Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


Шапшаңдық дене қабілетін тәрбиелеу



бет54/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Шапшаңдық дене қабілетін тәрбиелеу. Шапшаңдық дене қабілеті – волейболшының қысқа уақыт аралығында қимыл-әрекетті орындау қабілеттілігі. Шапшаңдықтың қарапайым және құрама түрлері бар. Қарапайым түрлеріне: қарапайым және күрделі реакциялар уақыты, жеке қозғалыс уақыты және қозғалыс жиілігі жатады.
Спортшының қарапайым реакциясы – бұл алдын-ала белгілі болса да, шұғыл берілген сигналға белгілі қозғалыспен жауап беру. Волейболға күрделі реакциялардың қозғалып келе жатқан затқа реакцияның (доп, серіктес) және таңдау реакциясының, бірнеше мүмкін әрекеттерден шұғыл түрде берілген жағдайға мейлінше біреуін таңдау кезіндегі реакциялардың байқаулары тән.
Әдетте, ойында шапшаңдықтың барлық түрінің көрінуі талап етіледі, себебі, олар волейболшылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерінің көпшілігінің құрама бөлігі болып табылады. Ол доппен және допсыз орындалатын жеке техникалық тәсілдердің және олардың қозғалысының шапшаңдығында, бір тәсілден екіншіге ауысу шапшаңдығында байқалады. Волейболдағы шапшаңдықтың дамуының ерекшеліктері оның үздіксіз өзгеріп отыратын жағдайларда және қарсы факторлардың көп кезінде (қарсылыстың қарсылығы, психологиялық шиеленушілік, қажығандық, т.б.) көрінуінің қажеттілігі болып табылады. Дегенмен, шапшаң реакциялар қаншалықты маңызды болса да, соңғы нәтиже жылдамдықты тез өсіру қабілеттілігіне (старттық үдету) және ең жоғарғы жылдамдыққа жетуге, сонымен қатар, осы жылдамдықты ұстап тұруға және қажушылыққа қарсы тұру қабілеттілігіне байланысты болады.
Шапшаңдық қабілеті – допты қабылдау, беру, соққыны орындау шапшаңдығының және тактикалық міндеттерді шешу жылдамдығының байқалу орталығы болып табылады.
Күрделі реакцияларды тәрбиелеуде шұғыл пайда болатын қозғалыстың жылдамдығын өзгертуші және ойын жағдайын әр түрлі қозғалушы затқа (доп, серіктес) қарсы жауап қайтару қажеттігі болатын жаттығуларды қолдануға болады. Мысалы, шабуыл кезінде қозғалыстың басталу сигналы байланыстырушының допты беру сәті болу мүмкін.
Қосымша жаттығуларды (10-20 секунд) ең жоғары қарқынмен, жаттығу соңында, шаршаған кезде, жылдамдық төмендемеуін есептеп орындауда қозғалыстың жоғарғы дәрежесін меңгере алады.
Старттық тездетудің шапшаңдығы және арақашықтық волейбол-дағы шапшаңдықтың негізі болып табылады, себебі, олардың жан-жағында бұл дене қабілетінің басқа жақтары да көрінеді. Мысалы, допты беру, қабылдау, тез шабуылдау элементтерін орындау және допты ойынға қосу шапшаңдықтары. Қозғалу жылдамдығын көбейтуге тек ойыншының жылдамдық қабілетіне әсер етумен ғана емес және де күш дене қабілетін тәрбиелеумен, қозғалыс техникасын жетілдірумен де жетуге болады.
Волейболдағы шапшаңдықты тәрбиелеудің негізгі амалдары – шегіне жеткен және шегіне жетуге жақын жылдамдықпен орындалатын жаттығулар болып табылады. Әдістемелік тәсілдердің бір қатарын көрсетеміз, олар бұл қабілетті дамытуға себепші болады:
- жаттығуларды жеңілдетілген жағдайларда орындау;
- қиындатылған және кәдімгі жағдайларда жаттығуларды кезектестіру, ауырлық түсіруді түрлендіру;
- үздік ойыншының соңынан жүгіру (серіктес), екпінмен жүгіру;
- жаттығуларды орындау уақытын шектеуді енгізу, оның орындалуының кеңістіктегі жағдайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет