Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


Жеребе – спорттық жарыстың ережесіне сәйкес, жарысқа шығушылардың өз кезегін анықтайтын шара. Төреші ишараты



бет81/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Жеребе – спорттық жарыстың ережесіне сәйкес, жарысқа шығушылардың өз кезегін анықтайтын шара.
Төреші ишараты – төрешінің жарыс тәртібіне байланысты екі қолымен белгі беру тәсілі.
Ойыншы ауыстыру – командалық ойын барысында бапкердің өз ойыншыларын дер кезінде алмастырып отыруы.
Ескерту – спортшылардың ойын барысында жарыс ережесін бұзуына байланысты төрешілер тарапынан ескерту жасауы.
Жаттығу сабағы – спортшылардың оқу-жаттығу сабағы. Оқу-жаттығу сабағын бапкерлер таңдап алған әдістеме бойынша ұйымдастырып, белгілі бір жаттығу тәсілін меңгертуге арналады.
Хаттама жазу – спортшылардың жаттығу көрсетуі барысын қағазға дер кезінде түсіріп отыру және ұпай санын да жазып жинақтау.
Қорғаныс – спорттың командалық және жекпе-жек түрлеріндегі қарсыластарына нәтижелі шабуыл жасауына жол бермеуге арналған қимыл-қозғалыстар жиынтығы.
Капитан – командалық спорт жарыстарына қатынасушы команда басшысы. Команда басшысы ойын барысындағы команда мүшелеріне ақыл-кеңес беріп, ойынның барлық кезеңін назардан тыс қалдырмайды, бапкермен үздіксіз байланыста болады.
Либеро – волейбол ойыны кезінде еркін жүретін қорғаушы.
Көшбасшы – команда құрамындағы басты тұлға, команда ұйтқысы, шеберлігі, көрегендігі және адамгершілігімен танымал бедел иесі.
Тайм-Аут – спорт ойындарының барысындағы кезектен тыс үзіліс. Бұл көбінесе команда бапкерлерінің өтініші бойынша жасалатын үзіліс. Мұндай үзіліс кезінде ойыншыларға ойын барысында қандай тәсіл пайдалану керектігі туралы нақты нұсқау беріледі.
Тактика – спорт жарысында жеңіске жетудің алдын ала жасаған жоспары, ұқыптылықпен сараланған әдіс-тәсіл. Жарысқа қатысушылардың алдын-ала дайындығы болашақ қарсылас туралы егжей-тегжейлі мәліметтерден басталады. Әрбір спорт түріне жарыс ережесіне байланысты, жеке спортшылар ой есебінен өткізілуі шарт. Ал бапкер жарыс барысында өз шәкіртінің әркет үстіндегі қимыл-қозғалыста, өзгеріс енгізуінде жадында сақтауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет