Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет16/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

2. Волейбол ойын техникасы

Ойынның қажет тәсілдерін орындау оның техникасын әбден меңгерген жағдайда ғана мүмкін. Волейболдың өзіндік ерекшелігі, бірде-бір тәсілді бөлек орындауға болмайды, өйткені ол командадағы серіктерімен, немесе қарсыласпен орындалатын басқа тәсілдермен байланысты.


Волейбол ойыны техникасы екі бөлімге бөлінеді: Шабуыл техникасына жататындар: тастау, беру, шабуыл, соққы. Қорғану техникасына - допты қабылдау мен тосқауылдау. Волейболда шабуыл мен қорғану қозғалысы бірдей алайда кейбір өзіндік ерекшелігі бар, ол ойыншы тұрысының төмен не жоғары қалпы.
Қозғалу техникасы – қозғалу, жүру, жүгіру, аттап түсу, секіру түрінде орындалады. Алайда ойынның қандай болмасын тәсілін орындалмас бұрын, волейболшы қажет қимылды дер кезінде орындауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін белгілі тұрыс не қалып қабылдауға тиіс.
Аяқтың тізе және жамбас сан буындарында бүгілу дәрежесіне қарай тұрыстың үш түрі бар: жоғары, орта және төмен. Белгілі тұрыста, волейболшы қозғалмай тұрады немесе бір жағынан екінші жағына ауысып аздап қозғалады. Допты ойынға қосуға дайындалған ойыншы тұрысы мен тосқауылға дайындалған ойыншы тұрысында айырмашылық болады.
Жүру әдетте кәдімгі, қос адымды, иіліп және қосымша адыммен орындалады. Жүгіруге жылдам жүгіру және тоқтап бағытты күрт өзгерту тән. Мұнда жанынан құлап бара жатқан допты ұстау үшін, волейболшы аттап түседі. Қозғалыстың ең жылдам әдісі шағын қашықтыққа секіру болып табылады, ол көбіне қорғану әрекеттерде қолданылады.
Допты ойынға қосу. Волейболдағы допты ойынға қосу түрлері: төменнен, жоғарыдан және бүйірден, жоғары тіке секіріп.
Төменнен тіке ойынға қосуда ойыншы торға бетін беріп тұрады, аяқтарының тізе буындары бүгілген, сол аяғы алда, дене салмағы артқы аяғына түседі. Шынтағы бүгілген сол қол саусақтары допты төмен жағынан ұсталады. Оң қолы сермеуге кері қайтарылады, доп созылған қол қашықтығына жоғары-алға лақтырылады. Соққы шамамен бел деңгейінде оң қолдың қарсы қозғалысымен төмен-алға орындалады. Соққыдан соң қол тастау бағытына қозғалады, аяқ пен кеуде тіктеледі.
Төменнен тіке ойынға қосуға ұқсас төмен бүйірден беру орындалады, айырмасы, ойыншы торға бүйірімен орналасады да, соққы бүйірде орындалады.
Доп ұшудың жоғары траекториясымен тастаудың өзгешелігі, сермеу тірекке перпендикуляр жазықтықта орындалады, лақтыратын қол төмен-кері сермеледі, ал допты ұру төменнен күрт және тез қимылмен, тордан алыс доп жартысына алақанның қырымен, соққыдан соң алға-артқа айналатындай орындалады. Бұл допты ойынға қосу төбесі биік спорт залдары немесе ашық алаңдарда жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет