Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


Төзімділік дене қабілетін тәрбиелеу



бет55/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Төзімділік дене қабілетін тәрбиелеу. Қазіргі кездегі волейбол үшін өте жоғары жарыс және жаттығу жүктемелері, ойын қарқыны, қарсыластың қарсылықтарына қарсы техникалық тәсілдердің үлкен жылдамдықпен орындалуы, қорғану мен шабуылдаудың, тосқауылдардың белсенді жүйелерін қолдану тән. Ұзақ жарыс кезеңі, турнирлер мен жеке жарыстардың жоғары шиеленушілігі төзімділікті дамытудың жоғарғы деңгейін, жарыс жүктемелерінің нәтижесінде пайда болған қажығандыққа қарсы тұру қабілеттілігін талап етеді. Міне, сондықтан да волейболшылардың төзімділігін дамыту қажет. Жеткілікті деңгейде төзімділікті иеленген волейболшы жоғары спорттық тұлғасын ұзақ уақыт сақтай алады. Бір жарыста көрсеткені сияқты бүкіл турнир бойы жоғары қозғалыс белсенділігін көрсетеді. Тұрақты және тиімді техниканы көрсете алады, тез тактикалық ойланумен көзге түседі және ол нәтижелі болады.
Волейболшы үшін жалпы және арнайы төзімділіктітің маңызы зор. Оларды жыл бойындағы жаттығу кезеңдеріне үйлестіріп, жүйелі мақсатқа сәйкес дамыту керек. Бір жылғы айналымдағы дайындық мезгілінің жалпы дайындық кезеңінде көбінесе, жалпы төзімділік сұрақтарымен айналысу керек. Ол барлық дене қабілеттерді дамытуды, аэробты мүмкіндіктер негізін жасау қажеттігін қамтиды. Аэробты мүмкіндіктерді жетілдірудің ерекше амалдары – кростар, жүзу, есу, шаңғы тебу және айналымды сипаттағы жаттығулар болып табылады. Олар аз, орташа және ауыспалы қарқындылықпен және көлемдерін біртіндеп ұлғайтумен орындалады.
Дегенмен, ұзаққа созылған бір қалыпты жұмыс бір сарынды болады, волейболшылар оларды барлық кезде бірдей қалап орындамайды. Жаттығудың негізгі түрі-кросс болып табылады. Кросс – әртүрлі жылдамдық пен үлкен көлемде орманда жүгіру немесе ойлы-қырлы жерлерде жүгіру. Жалпы төзімділікті жетілдіру бір қалыпты, үздіксіз, қайталау және ойын әдістерін қолдану арқылы өткізіледі.
Олардың көмегімен келесі мәселелер шешіледі:
1. Оттегіні қолдануды ең жоғарғы деңгейге көтеру.
2. Жеткен деңгейді ұстап тұру қабілетін дамыту.
3. Тыныс алу үдерістерін дамыту жылдамдығын ең жоғары мөлшерге жеткізу.
Волейболшылардың ойындағы функционалды қабілеттерінің байқалу ерекшеліктері аэробты және анаэробты үдерістерінің кезектесуі болып табылады. Жоғары қозғалыс белсенділігі кезінде аэробты үдеріс жанданады, оттегі барынша жиналады. Анаэробты үдерістің қуаты қайта қалпына келу жылдамдығын және оттегі борышын жоюды анықтайды. Сондықтан, жалпы төзімділіктің жоғары деңгейі арнайы төзімділіктің негізі болады. Арнайы дайындық пен жарыс алдындағы кезеңдерде төзімділікті дамытудың әдістері мен амалдары өзгереді, арнайы жаттығулардың үлесі көбейеді.
Оқу-жаттығу үдерістеріне төзімділікті дамыту жаттығуларын енгізе отырып, жаттығу мен жарыстың ойыншының дайындық деңгейі мен функционалдық мүмкіндіктеріне үйлесімділігін ескеру қажет. Жүктемелерді күшейту спортшы ағзасындағы қалыпқа келу үдерісін реттеуші амалдардың кең қолданылуында ғана мүмкін. Бұл – сабақтың тиімді құрылуы болып табылады. Және келесі қағидаларға мән беру керек:
- жүктеме мен демалыстың дұрыс үйлесімділігі;
- жаттығу әдістері мен амалдарының түрленуі;
- ең жоғары жүктеме мен жаттығудан соң, келесі күні белсенді демалыс өткізу;
- негізгі жаттығулар арасындағы белсенді демалыс пен босаңсыту үзілістерінде жаттығулар орындау;
- толық босаңсыту жағдайындағы баяу демалыс (мүмкіндігінше суда);
- үздік ырғақты және музыканы пайдалану;
- жаттығуларды әртүрлі жағдайларда өткізу (стадионда, орманда, паркте, өзен жағасында және т.б.);
- жақсы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету және кері факторларды жою;
- тиімді тамақтанумен, дәрумендермен, массаждармен, су процедураларымен, физиотерапиямен қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет