ІІІ. Қорытынды бөлім 4-5 минут
|
Спорт залда жай жүгіру, жалпы сапқа тұру.
|
1′
|
Еркін тыныс алу жаттығуларын орындау.
|
|
Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау.
|
2′
|
Үлгерімдеріне қарай оқушыларға жалпы және жеке тапсырмалар беру.
|
|
Үйге тапсырма. Ұлдар тартылу 8-10 рет, қыздар дене көтеру 25-30 рет.
Оқушылардың сұрақтарын тыңдап, жауап беру.
|
1′
|
Оқушыларды спорт залдан қатермен шығарып салу
|
Сабақ өткізу әдістері
Сабақтың тиімділігі мен әсерлілігі сабақты ұйымдастырудың қандай әдістерін қолданылатындығына байланысты. Дене тәрбиесі сабағында жаппай жасау әдісі, топтық әдіс, кезек-кезек жасау әдісі, жеке әдіс, айналмалы әдістері қолданылады.
Жаппай жасау әдісі – оқушылар жаттығуларды бір уақытта және бәрі бірдей жасайды. Бұл әдісті сабақтың барлық бөлімінде қолдануға болады. Доппен ойында сыныптың барлық оқушысы жаттығуларды бір уақытта орындайды. Ал, 2-3 қатарға тұрып жасалатын жаттығуларды кезектесе жасайды.
Топтық әдіс – қозғалыс қимылдарын меңгеруге қолданылады. Топтарға бөлініп әртүрлі тапсырмаларды орындау оқушылардың белсенділігі мен нұсқаушылардың дайындығын талап етеді, топтық әдісте бақылау, қателіктерін түзету жұмыстары жүргізіледі.
Кезек-кезек жасау әдісі – жаттығуларды оқушылардың кезекпен жасауын қарастырады. Спорт ойындарында бұл волейбол мен қол добында кезектесе лақтырулар, футболдағы соққылар, волейболдағы ұру соққысы, бұл әдістерді қолдану сабақтың тиімділігі мен нақтылығын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |