Бағдарламасы және оның маңызы Орындаған: Бакенов Ерганат тэк(дот)-202 с/п


Мектеп тарихы – ұрпақтар сабақтастығы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата23.05.2023
өлшемі5.13 Mb.
#474178
түріБағдарламасы
1   2   3
3 Тапсырма-Бакенов Е.

Мектеп тарихы – ұрпақтар сабақтастығы 
ұрпақтың бірінші парызы. Өйткені, сонау бір XX ғасырдағы 20-30 жылдардың оқиғасын қолмен қойғандай етіп айта 
алатын зерделі қариялар мен естігенін сол қалпында жеткізер құйма құлақ жандар бұл күндері өте сиреп барады. 
Өткен ғасыр тоғысында (1900 жылдар шамасында) жер-жердегі мешіттердегі діни оқулары – қазақ халқының сауат 
ашуының алғашқы баспалдақтары. Ауданымыздағы мектеп тарихы, бала оқыту кезеңі сол 1904 жылдан бастау алған 
2 жылдық қазақ-орыс мектебінен өрбітеміз. Ендігі сөз – ұрпақтар сабақтастығының алтын діңгегіне айналған 
ауданымыздағы №3 мектеп-интернаттың тарихнамасы жайлы. 
Сыр мен Қаратауды тел емген әулиелі өңір Жаңақорғанның 
өзіндік шежіре-тарихы, әрине жетіп артылады. Талай ондаған 
жылдарды басынан кешкен халық ағарту саласындағы өткенді 
маздату – бүгінгі көзі қарақты ұрпақтың бірінші парызы. Өйткені, 
сонау бір XX ғасырдағы 20-30 жылдардың оқиғасын қолмен 
қойғандай етіп айта алатын зерделі қариялар мен естігенін сол 
қалпында жеткізер құйма құлақ жандар бұл күндері өте сиреп 
барады. Өткен ғасыр тоғысында (1900 жылдар шамасында) жер-
жердегі мешіттердегі діни оқулары – қазақ халқының сауат 
ашуының алғашқы баспалдақтары. Ауданымыздағы мектеп тарихы, 
бала оқыту кезеңі сол 1904 жылдан бастау алған 2 жылдық қазақ-
орыс мектебінен өрбітеміз. Ендігі сөз – ұрпақтар сабақтастығының 
алтын діңгегіне айналған ауданымыздағы №3 мектеп-интернаттың 
тарихнамасы жайлы. 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Республикада мал 
шаруашылығын өркендетуге байланысты қабылдаған қаулысына 
сәйкес алыс мал жайылымындағы малшы балаларын мемлекет 
қамқорлығына алу мақсатында, оларды оқытып, тәрбиелейтін оқу 
орны ретінде Жаңақорған ауданы орталығынан 280 балалық №3 
сегізжылдық мектеп-интернат 1963-1964 оқу жылында ашылған. 
Мектеп-интернат алғашқы ашылған жылы аудан орталығы Шиелі 
болғандықтан, интернат контингенті Бәйгеқұмнан бастап 
қамтылған. 
Малшы балаларын түгел қамту мақсатында интернатта кезінде 
280 оқушы қабылданып, олар төсек-орынмен, киім-кешекпен, жазу-
сызу құралдарымен, 4 мезгіл тамақпен тегін қамтамасыз етіледі. 
Мектепте 12 мың кітап қоры бар кітапхана, 140 орындық 
оқушыларды 4 мезгіл тамақтандыратын асхана, жуынуға арналған 4 
душ бөлмесі, оқу өндірістік шеберхана, арнайы жабдықталған спорт 
залы, акт залы, 32 жатын бөлме, әр түрлі пәндік кабинеттер жұмыс 
істеп келеді. 


1963 жылдың 13 тамызынан 1980 жылдарға дейін мектеп-
интернатқа білікті ұстаз Ә.Әшірбековбасшылық жасайды. Жас 
ұрпақты тәрбиелеуде мәнді де мазмұнды еңбегі үшін ол партия мен 
үкіметтің лайықты наградасын алған. Нақтылап айтсақ, 1966 жылы 
«Қазақ ССР-нің еңбегі сіңірген мұғалімі» атағы берілсе, 
В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты 1970 жылы 
«Еңбектің ерлігі үшін» медалімен наградталады. 1972 жылы 
«СССР-дің халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісін алады. 
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқу-тәрбие ісін жақсартудағы және 
қоғамдық істерге белсене қатысқаны үшін Ә. Әшірбеков Қазақ ССР 
Жоғарғы Советі Президиумының Құрмет грамотасымен екі рет, 
Қызылорда облыстық партия комитеті мен облыстықатқару 
комитетінің бірнеше рет, облыстық оқу бөлімінің жоғары мектеп 
және ғылыми мекемелер қызметкерлері кәсіподағы облыстық 
комитетінің Құрмет қағазымен әлденеше рет марапатталады. 


Ә. Әшірбеков 1976 жыл Жаңақорған поселкесінің «Құрметті 
азаматы» деген атаққа ие болады. 27 маусым 1978 жылы «Октябрь 
Революциясы» орденімен наградталады. 
Осы жылы Мәскеуде өткен мұғалімдердің Бүкілхалықтық III 
съезіне делегат болып қатысады. 
Ә. Әшірбеков ұстаздық, басшылық қызметіне қоса, аудан 
өміріндегі қоғамдық-саяси жұмыстарға да белсене араласады. Ол 22 
жыл бойы аудандық партия комитетінің мүшесі, 30 жылдан астам 
уақыт жергілікті Кеңестердің депутаты болып сайланып, берілген 
аманатты кезінде орындап келген. Ә. Әшірбеков басқарып отырған 
кезде №3 мектеп-интернат республикадағы ең таңдаулы 
мектептердің бірі болған. Жыл өткен сайын мектеп-интернаттың 
материалдық базасы бұрынғыдан да жақсара түскен. Сабақ 
оқытудың кабинеттік жүйесіне көшкен.


Оқу-тәрбие жұмысындағы жақсы табыстары үшін №3 мектеп-интернат 1967 жылы 
Ұлы Октябрь Социалистік революциясының 50 жылдығы және 1970 жылы В.И. Лениннің 
туғанына 100 жыл толуымен Қазақ ССР-нің 50 жылдығына байланысты екі рет облыстың 
«Құрмет тақтасына» жазылған. 
№3 мектеп-интернаттың ұжымы Социалистік жарыстың жеңімпазы ретінде Ұлы 
Октябрь Социалистік революциясының 50 жылдығы құрметіне Қызылорда облыстық 
партия комитеті мен облыстық атқару комитетінің дипломымен наградталған. 1971 жылы 
облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты №3 мектеп-интернат ұжымының оқу-
тәрбие жұмысының тәжірибесін «Мектеп-интернат – тәрбие орталығы» деген атпен плакат 
етіп шығарып, облыс мектептеріне таратып, көпшілік игілігіне айналдырған. 
Интернатта тәрбиеленушілер арасында санитарлық-гигиеналық жағдай туғызғаны 
үшін 1975 жылы №3 мектеп-нтернат СССР денсаулық Министрлігі мен ағарту, жоғары 
мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлері кәсіподағы Орталық комитетінің мақтау 
қағазымен, ал 1977 жылы жас ұрпаққа тәрбие беру мен оқытудың жетістіктері үшін Қазақ 
ССР оқу Министрлігі мен ағарту, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлері 
кәсіподағы республикалық комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Осындай 
жақсы жұмыстарымен көрінген №3 мектеп-интернатта алғашқы жылдары төмендегі 
мұғалім-тәрбиешілер қызмет атқарды: Н.Үрзіматов, Ә.Ақылбеков, Ы.Іскендіров, 
Б.Бибасаров, Б.Әбжалелов, Т.Әбдрасилов, Н.Жаманбаев, К.Әзімханов, Н.Отарбаев, 
Ж.Үпенов, В.Дудина, Е.Шекимова, Ф.Дәуренбекова, Ж.Увашев, Ж.Исаев, Ө.Убайдаев. 
Олар өздерінің еңбек еткен жылдарында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде 
жасаған қызметтері үшін бірқатар атақтарға ие болды: 


Өтеген Убайдаев – аға мұғалім, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық 
қызметкері, СССР халық ағарту ісінің үздігі.
Бегман Әбжалелов – Қазақ ССР, СССР халық ағарту ісінің озық қызметкері.
Нұрмахан Үрзіматов – Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері.
Жұмаділла Исаев - Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері атанған. 
1964-68 жылдары оқу ісінің меңгерушісі болып Т.Әбдрасилов, 1968-71 
жылдары С.Іскендіров, 1971-72 оқу жылында К.Түлкібаева, 1972-80 жылдары 
И.Молдабеков, 1980-81 жылдары Ж.Жәнібеков, 1981-94 жылдары И.Молдабеков, 
1994-99 жылдары Ү.Шахан, 1999 жылдан Ш.Мәжитова қызмет етіп келеді. 
Мектеп ашылған жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
болып Б.Әбжалелов, кейінгі жылдары Ө.Убайдаев, С.Іскендіров, С.Сүлейменова, 
1995-1996 оқу жылынан Ұ.Төлеу мектептің тәрбие жұмысына жанды басшылық 
жасап келеді. 
1964 жылдан бері мектеп-интернатты қаншама түлек бітіріп, өмірге жолдама 
алған. Бұлардың арасында елге танымал азаматтар жеткілікті. Мысалы, Шиелі 
ауданының бұрынғы әкімі Ж.Тұрабаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары 
болған Б.Нұртазаев, әнші-композитор Н.Тастаев, айтыскер ақын Ә.Сыздықов осы 
мектептің түлектері



1963-1980 жылдары мектеп-интернатты «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген 
мұғалімі» Ә.Әшірбеков, 1980-81 жылдары Ф.Тілеубаева, 1981 жылдан Қазақстан 
Республикасы білім беру ісінің үздігі, Қызылорда облыстық мәслихатының 
депутаты, мұғалімдердің республикалық IV съезінің делегаты, білікті басшы, 
білгір ұстаз Арасат Фейзулдаев 2001 жылға дейін басқарып келді. Осы жылдың 
қазан айынан бастап мектеп-интернатқа Зинабдин Шермағанбетов 2010 жылға 
дейін басшылықты жалғастырды. 2010 жылдан Бақтияр Тоқтыбаев мектеп-
интернат директорлық лауазымын жалғастырып келеді.
1988-89 оқу жылына мектепті дайындауда қол жеткен табыстары үшін 
интернаттардың Республикалық жарысында №3 мектеп-интернат ұжымы Қазақ 
ССр халық ағарту Министрінің Мақтау қағазымен марапатталды. 
1995 жылғы облыстық білім басқармасының №61 қатынасы мен аудандық 
білім бөлімінің ұсынысына сәйкес Жаңақорған аудандық әкімінің 19 маусым 
№163 қаулысымен №3 мектеп-интернат 8-11 сыныптарында үздік балалар оқитын 
аудандық дарынды балалар мектеп-интернаты болып қайта құрылды. 
Дарынды мектеп аудан көлеміндегі мектептерден іріктелінген үздік 
мұғалімдермен толықтырылды. Атап айтсақ, математика пәнінен Ш.Мажитованы, 
қазақ тілінен Ұ.Бекмұрзаеваны, тарих пәнінен Ұ.Төлеуді №56 мектептен, орыс 
тілінен Бегентаеваны, №167 орта мектептен информатикадан М.Жандарбекованы, 
№86 мектептен физик Р.Оспанованы, №160 мектептен биология-география пәні 
мұғалімі С.Орынханованы (институтты қызыл дипломмен бітіргендер) осында 
жіберілді. 


1996-97 оқу жылының басында мектеп-интернатта 253 оқушы 
болды. Осы жылы пәндік олимпиадаға 10-11 сыныптың оқушылары 
белсене қатысқан, нәтижесінде 19 оқушының 14-і жүлделі 
орындарға ие болған. 4 оқушы жеке пәндер бойынша бірінші 
орынды иеленіп, облыстық олимпиадаға қатысып қайтты. 
1997-98 оқу жылын 183 оқушы аяқтады. Осы оқу жылында 
пәндік олимпиадаға 23 оқушы қатысып, оның 10-ы I орынға, 9-ы 
жүлделі орындарға ие болды. Облыстық олимпиадаға қатысқан 10 
оқушының 3-і III орынға ие болды. 1998 жылы аудандық жарыс 
қорытындысымен №3 дарынды балалар мектеп-интернаты «Білімді 
мектеп» атанған. Осындай жетістікке мұғалім-тәрбиешілер лайықты 
үлес қосты. «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің озық 
қызметкері» Ұ.Бекмұрзаева, «Астана» медалінің иегері 
Г.Бегентаева, Қазақ ССР Оқу Министрінің мақтау қағазымен 
марапатталған Ш.Мажитова, тәрбиешілер Г.Айтлеу, С.Сүлейменова, 
Г.Жүсипова, Б.Сүлейменова оқушыларға заман талабына сай білім 
мен тәрбие негізін үйрете білуде. 


1997-98 оқу жылында аудандық білім бөлімінің 
ұйымдастыруымен өткен «Жыл мұғалімі-98» байқауында өзін жан-
жақты көрсеткен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бегентаева 
Ғазиза аудандық «Жыл мұғалімі-98» байқауының бас жүлдесін 
жеңіп алып, облыстық байқауда жүлделі III орынға ие болған. Білім 
саласындағы ерекше еңбегі еленіп, Ғ.Бегентаева ауданда 
алғашқылардың бірі болып «Астана» медалімен марапатталды. 
Мектеп қабырғасында көптеген жылдар бойы аянбай еңбек 
еткен Қ.Кішкенбаеваның, С.Жігітованың, О.Таңбаеваның еңбектері 
ерекше. Қазір аталған ұстаздар зейнет демалысында. 
1998-99 оқу жылынан бастап аудандық білім бөлімінің 
шешімімен №3 дарынды балалар мектеп-интернаты аудандық 
«Олимпиадалық орталық» болып құрылып, пәндік олимпиадаға 
дайындықтың методикалық орталығына айналған. 
Қазір мектеп-интернат бұрынғы қалпынан таңған жоқ, тек қана 
жақсы ұмтылыстарымен көзге түсіп келеді. Сөзімнің соңын мына 
өлең жолдарымен аяқтағым келеді: 


Сананы тербеп ой-ағын,
Сіздерге қарап қоямын.
Түлегің болып ұшсам да,
Оқушың болып қаламын.
Таңдана қарап өткенге,
Мұратқа биік жеткенге.
Риза болып тұрмын,
Осында оқып кеткенге.
Өзгедей менде бала едім,
Үйірсек жырға бар едім.
Үмітін ақтап ұстаздың,
Тіршіліктерге жарадым.


Аннотация
Уақыттың ұлы көшіне ілесіп, іргелі ел болу жолында мың өліп, мың 
тірілсе де өзінің тұтастығын, түп іргесі мен болашаққа деген берік 
сенімін бойтұмардай қастерлеп сақтай білген халқымыздың ғасырлар 
бойы аңсаған асыл арманы жүзеге асқан бақытты сәті туды. 
Егемендік пен тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Миллиондаған жылдармен саналатын адамзат тарихындағы 
тоқсан толғаулы тіршілікте ұрпақтар мен дәстүр сабақтастығы әрқашан 
алға қарай дамудың қуатты қозғаушы күші ретінде қызмет атқарып 
келеді. Кешегі күнсіз қазіргі қалпымыздың, ал бүгінгі күнсіз ертеңгі 
болашағымыздың болмайтындығы толассыз өмір шындығы. Міне, 
сондықтан біз өткенімізге нақ осы үрдістердің өзара тығыз байланысы, 
үйлесімділігі мен біртұтастығы тұрғысынан баға беріп, зейін қойып, 
зерделеуге тиіспіз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет