«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже



Дата29.02.2016
өлшемі79.1 Kb.
#32123
5-қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2010 жылғы 10 наурыздағы

№ 70 қаулысымен бекітілген



«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi


басқарма) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің құзіретіне жатқызылған
кқызметтерді жүзеге асырушы жергілікті атқарушы орган болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,


Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа қаулылары мен бұйрықтарын, облыс әкімінің, облыс әкімдігінің нормативтік-құқықтық, актілерін, сондай-ак, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық, нысандағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөpi мен
мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес
қазынашылық органдарында шоттары болады.

Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар жасайды.

Басқарманың заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілігі болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар жасауға құқы бар.

4. Басқарманың Ережесі мен штатының шекті санын облыс әкімдігі бекітеді

5. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан, 7 ғимарат.

6. Басқарманың толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының жұмыспен камтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекетак мекемесі.

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление координации занятости и социальных программ Мангистауской области»

7. Басқарманың құрылтай құжаты Маңғыстау облысы әкімдігінің
«Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына езгерістер енгізу туралы»
2008 жылғы 28 наурыздағы № 227 каулысы және осы Ереже болып
табылады.

8. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

Басқармаға Басқарманың функциясы болып табылатын міндеттерді орындау мәнісіне кәсіпкерлік субъектілермен келсім-шарт жасауға тыйым салынады.

Егер, Басқармаға заңнамалық, актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда осындай қызметтен тапқан табыстары облыстық бюджеттің кірісіне бағытталады.
2. Басқарманың негізгі міндеттері мен функциясы
9. Басқарманың негізгі міндеттері:

1) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік


саясатты icкe асыру;

2) жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы салааралық


уйлестіру және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында Басқармаға жүктелген өзге


де міндеттер болып табылады.

10. Басқарма қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:



  1. жұмыспен қамту, мұқтаж азаматтар санаты мен балалы отбасыларды
    әлеуметтік қолдау саласында, сондай-ақ, облыстық және жергілікті бюджет
    есебінен әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу мәселелері бойынша
    нормативтік-құқықтық актілер әзірлейді;

  2. облыстық деңгейде жасалатын өңірлік келісімдерді әзірлейді;

3) қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімдеріне әдістемелік және ұйымдастыру басшылығын жүзеге
асырады;

4) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс


күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжам жасайды, халықты және
Қазақстан Республикасының жоғарғы органдарын өңірдегі еңбек рыногының
жай-күйі туралы хабардар етеді;

  1. халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламасын, облыс халқын
    жұмыспен қамтуды жетілдіру жөніндегі ic-шарала жоспарын әзірлеуге
    қатысады;

  2. ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында, инвестициялық келсім-шарт
    жобаларын қарауға қатысады;

  3. облыс аумағында, облыстар арасында жұмыс берушілердің өз
    қызметін жүзеге асыруы үшін шетелдік жұмыс күшін тарту негіздемесін
    әзірлейді;

  4. мүдделі органдармен бipгe мамандарды даярлау және оларды жұмыска
    орналастыру қажеттілігін анықтайды;

9) облыстағы еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын
жасақтайды;

10) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады, мүгедектерді әлеуметтік қорғау


мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдарды әдістемелік және
ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады;

  1. облыс мүгедектерін оңалту жөніндегі кешенді бағдарламалар әзірлейді;

  2. мүгедектерді оңалту бойынша өңірлік және қалалық (аудандық)
    бағдарламалардың мониторингін ұйымдастырады;

  3. кемтар балаларды әлеуметтік қолдау бағдарламасын әзірлейді;

14) әлеуметтік қызметтерді әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;

  1. азаматтардың жеке санаттарын және балалы отбасыларды әлеуметтік
    қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

  2. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар
    отбасыларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындау және төлеу
    мәселелері бойынша уәкілетті органдарға мониторинг жүргізіп, әдістемелік
    басшылық жасауды жүзеге асырады;

  3. жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер
    алушылардың құрамы мен санының мониторингін жүзеге асырады;

18) мүгедектерді жекелей оңалту бағдарламаларының мониторингін
және icкe асырылуын бақылауды жүзеге асрыды;

19) әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру жөнінде ұсыныстар


әзірлейді;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелген


өзге де функцияларды ұйымдастырады.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

11. Басқарманы облыс әкімі қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын бастық басқарады.

Басқарма бастығының өзi қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын екі орынбасары болады.


  1. Бастық Басқармаға басшылық етуді жүзеге асырады және Басқармаға
    жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функциясының жүзеге
    асырылуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа дербес жауапкершілік артады.

  2. Бастьқ:

1) жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы саясатты
әзірлеп жасауға қатысады;

2) заңнамада көзделген шекте салааралық уйлестіруді қамтамасыз етеді;

3) орынбасарларының, Басқарманың кұрылымдық болімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындап белгілейді;

4) құрылымдық белімшелердің кұзыретін және өзге мемлекеттік
органдармен өзара ic-қимыл тәртібін айқындайды;

5) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарманың қызметкерлерін, бөлімдер басшылары мен медициналық-әлеуметтік мекеме басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерінен босатады;

6) Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер
қабылдайды;

7) бастықтың бұйрықтарына қол қояды;



  1. облыстық мәслихатта, мемлекеттік органдармен және өзге де
    ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Басқарманың атынан уәкілдік етеді;

  2. белгіленген еңбек ақы төлеу қоры мен қызметкерлер саны шегінде
    Басқарманың құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

  3. Басқарманың жұмыс регламентін бекітеді;

11) ведомствосына қарасты мекемелердің қызметіне басшылық жасауды
жүзеге асырады;

  1. заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;

  2. барлық қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;

14) құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

15) Басқарманың тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады,


орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметі жұмысын және
құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;

16) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

14. Басқарманың бастықтың жанындағы консультативтік-кеңесші орган
болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын
облыс әкімінің орынбасары бекітеді.

Алқа туралы ереже бастықтың бұйрығымен бекітіледі. Алқаның шешімі қаулылармен ресімделеді.

15. Басқарма жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру женіндегі және тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін
куәландыру жөніндегі комиссияның жұмыс органы, сонымен қатар облыс әкімі
жанындағы мүгедектер ici женіндегі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

16. Басқарманың қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері,


лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз
ететін құрылымдық белімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Басқарманың
жұмыс регламентімен және құрылымдық белімшелер туралы ережелермен
бекітіледі.
4. Басқарманың мүлкі
17. Басқарманың оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Басқарманың мүлкі, оған мемлекет берген муліктері, сондай-ақ бағасы Басқарманың теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктері есебінен қалыптасады.



  1. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік облыс әкімдігінің коммуналдық
    меншігіне жатады.

  2. Басқарманың, өзіне бекітіп берілген мүлікті, егер заңнамалық актіде
    өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат
    есебінен сатып алынған мүлікті, өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге де
    тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

20. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген


тәртіппен жүргізіледі.

6. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

21. Басқарманың Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Басқарманың Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін жағдайда, бұл туралы бір ай мерзім ішінде тіркеуші органға хабарлайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет