А
Сурет №3. Құлап және жанға аунап бара жатып бір қолмен допты қабылдау
лға құлап және ішпен жылжи допты бір қолмен қабылдауды негізінен жасөспірім балалар қолданады. Ойыншы доптың астына сүңгігендей болады, допты қайтарғаннан кейін қолдар алаңға (еденге) тиіп, қолдың бүгілуі есебінен кеуде еденге қатты тимейді, аяқтар тізеден бүгіледі, кеуде шалқаяды, алға итерілгеннен кейін қолдарды жанға жинап ұстайды
Допты беру.
Бұл тәсілсіз ойнау мүмкін емес. Допты қабылдағаннан кейін әртүрлі жаттығуларды орындауға және волейбол торы арқылы ойнауға болады. Екі қолмен жоғарыдан алға және артқа қарай беруді және жоғарыдан беруді жақсы меңгеру керек. №4-сурет. Допты беру қашықтығына (орташа, қысқа және қашық) және биіктігіне (орташа, төмен және жоғары) байланысты айырып қарастырады. Осы белгілерге қарай әртүрлі үйлесімдер жасалуы мүмкін. Шабуыл соққысын жасау үшін доп көтеріліп берілуі қажет.
Д опты беру сапасы уақытылы тұруға байланысты, қолдар доппенен беттен жоғары да кездеседі. Қолдардың, кеуденің және аяқтардың үйлесімді қозғалыс арқылы доп қажетті бағытқа қарай жіберіледі. Допты берудің қашықтығы мен биіктігі көп болған сайын, аяқтар белсенді түрде жазылады.
Д
Сурет №4. Допты беру техникасы
опты артқа қарай бергенде қолдың басы сырт жағымен бастың үстінде болады, қолдар шынтақтан жазылып ұсталады, ал кеуде омыртқаның кеуде және бел бөлігінде иілуімен бір мезгілде жоғары артқа қарай жазылады.
Шабуыл соққысы.
Бұл шабуылды аяқтаудағы ең тиімді тәсіл, тек қана сол арқылы ұпай жинауға болады. Ойын барысында тіке шабуылдау соққысы өте көп қолданылады. №5-сурет.
Б ұл тәсілдің техникасы екпін алудан, секіруден, соққы жасаудан тұрады. Екпін екі-үш қадамнан алынады, оның шап-шаңдығы, бағыты және адымдардың қашықтығы допты допты беру траекториясына байланысты.
Қ
Сурет №5. Шабуыл соққысы
олдар мен аяқтар қозғалысының үйлесімділігі үлкен маңызға ие: соңғы адым жасаған кезде қолдар артқа қарай сермеледі, екінші аяқты қосқанда қол шапшаң түрде төмен алға қарай жіберіледі, сосын аяқтармен серпілумен бір мезгілде жоғары артқа кетеді, ал сол қол иық деңгейінде ұсталынады.
Секірудің жоғары нүктесінде соққы жасалынады. Допты соққан кезде оң қол шынтақ буыннан жазылады да, жоғары алға қарай созылады, кеуденің, қолдардың, бастың бұлшық еттерінің біртіндей жиырылуы кезінде допты соғу жүзеге асырылады. Доптың сыртқы-жоғарғы жағына қолдың басы тиеді. Техниканы меңгеруде басты назарды допты қатты соғуға емес, оның дәл бағытталуы мен үйлесімділігіне аудару қажет. Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдаң ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс. Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл қозғалыстарды орындап машықтанған жөн:
бір немесе екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;
- шабуыл соққысын жасау;
екпін алып, тор арқылы теннис добын лақтыру (бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл-қозғалыстардың ырғағын сақтай білу);
резеңке серіппедегі (амортизатордағы) допты ұру;
екпін алып секіріп, теннис добын қағып алу;
теннис добын жоғары лақтырып, тор арқылы «шабуыл соққысын» жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау);
тордың маңындағы ұстағышқа (держатель) бекітілген допты соғу;
серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.
Достарыңызбен бөлісу: |