Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


Икемділік дене қабілетін тәрбиелеу



бет57/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Икемділік дене қабілетін тәрбиелеу. Икемділік – жоғары қарқынмен қозғалысқа бейімділік. Ол буындардың құрылымына, бұлшық еттің шымырлығына тәуелді. Икемділік белсенді және енжар деп екіге бөлінеді. Белсенді икемділік – дененің жеке қосылыстары арқылы өтетін бұлшық еттер тобының қысқаруы есебінен қозғалыстың барынша үлкен қарыштауына жетуге бейімділік. Ал, енжар икемділік – дененің жекелеген бөліктерінде әріптесінің, құралдың немесе зорлықпен күш салудан барып пайда болатын бейімділік.
Бұлшық еттердің нашар қозғалуы дағдының сылбыр меңгерілуіне, жарақаттануға себепші болуы мүмкін.
Икемділікке тәрбиелеуде бұлшық еттерге белсенді және енжар түрде әсер ететін жүйелі әдістерді пайдаланады. Бұлшық еттердің қозғалғыштығына арналған жаттығуларды барлық жастағы адамдар қолдануына болады, алайда, 7-10 жастағы балалардың икемділікке бейімделуі өте жоғары болады. Белсенді икемділікке қыздар 11-13 жаста, ал ұлдар 13-15 жас аралығында жетеді. Икемділікті дамытуда төмендегі әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алады:
1) күніне 2-3 рет жүйелі жаттығу;
2) жаттығуды денені әбден қыздырып болған соң орындау;
3) жаттығуды 8-10 рет аздаған сериямен, қалыпты жағдайды 5-6 секунд ұстап қайталау;
4) жаттығу жұмыс істеп жатқан бұлшық еттер мен жіліншіктер ауыра бастаған кезде тоқтатылады;
5) жаттығу қозғалыс қарқынын біртіндеп ұлғайта отырып орындалады;
6) үйренетін ойын техникасы бойынша жаттығу кезінде бұлшық еттердің қозғалғыштығын оны біртіндеп күш түсіру арқылы арттыруға назар аударылады.
Дене қабілетін шынықтыруда ағзаға әсер ететін жалпы және жергілікті жағдайларды ескере отырып жүргізіледі. Икемділікті дамыту жіліншіктерді мөлшерден тыс созу немесе жекелеген бұлшық еттер тобын өсіру арқылы дене құрылымын бұзуға әкелмеуі тиіс.
Балалармен сабақ өткізу кезінде үлкен дене және психикалық ауыртпалық әсер етіп жатқан өспелі бала ағзасымен жұмыс істеп отырғанымызды есте ұстау қажет. Егер дамып келе жатқан ағзаның анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілмесе, онда жоғары спорттық көрсеткішке жету мүмкін емес. Қазірде, волейбол спорт түрі бойынша, ғалымдар жас волейболшыларды жаттықтырудың озық нұсқаларын әзірлеп тәжірибеге енгізуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет