Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


ВОЛЕЙБОЛДЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ



бет13/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

ВОЛЕЙБОЛДЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

- волейболдың пайда болуы және даму кезеңдері;


- волейболдың КСРО және Ресейде дамуы;
- волейболдың Қазақстанда дамуы.

Волейбол - дүние жүзінің көптеген елдерінде танымал ойын. Алғаш волейболды Америка Құрама Штаттарында ойнай бастады. 1895 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Вильям Морган оқушыларға жаңа ойын ұсынды, оның негізгі идеясы ойыншылар допты қолдарымен ұрып, оны тордың келесі бетіне өткізу. Ол айрықша дайындықты қажет етпейтін, көптеген құрал-жабдықтарға шығын келтірмейтін жай ғана ойын жасағысы келді. Ойынның ағылшын тілінен аудармасы - volley-«қалқып ұру», ball - «доп», «ұшатын доп», - дегенді білдіреді.


Бір болжамда америкалық өрт сөндірушілер екі тіреудің арасына жіпті керіп ол арқылы резеңке камірлерді лақтыра бастады делінген. Ал, басқа болжам бойынша Морган бұл ойынды орта жастағы кәсіпкерлер көпшілікке танымал волейбол ойынын ойнай алмағандықтан ойлап тапқан деп көрсетеді. Ол кезде теннис торы 197 см биіктікте ілулі болды. Алаңға сыйған барлық ойыншылар ойнай алды. Морган бұл ойынды «минтонет» деп атады. 1895 жылы Морган жаңа ойын ережелерін әзірледі.
1897 жылы волейболдың 10 шарты ұсынылды. Оның басты қағидалары төмендегідей:

  • алаңның аумағы белгіленуі тиіс;

  • ойынға қажет құрал-жабдықтар;

  • алаң өлшемі 25х50 фут (7,6х15,1 м);

  • тор өлшемі 2х27 фут (0,61х8,2 м);

  • тордың биіктігі 6,5 фут (198 см);

  • доп-резина камера, тері немесе шүберекпен қапталған,

доптың шеңбері 26-27 дюйм (63,5-68,5 см) салмағы 340 гр.

  • допты ойынға қосу;

  • есеп;

  • егер ойын кезінде доп торға тисе (допты ойынға қосуда емес),

онда қате болып есептелді.

  • егер доп сызыққа түссе, ол қате болып есептелді.

1897 жылы ойынның спорттық ережелері әзірленді, олар бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылды. Күрделі де қымбат құрал-жабдықтарды қажет етпейтін қарапайым ойын - Жапонияда, Қытайда, Филиппинде, кейінірек Еуропа елдерінде өте тез таралды.
Негізінен волейболдың тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да біздің заманға дейін III ғасырда волейбол сияқты «фаустбол» ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 кезеңге созылған.
Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан - Вильям Морган.
Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны
Спрингфилде (АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.
Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.
1900 ж. – әр кезең команда 21 ұпай жинаған кезде аяқталады деп есептелінді, тордың биіктігі 7 фут (213 см). Сызық алаңның бөлігі болып табылды.
1912 ж. – алаңның өлшемі 35×60 фут (10,6×18,2 м); тордың биіктігі 7,5 фут (22 см); алаңның ені 3 фут (91см). Доп ойынға қосуды жоғалтқаннан кейін ойыншылар ауысады.
1917 ж. – тордың биіктігі 8 фут (243 см); әр кезең 15 ұпайға дейін жалғасты.
1918 ж. – команда ойыншыларының саны 6 ойыншымен шектелді.
1921 ж. – ортадағы сызық енгізілді.
1922 ж. – әр команданың ойыншысына тек үш доптан соққыға рұқсат етілді; доп шеңбері 66-69 см; доп салмағы 275-285 гр; алаң 9×18 м.
1923 ж. – алаңның аумағы 30×60 фут (9,1 м × 18,2 м). Есепте 14:14 ұпаймен тең түсіп, 2 ұпайды артық жинаған командаға жеңіс берілді.
1924 ж. – волейболдан көрсетілім кездесулері Парижде өткен VIIІ олимпиадалық ойындар кезеңінде болды. Сол кезде АҚШ-тың волейбол ассоциациясы волейболды олимпиядалық ойын түрінде қабылдауды бастама ретінде ұсынды.
1925 ж. - доптың салмағы 275-285 гр. Алаңның өлшемі 18×9 м. Жарыстарды өткізу кезеңінде залдағы төбенің биіктігі 4,5 м кем болмауы керек. Допты ойынға қосу орны анықталған: квадрат өлшеммен 1×1 м, тұтас оң бөліктегі беткі сызық. Тордың ені 9,9 м кішірейтілген, дифференциалданған тордың биіктігі: әйелдер үшін 2,3 м, ерлер үшін 2,4 м. Алаңдағы команда құрамы 5 адамнан тұрады; бір ойынның ұзақтығы-3 кезеңнен. Үшінші кезең алдында 10 минут үзіліс енгізілді.
1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдарында волейбол ойынынан репортаждар беріле бастады. Мысалы: 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругвайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Югославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.
1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейбол добын жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық «Mikasa» корпорациясы мен ағылшындық «Molten», «Wilson» фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 1920 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде бейресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасы қатысқан Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин елдері қатысты.
1913 жылы Манилада Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған. Соғыс аяқталған соң волейболмен айналысатындардың саны айтарлықтай көбейді. Волейбол ойынымен оқушылар, ерлер және әр жастағы әйелдер жағажайда, демалыс орындарында және де басқа орындарда уақыт өткізу үшін ойнайтын болды.
Осы жылдардан бастап волейбол ойынының ауқымы және танымалдылығы арта бастады, оның ережелері өзгерістерге еніп, кемеліне жетті:
1921 жылы Қиыр Шығыста ерлер командалары арасында өткен чемпионат алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді.
Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.
Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамалары арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы Олимпиядалық Ұлттық Комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиядалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар, біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті.
Жылдан жылға волейбол ойынының аясы кеңейіп халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды.
1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командалары Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті.
1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды. Алайда, Берлинде өтуі тиіс олимпиядалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда өткізілді.
1947 жылдың 18-20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Бельгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругвай, Франция, Чехословакия және Югославия) «Federation Internationale de Volleyball» (FIVB-ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді. 1980 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатары 156-ға өсті.
Әр жылдары волейболдың ережелерімен қатар техникасы мен тактикасы да өзгеріп отырды. Алғашында волейбол жәй көңіл көтеру ойыны болды. «Ұшатын доп» атауы толығымен ойынға сәйкес болды. Доп ұзақ уақыт ауада қалықтайтын. Тіпті, ойыншының әлсіз техникасыменде олардың көп көлеміменде допты бос орынға түсіру қиынға соғатын. Бірақ та бірте-бірте допты тор арқылы түсіру амалдары шыға бастады.
1921-1928 жылдары ойынны4 негізгі ережелері айқындалып, техникалық әдіс-айлалар белгілі нысанға келе бастады (допты ойынға қосу, беру, шабуылдаушы соққы, тосқауыл). Ойын тактикасының негіздері туындады,
Волейболдың бұл даму барысында допты ойынға қосу, беру, қабылдау әдісі болған, енді шабуыл құралы ретінде пайдалана бастады.
Ойын тактикасы жинақтала бастады, біртіндеп ойын арнайы ойыншының қажеттілігіне айналды.
1929-1939 жылдары ойынның техникасы мен тактикасы қарқынды дамыды. Топтық тосқауыл қою пайда болды, ол біртіндеп шабуылдаушы соққыға қарсы қолданылды. Бұл, өз кезегінде шабуылдаушы соққының дамуына әсер етті. Күшті шабуылшы және алдамшы соққы қолданыла бастады.
Волейбол ұжымдық ойынға айнала бастады. Бұл ойыншылардың алаңда орналасуына, шабуылдаушы және қорғаушы ұйымына әсер етті.
1934 жылы халықаралық жиналыс кезінде Стокгольм спорт федерациясының өкілдері волейбол ойынының комиссия тобын құруды ұсынды. Бұл ұсыныс Берлиндегі ХІ Олимпиада ойындары кезінде қабылданды. Ең алғашқы комиссияның өкілі ретінде Польша Федерациясының төрағасы Равич Мословский болды. Комиссия қатарына 13 еуропалық елдер, америка континентінен 5 ел және азия елдерінен 4 ел енді. Негізі ретінде америкалық ережелер бірнеше өзгертулермен енгізілді. Допты белге дейінгі денеге ұруға рұқсат етілді.
1935 ж. – тордың ұзындығы 2,45, ал әйелдер үшін-2,25 м дейін биіктетілді.
1937 ж. «Шабуыл сызығы» енгізілді, бұл ойыншыларды алдыңғы және артқы шептерге бөлді. Ойыншылардың жейделеріне нөмірлер енгізілді.
1940 ж. – допқа қарсылас жағында жанауға тиым салынды.
1946 ж. - қолданысқа алғашқы халықаралық ережелер енгізілді.
1947 ж. - ерлер арасындағы сайыс 5 кезеңге дейін өткізілді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияда, Чехословакия және Польшада техникалық комиссия құрылды. 1947 ж. Праижде ең алғаш волейбол конгресі өтті. Бұл конгресте 14 елдің өкілі болды. Конгресс халықаралық волейбол федерациясының құрылуы туралы шешім қабылдады. Оның басшылығына Поль Либо (Франция) сайланды.
1948 жылы Рим қаласында волейбол ойынының тарихында ең алғаш рет ерлер арасындағы Еуропа біріншілігі өтті, біріншілікке 6 ел қатысты. Бірінші орынды Чехословакия құрама командасы иемденді.
1948-1968 жылдары волейбол ойыны бүкіл әлемде өте қарқынды дамыды. Халықаралық федерацияның қолдауымен Еуропа мен Әлем біріншілігі, Еуропа біріншілінің кубогы өткізілді.
1949 ж. әр кезеңде 3 минуттық үзіліс алуға және топтық тосқауыл қоюға рұқсат етілді. Прагада алғашқы ерлер арасындағы Әлем біріншілігі мен әйелдер арасындағы Еуропа біріншілігі өтті.
1950 ж. ерлер және әйелдер жарысы 5 кезеңнен өткізіле бастады.
1951 ж. допты ойынға қосу орындалғаннан кейін алаңдағы ойыншылардың орын ауыстыруларына рұқсат берілді.
1952 ж. минуттық үзіліс саны әр кезеңде екіге дейін қысқартылды.
1954 ж. Халықаралық Олимпиядалық комитеті волейбол ойынын олимпиядалық ойын түрі деп жариялады.
1956 ж. үзіліс уақыты немесе ойыншының ауысуы 30 секундқа, бір командада бір кезеңде ойыншылар ауыстыру саны 4 ке дейін қысқартылды.
1957 ж. волейбол ойыны барысында көптеген тоқтатулар ойынның танымалдылығын жоғалта бастады, сондықтан, ауысу саны шектеулі болды; уақыт қысқартылды. Одан әрі, ойын ережелерін өзгерту тек төрт жыл сайын ғана жүзеге асатын болды.
Волейболды танымал ету мақсатында бірнеше елдер волейболды жеңілдетілген түрде өткізді. Жапонияда «азиялық» ережелермен жарыстар өткізілді: төмен тормен (2 м әйелдер, 2,3 ерлер), кеңейтілген алаң көлемінде (21х10,5 командада ойыншылар саны 9, орын ауыстырмай). АҚШ пен Бразилияда «жағажай» чемпионаты танымал болды. 2-3 ойыншы олимпиядалық жүйемен кішірейтілген алаңда ойнайды. Ойын бір кезеңнен тұрады. Финляндия мен Жапонияда 40 жастан жоғарылар үшін «ардагерлер» чемпионаты өткізілді.
Көптеген елдерде балалар-жасөспірімдерге арналған шағын волейбол өте танымал болды. Ол халықаралық өлшемдерге сәйкес емес, елдің ерекшелігіне байлынысты болды. Жапония, Испания, Бразилия және АҚШ-та шағын волейбол қарқынды дамыды. Кеңес Одағы жаттықтырушыларының көмегімен шағын волейбол Таяу Шығыс (Кувейт және т.б.) елдерінде дами бастады.
Бұл ойынды балалар көлемі кішірейтілган алаңдарда жеңілдетілген ережелер арқылы ойнады.
Бір уақыттары АҚШ-та кәсіби волейболшылар лигасы жұмыс істеді. ФИВБ ол лиганы мойындамай, басқа елдердің командаларына олармен байланыс жасауына қарсы болды. Кәсіби лигада аралас ойыншылармен (команда құрамы 4 ер және 2 әйел) ойнауға, түрлі-түсті доптармен, ойыншылардың орын ауысуынсыз ойнауына, доппен екі рет ойнауға, допты аяқпен қабылдауға рұқсат етілді. Қазіргі таңда бұл лига тарап кетті.
1957 жылы ХОК-нің 53-сессиясында волейбол Олимпиядалық спорт түрі болып жарияланды. 58-сессияда ХОК Токиода өткен ХVІІІ Олимпиада ойындарының бағдарламасына бірінші рет волейболды енгізді.
1965 жылдан бастап келесі кезекпен волейболдан ірі халықаралық жарыстар өткізіле бастады: Әлем Кубогы, келесі жылы Әлем біріншілігі, сосын Еуропа біріншілігі және соңынан Олимпиядалық ойындар. Сонымен қатар, әрбір жыл сайын қандайда бір ресми жарыстар өткізіліп тұрды. 1975 жылдан бастап Еуропа біріншілігі екі жылда бір рет өткізілді.
1966 жылы жарыстарды өткізетін залдардың төбесі 7,5 м дейін биіктетілді. Допты ойынға қосу аймағы 2 м кем болмауы тиіс болды.
1974 жылы залдың төбесі 9 м, допты ойынға қосатын аймақ 8 м дейін ұзартылды. Төреші карточкасы енгізілді: сары (ескерту) және қызыл (шеттету).
1978 жылы антенналар арасындағы қашықтық 9 м құрады.
1980 жылы «допты ойынға қосу аймағы», «бос аймақ», «ойыншылар ауыстыратын аймақ», «ойын алаңы», «алаң». Төреші құжаттарының жаңа үлгісі: ойын хаттамасы, ойыншылардың алаңдағы орнын белгілейтін қағаз және т.б. қолданысқа енгізілді.
1984 жылы 37 жыл үзіліссіз ФИВБ президенті болған Поль Либо қызметтен босады. ФИВБ жаңа президенті болып Рубен Акоста (Мексика) сайланды. Осы жылдары допты ойынға қосу кезінде оған тосқауыл қоюға тиым салынды.
1990 жылдан бастап жыл сайын волейболдан «Әлемдік лига» жарысын өткізу қолға алынды.
1993 жылдан әйелдер арасында әлемдік «Грант-при» жарысы өткізілуде.
Осы жылы ХОК жағажай волейболын олимпиядалық спорт түрі деп жариялады.
1999 жылы ұпай саны жүйесі өзгеріп, әрбір кезең 25 ұпайға дейін ойнатылды. Шешуші 5-ші кезең 15 ұпайға дейін ойнатылып 2 ұпай басымдылығымен жеңген команда жеңіске жетті.
Осы жылы «либеро» қорғаныс қызметі ойынға енгізілді.
2000 жылы допты ойынға қосу уақыты 8 секундқа шектелді.
1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан Республикасында да балалар мен жасөспірімдер волейболына үлкен көңіл бөлініп келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет