендігі.

Қауіптер
Мектепке дейінгі білім саласының қаржыландырудың жеткіліксіздігі балалардың мектепке дейінгі жастағы қамтуының төмен деңгейін көрсетеді және мектепке дейінгі мекемелердің материалды-техникалық базаның нашарлығы, бұл орта мектептегі балалардың даярлауы бойынша мүмкіндіктерді шектейді.

Халықтың еңбекақы шартының жақсы жағдайына ұмтылу және тұруға, педагогикалық кадрлардың жүйелік түрде кетуіне әкеледі, жоғары біліктілігі бар және балалармен араласуында тәжірибесі бар, білім жүйесінен кету, орта білім қызметінің сапасын төмендейді.



Мәдениет
Ауданда 40 елді мекендерде 40 мәдениет нысаны қызмет етеді, оның ішінде: 16 - кітапхана, 21 - мәдениет үйі мен клубтар, 3 - мұражай, 2 – мемлекеттік тілді оқытатын орталығы, 100 тарих және мәдениет ескерткіштері және 1813 қорғандар.

2011-2013 жылдар ішінде кітапханалар саны 14-тен 16-ға дейін өсті. Ават және Малыбай ауылдарында жаңа ауылдық кітапханалар ашылды, Жанашаруа, Маловодное, Қаракемер ауылдарда мәдениет үйі мен клубтар 18-ден 21 дейін.

2013 жылы аудан кітапханалары 35 компьютермен жабдықталған соның ішінде ауыл кітапханалары – 20 компьютермен (2011 жылы аудан кітапханалары 21 компьютерменен оның ішіндегі 13 – компьютер ауылдық кітапханаларында).

7 кітапхана Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйеге қосылған /РАКАЖ/, 2 кітапхана – ғаламтор желіге.

Мемлекеттік тапсырысы бойынша кітап қорының толықтыру мақсатында «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы кітапханалар 248023 кітаппен, ал 2013 жылы 262180 кітаппен толықтырылып немесе кітаптың толықтырылу үлесі 5,4% құрады.

2011 жылы оқырмандар саны 15 008 құрады, ал 2013 жылы – 15014 оқырман немесе оқырмандардың үлесі 6,7 % өсті. 2011 жылы жаңа түскен кітап – 6488 кітап құрады, ал 2013 жылы – 4921 кітап немесе жаңа түскен кітап үлесі 29,1%.

3 мұражайларда өткізілгені: 498 экскурсия, 31 лекциялар, келушілер саны 12082 адамды құрады. Мұражайларда экспонаттар саны 4545 дананы құрады, жаңа түскен экспонаттар – 77, 36 көрме өткізілді, кітапханаларда 85 кітап көрмесі өтті, 2 – оқу, 20 – шығармашылық кеш, 2 – дөңгелек үстел, 2 – конференция, 24- библтографиялық көрініс, 13 – ойындар, 20 – оқырмандарға қызмет көрсету және басқалары.

2013 жылы кітапханаға келушілердің орташа саны 587,8 құрады, бұл 2011 жылмен (571,0) 2,9% жоғары.

2013 жылы мұражайға келушілердің орташа саны 47,9 құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 30,6% төмен.
Мәдениет саласындағы келелі мәселелер:
1. Материалдық-техникалық жабдықтаудың нашарлығы (музыкалық аспаптардың жетпеуі, қазіргі заманғы құрылғысы, сахналық костюмдері) мәдениет мекемесінің қызметінің сапасын төмендеуі және адамдардың өсіп келе жатқан мәдени қажеттіліктеріне сай келмегені.

2. Аудандық және ауылдық кітапханалар кітап қорының орталықтандырылған толықтырылу үшін қаржыландырудың жеткіліксіздігі. Ауылдық кітапханаларының ғаламтор желісіне қосылуы жоқ (2 кітапханадан басқа), аудандық кітапхананың ресурстарына мүмкіндіктің шектелуі.


Бұқаралық ақпарат құралдары
Ауданда 5 БАҚ жұмыс істейді, соның ішінде 2 облыстық.

Мелекеттік тапсырысы бойынша ақпараттық саясатты жүзеге асыру 1 «Еңбекшіқазақ» аудандық газеті 2013 жылы БАҚ арқылы ақпараттық саясат жүргізуге «Еңбекшіқазақ» газетіне 5,0 млн теңге бөлінді.

Жеке меншік газеттер: «Алатау нұры», «Есік», «Иссыкский вестник» 2 – тілде шығады.
Тілдерді дамыту
Ауданда мемлекеттік тілдік саясатын жүзеге асырылуы үшін қажетті жағдай жасалынды. Мемлекеттік тілде іс қағазын жүргізуге методикалық, анықтама құралдары, сөздік пен басқа да көрнекілік жабдықталуы жақсаруда. Мемлекеттік тілді оқытатын орталықтары үшін қазақ тілінің электронды оқулығы шығарылды.

Жергілікті өзін-өзі басқаруда кадрлік әлеует қалыптастырылды, материалдық-техникалық база құрылды. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді үйрену үшін барлық жағдай қарастырылған. Ауданда мемлекеттік тілді оқытуға қазіргі заманғы талабына жауап беретін 2 орталық жұмыс істейді.

Іс-қағазын жүргізуде мемлекеттік тілмен бірдей ресми орыс тілі қолданылады. Сондай-ақ ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік жасалынған.

96 сағаттық бағдарлама бойынша 6 ай мерзімінде 80 адамды сапалық оқытуға мүмкіндігі бар, ал жылына 160 тыңдаушы.

2013 жылы мемлекеттік тілді білетіндер халық үлесі бойынша 84 % құрады, бұл 2011 жылмен 4 % жоғары.

Аудандық бюджеттен қаржыландыратын, ауданда веб-сайттар ашылды.

Қазіргі уақытта алдағы ақпараттық қызметінің дамуы және толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ішкі және сыртқы факторлардың негізгі бағасы:
Бірінші. Қазіргі кезеңде мемлекеттік тілді меңгеру үрдісінің үздіксіз оқыту бойынша бірыңғай стандартталған моделі жоқ. Бұл тілдің иеленуін деңгейіне, сонымен қатар өмірлік іс-әрекеттің негізгі саласының біріктіру үрдісінде үйлеспеушілік жағдайын туғызады. Осыдан басқа мемлекеттк тілінің дәрежесін иеленуінің және қолданыстағы механизмінің ынталандырудың жоқтығы оны кеңінен енгізу үрдісін елеулі түрде қиындатады.

Екінші. Бағдарламаның қызметінің істеуі және тілдерді дамыту бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік тлде іс-қағазын жүргізуге жоспарлы түрде біріктіруге қамтамасыз етті. Сонда-да бизнес, ғылым, халыққа қызмет көрсету жүйесінде, іскерлік қарым-қатынас саласында оның төменгі дәрежедегі қолдануы сақталып жалғасып жатыр.
Үшінші. Ағылшын тілінің оқытудың қаржыландырудың жеткіліксіздігі, тілдерді оқытатын орталықтарында ағылшын тілін оқытатын курстарды ашуды қиындатады.
Төртнші. Қазіргі заманғы оқу құралдармен оқудың жеткіліксіз қамтамасыз етуі.

Компьютермен, интерактивті тақтамен жеткіліксіз жабдықтауы, оқытуда үлкен қиындық туғызады



Спорт
Спорт пен дене шынықтыру мәдениетін дамыту мақсатында ауданда 373 спорт нысаны, соның ішінде 1 стадион, 54 ататын тирлер, 1 спорт ядросы, 76 спорт алаңдары, 162 алаңдары, 1 теннис корты, 75 спорт зал, 3 салынған спорт залдар.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған қаражат көлемі 2013 жылы 4,4 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 0,6 млн. теңгеге артық. 2013 жылы 91,51 млн теңгеге Шелек ауылында ДЮСШ ғимараты толығымен қайта салынды.

Ауданда 1 жас-балалардың спорттық мектебі жұмыс істейді. 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ЖБСМ жаттығушылар саны 95 адамға өсіп 1080 оқушыны құрады, өсу саны 2,2% құрады. Дайындалған спортсмендер: спорт шеберінің үміткерлері – 28 адам ( 2010жылы – 6 адам) 2011 жылмен салыстырғанда 21,4% артық, 1 разряд – 17 адам (2011 жылы – 9 адам) 2011 жылмен салыстырғанда 52,9 % артық, 2-3 разряд – 282 адам (2011 жылы – 198 акдам) 2011 жылмен салыстырғанда 70,2% артық.

2013 жылы дене шынықтыру мен жаппай спортпен шұғылдануға арналған қол жетімді нысандардың саны 373 бірлікті құрады, ал 2015 жылы 378 бірлікке дейін арттыруға жоспарланған.

2013 жылы халықтың барлық жастағы дене шынықтыру мен спортпен жүйелік түрде шұғылдануын қамтуы 19,58% құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда (19,9%) 0,3% кем.

2013 жылы ішкі туризмнің келушілері 75 000 адам, бұл 2011 жылмен салыстырғанда (70 000 адам) 5000 адамға немесе 107% артық.

Ауданда халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қажеттілік пен дене шынықтыру мен спортпен шұғылдауын ынталандыру бойынша әр-түрлі спартакиада, біріншілік және аудан көлемдегі турнирлер өткізіледі. Спорттық шаралардың өткізілген саны 2013 жылы – 103, 2011 жылмен салыстырғанда 24,5% артты.

Мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында жұмыстар өткізіледі. 2013 жылы мүмкіндіктері шектеулі спортшылар облыстық 4 Спартакиадада мүгедек-спортшылар арасында қатысып жалпыкомандалық 3 орынға иеленді. 2013 жылы облыстық спорттық шараларда мүгедектер арасында 37 спортшы қатысқан 2011 жылмен салыстырғанда 15 спортшыға артық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет