Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет83/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Ептілік дене сапасы – жағдайдың өзгеру талабына байланысты белгіленген әрекеттің бірінен екіншісіне көшудегі дәл қимыл-қозғалысқа бейімделуі, оларды өзгерту және бақылай білу.
Икемділік дене сапасы – адамның атқару қызметі қасиетінің дене сапасының негізгі ерекшелігінен өзгешелігі оның қимыл-қозғалыс мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық белгісі.
Тор – көптеген спорт түрлерінен жаттығулар мен жарыстар өткізуге қажетті алаң жабдығының бір бөлігі.
Тыныс алу жаттығулары – тыныс алу мүшелерін дамытуға арналған гимнастикалық арнайы жаттығулардың түрі.
Ұпайспорт ойындарында, сайыста басқа да спорт түрлерінде бәсекенің барысын көрсетіп отыратын шартты баға.
Шағымдану – жарысқа қатысушы команда өкілінің немесе жаттықтырушының спортшылардың, команданың, ресми адамдардың (төрешілер, басқа да команда өкілдерінің т.б.) жарыс ережесін бұзғандығы жайлы ауызша немесе жазбаша мәлімдемесі.
1. Мұқаба (сыртқы беті). Бұл бетте ғылыми мекеменің атауы, жұмыстың қай жерде орындалғандығы, жұмыстың авторының аты-жөні, тегі, жұмысты жазған жылы және қаласы көрсетіледі. Осы бетте ғылыми жетекшінің немесе кеңесшінің аты-жөні, тегі ғылыми дәрежесімен бірге көрсетіліп жазылады.
2. Мазмұны. Оны кеңінен көрсеткен дұрыс. Жұмыс бөлімдері, бөлімдер бойынша тақырыптары, реттік нөмірлер, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшаларды қамтиды.
3. Кіріспе бөлім. Мұнда тақырыптың өзекті мәселелері, ғылыми жаңашылдығы, практикалық және теориялық маңызы, негізгі қағидалары, зерттеу әдістері, зерттеу объектісі көрсетіледі.
4. І тарау. Отандық және шетел ғалымдарының зерттеу жұмыстарына шолу беріледі, тақырыптың тарихи, сандық талдауы баяндалады, автордың жеке пікірі айтылады, ашылмаған сұрақтар анықталады. Жұмыстың бұл бөлімі тәжірибе мен қазіргі кездегі тактиканы талдап қорыту мен зерттелуі негізінде құралады.
ІІ тарау. Педагогикалық тәжірибелер, фактыға негізделген материалдар, кестелер, суреттер, сызбалар анық және қысқа баяндалады. Зерттеу нәтижелерін баяндай отырып, алынған мәліметтермен тығыз байланыстырып, оларды түсіндіру және дәлелдеу қажет.
5. Қорытынды – тұжырымнан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген объекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.
Ғылыми құнды болып табылатын жұмыстар ғылыми журналдарда мақала түрінде басылып шығарылады.
Ғылыми мақала (5-10 бет көлемінде) – зерттеудің мазмұны, негізгі нәтижелері баяндалады (жаңалығы, тәжірибелік ұсыныстар, қорытындылар).
Тезистер – зерттеудің нәтижелерін, әдістерін, мазмұнын қысқаша баяндау. Соңында қорытындысы беріледі. Тезистер көлемі 2-3 бетті құрайды.
Реферат – берілген тақырып бойынша негізгі мазмұн мен мәліметтерді қысқаша баяндау (көлемі 10-15 бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет