Бағдарламасы «Әскери өнер тарихы»


§2. Әскер қатарына шақырылатын және шақырылған адамды дайындау



бет8/10
Дата28.06.2016
өлшемі2.66 Mb.
#163378
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
§2. Әскер қатарына шақырылатын және шақырылған адамды дайындау.

Еліміздің қорғаныс саласы жылдан жылға күшейіп, әскер қатарының санына емес, сапасына мән беріліп келеді. Бұл уақыт талабының сұранысын орындау әрі қазақ әскерінің жан-жақты мобильді болуына мүдделілік таныту деген сөз. Ал бұдан мемлекеттің стратегиялық бекінісі нығая түседі. Қарулы Күштері айтарлықтай дамыған мемлекетке айналу үшін, әскер қатарына шақырудың алғышарттары тиімді болуы тиіс. Ол үшін әскер қатарына жастардың өздері тартылып тұратындай биік патриотизм қажет. Біле білсек, патриотизмнің өзіне адамдарды бірінші тәрбиелеу керек. Ол мектепте өтетін әскери іс-шаралар барысында қалыптасады. Мәселен, ҰОС, Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу, патриоттық әдеби кітаптар, фильмдер жас ұрпақты Отанын сүюге алып келеді. Бұл тәрбие 17 жасқа дейін жалғасады.

Қарулы Күштер қатарына шақыру Елбасының жарлығы бойынша жүзеге асырылады. Жылына екі рет сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 18-ден 27 жасқа дейінгі ер азаматтар шақырылады. Біздің ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті әр облыстағы қорғаныс департаменттеріне өтініш тапсырыс береді. Олар осы жоспармен жұмыс жасайды. Ал аймақтағы жастарды әскерге шақыруды жергілікті аудандағы әкімдіктер атқарады. Жалпы, біз әскерге жүз пайыз шақырамыз. Бірақ олардың көбісі медкомиссиядан өтпей қалып жатады. Бүгінде әскерге шақырған кезде мамандыққа көп көңіл бөлеміз.

2007 жылдан бері, әскери шақыру жұмыстарының жарқын көрініс берген тұсы- осы мамандардың шақырылуы десек қателеспейміз. Айталық, бұрындары сарбаздар, жауынгерлер әскери міндетін 2 жыл өтейтін.Сол екі жылдың жарты жылы үйренуге кетсе, қалған бір жарым жылына қызмет атқаратын. 2003-2004 жылдан бастап келісім-шарт бойынша әскерге алу ісі қолға алынды. Осыған байланысты мерзімді әскерге шақырылатын әскери қызметшілердің саны көбейіп кетті де, ол бізге тиімсіз болды. Өйткені, келген жастардың бәрі қызмет атқарады да кетіп қалады. Яғни жылда оның оорны ауысып отырады. Сондықтан 2005 жылы шілдеде заң бойынша әскери қызметтің мерзімі 1 жыл болып бекітілді. Сол бір жыл әскери қызметті маңызды, мәнді атқару үшін мамандықтары бойынша әскерге жіберу жұмыстары қолға алынды.

Қазір Қарулы Күштердің бәрінде трансформациялау жүргізіліп жатыр. Трансформация негізінде қазіргі заманғы соңғы техникаларды пайдалана алатын әскер керек. Яғни сан емес сапа жағына мән берудеміз. Биылдан бастап әскерге жаңа үрдіс енді. Ол Қазақстанның бітімгершілік батальонына-негізінен шет тілін білетін жастарды шақыру. Облыстарда шет тілін білетін жастардың тізімдері бар. Жалпы, ҚазБАТ-ты шет тілін білетін жастармен толықтырып отыруға шамамыз келеді. Өйткені, Қазақстан территориясында ғана емес, дүниежүзілік бітімгершілік күштерімен бірге ортақ келісім бойынша жұмыстар жүргізіледі. Оған әрине шет тілін білмейтіндерді алуға болмайды.

Біз әрбір азаматты 17 жастан кейін оқуға түскен, түспегенін, отбасы жағдайын бақылап отырамыз. Мәселен, жоғары оқу орнында инженерлікті бітірсе, оны техникалық әскерлерге шақырамыз. Ол онда жүргізуші немесе танкист болуы мүмкін. Одан басқа математика мен компьютер мамандығын бітіргендерді ракета және артиллерия әскеріне шақырамыз. Өйткені, олар электронды есептеу құрылғыларымен жақсы жұмыс істей алады.

Басқа әскер түріне троктаристерді, жүргізушілерді, байланыс мамандарын көбірек тартамыз. Аспазшылар да әскерге керек. Оған қоса, әскери техникалық мектептерге «әскери бөлімдерге осындай мамандықтар жетіспейді» деп тапсырыс береміз. Олар тапсырысқа сай механик-жүргізушілер, жүргізушілер дайындайды.

Елбасымыз өзі спортқа көп көңіл бөледі. Спорт халқымыздың денсаулығының жақсы болуына үлесін қосады. Генетикалық жағынан ата-бабаларымыз осал кісілер болмаған. Жыл он екі ай аттың жалында, түйенің қомында жүріп елін, жерін қорғаған. Сондай бабаларымыздың мықтылығы осы денсаулыққа байланысты. Сол себепті, спорт жағынан да арнаулы әскерлерді аэроұтқырлар бөліміне жібереді. Өйткені олардың орындайтын әскери тапсырмасы, қимыл-қозғалыстарын қиын болып келетіндіктен, дене бітімі жақсы жетілген жастар іріктелініп алынады. Сондай-ақ, спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне кандидаттарды әскерлердің орталық спорт клубына (ЦСКА) жібереді.

Бұдан басқа, Төтенше жағдай министрлігінің бөлімдері, ішкі әскер, гвардияның өтініш қағаздары бойынша, біздің департамент әскерге керекті жастардың санын бөліп беріп отырады. Олар Отанымыздың шекарасын қорғау жұмыстарына қатысады. Мұнымен бірге мысалы заңгерлер көп. Ондай заңгерлердің көбісі әрине ішкі істер әскерлеріне кетеді. Өйткені Қарулы Күштерге қарағанда олардың өзгешілігі, көшедегі тәртіпті қадағалайды. Оған заң жағынан білімі жоқ жастарды жіберу қиын.

Өмір болған соң неше түрлі адамдар кездеседі. Заңгерлер тәртіп бұзу, басқа да құқық бұзу жағдайына қандай іс-шаралар қолдану керектігін көшеде жүріп, қызмет бабында орындай алады. Міне осылайша еліміздің көптеген қалаларында тәртіп орнауына көптеген заңгерлер еңбектерін сіңіріп жатыр. Ал республикалық гвардияға бойы 175 см астам, бетінде, денесіне көңіл аударатындай қалы мен тыртықтары жоқ жастарды алады. Өйткені, олардың бет-бейнесі басқа мемлекеттердің алдында еліміздің айнасы іспеттес.

Қазір жаппай жастарды әскерге шақыру біздің міндетіміз болып табылмайды. Өйткені, әскеріміздің құрамы аса үлкен емес. Республикамыздың ресурстары басқа мемлекеттермен салыстырған кезде, жақсы мамандармен, денсаулығы жақсы жастармен қамтамасыз етуге толық шамасы келеді. Мысалы, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, бірінші маман, екінші денсаулық, үшінші білім отбасы жағдайының көрсеткіштері кімде жақсы болса, солар әскерге алынады.

Медициналық әскерге шақыру комиссияларының қалалардағы, аудандардағы іріктеу, сұрыптау жұмыстары жақсы жолға қойылған. Соңғы жылдары еліміздің экономикалық жағдайы көтерілді. Яғни 90-шы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Десек те, жастардың дене бітімінің әлжуаздығы жиі кездесіп жатады. Ол жастардың дене шынықтыруға ден қоймағандығын көрсетеді. Іріктеу кезінде көбіне қала балаларының денсаулығы нашар болып келетінін байқаймыз. Оның үстіне, қала балалары оқуға түседі. Сондықтан, әскерге көбіне ауылдық жерлердің балалары келеді. Одан басқа, майтабан жастар бар. Ол қытайдың арзан аяқ киімдерінің салдарынан болады. Жалпы, тері аурулары, күрделі аурулары бар жастарды әскерге шақырмаймыз. Олардың дені запасқа жіберіліп отырады.

Әскер қатарына шақырылуға жарамды жастардың көбейгені, мамандығы мен денсаулығына байланысты оларды таңдау үдерісі- Қазақстан Қарулы Күштерін айбынды ете түспек.
V тарау.Келісім шарт бойынша әскери қызмет.

§1.Жалпы ережелері.
1. Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшартты Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың уәкілеттi лауазымды адамымен жасасады.

2. Келiсiмшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тараптың арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:

1) мерзiмнің өтуi бойынша;

2) әскери қызметшiнiң мерзiмiнен бұрын босатылуына байланысты;

3) әскери қызметшiнiң әскери қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшартты жасасқан күнінен бастап;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.

3. Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшартта азаматтың әскери қызметке кiруiнiң ерiктілiгi, азаматтың әскери қызметті өткеруге мiндеттенген мерзiмi мен келiсiмшарттың басқа да талаптары бекiтіледi.

4. Әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың талаптары азаматтың келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру мiндеттiлiгiн қамтиды. Келiсiмшарттың талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзiнің отбасы мүшелерi құқықтарының сақталу құқығы көрсетіледi.

5. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындаған әскери қызметшілер тиiстi лауазымдағы әскери қызметтi әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасаспастан өткередi.

Аталған әскери қызметшiлер қызметiнен босатылғаннан кейiн Әскери қызмет өткеру ережелерiмен айқындалған тәртiппен әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісiмшарт жасасады немесе әскери қызметтен босатылады.

6. Жоғары білімі бар және алты ай қызмет өткерген мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерi Әскери қызмет өткеру ережелерiнде айқындалған тәртіппен келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiруге құқылы.

 30-бап. Келiсімшарт бойынша әскери қызметке кiретiн

адамдарға қойылатын талаптар

1. Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға сай келуге:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болуға;

2) курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кiшi және әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың осы Заңмен белгіленген шектi жасынан үлкен болмауға тиiс.

2. Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке:

1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулi деп таныған;

2) дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін атқаруға кедергі келтiретін науқасы бар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулердi өзiне қабылдаудан бас тартқан;

4) әскери қызметке кiрер уақытта заңда белгіленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы бар не өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған;

5) әскери қызметке кiрер алдындағы екi жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптiк жауаптылыққа тартылған;

6) әскери қызметке кiрер алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшілік жаза қолданылған;

7) әскери қызметке кiруге дейiнгi үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

8) егер босатылғанына бiр жыл толмаса, мемлекеттік қызметтен терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.

3. Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.

4. Адамның белгiленген талаптарға сәйкестігін айқындау үшiн Әскери-дәрiгерлiк сараптама ережелерiне сәйкес медициналық куәландыру жүргiзiледi. Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке болмашы шектеулермен әскери қызметке жарамды деп танылған адам қабылдануы мүмкін.

5. Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамнан бас тарту үшін:

1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтердi бұрмалау;

2) кандидаттың әскери-есептiк мамандығы бойынша бос қызмет орындарының жоқтығы да негiздер болып табылады.

 31-бап.  Азаматтардың әскери оқу орындарына түсуi.

Әскери оқу орындарында оқитын азаматтармен

әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарттар

жасасу


1. Әскери оқу орындарына:

1) әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жетi жасқа толған, бiрақ жиырма бiр жастан аспаған азаматтардың;

2) қабылданар жылы жиырма төрт жасқа толмаған әскери қызмет өткерген азаматтардың және мерзiмдi әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшілердің;

3) келісiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердiң түсуге құқығы бар.

Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушілері әскери оқу орындарына түсуде артықшылығы бар құқыққа ие болады.

2. Курсанттың (тыңдаушының) әскери оқу орнына қабылданған күнi оның қызметтiк міндеттерін атқара бастаған күнi болып есептеледi.

3. Әскери оқу орындарына қабылданған азаматтар әскери лауазымдарға Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес тағайындалады.

4. Әскери қызметті өткермеген азаматтар әскери оқу орындарына қабылданған кезде әскери қызметшi мәртебесiне ие болады және олар он сегіз жасқа толғаннан кейiн, бiрақ әскери оқу орнында кемiнде бiрiншi курсты аяқтаған соң әскери қызмет өткеру туралы келiсімшарт жасасады.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер әскери оқу орындарына қабылданған кезде әскери қызмет өткеру туралы жаңа келiсімшарт жасасады.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген немесе өткерген азаматтар әскери оқу орындарына қабылданған кезде қабылданғаны туралы бұйрық шығарылған күннен бастап әскери қызметте өткеру туралы келiсімшарт жасасады.

Осы Заңмен белгiленген тәртiпте әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарт жасасудан бас тартқан әскери қызметшілер әскери оқу орындарынан шығарылуға жатады.

5. Әскери оқу орындарына қабылданбаған әскери қызметшілер Әскери қызмет өткеру ережелерiмен белгіленген тәртiпте әскери қызметті одан әрi өткеру үшін жiберіледi.

6. Әскери оқу орындарынан шығарылған, сондай-ақ әскери қызметтi өткеру туралы келісiмшарт жасасудан бас тартқан әскери қызметшілер, егер олар шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзiм өткермесе, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке қою үшiн жiберіледi және кейiн жалпы негіздерде әскери қызметке шақырылады. Бұл ретте үлгермеуi немесе тәртiпсiздiгi үшiн әскери оқу орнынан шығарылған әскери қызметшілер өздерінің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi.

7. Әскери қызметшi әскери оқу орнын бiтіргеннен кейiн әскери қызмет өткеруден бас тартса немесе келiсiмшартты өз бастамасы бойынша бұзса, өзінің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi. Ұстауға жататын сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға барабар есептеледі.

8. Жоғары әскери оқу орындарын бiтiргеннен кейiн әскери қызметшiлерге лейтенант әскери атағы беріледi.

 32-бап. Келiсiмшарт мерзімі және оны жасасу тәртiбi

1. Әскери қызметті өткеру туралы келісім шарт әскери қызметте болудың шекті жасына жеткенге дейін үш жылға, бес жылға, он жылға немесе әскери оқу орнындағы оқу мерзіміне және оны бiтiргеннен кейiн әскери қызметке он жылға жасалуы мүмкін.

2. Кандидаттарды iрiктеу және олардың келiсімшарт бойынша әскери қызметке кiру тәртiбi Әскери қызмет өткеру ережелерiне сәйкес айқындалады.


§2. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірісу, келісім жасау және бұзу.

Еліміздің қорғаныс саласы жылдан-жылға күшейіп, әскер қатарының санына емес, сапасына аса мән беріліп келеді. Қорғаныс қабілетін арттыруға әскери құрама­ларға келісім-шартпен қызмет ететін азаматтар мен азаматшаларды тарту маңызды екені айқын.

Үміткерлерді сапалы жинақтау үшін жауапты лауазымдық тұлға­лар­дың міндетін арттыру 2009 жылдың 22 маусымындағы №221 Қорғаныс министрінің “Сарбаздар мен сер­жант­тар құрамы келісім-шарт бой­ын­ша әскери қызметшілерінің әске­ри қызметке кіру және өткеру бөлі­гінде Қарулы Күштерде, басқа да әскер тектері мен әскери құралым­дарында әскери қызмет өткеру ере­желерін қолдану туралы нұсқау­лық­ты бекіту туралы” бұйрығында көр­сетілген. Қорғаныс министрі өзінің бұйрығында жергілікті әскери ұйым­дардың жауапты тұлғаларына және әскери бөлім командирлеріне осы жұ­мысты өткізу ережелерін көр­сеткен.

Қазіргі таңда Қарулы Күштерде кәсіпқой әскерлерді құру үшін үлкен жұмыстар жүргізілуде. Келісім-шарт бойынша Қарулы Күштердің қата­рына 19 жастан асқан жас азаматтар қабылданады. Атырау облысы қорға­ныс істері жөніндегі департаменті келісім-шарт бойынша әскери қыз­мет­ке әскери қызметшілерді жинақ­тауда. Келісім-шарт бойынша әске­ри қызметке өткен жастарымызға әскери қызметші аталған соң көп жеңілдіктер бар: еңбекақысының жылма-жыл өсуі, 45 тәулік кезекті еңбек демалысы, білім деңгейін көтеремін дегендерге 50 пайыздық жеңілдік және 45 жастан бастап зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі.

Әскери қызметке азаматтарды қабылдамас бұрын жергілікті және облыстық департаменттен дәрігерлік сараптамадан, психолог маманның алдынан өткізіледі. Сол мамандар­дың сынағынан сүрінбей өтсе ғана әскери қызметке қабылданады.

Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеуге ниет білдіретіндер саны өте көп. Қарулы Күштерге өз ісінің майталманы бола алатын, моральдық, психологиялық ұстамды және дене даярлығы мықты, әрі кәсіптік деңгейі жоғары азаматтар конкурстық іріктеуден кейін қабылданады.

2009-2010 жыл аралығында Қа­рулы Күштерге 81 адам бағытталды, оның ішінен 72-сі әскери қызметін өтеп жатыр.  Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі қалалық басқармасы мен аудандық бөлім­дерін­де әскери қызметке орналасу ба­ғыттары жөніндегі ақпараттар тақ­тасы орнатылған.

Келісімшарт қызметіне шақырылушына ұсынылатын талаптар

Келісімшарт бойынша әскери қызметке түскен тұлғалар мына талаптарға жауап береді:

ҚР азаматтығы болуы керек;

курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кiшi және әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың белгиленген шектi жасынан үлкен болмауға тиiс.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке мына тұлғалар қабылданбайды:

сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулi деп таныған;

дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін атқаруға кедергі келтiретін науқасы бар;

ҚР заңдылығымен бекітілген шектеулерді қабылдағысы келмейтін тұлғалар;

әскери қызметке келген уақытында сотталған және жазасы өтеліп бітпеген болса, заң негізінде кінә алынбаса, немесе қылмысты іс қозғалған болса;

әскери қызметке кiрер алдындағы екi жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптiк жауаптылыққа тартылған;

әскери қызметке кiрер алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшілік жаза қолданылған;

әскери қызметке кiруге дейiнгi үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

мемлекеттік қызметтен теріс мінезі үшін қуылып, қуылғанынан бір жыл уақыт өтпесе.

Әскери қызметке келісімшарт бойынша келген тұлғаға арнайы тексеру жүреді. Тұлғаның сәйкестігін анықтау үшін бекітілген талаптар бойынша медициналық куәландыру жасалады. Келісімшарт бойынша әскер қатарына әскери қызметке жарайтын тұлғалар алынады.

Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамнан бас тарту үшін:

осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтердi бұрмалау;

кандидаттың әскери-есептiк мамандығы бойынша бос қызмет орындарының жоқтығы да негiздер болып табылады.



Қосымшалар



Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы қолбасшысы НазарбаевНұрсұлтан Әбішұлы.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды. Президент Н.Назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаңкөзденбей, барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі –елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс минстрлері.


1.Нұрмағанбетов Сағдат Қожахметұлы. Қазақстан Республикасының 1-ші қорғаныс министрі, 1992 жылдың мамыр айынан бастап, 1995 жылдың қараша айына дейн Қорғаныс министрі болды.

1924 жылы 25 мамыр айында қазіргі Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы Қасым ауылында дүниеге келген. 1942 жылы қызыл армия қатарына шақырылды, 1943 жылыҰлы Отан соғысына аттанды, 1945 жылға дейін пулеметшілер взводында, 1052-ші атқыштар баталионында командир болды. 1946-1949 жылдары М.И. Фрунзе әскери акедемиясында оқыды.

Марапаттары: Совет Одағының батыры, Ленин ордені, Октябрь революциясы ордені, 1,2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, 2-і рет қызыл жұлдыз орденімен, Ұлы Отан Соғысының 20,30 және 40 жылдық жеңісіне орай марапатталды. Қазақстан республикасының халық қаһарманы орденімен, Отан орденімен, Астана медальімен, Достық медальімен марапатталды. 1994 жылы мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығы бойынша №1 халық хаһарманы алтын белгісімен марапатталды. Қазіргі уақытта Қазақстан республикасы Президентінің кеңесшісі болып жұмыс атқаруда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет