БАҒдарламасы курчатов қаласы, 2015 жыл Мазмұны: Паспорт 3-6 2



бет4/10
Дата04.07.2016
өлшемі4.05 Mb.
#175920
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жұмыспен қамту саласындағы негізгі мәселелі сұрақтар:



  1. Жұмысқа жарамды халықтың қартаюы және жұмысқа жарамды жастағы

халықтың кемуі;

  1. Тұрақты жұмыс орындарының болмауы;

  2. Жастар және әйелдер жұмыссыздық деңгейінің өсуі;

  3. Жоғарғы білімді мамандардың азаюы және біліктірілген жұмыс

кадрларының жетіспеуі;

  1. Аз қамсыздандырылған азаматтардың жұмыссыздар мен өзін-өзі

жұмыспен қамту санында жоғарғы салыстырмалы салмақ;

  1. Көлеңкелі жұмыспен қамтылуының болуы;

  2. Еңбек нарығында кәсіптік дайындықтың сәйкес келмеуі;

  3. Ұзақ жұмыс істемегендердің жұмыссыздық мәселесі;

  4. Әкімшілік-аймақтық бірлік қимадағы еңбек ресурстарының құрамы мен

бөлуде статистикалық деректердің жетіспеуі.

Әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі мәселелер:



  1. Облыс халқының қартаю қарқыны жоғарлауы;

  2. Қарт жастағы және мүгедек азаматтардың өмірінің ең төменгі деңгейі;

  3. АӘК және МБК алушылардың жұмыспен қамтудың белсенді

шараларына қатысуға қаламауы;

  1. Мүгедектерді және азаматтардың басқа санаттарын оңалтуында талап

етуінің өсуі (психоневрологиялық ӘММ-не үлкен кезек);

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға өмір сүру ортасында қол жетімділіктің

жетіспеуі;

  1. Әлеуметтік саладағы қызметкерлердің еңбек ақысының деңгейі

төмендеуі;

  1. ӘММ кадрларын медициналық біліммен қамтылуының жетіспеушілігі.

Мәдениет


Мәдениет саласы аймақтың әлеуметтік жаңаруына және экономикалық дамуына ықпал етіп, жергілікті қауымдастықты тұтастай қалыптастыруға және білім және оқыту саласында тұрғындардың жеке жетістіктерін өсуіне мүмкіндік туғызады.

Соңғы бірнеше жылдар ішінде қаладағы мәдениет саласы қызметі бірқалыпты оң нәтижеге қол жеткізді, бұл тек қаржыландырудың ұлғайғанынан ғана емес, сондай-ақ мәдени қызмет сапасының жақсарғанынан байқауға болады.

Курчатов қаласында үш мәдениет ошағы бар, олар: қалалық мәдениет үйі, қалалық кітапхана, достық үйі. Қалада әр түрлі жанрдағы 14 шығармашылық ұжымы жұмыс істейді, оның ішінде «Үлгілі-өнегелі» атағы бар 1 хореографиялық ұжым бар.

Қалалық достық үйінде 3 этномәдени бірлестік қызмет атқарады, олар: «Ата мұра» қазақ, «Русана» орыс, «Свиточ» украин бірлестіктері.

Қала аумағында 2 мәдени-тарихи ескерткіш тіркелген, оның ішінде 1-уі жергілікті мәндегі (құжаттандырылған). Қалалық мәдениет үйіне қарасты «Берег» демалыс базасы жұмыс атқарады.

Кітапхананың жалпы қоры 2012 жылы – 32 022 мың дана, 2013 жылы – 32 104 мың дана, 2014 жылы – 33 346 мың дана кітапқа толықтырылды.

Оқырмандарға қазақ және орыс тіліндегі баспалардың үлкен ассортименті ұсынылады.

Қалалық кітапхана әр түрлі жастағы барлық тұрғындарға қызмет көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға және зейнеткерлерге үйде қызмет көрсетіледі. Әр түрлі техникалық, анықтамалық әдебиеттер және кезекті баспалармен толықтырылған үлкен оқу залы бар.

2012 жылдан бастап қалалық кітапхана Ирбис жүйесін енгізу бойынша жұмыс атқарып келеді. Жүйе өзіндік мәліметтер базасын құруға, ақпараттық кеңістікте толықмәтінді іздеуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, мәліметтерді интернет, локальды жүйе немесе жариялау арқылы алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл кітапханаға келуші оқырмандар санының өсуіне қол жеткізді.

13 кесте



Негізгі көрсеткіштер

2012

2013

2014

Оқырмандар саны

1 696

1 935

2270

Кітап беру

27 876

26 318

39754

Кітапханаға келушілер

12 127

9017

10076

Өткізілген шаралар

66

72

60

«ШҚО Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша МТБ нығайту:



  • 2012 жыл – 3434,0 мың теңге (қазақ үйі, бейнепроектор, процессор, ПО1С бухгалтерия, кітаптар);

  • 2013 жыл – 4145,3 мың теңге (ноутбук, музакальный центр, сахна (жібек), кулисы (дүрия), радиомикрафон, сахна перделері, кітаптар, жиһаз);

  • 2014 жыл – 3200,0 (жиһаз, мольберт, жылу есептеуші, домбыра, ұлттық аспаптар, костьмдерге арналған ілгектер, компьютерлер, экран, принтер, кітаптар).

Қалалық мәдениет үйінде 310 орынды концерт залы бар, бұл залда барлық мемлекеттік мерекелерге арналған салтанатты жиындар, би кештері, байқаулар, әр түрлі бағыттағы көрмелер өткізіледі.

2012 жылы барлығы 190 іс-шара, 2013 жылы 197 іс-шара, 2014 жылы 210 мәдени-көпшілік іс-шаралар (концерттер, фестивальдар, байқаулар, форумдар, акциялар, шығармашылық кештер, қала әкімінің кездесулері) өткізілді.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдениет ошақтары қызметіне қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мәдениет ошақтары пандустармен жабдықтарған.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары (S):

    1. Клуб мекемелеріне

тұрғындардың келу деңгейі 1,4 есе өсті.

  1. 2012 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тілдегі кітап қоры 1,5 есеге өсті.

  2. Мәдениет саласы көрсететін қызмет сапасының жақсаруы.

  3. Клуб мекемелері өткізетін мәдени-көпшілік іс-шаралардың көбеюі және іс-шараларға келушілердің артуы.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Материалдық-техникалық базаны жақсартуға, сонымен қатар музыкалық аппаратураны сатып алуға қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі.

  2. Жалақының төмен болуы жоғары білікті мамандарды тартуға мүмкіндік бермейді.



Мүмкіндіктері (О):

  1. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға тегін қызмет көрсету мәдени қызметтің қол жетімділігін арттырады.

  2. Көшпелі іс-шаралар есебінен тұрғындарға қызмет көрсету аясының кеңеюі.

  3. Жас таланттарды анықтау мақсатында байқаулар өткізу.

Қауіп-қатер (Т):

  1. Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттарының (орталықтардың) жоқтығы.

  2. Мәдени орта инфрақұрылымының жеткіліксіз сатыда дамуы, арнайы мамандар мен ұйымдардың жетіспеушілігі.

Негізгі мәселелер:



  1. Мәдениет мекемелерінің жеткіліксіз деңгейде комьютерлермен қамтамасыз етілуі;

  2. Мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының төмендігі және ведомствоға қарасты тұрғын-үйдің жоқтығы;

  3. Жеткіліксіз деңгейдегі материалдық-техникалық жабдықтау: заманауи LED-экран құрылғысының, музыкалық аппаратураның жетіспеушілігі мәдени қызметтің сапасына кері әсер тигізеді.

Дене шынықтыру және спорт

Қалада балалар-жасөспірімлер спорт мектебі жұмыс істейді, гір спорты мен қол күресі, қазақша күрес, тоғыз құмалақ, үстел теннисі, шағын футбол, волейбол, дзю-до, таэквандо сынды спорт түрлері оқушылар және ересек тұрғындар арасында ұсынылады.

Қазіргі уақытта 28 спорттық ғимараттар бар: БЖСМ жанында 1 спорттық кешен, 11 спорт зал (соның ішінде 4 БЖСМ), 3 алаң, 3 спорттық алаң, 5 хоккей қораптары, 3 жаттығу залы және 3 көп қызметті корт. 2013 жылмен салыстырғанда спорттық ғимараттардың саны хоккей қораптарын қалпына келтіру, көп қызметті спорттық алаңдарды орнату есебінен ұлғайды.

Статистикалық мәліметтер талдауы 2013 жылмен салыстырғанда дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың саны 17,5% артқанын көрсетеді 2013 жылы 2132 адамнан 2505 адамға дейін, жылы 2780 адам (23,8 %), 2015 жылы 3150 адам (26,4%), 3620 адам (30%).

14 кесте


2012-2014 жылдарда спорттың даму көрсеткіштерінің негізгі динамикасы




Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлік

2013 ж.

2014

2015

1

Спорттық нысандар

бірл

26

28

29

2

Дене шынықтыру мен спорт мамандары-барлығы, оның ішінде дене шынықтыру білімі барлар

адам

18

26

21

3

Жүйелі түрде барлық жастағы дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың қамтылуын ұлғайту, %

%

23,8

26,4

29,6

4

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны, адам

адам

2780

3150

3620

5

Дене шынықтыру –спорттық бірлестіктер (ведомствоға қарасты дене шынықтыру спорттық бірлестіктер, спорттық клубтар, кәсіпорындардағы спорттық ұжымдар)

бірл

44

46

47

6

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің қамтылуы

%

466

557

648

7

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер саны

адам

12121

14121

1448

Қалада тұрақты негізде шаңғы жарыстарынан жарыстар ұйымдастырылады.

«Жартас» балалар-жасөспірімдер клубы қыс кезінде клуб мүшелері және олардың ата-аналары үшін Ертәс өзені арқылы шаңғыда «демалыс күні» жорықтарын ұйымдастырады.

Жаппай спортты дамыту мақсатымен қалада қала әкімі жүлдесіне дамып келе жатқан спорт түрлерінен турнирлер, спартакиадалар, чемпионаттар өткізу дәстүрге айналды.

Қала спортшылары қазақша күрес, қол және гір күресінен облыстық жарыстарға қатысуда. Сонымен 2014 жылы қала спортшылары халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда 9 алтын, 6 күміс және 6 қола, барлығы 21 медаль иеленді.

«Жартас» балалар-жасөспірімдер клубы салауатты өмір салтын тәрбиелеу жөнінен үлкен жұмыс атқарады. 2015 жылы клуб мүшелерімен 12 көпкүндік жорықтар ұйымдастырылды. 170 балалар мен жасөспірімдер, 62 астам ата-аналар қамтылды.


SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары (S):

  1. Дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың қамтылуының ұлғаюы

  2. Спорттық нысандардың көбеюі



Әлсіз жақтары (W):

  1. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің материалдық-техникалық базасының нашар жабдықталуы.

2) Жұмыс істеп тұрған спорттық нысандардың көпшілігі жетілдірілген нормаларға және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес келмейді.

Мүмкіндіктері (О):

  1. Қалалық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін мүмкіндіктер жасау (үстел теннисі, шағын футбол, волейбол, баскетбол, хоккейге арналған алаңдар құру).

  2. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық-базасын дамыту

  3. Халықты ақпараттық қамтамасыз ету

  4. Спорт кадрларын даярлау бағдарламасын жетілдіру

Қауіп-қатер (Т):

  1. Жоғары білікті мамандардың басқа салаларға кетуі

  2. Кейбір спорт түрлерінің әлсіз дамуы

  3. Бар материалдық базаны орналастыру

Негізгі мәселелер:

- Қалада бұқаралық спорттың нашар дамуы.

- Спорттық инфрақұрылым және материалдық-техникалық базаның жеткіліксіз жабдықталуы.

- Білікті мамандардың жеткіліксіздігі

- Жаппай спорттың әлсіз дамуы



- Спорт түрлері бойынша қол жетімді спорттық клубтар мен секцилардың жеткіліксіздігі.
Тілдерді дамыту

Даму бағдарламасы мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейтуге және нығайтуға, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтауға, этникалық топтардың тілдерін дамытуға, сондай-ақ, өңірде іс жүргізудің толық мемлекеттік тілге көшуіне жағдай жасауға және басқа ұлт тілдерінің дамуына ықпал етуге бағытталған.

Даму бағдарламасы шеңберінде қаланың тілдерді дамыту саласының жағдайына талдау жасалған, күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталған.

Мемлекеттік органдардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін көтеру мақсатында бөлім ай сайын мониторинг жасап, талдап отырады. Жалпы құжаттағы мемлекеттік тілдің үлесі 2013 жылы – 98,0%, 2014 жылы – 98,3% болды. Ал 2015 жылдың 9 айы көлемінде жалпы құжаттағы мемлекеттік тілдің үлесі 98,9 % құрады.

Мемлекеттік қызметшілерді және басқа санаттағы азаматтарға мемлекеттік тілді оқыту мақсатында тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.

Мемлекеттік тілді меңгеру үшін 2012-2013 оқу жылында тілдерді оқыту орталығында 88 тыңдаушы (8 топ) және ағылшын тілін меңгеру бойынша 40 тыңдаушы (3 топ) құрылып, дәріс алды.

Мемлекеттік тілді меңгеру үшін 2013-2014 оқу жылында (8 топ) 105 тыңдаушы және ағылшын тілін меңгеру үшін 70 тыңдаушы (5 топ) құрылып, дәріс алды. Орыс тілін меңгеру үшін 26 оралман (2 топ 13 тындаушыдан) дәріс алды.

Мемлекеттік тілді меңгеру үшін 2014-2015 оқу жылында 185 тыңдаушы (12 топ) және 80 тыңдаушы (6 топ) ағылшын тілін меңгеру үшін дәріс алды.

2013 жылы білім ошақтарында ересектерге қазақ тілінің курстары ұйымдастырылған 6 үйірме (78 тыңдаушы) және 3514 әскери бөлімінде (8 топ) 410 тыңдаушыға арналған үйірме ұйымдастырылған.

2014 жылы мемлекеттік тілді меңгеру бойынша білім ошақтарында (мектеп-гимназия, №3 орта мектебі, «Журавушка» және «Күншуақ» бала бақшалары, №1 орта мектебі) және әскери бөлімінде 5 үйірме (671 тыңдаушы) ұйымдастырылды.

2015 жылы мемлекеттік тілді меңгеру бойынша білім ошақтарында (мектеп-гимназия, №3 орта мектебі, «Журавушка» және «Күншуақ» бала бақшалары, №1 орта мектебі) және әскери бөлімінде 5 үйірме (675 тыңдаушы) ұйымдастырылды.

Тілдерді оқыту орталығында достық үйінің ұйымдастыруымен ана тілдерін оқу бойынша тегін курстар ұйымдастырылып, өткізілді: 2013-2014 оқу жылында неміс тілін меңгеру үшін 24 тыңдаушы дәріс алды, украин тілін меңгеру үшін 25 тыңдаушы дәріс алды, 2014-2015 оқу жылында неміс тілін меңгеру үшін -30 тыңдаушы, ал украин тілін меңгеру үшін – 28 тыңдаушы дәріс алады. Оқыту тегін жүргізіледі.

Білім беру саласында қазақ тілінің рөлі біртіндеп артып келеді. Мемлекеттік тілмен қатар қоғамдық өмірдің барлық салаларында орыс тілі қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметі сақталуда және дамуда. Тұрғылықты ұлт жастарының арасында жыл сайын орыс тілін білгірлерінің «Жеті жұрттың тілін біл...», «Ой-сана» байқаулары өткізіледі.

Мемлекеттік тілді меңгермеген азаматтар үшін арнайы курстар ұйымдастырылады. Өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл-парасат», «Абай оқулары» қазақ тілін білгірлерінің байқаулары өткізіледі.

Сонымен қатар ағылшын тілін үйрену үшін жағдайлар жасалуда. Тіл айлықтары мен апталықтары жүйелі өткізіліп тұрады, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында қазақ, орыс үйірмелерімен қатар ағылшын үйірмелері жұмыс істейді. «Тіл шебері», «Тілдарын», «Тіл мерейі» сайыстары өткізіледі. Жастар арасында аталған байқауларға қатысушылар саны өсуде.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» туралы 21-бабының талаптарына сәйкестендіру мақсатында рейдтер жүргізіліп тұрады. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде Заң талаптарын бұзудың фактілері азаюда. Егер 2012 жылы 10 рейд барысында 2 факті анықталса, 2013 жылы 10 рейд жүргізіліп, 1 факті анықталды. 2014 жылы 8 рейд жүргізіліп, заң талаптарын бұзу фактілері болған жоқ. Барлығы 70 нысан қамтылып, халыққа қызмет көрсету саласында анықталған барлық заң талаптарын бұзу фактілері жойылды. 2015 жылдың 9 айы көлемінде 10 рейд жүргізіліп, заң талаптарын бұзу фактілері болған жоқ.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары (S):

  1. Қала азаматтарының мемлекеттік тілді

меңгеруі үшін қажетті жағдай жасалған, тілдерді оқыту орталығы ашылды;

  1. Мемлекеттік тілді оқытудың біртұтас

жүйесі ұйымдастырылған;

  1. Мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде

жаңа ақпараттық технологиялар енгізілуде;

  1. Мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі

белсенді түрде іске асырылуда;

  1. Көп тілділікті сақтау жағдайында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңеюде;

  2. Қалада тұратын ұлыстардың тілдерін

үйрену үшін мемлекеттік қолдау арқылы тиімді жүйесі құрылуда.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Мемлекеттік тілді білетін мамандардың жетіспеушілігі;

  2. Тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтылуы.



Мүмкіндіктері (О):

  1. Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін көтеру;

  2. Көптілділік орта жағдайында әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке мемлекеттік тілді енгізу;

  3. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту;

  4. Үш тілді меңгерген тұрғындар үлесін көтеру.

Қауіп-қатер (Т):

  1. Мемлекеттік тілді қолдану аясындағы құқықтық кемшіліктердің бар екендігі;

  2. Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.





Негізгі мәселелер:

  1. Қалада өмір сүретін этностардың ана тілін үйренуі бойынша әдістемелік көмектің жоқтығы;

  2. Қаладағы мемлекеттік тілдің жеткіліксіз коммуникативтік қызметі (электронды және баспа БАҚ-да мемлекеттік тілдегі хабар таратудың көлемі);

  3. Тілдер туралы заңнамаға сәйкес халыққа қызмет көрсету саласында көрнекі ақпараттарды ресімдеу бойынша рейдтерді жүргізу кезінде ономастика саласында нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі.

Ұлтаралық келісім

Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға этномәдени және діни бірлестіктердің өкілдері елеулі үлес қосады. Жиыны қалада 3 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, мүшелерінің саны бойынша орыс- 15, украин -8, қазақ – 7, олардың басты мақсаты түрлі ұлттардың тілін, мәдениетін, дәстүрлерін сақтау және дамыту болып табылады.

15 кесте.







2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ЭМБ

1

2

3

3

Достық үйі

1

1

1

1

ҮЕҰ бірлесе жұмыс істеу

Әділет органдарында тіркелген қоғамдық ұйымдардың саны – 5. Кәсіпкерлік саласы, жастар саясаты саласы, тұрғындардың неғұрлым аз қамтамасыз етілген бөлігімен жұмыс салалары неғұрлым белсенді жұмыс істейді.

2012- 2014 жылдары ҮЕҰ- мен бірлесе отырып 120 астам іс- шара өткізілді: концерттер, қайырымдылық акциялары, тренингтер, семинарлар, спорттық жарыстар. Барлық іс- шаралар атқарушы билік органдарының тікелей қатысуымен өткізілді. Өткізілген қайырымдылық акцияларының арқасында ондаған мүгедек балалар материалдық көмек алды.

Қала аумағында қала әкімі жанында кеңесуші- кеңес беруші орган мәртебесіне ие комиссиялар мен кеңестер жұмыс істейді, олар: ҮЕҰ бірлесе жұмыс істеу бойынша кеңес, діни бірлестіктермен байланыс бойынша кеңес, жастар істері бойынша үйлестіру кеңесі, қоғамдық кеңес, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат бойынша комиссия, сондай- ақ ҰОС ардагерлері кеңесі және ақсақалдар кеңесі, олардың отырыстары тоқсанына бір рет өткізіледі.

Проблемалар:

Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірлесе жұмыс істеу тәртібін реттейтін айқын заңнамалық және нормативтік құқықтық актлердің болмауы;

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың дәстүрлі жүйесі ҮЕҰ институттық дамуын қарастырмайды, олардың табыс көздері мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру болып табылады, оны алу бәсекелестіктің жоғары деңгейде болуы арқылы қиындай түседі.



  • Қоғамдық бірлестіктердің белсенділік деңгейінің елеулі көлемде төмендеуі. ҮЕҰ мемлекеттік қолдау көрсетудің балама тетіктерінің болмауына байланысты (гранттар) олардың тұрақты қызметкерлер штаты, кеңсесі, материалдық- техникалық базасы жоқ.



SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары (S):

  1. Қоғамдық- саяси жағдайға, саяси партиялардың және азаматтық қоғамның өзге де институттарының қызметіне мониторинг жүзеге асырылады;

  2. Обеспечена активная работа диалоговых площадок с участием НПО;

Әлсіз жақтары (W):

  1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың болмауы;

  2. Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуының жеткіліксіз деңгейі.




Мүмкіндіктері (O):

1) Қоғамдық- саяси, оның ішінде діни жағдайдың қиындауына жол бермеу мақсатында тұрғындармен кең көлемде түсінік беру жұмыстарын жүргізу (жиындар, кездесулер, акциялар және т.б.);

2) Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыруға қаражат бөлу. ҮЕҰ оларды жүзеге асыруға тарту;

3) Азаматтардың рухани дамуы мен мәдени ағарту.



Қауіп - қатер (T):

1) Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси ықпалына түсу қатері.

2) Қоғамдық бірлестіктердің белсенділік деңгейінің төмендеуі.

Жастар саясаты

2015 жылғы жастардың жалпы саны –3030, 14 - 29 жас аралығындағылар (14 - 18 – 500 адам, 18 - 29 – 2530 адам).

2012 жылдан бері ШҚО Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімінің «Курчатов қаласының жастар орталығы» КММ жұмыс істейді, қызметкерлерінің жалпы саны 8 адам. Жастар орталығы жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй алу, «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша кеңес беру көмегін көрсетеді, неке және отбасы институтын нығайту мен сақтау бойынша іс- шаралар өткізіледі. Ағымдағы жылы жастар орталығына түрлі мәселелер бойынша 14- 29 жас аралығындағы жастардан 145 өтініш келіп түсті.

ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдар Кеңесі өз жұмысын жалғастыруда. Жастар үшін шығармашылық қабілетті дамыту, жастардың денсаулығы бойынша үйірмелер мен секциялар ашылған. Жастар кәсіпкерлігі дамуда.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 14- 29 жас аралығындағы тұрғындардың жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттанушылық деңгейі елеулі көлемде артты және 2013 жылы бұл көрсеткіш – 54,5 % құрады.

Соңғы үш жыл ішінде курчатовтық жас ұрпақ арасында патриоттықтың жоғары деңгейі байқалады – 100 %.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары (S):

1) ШҚО Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімінің «Курчатов қаласының жастар орталығы» КММ жұмыс істейді

2) Шығармашылықты, мәдениетті, спортты дамытуға жағдай жасалынған.


Әлсіз жақтары (W):

1) Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері;

2) Сапалы білім алу, жұмысқа орналасу мәселелері.


Мүмкіндіктері (O):

1) Жастар арасында ақпараттық- түсінік беру жұмысын күшейту;

2) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемін арттыру



Қауіп - қатер (T):

1) Қалада қоғамдық- саяси жағдайдың

күрделенуі;

2) Жастардың деструктивті ағымдарға

тартылуы;

3) Шет елдер тарапынан ақпараттық

ықпал ету.

Негізгі мәселелер:

1) Тұрғын үймен қамтамасыз ету;

2) Жастар арасында құқық бұзушылықтар байқалады;

3) Жастар саясатының жүзеге асырылуының жеткіліксіз ақпараттық, кадрлық, ғылыми қамтамасыз етілуі;

4) Халқаралық жастармен алмасу дамымаған.

5) Сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Дін

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 2 діни бірлестік тіркелген: Курчатов қаласының мешіті және Свято – Казан приходы.

Конфессияға жатуы: қала тұрғындарының 54,5%– мұсылмандар, 39,5% - христиандар, 0,04%-өзге. Тұрғындардың 25,5 % тұрақты түрде мешітке немесе шіркеуге барып тұрады, діни әдет- ғұрыптарды қатаң сақтайды.

Уағыздарға мониторинг жүргізіледі, кемшіліктер анықталған жоқ. Бұл діни бірлестіктер діни мерекелер, қайырымдылық акцияларын өткізді.



Заңсыз діни бірлестіктер жұмысына қатысқаны немесе басқарғаны, діни сипаттағы әдебиет таратқаны, заңсыз миссионерлік қызметі үшін әкімшілік құқық бұзушылықтардың орын алуының алдын алу мақсатында тұрғындармен түсінік беру- алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Азаматтық қоғамды дамытуға этномәдени бірлестіктер елеулі үлес қосып келеді.

Қалалық Достық үйі тұрғындардың барлық санаттарын қамти отырып ұлтаралық келісімді нығайту бойынша жылына 40 астам іс- шара өткізеді. Достық үйінің ұжымы облыстық деңгейде үлкен концерттік бағдарламалар, көрмелер көрсетті. Ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындардың үлес салмағы оң өзгерістерді құрайды және 2014 жылы–100 % құрады.

2015 жыл ішінде электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында дін мәселелері бойынша 48 материал орналастырылды.

Діни қатынастар саласындағы саясаттың негізгі басымдықтары діни тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындар арасында кең көлемде ақпараттық- түсінік беру жұмыстарын жүргізу, толерантты қоғам құру болып табылады.

Қалада діни тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға, діни экстремизм мен лаңкестік көріністерінің бой көрсетуін қабылдамауға, тұрғындардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған іс- шаралар тұрақты негізде өткізіледі.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қала аумағындағы діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізу жүзеге асырылды. Жиыны екі діни бірлестік тіркелді: қалалық мешіт және свято-казан православиелік приходы.

SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:




Күшті жақтары (S):

  1. Қоғамдық – саяси жағдайға, саяси партиялар және өзге де азаматтық қоғам институттарының қызметіне мониторинг жүргізіледі;

  2. Азаматтық қоғам институттарының қатысуымен диалогтық алаңдардың белсенді жұмысы қамтамасыз етілген (жұмысты қоғамдық кеңес, ақсақалдар кеңесі, ардагерлер кеңесі және т.б. жүргізеді);
    3) Баспа басылымдар, телеканалдар, электронды БАҚ жұмыс істейді.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың болмауы;

  2. біліктілігі жоғары имамның, теологтар мен дінтанушылардың жетіспеушілігі



Мүмкіндіктері (O):

  1. Қоғамдық саяси жағдайдың, оның

ішінде діни жағдайдың күрделенуіне жол бермеу мақсатында тұрғындар арасында кең көлемде түсінік беру жұмыстарын жүргізу (жиындар, кездесулер, акциялар және т.б.);

  1. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыруға қаражат бөлу. Оны жүзеге асыруға ҮЕҰ тарту;

  2. Тұрғындар арасында ақпараттық- түсінік беру жұмыстарын күшейту

  3. Қоғамдық- саяси жағдайдың, оның ішінде діни жағдайдың күрделенуіне жол бермеу бойынша нақтылы шаралар қолдану;

  4. Тұрғындардың рухани дамуы және мәдени ағарту жұмыстары.

Қауіп - қатер (T):

  1. Деструктивті діни ағымдардың таралуы.

  2. Тұрғындардың, әсіресе жастардың осы діни бірлестіктер қатарына тартылуы;

  3. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси ықпалына ұшырау мүмкіншілігі.



Негізгі мәселелер:

1) Біліктілігі жоғары имамның, теологтар мен дінтанушылардың жетіспеушілігі.

Саяси партиялар

«Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімшесі тіркеліп, өз қызметін жүзеге асыруда. Партия мүшелерінің саны 959 адам.

Бастауыш ұйымдардың жалпы саны – 11. Партия мүшелерінің (Нұр Отаннан басқа) өсуі байқалмайды.


Гендерлік саясат

2014 жылы қалада тұрғындар саны 12,1 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер саны 6,2 мың адамды немесе, 52% құрады. Әйелдер ерлермен бірдей деңгейде қаланың экономикалық қызметінің барлық салаларының жұмысына белсене қатысады.

Экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдердің үлесі басым болып келеді. Әйелдердің қала өмірінің барлық салаларына қатысуына жүргізілген мониторинг нәтижесінде денсаулық сақтау саласында 167 әйел, білім беру саласында 219 әйел жұмыс істейтіні анықталды. Курчатов қаласында шағын және орта бизнестің 12 кәсіпорынын әйелдер басқарады. Қызмет бағыты –кабельдік теледидар қызметін көрсету, табиғи тасты өңдеу, азық- түлік және өнеркәсіп, қызмет көрсету саласы тауарларын өткізу.

Жүргізілген талдау 2014 жылы экономикалық қызметтегі әйелдердің пайыздық көрсеткіштегі үлес салмағының негізінен өзгермегенін, тек білім беру саласында, коммуналдық, әлеуметтік, қызмет көрсету салаларында, саудада және үй шаруашылығын жүргізу бойынша қызмет көрсету саласында артқанын көрсетеді.

Қалада әйелдерді саяси жұмысқа тарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Қалалық мәслихаттың 11 депутатының 3- і немесе 27,3 % әйелдер. Қала әкімінің 2 орынбасарының – 1 немесе 50 % әйел, дербес бөлімдердің 11 басшыларының – 4 немесе 36,5 % әйелдер.

SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:




Күшті жақтары (S):

  1. Әйелдер саны тұрғындардың жалпы

санының 52% құрайды;

  1. Экономикалық қызметтің кейбір

түрлері бойынша әйелдердің үлесі басым болып келеді;

  1. Әйелдердің өмір жасы ерлерге

қарағанда жоғары.

Әлсіз жақтары (W):

1) Әйелдердің шешім қабылдау деңгейінде билікке қатысуының жеткіліксіздігі;

2) Ерлер мен әйелдерге жалақы төлеуде айырмашылықтың сақталуы.


Мүмкіндіктері (O):

1) Әйелдерді саяси өмірге қатысуға тарту арқылы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру.



Қауіп - қатер (T):

    1. Әйелдер құқықтарының

сақталмауы;

2) Әйелдерді жыныстық белгісі бойынша кемсіту.


Негізгі мәселелер:

1) Әйелдердің шешім қабылдау деңгейінде билікке қатысуының жеткіліксіздігі, мысалы қалалық деңгейдегі өкілетті билік органында әйелдердің үлес салмағы небары 27%, атқарушы билік органдарында – 25% құрайды.

Тұрғындарды отандық телехабар таратумен қамту деңгейі

Қалада абоненттерді отандық теледидарға қосу бойынша кәсіпкерлерді, қала мекемелерін және тұрғындарды тарта отырып жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 31.12.2014 жылғы жағдайы бойынша 125 абонент қосылды, оның ішінде 96 тұрғындардың өз қаражаты есебінен, 24 аз қамтамасыз етілген отбасыларға, 5 аз қамтамасыз етілген азамат демеушілік көмек есебінен қосылды. 01.11.2015 жылғы жағдайы бойынша «Отау ТД» ұлттық сандық телехабар таратуға жиыны (өсе отырып) 185 абонент қосылды, оның ішінде жеке тұлғалар 169 абонент, заңды тұлғалар - 16

«Казтелерадио» АҚ өкілдері 2016 жылы «ОТАУ ТД» эфирлік сандық телехабар тарату қондырғысын орнатуды жоспарлаған, мұның өзі тұрғындардың ұлттық сандық телехабар тарату желісіне қосылуына оң ықпал ететін болады.


2.1.3 Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2012-2014 жылдардағы Курчатов қаласы бойынша жедел жағдай тұрақты түрде қалып отыр.

Курчатов қаласының ішкі істер органдарының қызметкелерімен қылмыс санының азаюына бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалардың толыққанды есепке алынуы мен тіркелуін қамтамасыз ету, қылмыстылық жағдайы бойынша объективті статистикалық мәліметтерге жету бойынша мақсатты жұмыстар жүзеге асырылуда.

Нәтижесінде 2012 мен 2014 жылдардағы сараптамалық кезеңде тіркелген қылмыстар санының 9,3 % біршама төмендегені байқалады, яғни 2012 жылы 142 қылмыс тіркелсе 2014 жылы 132 қылмыс тіркелген.

Нақты айтқанда:



  • Қасақана кісі өлтіру саны 2012 жылы 3 қылмыс болса 2014 жылы 1 қылмысқа қысқарған, немесе 66,6 % төмендеген;

  • Тонау саны 2012 жылы 7 қылмыс болса, 2014 жылы 5 қылмысқа қысқарған, немесе 40,0% төмендеген;

  • Ұрлық саны 2012 жылы 82 қылмыс болса, 2014 жылы 63 қылмысқа қысқарған, немесе 30,2 % төмендеген;

  • Кішігірім қылмыс пен орташа ауыр қылмыс саны 2012 жылы 131 қылмыс болса 2014 жылы 116 қылмысқа қысқарған, немесе 12,9 % төмендеген.

Алайда, бұл көрсеткіштер бойынша келесі қылмыcтардың көбейгендігі байқалады:

  • Зорлық саны 2014 жылы 1 болса, 2012 жылы мұндай жағдай болмаған;

  • Қарақшылық саны 2014 жылы 1 болса, 2012 жылы мұндай жағдай болмаған;

  • Бұзақылық саны 2012 жылы 19 болса ,2014 жылы 20-ға жеткен, немесе 5,3 %;

  • Алаяқтық саны 2012 жылы 5 болса, 2014 жылы 9-ға жеткен, немесе 80,0 %.

13 сурет

2012-2014 жылдардағы жол – көлік оқиғалары санының өзгеру динамикасы



Сараптау нәтижесі бойынша бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы негізінен еш жерде қызмет істемейтін тұлғалармен жасалынатындығы көрсетілді. Бұл ретте қылмыстардың 30 % басқа қаладан келген азаматтармен жасалынады, олардың көбі жұмыссыздар, қылмыстардың негізгі объектісі ұялы телефон ұрлау.

Әлеуметтік ауыр мәселе ретінде алкагольді қолданудың өсуі және нашақорлық жатады, әсіресе жастар арасында. Осыған байланысты арнайы медициналық мекемелерді дамыту қажет.

Алкаголь сусындарын жүйелі пайдаланудың алдын алу, ерте анықтау, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды медициналық емес жағдайда пайдалану салауатты өмір салтын ұстану туралы насихат жүргізу іс-шара туралы жетілдіруді талап етеді құқық бұзудың алдын алуға үкіметтік емес ұйымдарды және азаматтарды тарту.

Тапсырмаларды іске асыру үшін қалалық полиция бөліміне бірқатар мәселелерді шешу қажет, озық техникамен қызметтік көлікпен жарақтандыру мәселелері бар

Полиция бөлімінің ғимараты 50 жыл бұрын офицерлік жатақхана ретінде салынған және заманауи талаптар мен нормаға сәйкес келмейді. Жеткізілген тұлғалардың ісін қарау бөлмесі, жедел-тергеу тобының бөлмесін қайта жасауға мүмкіндік жоқ. Кейбір арнайы қабылдағыштардың жоқтығынан әкімшілік тұтқындалушылар өз жазасын камерада өтейді, халықаралық стандартқа және талапқа сай емес. Уақытша ұстау орындарын минималды халықаралық стандартқа сай сәйкестендіру түрлі төтенше жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін төмендетеді.

Қалалық ауруханада наркологиялық кабинет және тұлғалардың ағзасында психотропты заттардың, есірткінің бар жоғын тексеріп, куәләндыратын құрылғының жоқтығы полиция қызметкерлеріне есірткіге тәуелді тұлғаларды анықтауға үлкен қиындық туғызады.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары (S):

1) Азаматттардың құқықтық

қызығушылығы, құқықты қорғау және еркіндік жағдайлары жасалды;

2) Өзара іс- қимыл және қамтамасыз ету құқықбұзушылықтың алдын алудың нақты субьектілері анықталды.



  1. Өзара іс- қимыл нысандары азаматтармен және ұйымдармен қоғамдық тәртіпті келісілді құқықбұзушылықтың алдын алу күзетінде қатысатындарға;

  2. Азаматардың заңға мойынсыну әрекетін қалыптастыру шараларын анықтау;

  3. Салауатты өмір салтын жария ету бойынша кешенді шаралар құрылды;

  4. Әлеуметтік жарнама компаниясын жүргізу.

Әлсіз жақтары (W):

1) Қалалық ішкі істер органдарының тиісті қалыпқа дейін жасақталмауы, типтік әкімшілік ғимаратпен қамтамасыз етілмеуі және қалалық полиция бөлімінің қолданыстағы ғимараттарын қайта жөндеуден өткізу қажеттілігі.




Мүмкіндіктері (O):

1) Құқық бұзушылық пен қылмыстың саны артқанда ескерту бойынша уақытылы шара қабылдау;

2) Азаматтардың ұқықбұзушылыққа қызығушылығы бостандық және құқықты қорғау туралы жағдай жасау;


  1. Алдын алу құқықбұзушылықтың ;

  2. Құқық бұзушылықтың алдын алу

жүйесін іске асыру.

  1. Алдын алу субьектілері үйлестіру

қызметін көтеру;

  1. Бақылау шара құқық бұзушылықтың алдын алу өкізу.

Қауіп- қатер (T):

1) Республика аумағында күшіне енген радикалды экстремистік және террористік бірлестіктер мен ұйымдардың әрекеті.

2) Қоғамдағы әлеуметтік күйзеліс аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер қаупі.


Негізгі мәселелер:

1) дүкендерде, алаңдарда, ойын-сауық мекемелерінде бейнебақылау жүйесі жеткілікті деңгейде дамымаған.

2) Жол-көлік оқиғаларына тұтас келесідей себептер жиыны әсер етеді:

3) Техникалық жол жағдайы қанағаттандырмайды.

4) Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібінің төмендігі, ең алдымен, көлік жүргізушілердің тәртібі.




      1. Инфроқұрылым кешені

Жолдар және транспорт

Қаладағы жергілікті маңызды жолдардың қашықтығы 42 км құрайды, оның ішінде 41,2 км – асфальтбетонмен жабылған, топырақпен - 0,8 км, көпір, су өткізу құрылыстары жоқ.

Қысқы мезгілде жолдарды ұстауға дайындықты ұйымдар қамтамасыз етеді, қар тазалайтын техникалар 45 % құрайды, бұл аталған техниканың 50 % техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз жағдайда, 80 жылдардан пайдалануда болғандықтан ұдайы істен шығады.


SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары:(S)

1) Өткізу резервтік қабілетінің бар болуы;

2) Инфрақұрылымдық көлік байланыс түрлерінің дамуы (автожолдар, темір жолдар, тікұшақ алаңыны бар болуы)


Әлсіз жақтары: (W)

1) Негізгі құралдардың моралдық және нақты тозуы;

2) Инновацияны және автоматизацияны ендіру деңгейі төмен жағдайда.


Мүмкіндіктері: (O)

1) Жеке мемлекеттік – жеке серіктестік механизмінің дамуы;

2) Жол көліктерінің пайдалану транспорт - эксплуатациялық көрсеткіштің жақсаруы және тұтынушылығын күшейту;

3) Автомобиль саласының халықаралық стандарт басқару сапасын енгізу.



