БАҒдарламасы жаңаарқа 2012 мазмұны №



бет5/10
Дата23.02.2016
өлшемі1.19 Mb.
#11051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Абаттандыру

2009 жылға аудан деңгейлік шамдарды орнату қажеттілігі - 20,5%, көгалдандыру қажеттілігі - 55 %, қоқыс контейнерлерін орнату қажеттілігі - 62,4%.


Ауылдық аймақтарды дамыту, экология

Жаңаарқа ауданында ауылдық аймақтарды дамыту мәселесі үнемі бақылауда болады.Аудан орталығы Атасу кенті, халық саны 12968 адам. Басқа халық 33 ауылдық елді мекендерде тұрады немесе аудан халқының 55%-ын құрайды.

Әсіресе, аудан орталығы Атасу кентіне жақын жердегі ауылдар қарқынды дамуда, сондай-ақ, Ералиев селосы онда «Сарыарқа Еnergi» ЖШС-ң «Жалын» кеніші (тас көмір өндіру).

Бұдан басқа, Түгіскен селолық округінде қазақтың «Сарыарқа» Қазақтың қылшық жүнді тұқымы және Қазақтың «Жабе» типіндегі жылқы шаруашылығы белсенді дамуда.

Жаңаарқа ауданының аумағында барлығы 34 селолық елді мекен, оның ішінде жоғары даму әлеуетімен -1(Атасу с.), 22 елді мекен орташа даму әлеуетімен және 11 елді мекен төменгі даму әлеуетінде деп саналады.2010 жылдың 1 шілдесіне елді мекендер халқының саны 28626 адам.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде (2004 жылдан бастап) барлық қаржыландыру көздерінен АЕМ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 1608,1 млн.теңге бөлінді.Бұл қаражат есебінен Ескене с. 320 орындық мектебі және Ақтау с. 150 орындық мектебінің құрылысы жалғасуда, білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізуге, 4 АЕМ су жүйелерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға бағытталды.

Ауылдық елді мекендерде:

-36 білім беру нысандары, оның ішінде 31 мектеп, оның ішінде 28 мектеп жанындағы шағын орталықтар және 1 мектеп жанындағы интернат, 3 балабақша, 1 кәсіптік-техникалық лицей, 1 саз мектебі жұмыс істейді.

-29 халыққа медициналық көмек көрсету нысандары, оның ішінде 1 орталық аудандық аурухана (Атасу кенті), 1 кеңес беру-диагностикалық емхана (Атасу кенті), 5 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 18 медициналық пункт, оның ішінде 9 медицина қызметкері ғимаратқа зәру;

- 43 мәдмениет нысаны: 24 кітапхана, 1 мәдени-сауық орталығы (Атасу кенті), 14 село клубы, 1 мұражай (Атасу кенті), 2 бейнемобиль, 1 саябақтар мен стадиондарды басқару басқармасы.

- 125 спорт нысандары, оның ішінде спорт залдар саны 13 және 1 стадион, 112 спорт алаңдары.

34 ауылдық елді мекендердің 13-і орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған, 21 АЕМ (61,8%) орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған. Ағымдағы жылы Ақтайлақ және Целинный с. 2 су жүйесі пайдалануға берілмек.

Ауданда барлық ауылдық елді мекендер электр жарығымен қамтылған, бірақ электр желілерінің тозуы сияқты мәселе бар, барлық ауылдық елді мекендердің 25% желілері тозған.

Жаңаарқа ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1184,1 км құрайды, оның ішінде 361,0 км - республикалық маңызды, 421,0 км - облыстық маңызы бар, 97,1 км аудандық маңызы бар жолдар.

Жолдардың 37% артығы қанағаттанарлықсыз жағдайда, аудандық маңызы бар 149 км жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Телекоммуникация жүйесімен барлық 34 АЕМ қамтылған. Ауыл халқына қызмет көрсететін пошта байланысының нысандарымен барлық селолық оуругтар қамтылған.

34 АЕМ 17 қоғамдық монша жұмыс істейді. 27 елді мекенде монша жоқ. Селолық жерлерде қоғамдық моншалар нормативке сәйкес 1000 адамға 7 жуынатын орын қарастырылған.

Қазіргі уақытта 34 АЕМ күніне 10 мың нан шығаратын 3 наубайхана жұмыс істейді. 2013 жылға дейін әрбір ауылдық жерде нан пісіретін кәсіпорындардың құрылысы бойынша бағдарлама әзірленді.

Ауыл халқына нан пісіретін кәсіпорындар пісірген нанмен қамтамасыз етілуінің орташа деңгейі 45% құрайды. Нормативтік тұтынуға жетпеген нан үлесі үйде пісіріледі.

Ауданның дамуына тұрғын үй құрылыс (оның ішінде 2011-2013 жылдары Атасу кентінде 36 пәтерлік жалға берілетіні де) негізінде ауылдың елді мекендерінің әлеуметтік тартымдылығын көтеру есебінен экономикалық кеңістіктің сапасын жақсартуға, ауылдық елді мекендерді тұрақты дамытуға, ТКШ (сумен жабдықтау және кәрізді қоса алғанда) қызмет көрсетулер экологиялық мәселелерді шешуге бағытталатын болады. Ауылдық елді мекендердің тұрақты дамуын, оның ішінде ауылдардағы келеңсіз әлеуметтік-экономикалық қарқынды жеңу үшін аграрлық экономиканы дамыту шаралары жүйесі іске асырылатын болады, әлеуметтік сала (ауыз су, жолдар, мектептер және т.б.) оларды тұрақты дамытуға шақыру.

Ауданның АЕМ өмір сүру сапасын арттырудың маңызды жолдарының бірі модернизция және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымдық элементтерінің тозуысоған сәйкес халыққа көрсетілетін қызметтердің нашарлығы негізінде көрстеілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған негізгі бағыттарды іске асыруды қажет етеді.
Қызылжар кентін дамыту

Қызылжар кентінің халқының саны 1432 адамнан астам, аудан орталығынан кенттің шалғайлығы – 164 км құрайды.

Кент халқы темір жол кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысады.

2008 жылы 40,0 млн. теңге көлемінде клубқа күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында 2,8 млн. теңгеге ФАП-ке жөндеу жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ 2010 жылы «Жол картасы» бағдарлама аясында облыстық бюджеттен бөлінген 108,8 млн. теңгеге Қызылжар-Шұбаркөл-Баршино-Қорғалжын-Астана автомобиль жолына орташа жөндеу жұмысы жүргізілді. Аталған жолды қалыптастыру әлеуметтік инфрақұрылымның әрі қарай дамуына және Қызылжар кентінің экономикалық дамуына импульс береді.

Кентте кітапхана жұмыс істейді, жыл сайын кітап қоры ұлғаюда және оқырмандар саны да көбеюде.

Күтілетін нәтижелер:

Қызылжар кентінің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым жағдайын жақсарту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, шағын бизнесті дамыту.



Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының дамуы

Техникалық жарақтандыру. Жаңаарқа ауданының 2006-2010 жылдарға арналған «электрондық әкімдігі» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында басқару органдарын компьютерлік техникамен, серверлік жабдықтармен техникалық жарақталды. Сондай-ақ локалды есептеу желілері мен серверлік үй-жайларды дайындауға көңіл аударылды. Жоғарыда көрсетілген Бағдарлама негізінде серверлік жабдыққа локалдық есептеу желілері, серверлік үй-жайларды жарақтандыру жасалды.

Компьютерлік техникамен басқару органдарын жарақтандыру пайызы 95%-ды құрайды, 128 Кбит/с шығару тәсілімен орташа байланыс каналдарында Интернет желісіне қолжетімділік ұйымдастырылды.



Байланыс арналары. Жаңаарқа ауданының 2006-2010 жылдарға арналған «электрондық әкімдігі» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақтелеком» АҚ қатысуымен МИО Бірыңғай көлік ортасын құру (бұдан әрі - БКО) бойынша жұмыстар жүргізілді, және жалғасын табуда. БКО «жұлдыз» топологиясы бойынша IP VPN базасында құрылған, БКО-ға қосылу жылдамдығы 128 Кбит/с құрайды. БКО-ға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын барлығы 7 мемлекеттік мекеме қосылған.

Ауданда қызмет ететін ақпараттық жүйелер. Қазіргі уақытта аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде келесі ақпараттық жүйелер қызмет етеді:

  • Электрондық құжат айналымы жүйесі (жүйе пайдаланушылар саны 41),

  • Персоналды басқару жүйесі (жүйе пайдаланушылар саны 3),

  • "Қаржылар үйі" жергілікті бюджеттердің орындалуына қаржылық мониторингі (жүйе пайдаланушылар саны 1);

  • Ауданның аймақтық болжамды картасы (1 пайдаланушы);

  • Халықтық тұтынатын әлеуметтік-маңызы бар тауарлар бағасына мониторинг(1 пайдаланушы);

  • Сайланушылар тізімін қалыптастыру (1 пайдаланушы);

  • Жүйені құру сәулеті: серверлік клиент, веб-қосымша.

Көрсетілген жүйелерден тыс 2006 жылдан бастап ауданда Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының ақпараттық порталы қызмет етеді. Қазіргі уақытта ақпараттық портал арқылы ақпараттық және интерактивтік қызметтер көрсетіледі, оның ішінде жаңалықтарға жазылу, кері байланыс, сұрақ жауап, бос орындар жән т.б.
Электронды үкіметтің негізгі құралдарын қолдану. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер деңгейіндегі жұмыс жасалатын электронды-үкіметтің негізгі құраулары болып табылады:

  1. «Мекен-жай тіркеу» мемлекеттік-ақпараттық жүйесі.

  2. Қоғамдық қол жеткізу бекеттері.

Электрондық құжатайналым жүйесі (бұдан әрі-ЭҚЖ) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын 7 мемлекеттік мекемеге енгізілген (аудан әкімі аппараты және дербес мемлекеттік органдар).

«Мекен-жай тіркеу» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МТ АЖ) жобасының аясында 2007 жылы МТ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2009 жылы МТ АЖ мәлімет базасына мекен-жай 100% тіркелді.

ҚР «электрондық үкіметті» қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында қоғамдық қол жеткізу бекеттерінің жүйесі құрылды. Ауданда 5 ҚҚБ құрылды. Барлығы Атасу кентінде: ХҚО, "Қазпошта" АҚ, С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапхана, кент әкімдігі және аудан әкімдігінің ғимараттары. Сонымен қатар, облыста 2007-2008 жылдар бойы «Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендету» Мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды. Жаңаарқа ауданында 2 компьютерлік сыныптар ашылды, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, әртүрлі деңгейдегі халыққа ақысық оқыту жүргізілді.сондай-ақ жазғы уақыттары жаздық компьютерлік сыныптар жұмыс істеді. Аталған бағдарламаны іске асыруда 2 жылдың ішінде барлығы 4023 адам қамтылды.
Аумақтық ортамерзімді келешегінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, қауіптердің, тежеу ықпалдардың бәсекелес артықшылық пен мүмкіндіктердің кешенді сипаттамасы

Аймақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаты негізгі мәселелерді, тәуекелдікті, тежеу факторларын, бәсекелестік артықшылықтар мен мүмкіншіліктерін анықтаған басымдылықты SWOT-талдаулығымен анықталады.


Кесте 3 Басымдылықты SWOT – талдау


Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

А басымдылығы

  1. Тау-кен өндіру саласындағы біршама экономикалық потенциал және өңдеу өнеркәсібіндегі инновациялық потенциал.

  2. Шикізат қорының болуы тау-кен өнеркәсібінің дамуы үшін негіз құрайды.

  3. Медициналық ұйымдар желісін дамыту.

  4. Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту.

  5. Ана өлімі жағдайларының жоқтығы;

  6. Демографиялық жағдайды жақсарту;

  7. Тіркелген кедейшілік деңгейінің 14,6%-ға төмендеуі байқалады;

  8. Еңбекақы өсімі 2,3 есені құрайды.

B басымдылығы

1. Денсаулық сақтаудың тұрақты потенциалы: туберкулез және онкологиялық аурулықтың төмендеуі;

2. Ел аумағындағы орталық жағдайы есебінен облыстың біраз транзитті потенциалы;

3. Қазіргі заманғы кәсіптік білім беру үшін кешен ресурстарының болуы: инфрақұрылым, профессор-оқытушы құрамының жоғары біліктілігі;

4. Қалалық (71%-ға дейін) және ауылдық жерде (69,9%-ға дейін) мектепке дейінгі балаларды қамту өсімі байқалады;

5. Ыстық тамақпен қамтамасыз ету 78,8% құрайды;.

6. КЛ және колледждердің жұмысқа орналасқан түлектерінің өсімі.

С басымдылығы

1. Балабақшаларды қайта жаңарту және шағын орталықтардың жұмысы;

2. Мектепке дейінгі білім беру қызметімен балаларды қамту көрсеткшінің өсімі;

3. Интернетке кең көлемде қол жетімділігмен және жаңа модификация кабинеттерімен, компьютерлермен жарақтандыру негізінде мектептерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттырудың тұрақты тенденциясы;

4. Магистр біліктілігі бар педагогтар санын арттыру;

5. Балалардың отбасылық құрылғысының тұрақты беталысы сақталуда;

6. Мәдени нысандарына бару деңгейі өсуде.

7. Мәдениет мекемелерінің қызметіне қажеттілік дәрежесінің толыққанды өсімі байқалады;

8. Жұмыссыздықтың төмен деңгейі;

9. Жан басына шаққандағы етпен, астықпен және картоппен қамтамасыз етілудің жеткілікті деңгейі;

10. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін инновациялық әлеует элементтері кешенінің бар болуы;

11. Халыққа кең спектрмен қызмет көрсетіп НПО белсенді секторы;

12. Жұмыссыздықтың төмен деңгейі;

13. Жан басына шаққандағы етпен, астықпен және картоппен қамтамасыз етілудің жеткілікті деңгейі;

14. Құрылыс индустриясын дамыту үшін шикізат көздерінің бар болуы;

15. Мәдениет мекемелерінің қызметіне қажеттілік дәрежесінің толыққанды өсімі байқалады;

16. «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасын іске асыру есебінен облыста үш ауысымдағы оқушылар орының тапшылығы мәселесі толығымен шешілді. Орта мектептерде компьютерлік парк кеңеюде.


А басымдылығы

  1. Өнеркәсіптің дамуын шектейтін жүйелер жоғалтуларның жоғары деңгейі және өсетін энергия тапшылығы

  2. Салалық теңгерімсізділік: өндіріс және инвестиция көлемінде тау-кен өнеркәсібі үлесінің өсуі, шағын бизнестің әртараптану деңгейінің төмендеуі.

B басымдылығы

  1. Қоршаған ортадағы көптеген ағымдық және тарихи ластанулардың болуы;

  2. Ауылдардың инфрақұрылымдық әлеуетінің әркелкілік көрсеткішінің жоғарылылығы;

  3. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің төмен үлесі: ет– 6%, сүт - 11%

  4. Жылына дәнді дақылдардың шығымдылығы деңгейінің 0.43 т/га төмендеуі, дәрігер мамандармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі,10000 халыққа 13,4 (облыстық көрсеткіші 35,8);

  5. Барлық кезеңдегі бала өлімінің көрсеткшінің өсімі (өсім 21,5%) .

  6. Медициналық ұйымдардың жабдықтармен жеткіліксіз қамтылғаны 67%;

  7. Ғимараттардың тозған деңгейі 21,% және медициналық жабдықтардың тозған деңгейі - 30,0%;

  8. Еңбек нарығындағы құрылымдық дисбаланс;

  9. Бизнесті ұйымдастыруға шағын көмек мөлшері;

  10. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі төменгі еңбекақы.

С басымдылығы

1. аудан орталығындағы балалардың кезектілігі;

2. қайта құру және құрылыстың жоқтығы;

3. мектептен тыс ұйымдар саны;

4. білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

5. Экономикалық трансформация кезеңіндегі- 80 жыл-2001 жыл аралығындағы туу деңгейінің азаюына және халықтың көшуіне байланысты мектеп оқушылары санының қысқаруы;

6. Балаларды құқықтық қорғау бойынша білікті мамандардың жетіспеушілігі;

7. Мәдени мекемелердің жүйесінің дамуындағы джиспропорциялармен шартталған, мәдени ұйымдарының қызметіне халықтың әртүрлі деңгейде қол жетімділігі;



  1. Аудандық мәдени нысандарының материалдық-техникалық жарақтандырудың төменгі деңгейі (ғимараттың тозуы, музыкалық құралдардың, замануи дыбыстық және жарық беретін құралдардың, сахналық костюмдердің, жиһаздардың жетіспеушілігі, кітапханалық процесстерді автоматтандыру деңгейінің төмендігі;

  2. Елді мекендерде мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі;

  3. Азаматтар үшін тұрғын үйге қол жетімділігінің жеткіліксіз деңгейі.

Мүмкіншіліктері

Қауіптері

А басымдылығы

1. Индустрияландыруға бағытталған бағдарламалар шегінде мемлекеттік қолдау тау-кен өнеркәсібінің үлесін ұлғайтуға және ауданның экономикасын әртараптандыруға ықпал етеді;



  1. Даму қорының және кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен белгіленген инвестициялық жобаларды іске асыруда экономиканы даму әлеуетін арттыру;

  2. Қарағанды-Қызылорда, Астана-Қорғалжын-Баршын-Шұбаркөл-Қызылжар жол желісі елді мекеннің өсуіне мүмкіндік береді;

  3. Бизнестің жол картасы-2020», «2020-Өндірістілік», «Экспорт-2020», «Инвестор-2020» бағдарламалар шегінде мемлекеттік қолдау өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайтуға және өңір экономикасын әртараптандыруға ықпал етеді;

  4. Өнеркәсіптің базалық саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру технологияларын модернизациялауға және дамудың инновациялық үлгісіне көшуге ықпал етеді;

  5. Жаңа жұмыс орындарын құру, оның ішінде ауылдық жерлерде;

  6. Ауылдық дәрігерлік

амбулатория және ауруханалардың, ФАП-дің, МП-дің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу және жаңа жабдықтар сатып алуға байланысты шығындарды қаржыландыру механизмін әзірлеу;

  1. Ауданның жергілікті

атқарушы органдарымен бірлесе отырып, кадрлық мәселелерді шешу, жас мамандар үшін қаражат ынталандыру (үй беру) және грантын жүйесін енгізу, ҚР медициналық ЖОО-да өтетін «бос орын жәрмеңкелерінде» медициналық ұйымдардың жеткшілерінің жыл сайын қатысуы, ЖОО түлектерімен персоналды жұмс, сондай-ақ аудан жастарымен алдын-ала бағдарланған жұмыстар жүргізу;

B басымдылықтары

1. Темір жолдар мен магистралды автомобиль жолдарын салу жөніндегі КТЖ жобаларын іске асыру Қызылжар кенті, РЗД 189, с.Ералиев және оларға жапсарлас аумақтарға экономикалық даму импульсін береді;

2. Даму қорының және

республикалық бюджет есебінен белгіленген инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда аудан экономикасының даму әлеуетін арттыру;

3. Энергетика, автомобиль жолдары, әлеуметтік сектор мен басқалардағы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі негізінде іске асыру.

С басымдылықтары


  1. Тұрғын үй құрылысы және жалға берілетін тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;

  2. Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін қалыптастыру;

  3. Орта білім беру нысандарының МТБ нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруда жеке меншік сектордың қаысуын ынталандыру және бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

  4. Ауылдық жерге жас педагогикалық кадрларды бекітуге ынталандыратын шаралар жүйесін әзірлеу;

  5. Аймақтың тарихи-мәдени мұрасын дамыту және сақтау;

  6. Салаларда халыққа қызмет көрсетудің қазіргі заманғы формаларын және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу.

  7. МП және ФАП, ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мен ауруханалар ғимараттарына күрделі сипаттағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен жаңа құрылғылар сатып алуға байланысты шығындарын қаржыландыру механизмін әзірлеу;

ауданның жергілікті атқарушы органдарынымен бірге кадр мәселелерін шешу, жас м амандарға грант жүйесін енгізу және қаржылық ынтасы (тұрғын үй бөлу), ҚР ЖОО –да медициналық ұйым басшыларының жыл сайынғы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысуы, ЖОО бітірушілермен тікелей жұмыс жасау, БАҚ-да жарнамалар енгізу, сондай-ақ аудан жастарымен бағдарлық алдын алу жұмыстарын жүргізу.

А басымдылығы

  1. Энергия тапшылығын соңына сақтап аудан экономикасын дамыту қарқынын бәсеңдету;

2. Даму институттарында, оның ішінде индустрияландыруға бағытталған бағдарламаға байланысты жобаларды қарау мерзімін ұзарту, сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлердің өтімді жалға берілетін мүліктің болмауына байланысты несиелік қаражаттарға қол жетімсізділігі.

B басымдылығы

1. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда дәрігер мамандардың жетіспеушілігі;



  1. Медицианлық жабдықтарды

жеткіліксіз қаржыландыру біршама тозуға әкеледі, сондай-ақ медициналқ мекемелердің тозу деңгейі қазіргі заманғы диагностика қызметін және халыққа қызмет көрсету сапасын төмендетеді;

  1. Кәсіптік білім беру жүйесінде диспропорцияларды сақтау еңбек ресурстарында сұранысты қанағаттандыруға кері әсер етеді;

  2. Жол шаруашылығы мен көлікті дамыту ағымдық деңгейін сақтау кезінде бәсекелестік артықшылықтың төмендеуі;

  3. Тазалау құрылғыларын жоғары емес деңгейде модернизациялау негізінде экологиялық жағдайдың төмендеуі.

С басымдылығы

  1. Еңбекақы төлемінің жоғары болуға және өмір сүруге жақсы жағдайлар жасауға ұмтылу білім беру жүйесінен жоғары білікті және санаты бар педагогикалық кадрлардың кетуіне әкеледі, ол орта білім беру қызметтерінің сапасын төмендетеді;

  2. Ата-ана қамқорынан және оларды ауыстыратын қамқоршылардан айырылған балаларды отбасылық өмірге бейімдеуді оқыту бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламалары жоқ;

  3. Халықтың тұрмыс сапасының нашарлауы және жүйелердің тозуы жоғары деңгейді сақтау кезінде бизнес жүргізу жағдайы;

  4. Ауыл халқының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спортқа тең қол жетімді болмауы ауылдық жерлердегі адами потенциал деңгейін төмендетеді;

  5. Табиғи-климаттық жағдайлар тарихи-мәдени нысандарға кері әсерін береді;

  6. Саладан білікті мамандардың кетуі;







Аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

Қазіргі уақытта бизнес бастаманы іске асырудағы даму институттарының қатысуын қарастыратын, индустрияландыруға бағытталған бағдарлама шеңберінде Мемлекеттік қолдау ауданның өнеркәсібін дамытуға оң әсерін беруде.

Сондай-ақ, мемлекет жергілікті ірі қала құрылысы және жүйеқұрушы кәсіпорындардағы сатып алулардың қазақстандық мазмүндағы үлесін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде.

Мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатты талдау нәтижесі ауданның жұмысына рейтингілік бағалауға әсер беретін, өнеркәсіп дамуының бағалау көрсеткіштерін орындаудың оң динамикасы болып табылады.

Ауданның аймақтық бағдарламасын іске асыруды талдау ауданның қолданыстағы 16 бағдарламасы бойынша жүргізілген.

2009 жылға дейін ауданның аймақтық бағдарламасымен 324 іс-шара қарастырылған. Оның ішінде 277 іс-шара толығымен іске асырылды (85,5%), қаржыландырудың жоқтығынан 25 іс-шара іске асырылмады (5,6%), 4 іс-шара (1,2%) қаржы жетіспегендіктен толық іске асырылмай жатыр (кесте 4).


Кесте 4 – Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

Барлық жоспарланған іс-шаралар

Орындалды

Қалыпты іске асырылуда

(50% артық орындалуы)



Нашар іске асырылуда (оындалуы20-50% )

Орындалмаған (орындалуы 20% аз)

1

2

3

4

5

2010 жылға арналған Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы

29




2010 жылға арналған Жаңаарқа ауданы бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

12

12

1

 

 

2010 жылға арналған Жаңаарқа ауданы бойынша экономиканың нақты секторын дамыту бағдарламасы

9

8







1

2006-2010 жылдарға арналған Қарағанды облысының білім беруді дамытудың аймақтық бағдарламасы

77*

77*










2010-2012 жылдарға арналған Жаңаарқа ауданы бойынша мәдениет саласын дамыту бағдарламасы

15

12







3

2010 жылға арналған Жаңаарқа ауданы бойынша ауыл шаруашылықты дамыту бағдарламасы

10

10

 

 

 

Жаңаарқа ауданы бойынша 2009-2010 жылдарға арналған жер қатынастарын реттеу саласында және ауыл шаруашылығ мақсатында жерді оңтайлы қолдану бағдарламасы

26**

26

 

 

 

Жаңаарқа ауданы бойынша 2010-2011 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы

17

17

 

 

 

2009-2011 жылдарға арналған Жаңаарқа ауданы бойынша дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасы

7

4

 

 

3

2008-2010 жылдарға арналған «Жаңаарқа ауданының жастары» аудандық бағдарламасы

22

18

 

 

4

Жаңаарқа ауданы бойынша 2008-2010 жылдары халыөты жұмыспен қамтамасыз ету

5

4







1

Жаңаарқа ауданы бойынша 2010-2012 жылдарға арналған қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын-алу бағдарламасы

25

25










Жаңаарқа ауданы бойынша 2010 жылға арналған абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бағдарламасы

30

30

 

 

 

Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған автомобиль жолдарын дамыту аймақтық бағдарламсы

10

4




4

2

Жаңаарқа ауданы бойынша 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы

10

10

 

 

 

2010 жылға арналған Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы

20*

20

 

 

 

* Іс-шара жоспарына сәйкес іс-шараларды жыл сайын орындау

** 2010 жылға дейін













*** қалған іс-шаралар бойынша орындау мерзімі әлі түскен жоқ

Көртеген аймақтық бағдарламаларда республикалық бюджеттен қаржыландырылатын іс-шаралар бар. Мұндай іс-шаралардың іске асуы биліктің орталық органдарына байланысты және орындалмау қаупі де бар. Іс-шараларды әзірлеу барысында жергілікті атқарушы органдар өздерінің өкілеттілігін шектеумен ұсыныс береді.

Сондай-ақ кейбір аймақтық бағдарламалар бойынша жоспарланған бюджеттік қаражаттар мен нақты бөлінген қаражаттар арасында біршама алшақтық байқалады. Бұл аймақтық бағдарлама шеңберінде жоспарланған шығындар мен бюджеттік жоспарлаудың өзара қарым-қатынасының әлсіздігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет