6) осы бағытта жақсы дамыған көлік инфрақұрылымы бар (Жетіген станциясы Қытаймен шекараға тікелей шығатын «Қорғас-Жетіген» темір жол желісін іске қосқаннан кейін темір жол торабына айналады;
7) жыл ішіндегі күн мен желді күндердің көптігі энергетиканың баламалы түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.
Өңірде еңбек, тауарлық, қаржылық, коммуникациялық, басқарушылық, білім беру және мәдени технологиялар мен ресурстарды тарту орталығын қалыптастыру үшін Алматы агломерациясын:
1) мыналарды:
Қапшағай қаласында және Ілe ауданында индустриялық аймақтар құру;
ірі өнеркәсіптік объектілерді агломерацияның белгілі бір қала маңындағы аймағына шығару арқылы өндірістік және сервистік орталық;
2) облысаралық және өңіраралық тауар ағындарын («әлемге терезе») әкімшілендіруде Алматы қаласының сауда-делдалдық және дистрибьюторлық функцияларын кеңейту арқылы дистрибуция орталығы (сауда және қызметтер);
3) мыналарды:
көлік тораптарын құру және жүктерді өңдеу, олардың сапасын бағалау, оларды шоғырландыру және партияларға бөлу, көтерме сауда және өңір дистрибуциясы, бөлшек сауда орталықтарын (Жетіген, Өтеген батыр және басқа кенттерде) құру;
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының, «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА, Growing City (G4 City жобасы) серіктес қалада көліктік логистикалық орталық құрылысы бойынша жобаларды бір-бірімен өзара байланыстыру;
Алматы қаласы әуежайының қызметін «хаб» қағидаты бойынша ұйымдастыру арқылы өңірдің көлік-логистикалық және процессингтік қызметтері орталығы (сауда-логистикалық орталықтар, авиахабтар);
4) мыналарды:
жаппай стандартты технологиялар импорты, ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарланған жетекші шетел компанияларының (филиалдар, біріккен кәсіпорындар) процессингтік орталықтарын кеңейту;
халықаралық ұйымдардың өкілдіктері мен кеңселерінің, ең ірі трансұлттық компаниялар филиалдарының орын ауыстыруын ынталандыру арқылы өңірдің технологиялық трансферт орталығы;
5) мыналарды:
Инновациялық технологиялар паркін, «Алатау» технопаркін дамыту;
агломерацияның технологиялық қайта жарақталуын жеделдетуге қабілетті ұлттық және халықаралық компанияларды технопарктердің резиденттері ретінде тарту;
шағын инновациялық кәсіпорындар мен инвесторларға бір-бірін табуға мүмкіндік беретін ақпараттық ортаны дамыту, сондай-ақ шағын және ірі кәсіпорындар арасындағы кооперациялық байланыстарды ынталандыру;
Инновациялық технологиялар паркі, «Алатау» технопаркі аумақтарында жеткілікті ғылыми-техникалық базасы бар (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ сияқты) университеттердің техникалық кафедраларын, ғылыми зертханаларын орналастыру мәселесін пысықтау;
«ТДҰА» АҚ қатысуымен құрылған технопарктердің физикалық инфрақұрылымдарын қалыптастыру;
венчурлік қорларды, мемлекеттік даму институттарын («ТДҰА» АҚ, технологияларды коммерцияландыру жөніндегі Дүниежүзілік банк жобасы) қамтитын инновациялық инфрақұрылым желілерін құру;
ірі инвестициялық жобалар шеңберінде инновацияларға сұранысты қалыптастыру, оның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік (МЖӘ) арқылы қалыптастыру жолымен өңірдің инновациялық бастамалар орталығы (технологияларды коммерцияландыру);
6) мыналарды:
қазақстандық капитал нарығына халықаралық қор нарығының кәсіби қатысушылары мен шетел инвесторларын тарту;
Алматы қаласында Өңірлік қаржы орталығын, Қазақстандық қор биржасын дамытуға, оның ішінде ислам банкингі мен сақтандыру негізінде жаңа қарқын беру;
болашақта Алматы қаласын сауда активтерінің халықаралық биржа саудасы орталығы ретінде (мұнайға, мысқа, қалайыға, қорғасынға, мырышқа, алтынға келісім шарттармен), алыс перспективада — уранмен және сирек кездесетін металдармен биржа саудасының дүниежүзілік орталығы ретінде позициялау;
инвестицияларды тартуға бағытталған ақпараттық компанияларды тұрақты жүргізу арқылы өңірдің қаржы (бизнес) орталығы;
7) мыналарды:
мәдени, туристік және спорт инфрақұрылымдарын (іскерлік, мәдени, спорт, рекреациялық, медициналық, мамандандырылған және этнотуризм) дамыту, өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;
өңірдің туристік және спорт нарығында мәдени және табиғи ескерткіштерді белсенді жылжыту;
Алматы қаласында қауіпсізідікті арттыру арқылы өңірдің туристік кластері мен мәдени орталығы;
8) Алматы қаласында және Алматы облысында экономиканы инновациялық дамыту мақсатында ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер өткізетін және кадрларды даярлайтын ғылыми ұйымдар мен ЖОО үлкен бөлігін одан әрі шоғырландыру арқылы өңірдің іргелі және қолданбалы ғылыми орталығы (инновациялық кластер);
9) өңір елдерінен оқитындарды тарту (контингентті дамыту) мақсатында жоғары мамандандырылған медициналық ұйымдар, ЖОО, техникалық және кәсіби білім ұйымдарының (ТжКБ) жұмыс істеуі үшін одан әрі жағдайлар жасау арқылы өңірдің медициналық және білім беру қызметтері орталығы ретінде дамыту жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Бұдан басқа, агломерация аймағында азық-түлік белдеуін (өңірдің ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу орталығы, оның ішінде ӘКК қатысуымен) дамыту жөнінде арнайы шаралар қабылданатын болады.
Ұзақ мерзімді перспективаға инженерлік инфрақұрылымдарды жүйелі өзара байланыстыра (үйлестіре) дамыту, ең алдымен инновациялық технологиялар негізінде электрмен және жылумен жабдықтау жобаларын іске асырумен байланысты болады.
Орталық Азия республикаларының экспорттық-импорттық операциялары Қытай Халық Республикасымен шекаралас орналасқан Алматы облысының - Достық, Қорғас және Көлжат үш елді мекені бойынша жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, Алматы агломерациясының бірыңғай және дамыған көлік инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша шаралар Алматы-Достық және Алматы-Қорғас бағыттарында халықаралық сауда-транзиттік дәліздерді дамыту жөніндегі шаралармен («Батыс Еуропа - Батыс Қытай», «Қорғас» халықаралық шекара маңы сауда орталығы, «Достық» индустриялдық-сервис аймағы сияқты жобалар), сондай-ақ ірі көліктік-логистикалық орталықтарды салумен байланысты болады.
Сондай-ақ, Алматы агломерациясы үшін жүргек рельсті жер үсті көлігін (оның ішінде, Алматы-Қаскелен, Алматы-Қапшағай, Алматы-Есік және басқа қала маңы қатынастарында), шағын авияцияны және қоғамдық жер асты көлігін дамыту басым болып танылады.
Барлық инфрақұрылымдық жобалар (жолдар, кіші станциялар (КС), электр беру желілері (ЭБЖ), талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ), өзге желілер) бір-бірімен Алматы агломерациясын дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді жүйелі және ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы өзара байланыстырылған (үйлестірілген) болады.
Көлік және тыныс тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту және орналастыру мекен етудін жайлы қалалық ортасын құруға бағдарланған Алматы агломерациясын дамытудың қала құрылысын жоспарлау кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
2020 жылға дейін бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қамтамасыз етіледі - олар:
1) «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін реконструкциялау жобасын аяқтау;
2) «Қорғас» халықаралық шекара маңы сауда орталығын, «Даму» индустриялдық-логистикалық орталығын (Алматы облысының Байсерке кенті), «Тау Терминал» көліктік-логистикалық орталығын (Алматы облысының Өтеген батыр кенті), ЮСКО көпбейінді логистикалық кешенін (Алматы облысының Талғар ауданы) құру;
3) Алматы метрополитенінің құрылысын жалғастыру;
4) мыналарды:
1 А санатты «Алматы-Қапшағай» алты жолақты автомобиль жолын;
алты жолақты Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ);
1Б санатты «Қапшағай-Талдықорған» төрт жолақты автомобиль жолын;
«Алматы-Жаркент-Қорғас» төрт жолақты автомобиль жолын;
«Алматы-Өскемен» төрт жолақты автомобиль жолын;
«Алматы-Семей» жүргек темір жол желілерін;
екі әуежай, автовокзалдар, теміржол вокзалдарын (Қорғас, Жаңа Іле);
Алматы ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, ЖЭО-2 - ЖЭО-1 қосылу магистралін және қалалық жылу магистральдарын жаңғырту реконструкциялау;
Балқаш ЖЭС;
«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» 500кВ ЭБЖ транзитінің үшінші тізбесін;
«Ерменсай» 220кВ ҚС, «ПИТ» 220кВ ҚС, КЛ-110кВ бар «Медеу» 110кВ ҚС, «Шымбұлақ» 110кВ ҚС, «ЮКГРЭС-Алма» 500кВ ӘЖ бар «Алма» 500кВ бірге кіші станцияларын;
Алматы қаласының метрополитеніне арналған тарту кіші станцияларын: ӘЖ-220кВ бпр «Кенсай» 220кВ ҚС, КЛ-110кВ бар «Отрар» 110кВ ҚС, «Алатау» 110кВ ҚС, «Топливная» 110кВ ҚС;
сыйымдылығын арттыру мақсатында «Ақыр-төбе» газ қоймасын;
Қапшағай су қоймасының жағалауында туристік кластерді дамытуға арналған портты, айлақтарды, көпірлерді, 1-разрядты су-құтқару станциясын салу және (немесе) реконструкциялау.
Инженерлік-қорғау құрылыстарын салу және ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейтуді жүзеге асыру арқылы селге, тасқындарға, қар көшкіндеріне, жер сілкіністеріне қарсы іс-қимыл инфрақұрылымы құрылатын болады.
Халықтың әлеуметтік және мәдени қызметтермен қамтамасыз етілу дәрежесін арттыру, күнделікті пайдалану объектілерінің базаларын кеңейту (мектепке дейінгі балалар мекемелері, жалпы білім беру мектептері, дене шынықтыру алаңдары, клуб үй-жайлары, кітапханалар, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары) жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.
Алматы агломерациясының мемлекеттік басқару органдарының іс-қимылын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында агломерациялардың дамуына жауап беретін арнайы комиссия құрылатын болады.
Алматы агломерациясы (Алматы қаласы және Алматы облысының маңындағы аумақтар) аумағында ұтымды қала құрылысы саясатын қамтамасыз ету үшін Алматы және Шымкент агломерацияларын оның құрамдас құрылымдық элементтері қоса отырып елдің Оңтүстік өңірлерінің ұзақ мерзімді кезеңге арналған Өңірлік аумақтық даму стратегиясын әзірлеу жоспарланады, бұл ретте, агломерациялар аймақтарының аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, сондай-ақ бар алғышарттар мен тәуекелдерді ескере отырып аумақтарды кешенді бағалау (табиғи және инженерлік-геологиялық жағдайлар, қала құрылысы және шаруашылық қызметтің жоспарлы шектеулерін айқындау, демографиялық даму және еңбек ресурстарының болжамдары) жүргізілетін болады.
3. Шымкент қалалық агломерациясы (бірінші деңгей)
1,5-сағаттық изохрон шеңберінде Шымкент агломерациясының құрамына Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Ордабасы және Сайрам аудандары (Арыс, Леңгір қалалары, Манкент, Сайрам, Қазығұрт және басқа кенттер) кіреді (3-қосымша).
Шымкент агломерациясының халық саны 2020 жылы 1,8 млн. адам деңгейінде болжанады, бұл ретте даму коэффициенті 2030 жылы шамамен 6,5 құрайды.
Шымкент агломерациясын аумақтық дамыту Оңтүстік Қазақстан облысының негізінен елді мекендердің Кентау-Түркістан қалалық жүйесінде, Шымкент-Тараз (Шымкент агломерациясынан тыс) тас жолының бойындағы перспективалы елді мекендердің қала құрылысы жоспарында және Мақтаарал мен Сарыағаш аудандарының елді мекендерінің ауылдық желілерінде орналасу жүйелерінің ерекшеліктерімен байланысты болады (негізделген).
Шымкент агломерациясы Оңтүстік Қазақстан облысының орналасудың көрсетілген жүйесіне үйлесімді кіріктірілетін болады, ол оны апатты (бақылаусыз) алдамшы урбанизация сценарийі бойынша дамытуды болдырмауға мүмкіндік береді.
Шымкент агломерациясының бәсекелес басымдықтарын ескере отырып оны:
1) мыналарды:
тоқыма өнеркәсібінде, құрылыс материалдары өндірісінде және машина жасауда және оларды мемлекеттік даму институттары тарапынан қолдауда (өзінің материалдық-техникалық базасы бар тұрып қалған кәсіпорындарды пайдалануға енгізу) резевтерді пайдалану;
Оңтүстік Қазақстан өңірлік технопаркінің физикалық инфрақұрылымын қалыптастыру («ТДҰА» АҚ қатысуымен) арқылы индустриялдық-инновациялық орталық;
2) мыналарды:
ішкі және сыртқы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге бағдарланған көкөніс-жеміс және мақта кластерлерін дамыту (оның ішінде, «Оңтүстік» АЭА базасында);
ауыл шаруашылығы тауар өңдірушілерінің кооперациясы мен бірлестігі;
өнімді өндіру, өткізу және суды пайдалану, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік саласындағы кооперацияны дамыту;
тамшылап суару жүйелерін енгізу;
ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеумен, жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысатын шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамытуды қолдау арқылы өңірдің ауыл шаруашылығы өнімінің қайта өңдеу орталығы;
3) мыналарды:
жергілікті брендті құру;
ғылыми жетістіктерді, ресурс үнемдеуші және озық технологияларды, кәсіпорындардағы заманауи жабдықтарды енгізуге бағытталған өңірлік технопарк жұмысын өзектілендіру;
фармацевтикалық ЖОО студенттері, ғалымдар, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы желілік өзара іс-қимыл жасау арқылы өңірдің фармацевтикалық кластері;
4) мыналарды:
Арыс қаласында көлік-логистикалық торап құру;
Арыс қаласында көлік-логистикалық торап құру; «Шымкент-Ташкент» автомобиль жолын реконструкциялау; «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін реконструкциялау жобасын аяқтау;
Шымкент қаласының халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалын, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында жаңа әуежайды салу арқылы көлік-логистикалық қызметтер және дистрибуция орталығы;
5) мыналарды:
халықаралық стандарттар деңгейінде туристік инфрақұрылымдарды дамыту (мәдени, спорт, рекреациялық, медициналық және мамандандырылған туризм);
өңірдің туристік және спорт нарығында мәдени және табиғи ескерткіштерді белсенді жылжыту (Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Отырар, Сығанақ, Сауран және басқа қалашықтар);
перспективалы мәдени-туристік бағыттарды қалыптастыру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;
Шымкент, Түркістан, Леңгер қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысының өзге ірі елді мекендерінде қауіпсіздікті арттыру арқылы өңірдің туристік және тарихи-мәдени орталығы ретінде дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Ұзақ мерзімді перспективаға инженерлік инфрақұрылымдарды жүйелі өзара байланыстыра (үйлестіре) дамыту, ең алдымен инновациялық технологиялар негізінде электрмен және жылумен жабдықтау жобаларын іске асырумен байланысты болады.
2020 жылға дейін бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қамтамасыз етіледі - бұл «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі жобасын реконструкциялауды, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры құрылысын аяқтау.
Сондай-ақ, Шымкент агломерациясы үшін агломерациялар шегінде жүргек рельсті жер үсті көлігін (оның ішінде, Шымкент-Леңгір, Шымкент-Арыс және басқа қала маңы қатынастарында), бірыңғай қоғамдық көлікті және шағын авияцияны қоғамдық жер асты көлігін дамыту басым болып танылады.
Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында Арыс өзенінің жағасында 3-разрядты су-құтқару станциясын салу арқылы су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады.
Селге қарсы дамбаларды салу, түбін тереңдету, су тасу қаупі бар өзендердің өзектерін кеңейту және күшейту арқылы су тасқынына қарсы іс-қимыл инфрақұрылымы құрылады. Сондай-ақ, жаңа өрт деполарын салу және қолданыстағы өрт деполарына күрделі жөндеу жүргізу, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және өндірістік маңызы бар объектілерді, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар объектілерді автоматты өрт дабылымен жабдықтау, өртке қарсы су жабдықтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы агломерацияларға тиісті өртке қарсы қорғау қамтамасыз етілетін болады.
Инженерлік-қорғау құрылыстарын салу және ғимараттар мен құрылыстарды сейсмологиялық күшейтуді жүзеге асыру арқылы селге, көшкінге, қар көшкініне, жер сілкіністеріне қарсы тұру инфрақұрылымы құрылатын болады.
Көлік және тыныс тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту және орналастыру мекен етудің жайлы қалалық ортасын құруға бағдарланған Шымкент агломерациясын дамытудың қала құрылысын жоспарлау кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Ұтымды қала құрылысы саясатын қамтамасыз ету үшін Шымкент агломерациясы аймағының аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, сондай-ақ бар алғышарттар мен тәуекелдерді ескере отырып аумақтарды кешенді бағалау (табиғи және инженерлік-геологиялық жағдайлар, қала құрылысы және шаруашылық қызметтің жоспарлы шектеулерін айқындау, демографиялық даму және еңбек ресурстарының болжамдары) жүргізілетін болады.
4. Ақтөбе қалалық агломерациясы (екінші деңгей)
Көлік жетімділігінің 1,5-сағаттық изохрон шегінде Ақтөбе агломерациясы аймағына Ақтөбе облысының Алға, Қарғалы, Мәртөк және Хромтау аудандарының бірқатар ауылдық елді мекендері (Хромтау, Қандыағаш және басқа қалалар) кіреді.
Ақтөбе агломерациясының бәсекелес басымдықтарын ескере отырып, ұзақ мерзімді перспективада оны:
1) мыналарды:
металлургия, мұнай химия өнеркәсібінің одан әрі қайта жасау өндірісін ұйымдастыру;
өндірісті басқарудың халықаралық стандарттарын және өнімнің сапасын бағалау жүйелерін енгізу;
қолданыстағы өндірістерді технологиялық қайта жарақтау арқылы өңірдің индустриялдық орталығы;
2) мынаны:
қолданыстағы және жаңа өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ететін ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы өңірдің инновациялық орталығы;
мыналарды:
Ақтөбе-Хромтау-Қандыағаш «үштікте» көліктің жүргек түрлерін енгізу;
Қандыағаш қаласында көлік-логистикалық торап құру;
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін реконструкциялау жобасын аяқтау;
«Ақтөбе-Астана» («Ақтөбе - Хромтау — Қарабұтақ — Лисаков — Аманқарағай - Есіл - Астана» бағыты бойынша), «Ақтөбе-Атырау», «Ақтөбе- Орск», «Ақтөбе-Орал» автомобиль жолдарын салу және (немесе) реконструкциялау арқылы өңірдің болашақ көлік-логистикалық хабы;
3) жоғары мамандандырылған медицина ұйымдарының жұмыс істеуі үшін одан әрі жағдай жасау арқылы Қазақстанның батыс облыстары үшін халықаралық деңгейдегі медициналық қызметтер орталығы ретінде дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Ұзақ мерзімді перспективаға инженерлік инфрақұрылымдарды жүйелі өзара байланыстыра (үйлестіре) дамыту, ең алдымен инновациялық технологиялар негізінде электрмен және жылумен жабдықтау жобаларын іске асырумен байланысты болады.
Сондай-ақ, Ақтөбе агломерациясы үшін агломерациялар шегінде жүргек рельсті жер үсті көлігін (оның ішінде, Ақтөбе-Хромтау, Ақтөбе-Алға-Қандыағаш, Хромтау-Қандыағаш және басқалары), бірыңғай қоғамдық көлікті және шағын авияцияны дамыту басым болып танылады.
Ақтөбе облысының Хромтау қаласында 2-разрядты су-құтқару станциясын салу арқылы су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Селге қарсы дамбаларды салу, түбін тереңдету, су тасу қаупі бар өзендердің өзектерін кеңейту және күшейту арқылы су тасқынына қарсы іс-қимыл инфрақұрылымы құрылады. Сондай-ақ, жаңа өрт деполарын салу және қолданыстағы өрт деполарына күрделі жөндеу жүргізу, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және өндірістік маңызы бар объектілерді, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар объектілерді автоматты өрт дабылымен жабдықтау, өртке қарсы су жабдықтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы агломерацияларға тиісті өртке қарсы қорғау қамтамасыз етілетін болады.
Көлік және тыныс тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту және орналастыру мекен етудің жайлы қалалық ортасын құруға бағдарланған Ақтөбе агломерациясын дамытудың қала құрылысын жоспарлау кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Ұтымды қала құрылысы саясатын қамтамасыз ету үшін Ақтөбе және Ақтау агломерацияларын оның құрамдас құрылымдық элементтері ретінде қоса отырып елдің Батыс өңірлерінің ұзақ мерзімді кезеңге арналған Өңірлік аумақтық даму схемасын әзірлеу жоспарланады, бұл ретте, Ақтөбе агломерациясы аймақтарының аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, сондай-ақ бар алғышарттар мен тәуекелдерді ескере отырып аумақтарды кешенді бағалау (табиғи және инженерлік-геологиялық жағдайлар, қала құрылысы және шаруашылық қызметтің жоспарлы шектеулерін айқындау, демографиялық даму және еңбек ресурстарының болжамдары) жүргізілетін болады. Ақтөбе қаласының бас жоспарын іске асыру оның агломерациялық даму перспективаларын ескере отырып іске асырылады.
5. Ақтау қалалық агломерациясы (екінші деңгей)
Көлік жетімділігінің 1,5-сағаттық изохрон шегінде Ақтау агломерациясының құрамына Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы кіреді. Маңғыстау облысын қоныстандыру жүйесінің ерекшелігін ескеретін болсақ, Жаңаөзен, Форт-Шевченко, Баутино, Бейнеу және Құрық сияқты елді мекендер перспективада Ақтау агломерациясын тарту аймағымен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын болады (3-қосымша).
Ақтау агломерациясының бәсекелес басымдықтарын ескере отырып, ұзақ мерзімді перспективада оны:
1) мыналарды:
мұнай химиясы, химия, машина жасау, металл өңдеу өнеркәсібінің одан әрі қайта жасау өндірісін ұйымдастыру;
мұнай-газ секторына қызмет көрсету бойынша салаларды дамыту (сервистік және көліктік қызмет көрсету);
өндірісті басқарудың халықаралық стандарттарын және өнімнің сапасын бағалау жүйелерін енгізу;
қолданыстағы өндірістерді технологиялық қайта жарақтау; Маңғыстау өңірлік технопаркінің физикалық инфрақұрылымдарын қалыптастыру («ТДӨА» АҚ қатысуымен) арқылы өңірдің индустриялық-инновациялық және мұнай сервистік орталығы;
2) мыналарды:
Ақтау («Ақтау теңіз порты» АЭА) халықаралық теңіз портын қайта жаңғырту және оның базасында халықаралық мултимодальдік көлік-логистикалық орталық құру («Солтүстік-Оңтүстік» және «ТРАСЕКА» халықаралық көлік дәліздерінің қиылысында торап);
Ақтау қаласында және Бейнеу кентінде көлік-логистикалық орталықтарды (КЛО) дамыту;
«Ақтау теңіз порты» АЭА құрылымына трансұлттық өндірістерді және әлемдік брендтермен экспортқа шығарылатын өнімді тарту (мұнай-газ өнеркәсібі, машина жасау және мұнай химиясы саласында);
«Ақтау-Атырау» автомобиль жолын реконструкциялау;
«Форт-Шевченко - Ақтау - Құрық» автомобиль жолын реконструкциялау;
Бейнеу-Жезқазған («Бейнеу - Шалқар» және «Сексеул - Жезқазған» учаскелері) темір жолын салу арқылы болашақ көлік-логистикалық хабы;
3) мыналарды:
халықаралық стандарттар деңгейінде мәдени және туристік инфрақұрылымды дамыту («Кендірлі» курорттық аймағы), өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану,
өңірдің туристік нарығында мәдени және табиғи ескерткіштерді белсенді жылжыту (Бекет ата мешіті, Маңғыстау бор таулары және басқалары) арқылы өңірдің туристік және мәдени орталығы ретінде дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Ұзақ мерзімді перспективаға инженерлік инфрақұрылымдарды жүйелі өзара байланыстыра (үйлестіре) дамыту, ең алдымен инновациялық технологиялар негізінде электрмен және жылумен жабдықтау жобаларын іске асырумен байланысты болады (оның ішінде, 500 кВ «Ақтау - Бейнеу - Құлсары - Атырау - Үлке» және «Бейнеу - Сексеуіл - Жезқазған - Қызылорда - Кентау - Тараз» ЭБЖ).
Сондай-ақ, Ақтау агломерациясы үшін агломерациялар шегінде жүргек рельсті жер үсті көлігін (оның ішінде, қала маңы қатынастарында), бірыңғай қоғамдық көлікті және шағын авияцияны дамыту басым болып танылады.
Ақтау қаласында жедел-құтқару жасағын құру арқылы әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларға уақтылы және жедел ден қою қамтамасыз етілетін болады.
Сондай-ақ, жаңа өрт деполарын салу және қолданыстағы өрт деполарына күрделі жөндеу жүргізу, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және өндірістік маңызы бар объектілерді, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар объектілерді автоматты өрт дабылымен жабдықтау, өртке қарсы су жабдықтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы агломерацияларға тиісті өртке қарсы қорғаныс қамтамасыз етілетін болады.
Көлік және тыныс тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту және орналастыру мекен етудің жайлы қалалық ортасын құруға бағдарланған Ақтау агломерациясын дамытудың қала құрылысын жоспарлау кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Ұтымды қала құрылысы саясатын қамтамасыз ету үшін Ақтау агломерациясы аймақтарының аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, сондай-ақ бар алғышарттар мен тәуекелдерді ескере отырып аумақтарды кешенді бағалау (табиғи және инженерлік-геологиялық жағдайлар, қала құрылысы және шаруашылық қызметтің жоспарлы шектеулерін айқындау, демографиялық даму және еңбек ресурстарының болжамдары) жүргізілетін болады. Ақтау қаласының бас жоспарын іске асыру оның агломерациялық даму перспективаларын ескере отырып іске асырылады.
2-1-міндет. Ауылдық аумақтарды дамыту.
Ауылдық аумақтардың ағымдағы жай-күйін бағалау үшін жергілікті атқарушы органдар АЕМ-нің өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымына мониторингті жүзеге асырады және оның негізінде олардың даму әлеуетін айқындайтын болады.
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді айқындау критерийлерін өңірлік даму саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Ауылдық аумақтарды дамыту бойынша алға қойылған міндеттерге қол жеткізу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) аудан орталықтары мен ТАЕМ-ді дамыту;
2) ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту;
3) даму әлеуеті жоғары және орташа басқа да ауылдық елді мекендерді дамыту;
4) ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін арттыру.
Бірінші бағыт ТАЕМ-ді, сондай-ақ аудан орталықтарын айқындау және жайластыру арқылы ауылдық жерлерде экономикалық өсу орталықтарын құруға бағытталатын болады.
ТАЕМ тізбесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
ТАЕМ-ді және аудан орталықтарын дамыту жеке кешенді даму жоспарларының негізінде жүзеге асырылады, оларда жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін дамыту, тұрғын үй салу, мемлекеттік, қаржылық, сервистік және басқа да көрсетілетін қызметтерді дамыту бойынша шаралар көзделетін болады.
ТАЕМ-ді және аудан орталықтарын кешенді дамыту жоспарларын өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар әзірлейді, олар мынадай құрауыштардан тұрады.
1. ТАЕМ-де экономикалық қызметті дамыту.
Бұл құрауыш ТАЕМ-де өндірістік саланы дамытуға, ауыл шаруашылығы өндірісін және өнеркәсіптік өндірісті тұрақты жүргізу үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге, ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған.
Бірінші құрауыш шеңберінде міндеттерді шешу қала түзуші кәсіпорындарды қалыптастыру, жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жүзеге асырылады.
«Зәкірлік» инвестициялық жобаларды енгізу базалық қала түзуші өндірісті құруға мүмкіндік береді, ол ТАЕМ-нің өндірістік әлеуетін дамытудың негізгі тетігі болып табылады, экономиканы көтеруге, экспорттық әлеуетті ұлғайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
Жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңғырту озық технологияларды, өнімділігі жоғары техниканы, заманауи қондырғыларды, тұқымның жаңа сорттарын және өнімді асыл тұқымды мал басын қолдану есебінен жүзеге асырылатын болады.
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін ТАЕМ-де ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге құқықтық, қаржылық және басқа да қызметтерді көрсету үшін кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылатын болады.
«Зәкірлік» инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау, жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік және салалық бағдарламалардың (Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған Агробизнес-2020 бағдарламасы және басқалары), сондай-ақ облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
2. ТАЕМ-де әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту.
Бұл құрауыш тұтастай алғанда, ТАЕМ-де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен ауылдық жерлерде тұратын халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Инфрақұрылымдық жобалар мыналарды қамтиды:
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін (сумен жабдықтау, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерінің объектілері) салу, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;
2) әлеуметтік-мәдениет объектілерін (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, бос уақыт және демалыс объектілері) салу, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;
3) инженерлік-көліктік инфрақұрылымды (кентішілік және ауылішілік жолдар, кіреберіс жолдар, бөгеттер, тоғандар және көпірлер) салу, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;
4) тұрғын үйлер салу және күрделі жөндеу, авариялық үйлерді бұзу;
5) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, гүлзарларды жарықтандыру мен көгалдандыру, иесіз объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулеттік нысандарды, қоршауларды, балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарын жайластыру).
Инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу мен қаражат бөлуді жергілікті атқарушы органдар дербес жүзеге асырады.
Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру ТАЕМ-ді дамытудың кешенді жоспарында көзделген іс-шараларға сәйкес мемлекеттік және салалық бағдарламалардың (Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы, «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы, 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы, Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы және басқалары) шеңберінде, сондай-ақ жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады.
3. ТАЕМ-де көліктік қолжетімділікті дамыту.
Үшінші құрауыш өткізу және жабдықтау нарықтарына көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ететін облыстық және аудандық маңызы бар, тірек ауылдар мен ТАЕМ-нің тартылыс аймағына кіретін басқа да елді мекендердің арасындағы жолдарды дамытуға бағытталған.
Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының желісін дамыту халықтың ұтқырлығы мен материалдық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, көліктік шығындарды төмендету мен тасымалдауға кететін уақытты азайту есебінен ауыл экономикасының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Автокөлік жолдарын дамыту және олардың техникалық жағдайын нормативтік талаптарға сәйкес келетін деңгейге жеткізу мақсатында мынадай жұмыс түрлері іске асырылатын болады:
1) облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын салу және реконструкциялау.
Бүгінгі күні жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары, әсіресе қалалар мен аудан орталықтарынан алыс орналасқан жолдар негізінен тек қана күрделі, орташа және көбінесе, ағымдағы жөндеу жүргізу есебінен ғана ұсталады. Жалпы пайдаланымдағы жолдар желісінің үштен бір бөлігінің техникалық жай-күйі қанағаттанғысыз және реконструкциялауды қажет етеді;
2) облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу.
Бұл құрауыш іске асырылған жағдайда, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру ТАЕМ-нің қызмет көрсету аясының оңтайлы шеңберінің аймағына кіретін елді мекендердің көліктік қолжетімділігін жақсартуға ғана бағытталатын болады.
Бұл құрауышты мемлекеттік қолдау негізінен Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның, басқа да салалық және өңірлік бағдарламалардың шеңберінде, сондай-ақ жергілікті бюджет пен жеке инвесторлардың қаражатын тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.
4. Мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын дамыту және құру.
Бүгінгі күні мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтары негізінен аудан орталықтары мен қалаларда орналасқан, бұл ауыл халқына, әсіресе шалғай аумақтарда қажетті қызметтерді алуда қиындықтар туғызуда.
Бұл құрауышты іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде, сондай-ақ басқа да көздердің есебінен ТАЕМ-де кепілдендірілген мемлекеттік, әлеуметтік және коммерциялық қызметтерге қолжетімділік мәселесін шешуге мүмкіндік береді, олар өз кезегінде ауылдық елді мекендердің белгілі бір тобына қызмет көрсететін болады.
Бұл құрауышты іске асыру:
1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімдерін, полицияның азаматтық хал актілерін тіркеудің тірек пункттерін және басқаларын ашу арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету орталықтарын дамыту және құру;
2) екінші деңгейдегі банктердің, микрокредиттік ұйымдардың, ауылдық кредиттік серіктестіктердің, сақтандыру компанияларының, нотариустардың, сервистік-дайындау орталықтарының, техникалық қызмет станцияларының және басқалардың бөлімшелерін ашу арқылы қаржыландыру жеке инвесторлардың және басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылатын коммерциялық қызметтерді көрсету орталықтарын дамыту және құру;
3) білім беру (мектеп-интернаттар, кәсіптік мектептер, колледждер), медициналық қызметтер көрсету (ауылдық учаскелік ауруханалар, емханалар, дәрігерлік амбулаториялар), мәдениет және спорт (мәдениет үйлері, спорт және демалыс ұйымдары) салаларында әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын дамыту және құру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Екінші бағыт облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамытуға бағытталатын болады.
Бұл бағытты іске асыру үшін облыстық іс-шаралар жоспарлары әзірленеді, оларда жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау және кеңейту, орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құру, шағын және орта бизнесті, ауылдық инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй салу бойынша шаралар көзделетін болады.
Ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту бойынша облыстық іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде табиғи-климаттық жағдайлар, АЕМ экономикалық бағыты, ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандандырылуы, ауылдық инфрақұрылымның дамығандығы және басқалары ескерілетін болады.
Бұл бағытты мемлекеттік қолдау қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, сондай-ақ облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Үшінші бағыт аудандардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде даму әлеуеті жоғары және орташа басқа да АЕМ-ді дамытуды көздейтін болады.
Бұл бағытты іске асыру үшін аудандық іс-шаралар жоспарлары әзірленеді, оларда жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау және кеңейту, ұсақ тауарлы өндірістерді орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына біріктіру, шағын және орта бизнесті дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымның объектілерін нормативтік қамтамасыз етілуге жеткізу, ауылдық инфрақұрылымды қалыпты жағдайда ұстап тұру бойынша шаралар көзделетін болады.
Аудандық іс-шаралар жоспарларында шаруа (фермер) және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту, дайындау ұйымдарының желісін кеңейту, өткізу нарықтарына дейін көліктік қолжетімділікті жақсарту және басқа да шаралар көзделетін болады.
Бұл бағытты мемлекеттік қолдау қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде, сондай-ақ облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Тірек АЕМ-ді кешенді дамыту жоспарларын, ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарларын өңірлік даму саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін облыстық мәслихаттар бекітетін болады.
Даму әлеуеті жоғары және орташа басқа АЕМ-ді дамыту жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарларын облыстардың және аудандардың аумақтарын дамытудың бағдарламаларына өзгерістер енгізу жолымен, аудандық мәслихаттар бекітетін болады.
АЕМ дамыту жөніндегі кешенді даму жоспарларын және іс-шаралар жоспарларын қаржыландыру кезінде қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларын қаржыландыру тетіктері пайдаланылатын болады. Бұл ретте ауылдық аумақтарды дамыту бойынша барлық бюджеттік инвестициялық жобалар кешенді дамыту жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларына сәйкестігі тұрғысынан өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілуі керек.
Төртінші бағыт ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған.
Бұл бағыт ауылдық жерлерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үймен қамтамасыз ету түрінде мемлекеттік қолдауды көздейді.
Бұл бағытты іске асыру үшін ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала мамандарына көзделген әлеуметтік қолдау шараларын агроөнеркәсіптік кешен мамандарына да қолдану бөлігінде «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады. Олар қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне және ережесіне тұрғын үй салу бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген жас мамандарды жеңілдетілген жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады.
Бұл бағытты мемлекеттік қолдау «Қолжетімді тұрғын үй 2020» салалық бағдарламасының, «Дипломмен ауылға» жобасының және облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
3-міндет. Бәсекеге қабілеттілігін және халықтың экономикалық әлеуеті мен қоныстандыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыру үшін өңірлерді қаржылық қолдау.
Үшінші міндет мына екі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру мен қолдау;
2) Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономикалық дамуына ықпал ету.
Бірінші бағыт агломерацияларды реттелетін дамуы мен тұтастай елдегі урбандалу үдерістері, сондай-ақ ішкі көші-қон ағымдарын реттеу арқылы ұтымды аумақтық ұйымдастыруды және тиімді таратып орналастыру жүйесін қалыптастыру аспектілеріне көбірек бағытталған. Екінші бағыт өңірлердің бәсекеге қабілеттілік әлеуетін жандандыру бойынша міндеттерге тікелей байланысты.
Бағдарламаның қаражаты есебінен қаржылық қолдаудағы басымдық жылдам өсуші және перспективалы, яғни экономикалық дамудың үлкен әлеуеті бар, сондай-ақ халық санының тұрақты өсуіне ие іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларға (бұдан әрі-БИЖ) берілетін болады. Өңірлердің перспективалылығын 2011 жылдың аяғында Қазақстан Республикасындағы қалалардың, аудандар мен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын зерттеу нәтижелерінің негізінде Уәкілетті органның ұсынысы бойынша ВАК айқындайтын болады.
Көрсетілген екі бағыт бойынша қаржыландыру көлемін Уәкілетті орган тең үлесте анықтайды. Бұл ретте, бір бағыт бойынша өтінімдердің жетіспеушілігі мен басқасы бойынша ең үлкен қажеттілік болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағыттары арасында қаражат жедел қайта бөлінуі мүмкін.
Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын БИЖ-дың құны 10,0 млрд. (он миллиард) теңгеден аспауы тиіс («Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерацияларды басым дамыту арқылы өңірлік және әлемдік нарықтармен кіріктірілген ұзақ мерзімді экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру» 2-міндетінің шеңберінде агломерацияларды дамыту жөніндегі жобаларды қоспағанда), іске асыру кезеңі 3 жылдан аспауы тиіс («Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономикалық дамуына жәрдемдесу» деген 2-бағыттың «Өңірлерде мемлекеттік-жеке меншік тетігін енгізу» 3-басымдығын, («Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерацияларды басым дамыту арқылы өңірлік және әлемдік нарықтармен кіріктірілген ұзақ мерзімді экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру» 2-міндетінің шеңберінде агломерацияларды дамыту бойынша жобаларды қоспағанда).
Қаражатты бөлу (жобаларды қаржыландыру) мәлімделген республикалық және/немесе өңірлік басымдықтарға сәйкес, конкурстық негізде және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес қаржыландыру принциптерінде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте, бюджет қаражаты Қазақстан Республикасының тиісті жылға шығыстық міндеттемелері көзделген жобаларды іске асыруға ұсынылмауы мүмкін.
Бірінші бағыт: Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру мен қолдау.
Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу елді мекендердің (аумақтардың) мынадай санаттары үшін жүзеге асырылады:
1) агломерациялар;
2) «екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары);
3) даму әлеуеті жоғары қалалар мен ірі АЕМ;
4) шекара маңындағы аумақтар (жобаларды қарау жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын есепке ала отырып, 2011 жылдан кейін жүзеге асырылатын болады).
«Өсу полюстері» саясатының контекстінде Қазақстан үшін инновациялық өндірістерді қалыптастыру мен дамыту үшін ғылыми, зияткерлік, кадрлық және инфрақұрылымдық әлеуетке ие агломерациялардың дамуын қолдау барынша өз
екті міндеті болып табылады. Сондықтан агломерациялардың дамуын қолдау жөніндегі міндеттер басым және бөлінетін қаражаттың үлкен көлемін талап етеді.
Елді мекендердің жоғарыда көрсетілген санаттарының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін кешенді шешуге бағытталған БИЖ-ді іске асыруда мынадай басымдықтар бойынша мемлекеттік қолдау көрсету көзделеді.
1-басымдық. Көліктік қол жетімділікті арттыру және халықтың «маятникті» еңбек көші-қоны мен тиімді жұмыспен қамтылуы үшін жағдай жасау.
Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға қоныстардың жоғарыда көрсетілген санаттарында іске асырылатын БИЖ жатады:
1) халықтың «маятникті» еңбек көші-қонын қалыптастыру (жәрдемдесу) үшін агломерациялық құрылымдар ішінде жол желілерін дамыту бойынша;
2) облысішілік көлік коммуникацияларын салу мен жаңғырту бойынша.
2-басымдық. Коммуналдық-инженерлік (су құбыры, кәріз, газ-, жылу-, электрмен жабдықтау жүйелері) және әлеуметтік-рекреациялық (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бос уақыт және демалыс объектілері, саябақ және көңіл көтеретін аймақтар) инфрақұрылымдарды дамыту.
Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға қоныстардың жоғарыда көрсетілген санаттарындағы коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органда қаржыландыру басымдығына іріктеуден өткен коммуналдық-инженерлік объектілері (су құбыры, кәріз, газ-, жылу-, электрмен қамтамасыз ету жүйелері) мен әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылымын (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт объектілері, саябақ және көңіл көтеретін аймақтар) салу мен қайта құру бойынша БИЖ жатады.
Жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді Жұмыс органы қарауы кезінде агломерацияларға, екінші деңгейдегі қалаларға, қалалар мен ірі АЕМ-ге көліктің қол жетімділігін арттыруға және оларда коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 1 және 2-басымдықтар бойынша мынадай өлшемдер негізге алына отырып, артықшылық берілетін болады:
1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық әсердің:
бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің үлғаюынан;
жол жүру уақытының қысқаруынан;
қозғалыс жылдамдығының ұлғаюынан;
коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауынан;
жұмыссыздық деңгейін төмендетуде көрсетілген жиынтық мөлшері;
2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;
3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
3-басымдық. Қалалардағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту.
3-басымдық бойынша қаражатты бөлу қалаларда қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және энергия тиімділігін жоғарылату бойынша іске асырылатын, оның ішінде:
1) қалдықтарды тиімді кәдеге жарату бойынша;
2) суды кешенді тазалау бойынша;
3) атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту бойынша;
4) салынатын және қолданыстағы коммуналдық тұрғын үй қорында энергия үнемдеу және экологиялық («жасыл») технологиялар енгізу бойынша БИЖ-ге бағытталатын болады.
Жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді Жұмыс органының қарауы кезінде 3-басымдық бойынша жобаға жоғары баға мынадай өлшемдер негізге алына отырып артықшылық берілетін болады:
1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің жиынтық мөлшері, олар мыналарда көрініс тапқан:
бюджеттік инвестициялық бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының саны;
атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын төмендету пайызы;
ластаушы заттар төгінділерінің деңгейін төмендету;
қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеу үлесін ұлғайту;
энергия үнемдейтін технологиялар енгізу;
өнім өндіру көлемінің өсімі;
бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюы.
2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;
3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
4-басымдық. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту.
Аталған басымдық бойынша қаражат бөлу шекара маңындағы аумақтарда іске асырылатын БИЖ-ге бағытталатын болады.
Бағдарлама шеңберінде:
1) көлік инфрақұрылымды дамытуға;
әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылымды (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бос уақыт және демалыс объектілерін) жақсартуға;
3) бизнес-жоспарларды іске асыру үшін инженерлік инфрақұрылымды (су құбыры, кәріз, газбен-, жылумен-, электрмен жабдықтау, ирригациялық жүйелер) жүргізуге;
4) сауда-сатып алу қызметін дамыту үшін инфрақұрылым құруға қолдау көрсетілетін БИЖ.
Жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді жұмыс органы қараған кезде 4-басымдық бойынша жобаға мынадай өлшемдер негізге алына отырып, артықшылық берілетін болады:
1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық әсердің:
шекара маңындағы аудандарда құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының санында;
шекара маңындағы аудандағы халық санының өсімінде/тұрақтандыруда;
өндіріс көлемінің (ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, қызметтер) өсімінде;
өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында көрсетілген жиынтық мөлшері;
БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;
жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
Екінші бағыт: Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономикалық дамытуға жәрдемдесу.
Өңірдің бәсекеге қабілеттілігі оның аумағындағы экономикалық құрылымдар мен қоныстандыру құрылымдарын қалыптастыру үшін жағдай жасайтын оның сипаттамаларының физика-географиялық және әлеуметтік-экономикалық жиынтықтары ретінде түсіндіріледі. Өңірдің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуші факторлар мыналар: табиғи ресурстардың, білікті мамандардың, дамыған инфрақұрылымның, институционалдық дамудың деңгейінің (мемлекеттің бизнесті дамыту үшін жасайтын жағдайларының) және басқаларының бар болуы. Республиканың индустриялық-инновациялық даму жағдайында бірінші орынға зерттеулер мен технологиялық даму салаларында өңірлердің әлеуетін, инновацияны енгізуші кәсіпорындарды қаржылық қамтамасыз етуді нығайту бойынша мәселелер шығады.
Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті және өңірлердің экономикалық дамуын арттыру мақсатында Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытының басымдықтары мыналарға байланысты болады:
1) туризм саласында индустрияландыру, агроөнеркәсіптік кешеннің (оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне, оның ішінде өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы оларды дайындау және сақтауды ұйымдастыруға бағытталған қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы, оның ішінде көкөніс шаруашылығы саласындағы нақты жобаларды іске асыру жолымен қалалар мен агломерациялар айналасында азық-түлік белдеуін құру бойынша) өңірлік жобалары үшін инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту және өңірлерде инновациялық қызмет пен кәсіпкерлікті ынталандыру;
2) энергияның балама көздерінің инфрақұрылымын дамыту;
3) өңірлерде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) тетігін енгізу;
4) жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау.
l-басымдық. Туризм және кәсіпкерлікті қолдау саласында индустрияландыру, агроөнеркәсіп кешенінің (оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне, оның ішінде, өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы оларды дайындау және сақтауды ұйымдастыруға бағытталған қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы, оның ішінде, көкөніс шаруашылығы саласындағы нақты жобаларды іске асыру жолымен, қалалар мен агломерациялар айналасында азық-түлік белдеуді құру бойынша) өңірлік жобалары үшін өңірлерде инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту.
1-басымдықтың шеңберінде Бағдарлама қаражаты есебінен қаржылық қолдау көрсетуде тез өсетін және перспективалы, яғни даму әлеуеті жоғары, сондай-ақ халық санының өсуі тұрақты өңірлерде іске асырылатын БИЖ-ге артықшылық берілетін болады. Аталған өңірлерде жобаларды іске асыру республика үшін барынша мультипликативті тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға перспективалы бизнес жобаларды, сонымен қатар ескірген өнеркәсіптік инфрақұрылымы бар аймақтарды конверсиялау бойынша БИЖ-ді іске асыру үшін инженерлік-көлік инфрақұрылымын (мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, кәрізді, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, су құбырын, темір жолдың тұйық жерлерін, шағын электр станцияларын, электр беру желілерін, ирригациялық жүйелерді салу және қайта жаңғырту) салу және жүргізу бойынша БИЖ жатады.
Инфрақұрылымды салу мен жүргізу бірнеше бизнес-жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.
Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылым салу және жүргізу бойынша БИЖ-ді қарау кезінде мынадай өлшемдер негізге алына отырып жобаларға артықшылық беріледі:
1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан болатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің, олар:
өңірде құрылған тұрақты/уақытша жұмыс орындарының санында;
өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығын, қызметтер) көлемінің өсуінде; өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында; БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар санында көрініс тапқан мөлшері;
БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;
3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
2-басымдық. Баламалы энергия көздерінің инфрақұрылымын дамыту.
2-бағыт бойынша қаражат бөлу шалғай АЕМ-дерде және туристік рекреациялық әлеуеті бар жерлерде іске асырылатын БИЖ-дерге бағытталатын болады (баламалы энергия көздерінің инфрақұрылымын дамыту).
Бағдарлама шеңберінде:
мынаған:
1) коммуналдық және өндірістік мақсаттарға электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында фермерлік шаруашылықтар (қолданыстағы және жаңадан құрылатын);
2) шалғайдағы энергиямен жабдықтаудың негізгі және/немесе резервті көздері ретінде АЕМ;
3) вахта (уақытша) кенттері;
4) туристік-рекреациялық әлеуеті бар алыс жерлер, үшін жаңартылатын энергия көздерінің бір түрінен көп энергия өндірісі үшін пайдаланылатын гибридті қондырғыларды қоса алғанда, бастапқы жаңартылатын энергия көздерінен (су ағыны, жел, күн және басқа да энергиясы) электр және/немесе жылу энергиясын өндіру үшін қондырғылар сатып алу мен монтаждауға (қоса қаржыландыру түрінде көмек) қолдау көрсетілетін БИЖ.
Жұмыс органының жергілікті атқарушы органдардың 2-бағыт бойынша БИЖ-ді қарауы кезінде мынадай өлшемдерді негізге алына отырып, жобаларға артықшылық беріледі:
1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан болатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің:
өңірде құрылған тұрақты/уақытша жұмыс орындарының санында;
өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер) көлемінің өсуінде;
өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында көрініс тапқан мөлшері;
2) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
3-басымдық.
МЖӘ тетігін өңірлерде енгізу.
1. МЖӘ жобаларын дайындау бойынша консультативтік және техникалық көмек көрсету.
МЖӘ жобаларын дайындау бойынша консультативтік және техникалық көмек көрсету қызметтерін жобалар бойынша концессиялық ұсыныстар және қолданыстағы заңнама шеңберінде МЖӘ жобаларын іске асыруға жергілікті бюджеттер қатысуының қаржылық даярлығы болғанда (мүмкіндігі) экономикалық өсу орталықтары (қалыптасып келе жатқан агломерациялар, екінші деңгейдегі қалалар, қалалар және даму әлеуеті жоғары ірі АЕМ) көрсетеді.
Бағдарламаның осы бағыты шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың және МЖӘ саласындағы бизнес-ортаның білім әлеуеті көтеріледі.
2011 және 2012 жылдары Бағдарлама шеңберінде өңірлерде МЖӘ жобаларын дайындау кезінде консультативтік көмек көрсету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.
2. МЖӘ жобаларын қоса қаржыландыру мүмкіндігі.
МЖӘ жобаларын қоса қаржыландыру экономикалық өсу орталықтарында (қалыптасып келе жатқан агломерациялар, екінші деңгейдегі қалалар, қалалар және даму әлеуеті жоғары ірі АЕМ) әлеуметтік (білім беру және денсаулық сақтау) және коммуналдық-тұрмыстық инфрақұрылым (сумен, жылумен, газбен, кәрізбен қамтамасыз ету жүйесі) объектілерінің құрылысы саласы бойынша көрсетіледі.
МЖӘ жобаларын қаржыландыру тетігі құрылыс салу сатысында жобаларды қоса қаржыландыруға негізделеді.
Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық жобаларды іріктеу тетігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес МЖӘ сипаттайтын негізгі элементтердің бірі жобаларды мемлекет тарапынан қоса қаржыландыру мүмкіндігі болып табылады.
Қазіргі уақытта қызметті қолдау мақсатында концессионерге мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілуі мүмкін, оның ішінде:
1) құрылыс салу сатысында концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
2) егер концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болса, мемлекеттің тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтыну кепілдігі;
3) концессия шартында белгіленген мерзімде және концессия шартының қолданылуы кезеңінде онда айқындалған көлемде концессионердің инвестициялық шығындарының белгілі бір көлеміне өтемақы төлеу.
Жұмыс органының жергілікті атқарушы органдар ұсынған МЖӘ жобаларын қарауы кезінде мынадай өлшемдер негізге алына отырып, жобаларға артықшылық беріледі:
1) жобаны экономикалық өсу орталықтарында (қалыптасып келе жатқан агломерацияларда, екінші деңгейдегі қалаларда, қалалар және әлеуеті жоғары ірі АЕМ-де) іске асыру;
2) мемлекеттік және жеке қаржы көздері арасындағы қоса қаржыландыру арақатынасы;
3) елді мекеннің әлеуметтік және коммуналдық-тұрмыстық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу дәрежесі (тапшылық және/немесе тозуының жоғары болуы);
4) өңірде құрылған тұрақты/уақытша жұмыс орындарының саны;
5) мемлекеттік бюджетке жүктемені қысқарту;
6) жаңа технологиялар енгізу және қызметтердің тұтынушының қажеттіліктеріне барынша нақты бағытталуы;
7) жобаны іске асыру мерзімін қысқарту;
8) тәуекелдердің бір бөлігін жеке секторға беру;
9) қызметтерге тариф деңгейі.
4-басымдық. Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау.
Осы басымдық шеңберінде жобаларды (іс-шараларды) іске асыру экономикалық әлеуеті жоғары және орташа ауылдарда (селоларда) және кенттерде ғана жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау шеңберінде іске асырылатын жобаларды (іс-шараларды) анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеуге халықты тарту жолымен жүзеге асырылатын болады.
Ауыл (село), кент әкімдері оларда ұсыныстар талқыланатын және бірінші кезектілігіне, өзектілігіне негізделе отырып жобаларды (іс-шараларды) іріктеу бойынша (іс-шараларды (жобаларды) «төменнен жоғарыға» іріктеу қағидаты) шешімдер қабылданатын жергілікті қоғамдастықтардың жиналыстарын (жиындарын) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
коммуналдық шаруашылық бойынша 2012 жылы: көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, тұрғын үй қорын сақтау және қоқыстарды әкету, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылыту жүйелерін жөндеу, балалардың ойын алаңдарын орнату;
2013 - 2014 жылдары:
1) білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу;
2) коммуналдық шаруашылық: көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылу жүйелерін жөндеу, балалардың ойын алаңдарын орнату, абаттандыру;
3) көлік коммуникациялары: кентішілік жолдарды және көпірлерді күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;
4) ауыл шаруашылығы: су қоймаларын тазарту, иесіз қалған су техникалық құрылыстарын қалпына келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: |