Қауіп - қатер: (T)

1) Бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуы;

2) Баға тәуекелдері;

3) Заңдылық тәуекелдер;

4) Экологиялық және техногендік тәуекелдер;

5) Кадрлық тәуекелдер;

6) Эксплуатациялық жол-эксплуатациялық техникасының қатты ескіруі.

Негізгі мәселелер:



  1. Инновацияны және автоматизацияны ендіру деңгейі төмен жағдайда.

  2. Эксплуатациялық жол-эксплуатациялық техникасының қатты ескіруі.

Теміржол көлігі

Қалада автомобиль көлігі дамыған.

Теміржол тасымалын Семей тасымалдау бөлімшесіне ұсынылған «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компания» АҚ структуралық бөлімшесі ұсынады. Теміржол тасымалы келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

Дегелен-Екібастұз, Астана - Ридер, Павлодар – Алматы, Қарағанды – Москва.

Жолаушы тасымалы екі қала аралық бағытында Семей және Павлодар қалалары арасындағы байланысты және бір қалалық мезгілдегі маршрутты қамтамасыз етеді. Қалада бір автобекет жұмыс істейді.

Қалада әуе және өзен көліктері жоқ.

2014 жылы жүк тасу көлемі (теміржол көлігін есептемегенде) 71,05 мың тоннаны құрады, жүк айналым көлемі 9231,1 тонна/ км құрады.

Қазіргі уақытта қалада бейімделген ғимаратта орналасқан 1 автобекет жұмыс жасайды 3 ЖҚС, 3 ТҚС бар.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары: (S)

1) Қала тұрғындары үшін автомобиль көлігі қызметінің тиімділігін, маршруттар санын арттыру жолымен қамтамасыз ету.




Әлсіз жақтары: (W)

1) Стационарлық автобекеттердің жоқтығы.

2) Рұқсатсыз құжаттарымен кісі тасуды жүзеге асыратын астыртын тасымалдаушылардың болуы.


Мүмкіндіктері: (O)

1) Басқа да қызығушылық танытқан жақтармен бірлесе отырып алдағы мақсаттарға қол жеткізу. Рұқсатсыз құжаттарымен кісі тасуды жүзеге асыратын, заңсыз көлік тасымалдау мәселесін шешу үшін.

2) Өзен көліктері, соның ішінде кісі тасу көліктерін дамыту мүмкіндігі.


Қауіп- қатер: (T)

1) Экономиканың қарқынды өсуінің және инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, банк жүйесінің тоқырауы, өндірістің құлдырауы және т.б.

2) Құндылық қауіпі. Транспорт саласын дамыту үшін шиеленіскен фактор болып энергия жеткізушілер мен құрылыс материалдарына баға болып қалады, бұл жұмыстың өзіндік құнына әсерін тигізеді.

Негізгі мәселелер:



  1. Рұқсатсыз құжаттарымен кісі тасуды жүзеге асыратын, заңсыз көлік тасымалының бар болуы.

  2. Өзен көліктері, соның ішінде кісі тасу көліктерін дамымауы.

Байланыс


Қалада телекоммуникация және байланыс саласында 1 кәсіпорын қызмет көрсетумен айналысады. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы телекоминикацияның негізгі жеткізушісі болып табылады. Қала аумағында «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесі бар, негізгі телефондық нөмірлер 4050 құрайды. Бүгінгі күнде аталған компания «Megaline» интернет желісін, 4 мбит/сек дейінгі жылдамдықта жеткізуді ұсынады.

Сонымен бірге «IT LINK» ЖШС интернет провайдері болып табылады, «Транстелеком» АҚ талшықты-оптика желісін қолдана отырып тұрғындарға альтернативті интернетті ұсынады, сонымен бірге WiFi байланысы бойынша желісіз интернет ұсынылады.

Қала аумағында Beeline, Aktiv, Tele2, NEO,. мобилдік байланыс операторлары бар. 2013 жылы Aktiv компаниясы елді мекен тұрғындарын 3G интернетімен толық қамту және енгізу жұмыстарын жүргізді. Жаңа жеке технологияның және ұялы компаниялардың енгізілуі арқасында «Қазақтелеком» АҚ байланыс интернетін ұсыну бойынша нақты бәсеке орнады
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары: (S)

1) Телекоммуникациялық қызмет жүйесінің дамуы;

2) Тұрғындарды компьютерлік сауаттылықты дағдыландырып оқыту үшін компьютер сыныбының бар болуы.


Әлсіз жақтары: (W)

1) Жаңа телекоммуникация жүйесінің енгізілуі бойынша қаржыландырудың болмауы.



Мүмкіндіктері: (O)

1) Инфрақұрылым кешенінің дамуын мемлекеттік қолдау;

2) Күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологиялық пайдалануға ұйымдар мен азаматтарды көшіру.

3) Өзге елдердің халықаралық тәжірибесі қолдану бойынша жаңа телекоммуникациялық жүйені енгізу



Қауіп - қатер: (T)

    1. Жаңа инфрақұрылымдық

жүйені енгізуге ұйымдардың дайын болмауы

Негізгі мәселелер:



  1. «Қазақтелеком» АҚ интернет қызметтерін ұсыну жылдамдығының төмендігі;

  2. Тозған байланыс каналдарын қолдану;

  3. талшықты-оптика байланыс каналына өтуді тоқтату қажеттілігі;

  4. Жаңа телекоммуникация жүйесін енгізу бойынша қаржыландырудың болмауы;

  5. Ескі тозған байланыс каналдары интернет байланысының негізгі жеткізушілерін пайдалану.

Тұрғын үй құрылысы

Қалада 71 көппәтерлі тұрғын үй бар, қала аумағында салынған үйлердің 81,0 пайызы 20 жылдан астам пайдалану мерзімі өткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет