Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


Айналма жүйеге арналған ойын кестесі



бет24/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Айналма жүйеге арналған ойын кестесі


3-4 командаға арналған

1-күн

2-күн

3-күн

1 – (4)

(4)-3

2 – (4)

2-3

1-2

3-1



5-6 командаға арналған

1-күн

2-күн

3-күн

4-күн

5-күн

1 – (6)

(6) – 4

2-(6)

(6) – 5

3 – (6)

2 – 5

5-3

3-1

1 – 4

4 – 2

3-4

1-2

4-5

2-3

5-1



7-8 командаға арналған

1-күн

2-күн

3-күн

4-күн

5-күн

6-күн

7-күн

1 – (8)

(8)-5

2 – (8)

(8)-6

3 – (8)

(8)-7

4 – (8)

2-7

6-4

3-1

7-5

4-2

1-6

5-3

3-6

7-3

4-7

1-4

5-1

2-5

6-2

4-5

1-2

5-6

2-3

6-7

3-4

7-1



9-10 командаға арналған

1-күн

2-күн

3-күн

4-күн

5-күн

6-күн

7-күн

8-күн

9-күн

1-(10)

(10)-6

2-(10)

(10)-7

3-(10)

(10)-7

4-(10)

(10)-9

5-(10)

2-9

7-5

3-1

8-6

4-2

9-7

5-3

1-8

6-4

3-8

8-4

4-9

9-5

5-1

1-6

6-2

2-7

7-3

4-7

9-3

5-8

1-4

6-9

2-5

7-1

3-6

8-2

5-6

1-2

6-7

2-3

7-8

3-4

8-9

4-5

9-1

Ойыннан шығып қалу амалы көптеген үміткерлер арасынан бір-екі үздік команданы анықтап шығару үшін қолданылады. Бұл амалдың қолайсыз жағы барлық қатысушы командалардың орнын анықтау мүмкін еместігін, себебі, олар бір рет жеңілгеннен кейін жарыстан шығарылып отырады.


Ойыннан шығару кестесін жасаудың өзіндік қиындығы бар. Жартылай финалда 4, ал финалда 2 команда қалу үшін І-ІІ турларда неше команда ойнау керектігін анықтап алу қажет. Егер 4, 8, 10, 32 команда ұсыныс берсе, онда олардың барлығы ойынды І турда бастайды.
Топтық амалы - көп команда ұсыныс бергенде қолданылады және айналма амал мен жарыстан шығып қалу амалының әртүрлі сатысындағы әртүрлі нұсқаларын біріктіріп отырады. Амалдар нақты жағдайларда таңдалынады. Командалар санына қарай 2-3-4-5 топқа бөлінеді. Әр топтан жеңімпаз командалар жартылай ақтық және ақтық ойындар өткізеді.

үлгі
Волейболдан 9-11 сыныптар арасында өткізілетін


жарыстың ойын кестесі

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

9 «а» сынып

9 «б» сынып

10 «а» сынып

10 «б» сынып

11 «а» сынып

11 «в» сынып

10 «в» сынып

9 «в» сынып

11 «б» сынып



20.04.2014

15.00

-

9 «а»

-

10 «б»

15.20

-

9 «б»

-

11 «а»

15.40

-

10 «а»

-

11 «в»

16.00

-

9 «а»

-

10 «в»

16.20

-

9 «б»

-

9 «в»

16.40

-

10 «а»

-

11 «б»



21.04.2014

15.00

-

10 «б»

-

10 «в»

15.20

-

11 «а»

-

9 «в»

15.40

-

11 «в»

-

11 «б»

16.00

-

7-9 орын

-




16.20

-

4-6 орын

-




16.40

-

1-3 орын

-






22.04.2014

15.00

-

7-9 орын

-




15.20

-

4-6 орын

-




15.40

-

1-3 орын

-




16.00

-

7-9 орын

-




16.20

-

4-6 орын

-




16.40

-

1-3 орын

-




Бас төреші:
Бас хатшы:

үлгі
Волейболдан ойын нәтижелерінің кестесі


І топ





Команда-
лар

1

2

3

Доп айырмасы

Ұпай саны

Орындар

1

9 «б»
сынып

х

25:2
2

25:23
2

50-43

4

І

2

11 «а» сынып

20:25
1

х

25:18
2

45-43

3

ІІ

3

9 «а»
сынып

23:25
1

18:25
1

х

41-50

2

ІІІ



ІІ топ





Команда-
лар

1

2

3

Доп айырмасы

Ұпай
саны

Орындар

1

10 «а» сынып

х

25:15
2

25:22
2

50-37

4

І

2

11 «б» сынып

15:25
1

х

26:24
2

41-49

3

ІІ

3

9 «в» сынып

22:25
1

24:26
1

х

46-51

2

ІІІ



ІІІ топ





Командалар

1

2

3

Доп айырмасы

Ұпай
саны

Орындар

1

10 «в» сынып

х

25:19
2

29:27
2

54-46

4

І

2

10 «б» сынып

19:25
1

х

18:25
1

37-50

2

ІІІ

3

11 «в» сынып

27:29
1

25:18
2

х

52-47

3

ІІ

Бас төреші:
Бас хатшы:

Жарыс құжаттары
Әрбір жарыс аяқталған соң, спорт клубына, дене тәрбиесі ұжымының кеңесіне бас төрешінің жазбаша түрде есебі тапсырылады. Бұл есепте мынадай құжаттар болуы керек:
- жарыс туралы мәліметтер, олардың өту мерзімі мен орны, қатысушы командалар көрсетілген афиша;
- командалар кездесуі тәртібі мен ойын уақыты белгіленген ойын күнтізбесі;
- жарыс кестесі, лақтырылған және жіберілген доптар саны, жинақталған ұпайдың жалпы саны және командалардың алған орны;
- ойын хаттамалары;
- әр ойыншыға дәрігер берген рұқсат қағаздары толықтырылған командалардың жарысқа қатысу жөніндегі тапсырыстары;
- төрешілер алқасы жұмысын бағалайтын табель;
- жеңіс сандары мен жеңілген командалар квалификациясы көрсетілген жарысқа қатысушылардың анықтама қағазы.
- дәрігер мен коменданттың жұмыс есебі.
Жарысты өткізудегі ең жақсы сәт – «ең нәтижелі ойыншыны», «ең үздік үйлестіруші», «үздік шабуылшы», «үздік қорғаушы», «үздік либероны» анықтау болып есептеледі. Бұл волейболшыға спорттық шеберлігі мен ойын сапасын арттыруда ынта-жігер туғызады.


5. Мектепте спорт ойындары бойынша үйірме жұмысын жоспарлау әдістемесі

- спорт үйірмесін ұйымдастыру және жоспарлау;
- сабақ өткізу әдістері;
- сабақ жоспарын жазу;
- оқыту қағидалары;
- ойын әдістерін үйрету құрылымы.

Спорттық ойындар бойынша үйірмелер мен дене дайындығы топтарының сабақтары оқушыларға дәне тәрбиесі мен спорттық ойындардың біріне қатысуды міндет етіп қояды. Бұл денсаулықты нығайту, дене даярлығы мен дене қабілеттерді дамыту, спорттық-техникалық дайындықты қамтамасыз етеді. Үйріме жетекшісі үйірмеге қатысушылардың есебін, үлгірімін, үгіт-насихат жұмыстарын, жарыстарды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Оқу-жаттығу сабақтарының ұзақтығы 60 минуттан 90 минутқа дейін болады. Спорт үйірмесіне әрбір қатысушы дәрігер рұқсатын алуы тиіс және дәрігерлік тексеруден өтуі керек. Жұмыс бағдарламасына теориялық, техникалық, тактикалық дайындық жұмыстарына уақыт бөлініп, жылына екі рет арнайы дене тәрбиесі және техникалық даярлық сынағы жүргізіледі. Үйірме жұмысының құрамдас бөлімі болып үй тапсырмасы саналады. Үй тапсырмасы бағдарламаның міндетті талабы болып табылады. Үй тапсырмасының мазмұнына спорт ойындарын меңгеру, қозғалыс қасиеттерінің даму бағытындағы жұмыстар енгізіледі. Теориялық мәліметтер, өз бетінше жұмыс істеу икемділігі үй тапсырмасын сауатты орындауға мүмкіндік береді. Оны әртүрлі кезеңге жоспарлауға болады: аптаға, тоқсанға, демалыс уақытына, т.б.


Спорттық ұжым және оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі.
Спорттық ұжым – жеке тұлғаны тәрбиелеудегі басты құрал болып табылады. Оқушыны ерік-жігер қасиеттерге тәрбиелей отырып, мұғалім оның жан-жақты дамуына әсерін тигізеді. Егер бала спорт сабақтарына қызығушылығын танытса, бұл оның дамуын, басқа сабақтарға белсенділігін арттыруға көмектеседі. Мұнда маңызды рөлді жеке тұлға атқарады. Тәрбие жұмысы педагогтың негізгі қызметі болып табылады. Сонымен қатар, мұғалім сезімтал және педагогикалық шеберлігі жоғары болуы тиіс. Жас спортшылардың жақсы қасиетін ашып, жағымсыз әдеттерін жоюға көмектесу керек. Спорттық ұжымның жұмыс жүйесі дидактикалық қағидалар негізінде құрылуы тиіс. Тәрбие үдерісінде ұжымның әр мүшесінің зерделі, сенімді болуын қамтамасыз ету керек және оларға әсер ететін нақты формаларды анықтап алу маңызды. Сондықтан да, жеке тұлға ешқашан бір уақытта дамымайтынын ескеру қажет. Спорттық ұжым оның мүшелерінің белсенді өмірлік орны болуын қалыптастырады. Спорт пен қоғамдық жұмыстың үндесуі жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етеді, қоғамдық өмірге дайындайды, қоғамның ерік-жігер талаптарын мойындайды. Спортпен белсенді айналысқан оқушы қоғамдық жұмыста да белсенділігін көрсетсе, көпшіл, жауапкершілігі мол, белсенді, т.б. жақсы қасиеттерді бойына жинай алады. Оқушының мінез-құлқына спорт маңызды әсерін тигізеді.
Спорттық ұжым нақты мақсаттар мен міндеттерді біріктіреді. Ұжымның әр мүшесі өз іс-әрекетін бағалауға, сынға дұрыс қарауға, ұжымның мүддесіне бағынуға тиісті.
Бастапқы кезеңде балаларды қызықтыру маңызды болып табылады, бұл үшін мақсат-міндеттер ұжымның қалыптасуына лайық болуы тиіс. Ұжымдағы ахуал жеке тұлғаның қалыптасуы мен тәртіптің реттелуіне әсерін тигізеді. Спорт жарыстарына дайындық оқу-жаттығу үдерісіне әсер етеді, спортшылардың жұмысын белсенді етеді, шығармашылыққа, бастамашылдыққа жетелейді. Жарысқа қатысу әр қатысушының өзін көрсетуге, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге, қарсылас болуға, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелейді. Жарыстардың эмоционалдық факторы ұжымға және жеке қатысушыға, олардың спорттық-техникалық икемін меңгеруге жағдай туғызады. Жарысқа ұжыммен қатысу – бұл адами қасиеттерді тексеру болып табылады. Спорттық бақталастықта қатысушылар мен ұжымның жағымды және жағымсыз қасиеттері мен іс-әрекеттері байқалады. Жетекші мұның барлығын келешектегі жұмысында ескеруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет