БАҒдарламасы жаңаарқа 2012 мазмұны №



бет2/10
Дата23.02.2016
өлшемі1.19 Mb.
#11051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2009 жылы тау-кен кәсіпорындарымен 1649,5 млн. теңгеге өнімдер өндірілді, 2008 жылға қарағанда 118,2 % артты.

«Сарыарқа Energy» ЖШС өндірістік қызметінің бастауы көмір өндіру көлемін арттыруға және жаңа 170 жұмыс орын құрылуына, сондай-ақ елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға әсерін берді. Кәсіпорындардың көмір өндіруі 50,0 млн. тонна құрады.


Г, ГД, Д марка көмірі

Кәсіпорын атауы және кен орны,

Өнеркәсіптік қоры

«Сарыарқа Energy»ЖШС

Жаңаарқа ауданындағы «Жалын» кен орны



50 000 мың тонна

Темір-марганец кені

«Арман 100» ЖШС

30 000 мың тонна



«Шығыс Қамыс» кеніші

«Казмарганец» АҚ




Ауданда өңдеуші өнеркәсібінің негізі «Зергер СБ» ЖШС болып табылады, ол темір жол жылжымалы құрамының жөндеу жұмыстарымен айналысады.

2005 және 2009 жылдар аралығында өңдеуші өнеркәсібінің көлемі 151,8-ден 141,3 млн. теңгеге азайды немесе 93,1% құрады.

Өңдеуші өнеркәсібінде жұмыспен қамтылғандар саны 133 адамға артты. Аталған кезеңде өңдеуші өнеркәсібінде қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорының 19430-дан 14001 мың теңгеге азайғаны байқалады. 2005 жылғы еңбек өнімділігі 1185,9-дан 1062,1 мың теңгеге немесе 89,6% кеміді.


Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өңдеуші өнеркәсібі өндірісінің көлемі, млн. теңге

151,8

142,3

174,5

210,7

230,1

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы санынан өңдеуші саланың салмақ үлесі, %

12,9

9,3

9,4

7,7

9,3

Жылына орташа есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам

128

127

131

296

285

Еңбекақы төлеу қоры,

мың теңге



19430,0

14758,2

17849,7

28482,2

56214,5

Еңбек өнімділігі, мың теңге..

1186

1121

1332

712

807

2009 жылы өңдеуші өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2008 жылға қарағанда 230,1 млн. теңге немесе 109,2% құрайды.

Жалпы 2005-2009 қорытынды кезеңінде жыл сайынғы өнеркәсіп өндірісінің ұлғаюында оң беталыс байқалады, ортажылдық өсім 51,6% құрайды.

Айта кету керек, облыстағы өндіріс көлемінің ұлғаюы негізінде аймақтың өнеркәсіп өндірісі құрылымы бойынша ауданның үлесі де өсуде. Егер 2007 жылы облыстағы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен ауданның үлесі 1,2% -ды құраса, 2008 жылы 2,6%-ды құрады. Аталған көрсеткіштін ортажылдық өзгерісі 1,4%-ды құрады.

Ағымдағы жылы 01.11.2010 жылғы мерзімі бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен 3793,0 млн. теңге көлемінде өнімдер шығарылды немесе былтырғы жылдың қарастырылған кезеңіне қарағанда 2 есе артық.

Ағымдағы жылы тау-кен өнеркәсібінде 2730,8 млн. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2007 жылғы кезеңге қарағанда 3,3 есе артық. Өсім «Казхром» ТНК филиалының «Казмарганец» АҚ «Шығыс қамыс» кенішінде марганец концентратыны кен өндірісі көлемінің ұлғаюыман , «Арман 100» ЖШС (темір-марганец кенінің өнеркәсіптік қоры 30,0 мың тоннаны құрайды) және «Сарыарка Energy» ЖШС кәсіпорынымен «Жалын» кен орнының ашылуымен байланысты болып отыр, оның үлесі шығарылатын өнеркәсіп өнімі көлемінің 95,4% құрайды. Жаңа өндіріс тек Жаңаарқа ауданы бойынша емес, барлық Қарағанды облысының экономикасына да айтарлықтай өз үлесін қосады. Жобада өмір сүру деңгейіндегі нысандар, әлеуметтік инфрақұрылым, ал ең маңыздысы – жаңа жұмыс орындары қамтылған. Ағымдағы жылы 170 жұмыс орыны ашылды. «Жалын» кен орны көмірінің өнеркәсіптік қоры 50 млн. тоннаны құрайды.

Аталған өндіріс дамуының келешегі бар. Өндірістік қуаты жылына 1 млн. тонна көмір шығарып, құрылыс 2015 жылға дейін жалғасады.
Инвестициялық сала

2004-2009 жылдар аралығындағы қарастырылған кезеңде Жаңаарқа ауданы экономикасының негізгі капиталына 21327,1 млн. теңге көлемінде инвестиция салынды.

Инвестицияның жалпы көлемі бойынша 29,7%-ы кәсіпорынның меншікті қаражаты есебінен, 9,8% шетел инвестиция үлесі, 12,7% - бюджеттік қаражат есебінен, 9,1% - басқа қарыз қаражаттары есебінен тартылды..

2004-2009 жылдар аралығында тау-кен өнеркәсібіне 4387,5 млн. теңге көлемінде инвестиция салынды.

2007-2009 жылдар кезеңінде өңдеуші өнеркәсібіне 1275,6 млн. теңге инвестиция салынды.

2004-2009 жылдары аралығында газ және су, электр энергиясын өндіру және тарату өндірісі салаларына 98,7 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылды.

Айта кету керек, 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемінің өсімі 5,4%-ды құрады.

2009 жылы инвестиция түрлері бойынша негізгі үлесін шетел инвестициясы құрады. Негізгі капиталға салынатын инвестицияның жалпы көлемінің 21,3% шетел инвестициясының үлесі болып табылады. Бюджеттік қаражаттар үлесі 37,9%, кәсіпорындардың меншікті қаражаттары – 1%. Басқа инвестиция көздерінің үлесі аз ғана және 9,1% құрады. Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында біршама өзгерістер болды. 2007 жылы шетел инвестициясының үлесі 18,6%, бюджеттік қаражаттар үлесі – 9,9%, кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі -21,1% құрады.

2008 жылы шетел инвестициясының көлемі жылдам өсті, алдыңғы жылмен салыстырғанда өсімі 26,4%-ды құрады.
Жаңаарқа ауданы кәсіпорындарының инвестициялық белсенділігі




2004

2005

2006

2007

2008

2009

Негізгі капиталға салынатын инвестиция, млн. теңге,

1395,0

1709,0

6016,0

4041,0

5049,7

5585,5

Оның ішінде:



















Меншікті қаражаттар

1129,0

1520,0

2995,0

3554,6

4332,2

5384,4

Бюджеттік қаражаттар

266,0

189,0

1071,0

269,0

717,5

201,1

Резиденттік емес басқа шетел қаражаттары

-

-

-

217,4

-

-

Басқа қаражаттар

-

-

1950,0

-

-

-

2009 жылы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі бағаларады салғастырғанда 5585,5 млн. теңгені құрады, 2008 жылмен салыстырғанда - 111%, яғни Қарағанды облысы бойынша негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемінің 22,2%-ын құрайды.

Республикалық бюджеттен бөлінген 2009 жылғы инвестиция көлеміне Атасу кентіндегі су іріктеуіш құрылғысының құрылысы, жалға берілетін 6 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы және Атасу кентіндегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы кіреді.Сондай-ақ жергілікті бюджеттен бөлінген ағымдағы жылдың инвестиция көлеміне Атасу кентіндегі су жүргізу жүйесінің құрылысы, Ақтау және Ескене с/о орта мектептерінің құрылысы кіреді.

Қарағанды облысының «Аграрлық несиелік корпорациясы » АҚ арқылы «Береке-2008» АТК жобасына 2009 жылы 7 жыл мерзімге 20,0 млн. теңге көлемінде нысаналы несие бөлінді.

Сонымен қатар 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы инвестиция көлемі 6,6%-ға төмендеді. Бұл «Зергер СБ» ЖШС және «Казмарганец» АҚ филиалының «Шығыс Қамыс» кенішінде өндірілетін өнімдерінің көлемінің азаюына байланысты болып отыр. Аталған кәсіпорындар тау-кен өндіру және өңдеуші өнеркәсібіндегі өнімдердің салмақ үлесін алады.

2010 жыл 1 желтоқсан мерзімі бойынша негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 4907,6 млн.теңгені құрады немесе былтырғы жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 167,5% (2929,9 млн. теңге).Оның ішінде инвестицияның жалпы көлемінен 90,8% – жеке меншік кәсіпорындарының капиталдық салымдары, бюджеттік қаражаттар үлесі- 9,2%, қарыз қаражаттар - 6,9 %.


Аймақтың индустриялық-инновациялық дамуы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің экономикасының түрлі бағыттағы индустриялық-инновациялық дамуының ауқымды бағдарламасы әзірленіп және жүзеге асырылуда. Оған еліміздегі жүздеген инновациялық жобалар кіреді, ал оларды жүзеге асыру өнеркәсіп өндірісін сапалы жаңа деңгейге көтеруіне әсер береді. Аталған Бағдарлама шеңберінде, ағымдағы жылы облыстағы жүзеге асырылып жатқан 10 инвестициялық жобалардың бірі - «Сарыарқа Energy» ЖШС қарасты «Жалын» кен орнындағы көмір өңдеу бойынша өндірісі.. Жаңа өндіріс тек Жаңаарқа ауданы бойынша емес, барлық Қарағанды облысының экономикасына да айтарлықтай өз үлесін қосады деп сенуге болады. Жобада өмір сүру деңгейіндегі нысандар, әлеуметтік инфрақұрылым, ал ең маңыздысы – жаңа жұмыс орындары қамтылған. «Жалын» кен орны көмірінің өнеркәсіптік қоры 50 млн. тоннаны құрайды.

Аталған өндіріс дамуының келешегі бар. Өндірістік қуаттылығы жылына 1 млн. тонна көмір шығарып, құрылыс 2015 жылға дейін жалғасады. Келесі кезең -өндірістік қуаттылығы жылына 2 млн.теңге пластарды терең әзірлеу жұмыстары бойынша кешен енгізу. Нәтижесінде бұл кәсіпорынның жұмыскерлері тұрақты жұмыспен және тұрақты еңбекақымен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ «БИиК-Арна» ЖШС (директор Идрисов К.Б) өтініші бойынша Жаңаарқа ауданы аумағынан жер телімін алдын-ала бөлу актісіне сәйкес «Жаңаарқа құс» құс фабрикасы құрылысы үшін жалпы алаңы 1168,5 га жер телімін беру қарастырылып отыр. Бұл алаңда құс фабрикасының құрылысы қарастырылуда, бұл кешенге құстарды ұстау үшін 11 нысан кіреді, өндірістік қуаттылығы жылына - 6,1 млн құс басы (бройлер).

Көрсетілген жоба бойынша инвесторы Германияның бизнес өкілдері болып табылады. Аталған жобаның таныстыру рәсімі болып, 2011 жылы осы инвестжобаның құрылысының басталуы туралы Жаңаарқа ауданының Әкімі және «БИиК-Арна» ЖШС директоры К.Б.Идрисовтың арасында екіжақты меморандум жасалды.



Жобаның мақсаты және идеясы: Қуаттылығы жылына 6,1 млн. құс басын шығаратын құс фабрикасының құрылысы

Күтілетін нәтиже: аймақта ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісін арттыру, аймақты азық-түлік қаіпсіздігімен қамтамасыз ету.
Жергілікті қамтуды өркендету

Ұйымдар мен мемлекеттік органдармен қазақстандық мақмұндағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу мәселелеріндегі негізгі міндеттерді іске асыру мақсатында, 2009 жылдан бастап қазақстандық мазмұндағы мемлекеттік сатып алу бойынша, отандық өндірушілерді қолдай отырып, ірі компаниялармен байланысты жандандыру жолымен жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстандық мазмұндағы үлесті арттыру шеңберінде дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру бойынша аудандық штабтың мүшелерімен, аудан кәсіпорындарының облыстың ірі кәсіпорындарына және ұлттық компанияларға ұсынатын орташа айлық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемі, номенклатураларына талдау жасалды.

Жыл басынан сұхбаттасу алаңында қала кәсіпорындарының қатысуын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді, мұнда ұлттық компаниялар мен жүйеқұрушы кәсіпорындары мен жергілікті тауарөндірушілер арасында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу үшін ниет-хаттамалар жасалды. Бұл кіші және ірі компаниялардың ынтымақтастығын нығайтады және аудан кәсіпорындарының тапсырыстарын ұлғайтады.

Ағымдағы жылдың басынан көмір өндіру жетекшісі «Сарыарка Energy» ЖШС кәсіпорынымен ашылған Жаңаарқа ауданының аумағындағы «Жалын» кен орны, барлық өткізілген көмірдің сомасы 1360,4 млн. теңгені құрады, ішкі нарықта қазақстандық мазмұнда өткізілгені 1254,2 млн. теңге немесе 92,2%.

Қазақстандық мазмұн шеңберінде «Казхром» ТНК филиалының «Казмарганец» АҚ «Шығыс Қамыс» кеніші кәсіпорыны бойынша мониторинг жүргізілуде. 2010 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыстар мен қвзметтер, тауарларды сатып алу көлемі 701,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде: тауарларды сатып алу көлемі - 431,4 млн.теңге, жұмыстарды сатып алу көлемі - 38,2 млн.теңге, қызметтерді сатып алу көлемі - 232,1 млн.теңге, қазақстандық мазмұндағы сатып алудың жалпы көлеміндегі болжамдық үлесі 93,7%.

Жалпы қазақстандық мазмұн шеңберінде отандық тауарөндірушілерді қолдау бойынша жұмыстар жүйелі негізде ұйымдастырылған.
Ішкі экономикалық қызмет

2005-2009 жылдары ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында ішкі сауда айналымы болған жоқ.

Алайда ағымдағы жылдың басынан көмір өндіру жетекшісі «Сарыарка Energy» ЖШС кәсіпорынымен ашылған Жаңаарқа ауданының аумағындағы «Жалын» кен орны, барлық өткізілген көмірдің сомасы 1360,4 млн. теңгені құрады (92,2%). Ішкі нарықта қазақстандық мазмұнда экспортқа өткізілгені 106,2 млн. теңге немесе 7,2%-ды құрады.
Агроөнеркәсіптік кешен

Ауданда 610 шаруа қожалығы, 3 ауылшаруашылық тұтынушы кооперативі, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 1 акционерлік қоғам жұмыс жасайды. Ет, сүт, жұмыртқа, бидай және картоп өндірісі аудандағы ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі бағыттары боып табылады. Аудан аумағында мал шаруашылығының өнімдерін өндіру үстем болып тұр, 2009-2011 жылдар аралығында мал шаруашылығының үлесі 3 %-ға артты.

Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің көлемі 2 есе өсті және 8,6 млрд. теңгені құрады, жеке тұлғалық көлемінің индексі – 104,7%. Өсімдік шаруашылығы - 20%, мал шаруашылығы - 80%-ды құрады.

Өсімдік шаруашылығында маманданудың негізі – астық өндірісі, оның ішінде бидай және арпа, сондай-ақ картоп және бидай өсіріледі.

2011 жылы астықтың егістік алқабы 15 мың гектарды құрады.

2011 жылы картоп алқабы 22 гектарды құрады.

2011 жылдың қортындысы бойынша 3,7 мың тонна картоп өндірілді, яғни 2010 жылға қарағанда 0,2 мың тоннаға артық.

Химияландыру, тұқым шаруашылығы және минералдық тыңайтқыштар

2011 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінде өндірістік замануи технология мен техниканы енгізген ірі агроөнеркәсіп өндірістерін дамытуға қолдаулар көрсетілді. Осының арқасында 2011 жылы егістік алқаптарының 100%-на сорттық тұқымдар себілді. Ауданда 1 тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылық бар.



Саланы механикаландыру. Машина-трактор паркін жаңарту бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары (2008-2011 ж.ж.) ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлерінің 15 бірілігі сатып алынды, оның ішінде 2 егістік кешені және 7 комбайн.

Замануи инновациялық технологияларды қолдану.

Астық өндіретін ылғалды үнемдеу технологиясын енгізген алқап 2,0 мың гектарды құрайды.



Өсімдіктің карантині және қорғау. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытудың халықаралық талаптарына сәйкес, оның ішінде қауіпті зиянкес организмдерге қарсы күрес жүргізу үшін 2011 жылы зиянкестердің, өсімдік аурулары мен арам шөптердің ошақтарын табу, таратпау және жою үшін республикалық бюджеттен 0,1 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау базасы нығаюда.

Бүгінгі күні ауданда жалпы сыйымдылығы 200 тонна 3 картоп-көкөніс қоймалары бар.

Ауданда ауылшаруашылық дақылдарының жоғары өнімді тұқымдарын өндіру бойынша бір тұқым шаруашылығы жұмыс жасайды.

Мал шаруашылығы негізінен ет және сүт мал шаруашылығмен сипатталады.

Мал шаруашылығын өндіру бойынша және мал басы мен құстардың санының өсімі тұрақты деңгейге жетті.

2010 жылға қарағанда ірі қара мал басы 9,4%-ға артқан, яғни 48808 бас саны; жылқы – 1,6 % немесе 28109 бас саны.

Аудан бойынша 8 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді, оның ішінде ірі қара мал шаруашылығы – 4, жылқы шаруашылығы – 2 және 2 асыл тұқымды қой шаруашылығы. Асыл тұқымды субъектілерде ірі қара малдың басы 1190 немесе жалпы мал басынан үлес салмағы 2,4 %, қой саны – 11954 бас (11,5 %), 1177 жылқы саны – 4,2 %.



Сүт шаруашылығындағы негізгі тұқымдардың бірі - Қырдың қызыл тұқымы (красная степная), ет шаруашылығында – Қазақтың ақ бас тұқымы, Әулиекөл тұқымы, қой шаруашылығында – Қазақтың қылшық жүнді тұқымы, Сарыарқа, жылқы шаруашылығында – Қазақтың «Жабе» типі.

2010 жылмен салыстырғанда ет өндірісінің (тірі салмақта) көлемі 10,7%-ға өсті немесе 9,5 мың тонна, сәйкесінше сүт өндірісі - 2,7% немесе 32,2 мың тонна, жұмыртқа - 1,6 млн. дана.

Ветеринариялық алдын-алу шараларын жүргізу үшін ауданда «Ветеринарлық станция» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны құрылды. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын тарапынан Бруцеллез бойынша эпизоотиялық шараларды қамтамасыз ету үшін биыл 71249 ірі қара мал басы және 213700 ұсақ қара мал басы зерттелді, тек ірі қара мал басы бойынша жұқтырылғандар 2 пайызды құрады.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығындағы малдар туберкулезден аман, былтыр туберкулез бойынша 51900 ірі қара мал басы зерттелді, бірақ жұқтырылғандар анықталған жоқ.

Ет өнімдерінің сапасын көтеру және малдарды сойған кезде санитарлық-ветеринариялық талаптарды бақылауға алу мақсатында мал сою алаңдары және бекеттері жұмыс атқарады.

Жыл басынан 13 мал сою алаңдары іске қосылды, 1 мал сою нысаны құрылыс үстінде, 1 мал сою нысаны пайдалануға берілді.

Аудан бойынша 9 елді мекенде мал қорымдары бар, оның ішінде 3 типтік немесе типтік мал қорымдарымен 33% қамтылған.

Қазіргі уақытта азық базасының негізін жайылымдық жерлер және шабындық жерлер құрайды.

Аудан бойынша жайылымдық жерлер 623,9 мың га, шабындық – 14,6 мың га, көпжылдық шөптер – 7,0 мың га,

2009 жылы 111 мың тонна шөп дайындалды, оның ішінде көпжылдық шөптің 7 мың га жерінен 3,0 мың тонна шөп жиналды.



Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу

Ауданда 3 наубайхана жұмыс істейді, 2011 жылы шығарылған өнімнің жалпы көлемі нан өнімдерінің 80 мың тоннасын құрады.



Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу

Аудан тұрғындары үшін мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу қалыпты жұмыс болып табылады.



Құрылыс

2008-2009 жылдарға тұрғын үйді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жалпы көлемі 33440 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, оның ішінде:

- 2008 жылы – 16600 шаршы метр.

- 2009 жылы - 16840 шаршы метр.

544,5 млн. теңге инвестиция салынды, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 62,7 млн. теңге;

- жеке тұлғалардан – 481,8 млн. теңге.

Қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үйді іске қосу:

- барлығы: 33440 шаршы метр;

- республикалық бюджет есебінен – 1387,5 шаршы метр;

- жеке құрылысшылар есебінен – 32052,5 шаршы метр.

2010 жылдың 10 айына тұрғын үйді іске енгізу 5938 шаршы метрді құрайды.

2009-2010 жылдарға Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес республикалық бюджет қаржысы есебінен жалға берілетін 16 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда, құрылысқа 32,2 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес, мемлекет тарапынан жеке тұрғын үй құрылысшыларын ынталандыру инженерлік-коммуникациялық инфрақұры-лымға сәйкес жер телімдерімен қамтамасыз етумен байланысты.

Атасу кентінің тұрғын үй құрылысын дамыту үшін республикалық бюджет қаржысынан ауданның тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын орналастыру және дамыту бағдарламасы бойынша ауданның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі су құбыры, кәріз және электр желілерінің құрылысы аяқталды. Аталған нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 36,6 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Сондай-ақ осы жылы жергілікті бюджеттен Атасу кентінің бас жоспарын әзірлеу үшін 15 млн. теңге бөлінді. ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес ашық конкурс өткізілді.

Қазіргі уақытта қала құрылысы кадастры бойынша «Lotus» құжатайналымы жүйесінде осы бағытта жұмыстар жүргізілуде және құжаттарды сканерлеу жұмыстары жүргізілуде. Техникалық жеткізілімге жергілікті бюджеттен 915 мың теңге бөлу жоспарланып отыр.

Жаңаарқа ауданы бойынша «Мекенжайлық регистр» АЖ бойынша жылжымайтын мүліктерді түгендеу жұмыстары аяқталды. «Мекенжайлық регистр» АЖ мәлімет базасына енгізілген жылжымайтын нысандар саны 3109 құрылыс және 780 қайталама нысандар болды. Ақпараттық жүйені жылжымайтын нысандар туралы мәліметпен толықтыру тұрақты түрде жүргізіліп отырады.



Шағын кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта бизнеспен белсенді жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға өсті және 1126 бірлік құрады, оның ішінде заңды тұлғалар 30 бірлік, (тіркелген жалпы санынан 2,6% ) алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,6 % -ға өсті (29 бірлік).

Шағын және орта бизнеске қамтылғандардың жалпы саны 1838 адамды құрады, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға жоғары (1495 адам) және экономикалық белсенді халықтың саны 6,5 % құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім, жұмыс, қызметтің жалпы көлемі 3652,4 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға жоғары (1447,6 млн. теңге).

Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау мақсатында кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Қарағанды қаласындағы ҚР ЖУ «Бизнес және кәсіпкерлік институтымен» бірлесе отырып, «Салық және құқық», «Маркетинг және сату», «Стратегиялық жоспарлау» тақырыптары бойынша семинар-тренингтер өткізілді.

Бизнес-ортаны жақсарту және кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту, облыстық және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бекіткен нормативті құқықтық актілердің бірі рұқсаттама процедураларын (құжаттамаларды) қарау мақсатында 2010 жылдың 4 мамырынан кәсіпкерлік мәселелер бойынша Бірыңғай үйлестіру кеңесімен қарастырылған әкімшілік тосқауылдарды төмендету бойынша Жұмыс тобының отырысы хаттамасының 2.2. тармағын орындау мақсатында Жаңаарқа ауданында келесі жұмыстар жүргізілді.

Жаңаарқа ауданында есептеу, заңды мәселелер және шаруашылық жұмыстары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кеңес беретін кәсіпкерлер Ассоциациясы құрылды.

Мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлер ассоциациясының өкілдерінен жұмыс тобы құрылды.

Жаңаарқа ауданы бойынша 2010 жылдың 10 айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және шаруа қожалықтарына 18,8 млн. теңге көлемінде несиелер берілді.

Жергілікті тауарөндірушілермен өнімдерді шығаруда көмек көрсету және әлеуметтік-маңызды тауарларға бағаларды тұрақтандыру мақсатында апта сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі және сауда нүктелерінде бағаның өсуін жібермеу және тұрақтандыру бойынша мобильдік топтың штабтары жұмыс атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет