Бағдарламасы Ескерту. Бағдарлама жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2012. 10. 04 №1258 Қаулысымен



бет4/9
Дата01.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#170603
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3. Міндеттері


      Ескерту. 3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1492 қаулысымен.

      Бағдарламаның алдағы онжылдық кезеңге арналған мақсаттарын негізге ала отырып, оны іске асыру мынадай негізгі міндеттер бойынша жүзеге асырылатын болады:


      1) өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын шектейтін жүйелі проблемалары мен факторларын анықтау және оларды жою үшін жергілікті атқарушы органдар іс-қимылдарының тиімді тетігін әзірлеу;
      2) Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерацияларды басым дамыту арқылы өңірлік және әлемдік нарықтармен ықпалдастырылған ұзақ мерзімді экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру;
      2-1) Ауылдық аумақтарды дамыту;
      3) бәсекеге қабілеттілігін және халықтың экономикалық әлеуеті мен қоныстандыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыру үшін өңірлерді қаржылық қолдау.
      Бұл ретте, Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезең (2011 - 2012 жылдар) қолда бар резервтер мен пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтай отырып, өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытуды перспективалы талдау көзделетін пилоттық болып табылады. Осы кезеңде облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің өңірлерді перспективалы дамыту жөніндегі іс-қимылдарының нақты тетіктері де әзірленетін болады.
      Екінші кезеңде (2013 - 2020) Бағдарламаны толық ауқымда іске асыру жүзеге асырылатын болады, оның шеңберінде осы Бағдарламада белгіленген тәртіппен өңірлерді дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық бағдарламалар іріктеліп, іске асырылатын болады. Екінші кезеңде де аумақтар мүддесі іске асырылатын мемлекеттік, салалық бағдарламаларды, ұлттық компаниялардың стратегиялық жоспарларын үйлестіру көзделген.
      1-міндет. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын шектейтін жүйелі проблемалары мен факторларын анықтау және оларды жою үшін жергілікті атқарушы органдар іс-қимылдарының тиімді тетігін әзірлеу.
      Осы міндетті іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      1) айналымға қолда бар резервтер (оның ішінде қаржылай) мен пайдаланылмаған шаруашылық активтерін (оның ішінде айналымнан шығарылған, тұрып қалған өндірістер және ауыл шаруашылығы алқаптары) тарту жолымен өңірлердің экономикасын әртараптандыруды қамтамасыз ету;
      2) жұмыс істеп жатқан өндірістерді кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру үшін әкімдіктердің жанынан Инвесторлардың өңірлік үйлестіру кеңесін тарту жолымен өңірлерді перспективалы әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін шешу үшін отандық және шетел инвесторларды тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу. Бұл ретте, осы міндеттерді шешу бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің қызметін бағалау үшін жобалар санының ұлғаюы, тартылған инвестициялардың сомасы, өңірлерде іске асырылып жатқан жобалардың жобалық қуатына шығуы сияқты көрсеткіштер ескерілетін болады;
      3) инновацияларды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау (жоғары технологиялық өндірістерді, мысалы «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы сияқты шағын инновациялық компанияларды дамыту);
      4) өңір экономикасының барлық салаларында шағын кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу (әкімшілік рәсімдерді, рұқсат беру жүйесін және басқаларды жеңілдету);
      5) облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің өңірлердегі ірі жүйе құраушы (мысалы, аграрлық компанияларға, шикізат өндіруші компаниялар және басқалар) кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне тиімді экономикалық бақылауы;
      6) өңір экономикасының барлық салаларында энергия, ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу және энергияның балама көздерін қолдану;
      7) республика қалаларының айналасында азық-түлік белдеулерін құру.
      2-міндет. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерацияларды басым дамыту арқылы өңірлік және әлемдік нарықтармен кіріктірілген ұзақ мерзімді экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру.
      Агломерациялық дамудың жалпы бағыттары
      Қалалық агломерацияларды дамыту жөніндегі екінші міндетті іске асыру:
      1) Республикалық және өңірлік нарықтарда қалалық агломерацияларды экономикалық позициялау.
      2) Инновациялық технологияларды пайдалана отырып қалалық агломерациялар инфрақұрылымдарын үйлестіре дамыту.
      3)Қалалық агломерацияларды дамытудың аумақтық, қала құрылысы және институтционалдық саясатын жетілдіру бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
      Бірінші бағыт:
      республикалық және өңірлік нарықтарда қалалық агломерацияларды экономикалық позициялау.
      Осы бағыт шеңберінде Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларының кәсіпкерлік ахуалын жақсартудың және имиджін жаңартудың мақсатқа бағдарланған саясаты әлемдік бизнес үшін олардың тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын болады (мысалы, Дублин, Дубай, Үрімші қалалары).
      Агломерацияларда бизнесті жүргізу тартымдылығын айқындайтын факторлар білікті жұмыс күшінің болуы, тауарлар мен қызметтер нарықтарына жоғары қол жетімділік, өңір мен әлемнің ең ірі қалаларымен дамыған көліктік және телекоммуникациялық байланыстар, қалалардың ішінде қозғалу жеңілдігі, қолайлы кәсіпкерлік ахуал, өмірдің жоғары сапасы және қоршаған ортаның тазалығы, тілдік қол жетімділік болып табылады.
      Осы факторларды іске асыру дәрежесі бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерациялар өзінің даму стратегиялары шеңберінде өңірдің көрші елдерінің ірі жақын орналасқан агломерацияларымен табысты бәсекеге түсе алады.
      Агломерцияларды дамытуды қолдау экономикалық белсенділік және инвестициялық тартымдылықтың өсуін ынталандырудың әртүрлі тетіктері арқылы, оның ішінде, инфрақұрылымдардың барлық түрлерін (инновациялық, инженерлік, әлеуметтік, көлік-коммуникациялық және басқа) дамытуға арналған инвестициялар, сондай-ақ ұлттық холдингтердің, даму институтарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) инвестициялары есебінен жүзеге асырылады.
      Бұдан басқа, осы агломерациялардың жоғары ұйымдастырылған шоғырлану ортасын құру және оларды жаңа рөлде орнату үшін мыналар көзделетін болады:
      1) агломерацияларда және оларға тартылатын аумақтарда көп функционалды аймақтарды қалыптастыру:
      жалпы ұлттық және перспективада, орталық азиялық дистрибуция (сауда және қызметтер);
      перспективада өңірдегі ең ірі сауда-логистикалық орталықтарды (мысалы, Сингапур, Гонконг), авиатранзит орталықтарын («хабтар») қалыптастыра отырып көлік-логистикалық және процессинг қызметтер;
      технологиялық трансферт: жалпы стандартты технологиялардың импорты, ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарланған жетекші шетел компанияларының процессинг орталықтарын ашу (филиалдар, бірлескен ұйымдар);
      инновациялық дамыту (мысалы, Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі»), яғни білім беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдау кешендерін біріктіретін өңірлік инновациялық жүйелер (ӨИЖ) орталықтары;
      туристтік-рекреациялық мамандану - агломерацияларға тиесілі аумақтарда рекреациялық ресурстардың ірі шоғырлану, сондай-ақ ойын-сауық индустриясы базасында (мысалы, Алматы облысының Қапшағай қаласында, Ақмола облысының Щучинск-Бурабай аймағында ойын бизнесі орталықтарын құру);
      азық-түлік мамандануы (азық-түлік белдеуі);
      Алматы қаласында халықаралық қаржы орталығын және спорттың қысқы түрлері мен спорт туризмнің халықаралық орталығы;
      халықаралық деңгейдегі медициналық, мәдени және білім беру орталықтары;
      2) ірі мемлекеттік жобаларды іске асыру, оның ішінде қалалық агломерациялардың белгілі бір экономикалық мамандандырылуы шеңберінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) тетігі арқылы (мысалы, «Назарбаев университетінің», «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының, G4 City серіктес қалаларының, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысы сияқты және басқа да жобалар);
      3) қалалық агломерациялардың белгілі бір экономикалық мамандандырылуы шеңберінде арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА), индустриялық парктерді, инновациялық өсу аймақтарын, өнеркәсіптік алаңдарды, технологияларды коммерцияландыру орталарын қалыптастыру;
      4) халықаралық ұйымдардың өкілдіктері мен кеңселерін, ең ірі трансұлттық компаниялардың филиалдарын қалалық агломерациялар орталықтарында орналастыруды ынталандыру;
      5) мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көзделген құралдарды қолдану («Бизнестің жол картасы 2020», жұмыспен қамту 2020, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты жаңғырту (ТКШ) жаңғыртуы, «Қол жетімді тұрғын-үй 2020», туризмді, көлік және коммуникацияны және басқаларды дамыту).
      Белгіленген іс-шараларды іске асыру агломерациялар аймағына кіретін әкімшілік аумақтарды қамтуды көздейді, ол бір жағынан оларды дамытуға түрткі болады, екінші жағынан басқаруды үйлестіру (өңірліктен жоғары реттеу), шектес өңірлердің біріккен іс-шараларын өткізу (кооперативтік жобалар) қажеттілігіне алып келеді.
      Екінші бағыт:
      Инновациялық технологияларды пайдалана отырып қалалық агломерациялар инфрақұрылымдарын үйлестіре дамыту
      Осы бағыт шеңберінде агломерацияларды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар оларды дамытудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде қабылданатын болады. Агломерациялар ішінде көліктік коммуникацияларды жеңілдету және олардың қоршаған аудандармен және басты базарлармен байланысын жақсарту, сондай-ақ кросс-агломерациялық көліктік инфрақұрылымдарды дамыту аумақтарды агломерациялық дамытудың маңызды алғышарты болып табылады.
      Бұдан басқа, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль жолын салу, Ақтау теңіз портын дамыту сияқты және басқа да халықаралық жобаларды іске асыруды ескере отырып Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау қалаларында орталықтар бар агломерацияларды дамыту:
      1) елдің тірек қаңқасын құруды,
      2) елдің әлемдік шаруашылық жүйемен үйлесімді кіріктірілген экономикалық белсенділіктің өсуіне жағдай жасауды және бірыңғай ішкі экономикалық кеңістік қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Елдің тірек қаңқасын және бірыңғай ішкі экономикалық кеңістігін қалыптастырудың міндетті шарты ретінде агломерациялардың бір-бірімен көліктің жүргек түрлерімен, коммуникациялық инфрақұрылымның барлық кешенімен байланысы қамтамасыз етіледі.
      Бұл ретте озық инновациялық және технологиялық шешімдерді қолдана отырып (әлемдік үрдістерді ескере отырып) өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көліктік, телекоммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды үйлестіре дамыту жолымен агломерациялар халқының өмір тіршілігі үшін қолайлы орта құру (ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы) қамтамасыз етілетін болады.
      Сонымен бірге кластерлік дамуды қамтамасыз ету, құрылысқа жеке капиталды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) тетіктері арқылы инфрақұрылымдық объектілерді пайдалану қалыптастырылатын болады.
      Қалалық агломерациялар инфрақұрылымдардың (ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы) үйлестіре дамыту:
      1) мыналар:
      көп магистральдердің оңтайландырылған желілерінің құрылысы;
      көліктің жаңа жүргек түрлерін енгізу (жүрдек рельсті көлік);
      агломерациялар шегінде қала маңы және қала ішілік қатынас жүйелерін реконструкциялау арқылы кіріктірілген көлік жүйесі;
      2) мыналарды:
      кең жолақты (цифралық тепе-теңдік) қол жетімділікті енгізудің жоғары дәрежесін қамтамасыз ету;
      желілердің жылдам таратылу және ауыстырылу мүмкіндігін (сымсыз технологиялар) қамтамасыз ету арқылы ақпараттық коммуникацияны;
      3) мыналарды:
      ТКШ барлық салаларын автоматтандыру;
      ресурс үнемдеуші (тариф түзуді қоса алғанда) технологияларды енгізу;
      апатты жағдайларда жылдам ден қою үшін резерв қорын құру арқылы ТКШ жаңғыртуы;
      4) мыналарды:
      энергия және ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету;
      «жасыл белдеулер» және саябақ аймақтарын дамыту;
      экологиялық таза көлікті пайдалану;
      өндірістерді қалалардың сыртына шығару арқылы «жасыл экономиканы» құруды көздеуі тиіс.
      Жалпы, адамның өмір сүруіне жоғары урбандалған орта құру, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау, Smart City («ақылды қала», яғни агломерация білім аумағы ретінде) стратегиясын іске асыру қажет.
      Қалалық агломерациялар халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғи және техногендік сипаттағы апаттарға жол бермеу жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Осылайша, селге қарсы дамбаларды салу, су тасқыны қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, арналарын кеңейту және күшейту арқылы селге қарсы тұру инфрақұрылымы құрылатын болады, сондай-ақ мыналар:
      1) жаңа өрт деполарын салу және қолданыстағы өрт деполарына күрделі жөндеу жүргізу;
      2) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және өндірістік маңызы бар объектілерді, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар объектілерді автоматты өрт дабылымен жабдықтау;
      3) өртке қарсы су жабдықтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы агломерацияларды тиісті өртке қарсы қорғау қамтамасыз етілетін болады.
      Инженерлік-қорғау құрылыстарын салу және ғимараттар мен құрылыстарды сейсмологиялық күшейтуді жүзеге асыру арқылы селге, көшкінге, қар көшкініне, жер сілкіністеріне қарсы тұру инфрақұрылымы құрылатын болады.
      Агломерациялар инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыру мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде Бағдарламаның 3-міндетінің бірінші бағытында баяндалған басымдықтарға, ал агломерациялар инфрақұрылымдарын дамытуға жеке капиталды тарту бөлігінде - Бағдарламаның 3-міндетінің екінші бағытында баяндалған басымдықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Үшінші бағыт:
      Қалалық агломерацияларды дамытудың аумақтық, қала құрылысы және институтционалдық саясатын жетілдіру
      Агломерацияларды үйлесімді дамыту үшін агломерациялық дамытуды әкімшілік-аумақтық басқару құралдарын жетілдіру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
      Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының агломерациялық құрылымдары әртүрлі әкімшілік-аумақтық ұйымдастырылған, олар мемлекеттік басқару субъектілері арасындағы қатынастарды құрудың сараланған моделін талап етеді. Бұл ретте агломерацияны басқару моделдерін қалыптастыру маңызды мәнге ие. Осыған байланысты:
      1) Астана және Алматы агломерацияларына қатысты Астана, Алматы қалалары, Ақмола және Алматы облыстары әкімдіктерінің арасындағы шарттық қатынастар негізінде, сондай-ақ Үкімет жанынан осы агломерациялардың дамуына жауап беретін Комиссия құру арқылы басқаруды жүзеге асыру;
      2) Шымкент, Ақтөбе және Ақтау агломерацияларына қатысты облыс әкімдіктері деңгейінде, сондай-ақ арнайы облыстық комиссия құру арқылы басқаруды жүзеге асыру көзделеді.
      Агломерацияларды дамыту жөніндегі өңірлік және салалық бағдарламаларды үйлестіру мақсатында:
      1) Үкіметтің қаулыларымен (Астана және Алматы агломерациялары бойынша) және облыстық мәслихаттар шешімдерімен (Шымкент, Ақтөбе және Ақтау агломерациялары бойынша) бекітілетін агломерацияларды дамыту жөніндегі өңіраралық іс-шаралар жоспарларын;
      2) жоғарыда көрсетілген өңіраралық іс-шаралар жоспарларын қала құрылысы құжаттарымен байланыстыру мақсатында ұзақ мерзімді кезеңге қалалық агломерацияны дамытудың кешенді қала құрылысы жоспарын (өңіраралық схемасын) әзірлеу көзделеді. Осы құжат:
      1) агломерацияны дамытуда өңіраралық және салааралық мүдделерді үйлестіруді (өйткені, бұл бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты);
      2) агломерация аумағын барынша нақты функционалдық аймақтарға бөлуді;
      3) жерлерді түгендеу жүргізу, агломерацияны дамыту мақсатында аумақтарды резервте қалдыру арқылы ерекше қала құрылысы реттеуін белгілеуді (тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік алаңдар, магистральды инфрақұрылым, рекреация аймақтары, жасыл белдеулер және басқалар);
      4) өзек-қаланы, қала маңын, тартылу аймақтарын үйлестіріле дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.
      Қала құрылысы саясатын жетілдіру бос аумақтарды игеру, сондай-ақ бар алғышарттар (экономика-географиялық жағдай және табиғи-ресурстық әлеует) негізінде агломерациялардың тірек қаңқасын айқындау есебінен агломерациялар өзегінің аумақтық кеңістігінің өзгеруін ескере отырып қалалардың және оның маңындағы елді мекендердің бас жоспарларын қайта қарауды көздейді. Агломерациялардың тірек қаңқаларын айқындау кезінде табиғи (су тасқыны, сел, жер сілкінісі қаупі), техногендік (өнеркәсіптік объектілердегі апаттар), экологиялық, көліктік, ресурстық және басқа (мысалы, қалалардағы қылмыс деңгейі) қауіптердің болуы және бар қауіптерді есепке алу маңызды болып табылады. Атап айтқанда, мысалы Алматы агломерациясын Қапшағай қаласы жағына тас жолдың бойымен солтүстікке қарай дамыту Рихтер шәкілі бойынша сейсмикалық қауіпті автоматты түрде 9-дан 6-7 баллға азайтады.
      Әрбір агломерация бойынша іс-қимыл стратегиясы
      1. Астана қалалық агломерациясы (бірінші деңгей)
      Көлік жетімділігінің 1,5-сағаттық изохронасын ескеретін болсақ, Астана агломерациясының құрамына Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандары (Ақмол, Жібек Жолы, Қабанбай батыр, Қараөткел, Қосшы, Қоянды, Талапкер және басқа да кенттер) және кіреді (3-қосымша).
      Астана агломерациясының саны 2020 жылға қарай 1,0 млн. адам деңгейінде болжанады.
      Осыған байланысты, Астана агломерациясын оған перспективада Қарағанды қаласын және оның маңындағы елді мекендерді (қалалар мен кенттер) және Щучинск-Бурабай курорттық аймағын тарта отырып өсудің желілік аймағы ретінде дамыту жөніндегі шаралар қабылданатын болады, ол құрылатын агломерацияның даму коэффициентін елеулі арттырады (0,69-дан 1,8-2,0-ге дейін). Осы өсудің желілік аймағына перспективада Степногорск, Ерейментау, Ақкөл қалалары, Аршалы кенті және Ақмола облысының басқа да елді мекендері кіреді.
      Астана агломерациясының бәсекелес басымдықтарын ескере отырып, оны:
      1) мыналар:
      зерттеу бизнес-құрылымдары, технопарктер (оның ішінде, құрылған «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (бұдан әрі - «ТДӨА» АҚ) және «Назарбаев Университеті» ДБӨ арасында корпоративтік байланыстар орнату;
      физикалық инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру;
      ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін «Парасат» холдингісінің коммерцияландыруын ынталандыру;
      старт-ап жобаларды қолдауды елеулі кеңейту арқылы инновациялық қызметке бағдарланған кәсіпорындардың құруға белсенді жәрдемдесу («Ғылым қоры» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, венчурлық қорлар);
      «Астана - жаңа қала», «Сарыарқа» және «Бурабай» арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) қызметін үйлестіру арқылы жаңартылатын энергетика, энергияны үнемдеу, биоинженерия, білім беру саясаты және басқа да басым бағыттар саласындағы жоғары технологиялар және инновациялар орталығы;
      2) мыналар:
      университеттердің қызметін өнеркәсіптік сектордың қажеттіліктеріне бағдарлау (ынталандыру);
      жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістік практикасы бар білім беруді кіріктіру;
      инновациялық қызмет менеджменті бойынша кадрларды даярлау жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру;
      Ұлттық медициналық холдинг базасында медициналық кластер арқылы ғылыми-білім беру кластері;
      3) мыналар:
      мәдениет және туризм, күзет инфрақұрылымдарын дамыту және өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерін пайдалану;
      туристік индустрияға инвестициялар тартуға жағдай жасау (қонақ үйлер, қонақ күтетін үйлер және кемпингтер желілерін құру);
      белсенді жарнамалық-ақпараттық қызметті өткізу арқылы өңірдің туристік кластері мен мәдени орталығы ретінде дамыту жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
      Бұл ретте, агломерациялық аймақта, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қатысуымен азық-түлік белдеуін дамыту жөніндегі арнайы шаралар қабылданатын болады.
      Ұзақ мерзімді перспективаға инженерлік инфрақұрылымдарды жүйелі өзара байланыстыра (үйлестіре) дамыту, ең алдымен инновациялық технологиялар негізінде электрмен және жылумен жабдықтау жобаларын іске асырумен байланысты болады.
      Көлік және тыныс тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту және орналастыру мекен етудің жайлы қалалық ортасын құруға бағдарланған Астана агломерациясын дамытудың қала құрылысын жоспарлау кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      2020 жылға дейін инновациялық технологияларды пайдалана отырып, бірі қатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қамтамасыз етілетін болады — бұл Астана агломерациясын газдандыру, «Астана-Қарағанды», «Астана-Қостанай», «Астана-Павлодар», «Астана-Қорғалжын», «Ақкөл-Степногор» автомобиль жолдарын реконструкциялау, Астана қаласының ТЭО-2 және ТЭО-3 реконструкциялау және салу, «Ақмол-Воздвиженка-Талапкер», «Астана қаласын айналып өту (оңтүстік-батыс бөлігі) (27 км)» автомобиль жолдарын салу.
      Агломерация ішінде қазіргі заманғы көлік-логистикалық (Аршалы кенті) және телекоммуникациялық инфрақұрылымдар құру (қала маңы поездар, қоғамдық көлік, шағын авиация, бірыңғай телекомуникациялық инфрақұрылым және басқалар), жүргек темір жол қатынасын енгізу және «Астана-Алматы» бағыты бойынша автомобиль жолының халықаралық деңгейіне жеткізу (ең төменгі жылдамдықты шектей отырып Германия автобандарының типі бойынша) жөніндегі мәселесі қарастырылатын болады.
      Халықтың әлеуметтік және мәдени қызметтермен қамтамасыз етілу дәрежесін арттыру, күнделікті пайдалану объектілерінің базаларын кеңейту (мектепке дейінгі балалар мекемелері, жалпы білім беру мектептері, дене шынықтыру алаңдары, клуб үй-жайлары, кітапханалар, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары) жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.
      Астана агломерациясының мемлекеттік басқару органдарының іс-қимылын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында агломерациялардың дамуына жауап беретін арнайы комиссия құрылатын болады.
      Астана агломерациясы (Астана қаласы және Ақмола облысының маңындағы аумақтар) аумағында ұтымды қала құрылысы саясатын қамтамасыз ету үшін Қарағанды қаласын ескере отырып Астана агломерациясын қосып агломерацияны жобалық мерзімі 2035 жылға белгіленген Астана қаласының қала маңы аймағын дамытудың әзірленіп жатқан Кешенді схемасының (2011-2012 жылдар) құрамдас құрылымдық элементтері ретінде ұзақ мерзімді кезеңге елдің Солтүстік және Орталық өңірлерінің аумақтық дамуының Өңіраралық схемасын әзірлеу жоспарлануда. Өңіраралық схеманы әзірлеу шеңберінде агломерациялар аймақтарының аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, сондай-ақ аумақтарды кешенді бағалау (табиғи және инженерлік-геологиялық жағдайлар, қала құрылысы және шаруашылық қызметтің жоспарлы шектеулерін айқындау, демографиялық даму және еңбек ресурстарының болжамдары) жүргізілетін болады.
      2. Алматы қалалық агломерациясы (бірінші деңгей)
      Көлік жетімділігінің 1,5-сағаттық изохронасын ескеретін болсақ, Алматы агломерациясының құрамына Алматы облысының Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары (Есік, Қапшағай, Қаскелең, Талғар қалалары, Байсерке, Боралдай, Жетіген, Қараой, Өтеген батыр, Ұзынағаш, Шамалған және басқа кенттер), сондай-ақ Gate City (қаржы орталығы), Golden City (мәдени орталық), Growing City (өнеркәсіптік орталық), Green City (туристік орталық) төрт жаңа серіктес қала кіреді (3-қосымша).
      Алматы агломерациясы халқының саны 2020 жылы 2,7 млн. адам деңгейінде болжанады, бұл ретте даму коэффициенті 2030 жылы шамамен 22,8-ды құрайды.
      Алматы агломерациясын аумақтық дамыту Алматы-Қапшағай тас жолының бойымен солтүстік бағытта Қапшағай су қоймасының солтүстік бағытымен және Іле өзені жағасының бойымен төмен қарай көзделеді. Осы тәсілдің мынадай басымдықтары бар:
      1) аумақтың сейсмикалығы төмендейді (9-дан 6-7 балға дейін);
      2) құрылысқа жарамды және суарылатын жер шаруашылығы мен бақша шаруашылығы үшін құндылығы жоқ кең аумақтардың болуы;
      3) жер үсті және жер асты суларының шексіз ресурстары бар;
      4) көрсетілген аумақтар жақсы желденеді, ол Алматы қаласы мен оның маңындағы қалаларға тән ықтимал түтінді болдырмайды;
      5) суда демалуды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет