БАҒдарламасы курчатов қаласы, 2015 жыл Мазмұны: Паспорт 3-6 2



бет6/10
Дата04.07.2016
өлшемі4.05 Mb.
#175920
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


2.2 Негізгі мәселелерге, тәуекелдерге, бәсекелестік артықшылықтарға және аумақтың әлеуметтік - экономикасының тұрақты мүмкіндіктеріне кешенді сипаттама.




Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары ( W):

1. Қала аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының болуы.

2. Инженерлік және әлеуметтік инфроқұрылымдардың болуы.

3. Әлеуеттік жаңа өнеркәсіп құруға мүмкіндіктер бар;

4. Сауда нысандарын дамытудың жағымды серпіні, соның ішінде сауда нысандары.

5. Мектепке дейінгі балаларға білім беру қызметтерімен қамту көрсеткішінің өсуі.

6. Қазақ тілін оқытатын оқушылардың контингентінің өсуі.

7. Жұмыссыздық деңгейінің төмендігі.

8.Халықты етпен, картоппен қамтамасыз етудің жеткіліктігі.

9. Демографиялық көрсеткіштің жақсаруы.

10. Халықтың, табыстары төмен кедейшілік бөлігінің азаюы.

11. Нақты секторды дамыту үшін инновациялық әлеуеттік инфроқұрылымдардың (технопарк), соның ішінде кіші және орта бизнестің болуы.



1. Халықтың әл-ауқатын және өндірілетін өнімдер бәсекелестігінің қабілеттігінің төмендеуі, жүйенің жоғарғы деңгейін жоғалтуға қатысты, энерго тапшылықтың өсуі.

2. Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі.

3. Өнеркәсіп өндірісін әртараптандыру деңгейінің төмендігіне қатысты.

4. Коммуналдық шаруашылық және нақты секторда негізгі қордың тозуының жоғарғы дәрежесіне қатысты.

5. Ұлттық институттардың дамуына қаржыландыру жобаларына көп мөлшердегі бас тартулар.

6. Азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізу деңгейінің жетіспеушілігі.

7. Қоршаған ортаның ластану көзінің болуы.

8. Мәдениет және спорт, денсаулық сақтаужәне білім беру мекемелеріне материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігі.

9.Бұрынғы Семей ядролық полигонның зардабының болуы.

10.Жылу трассалары, канализациялық жүйелердің және су құбырларының жоғары деңгейде тозуы.

11.Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласын жеткіліксіз қаржыландыру.

12. Малдың елеулі үлесі қосалқы шаруашылықта ұсталады, бұл облыстағы малшаруашылығы саласын дамытуға теріс әсер етеді.



Мүмкіндіктері (О):

Қауіп - қатер (Т):

1. Өнім шығарудың көлемін ұлғайту.

2. Бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығару.

3. Мемлекеттік және сала бағдарламалары аясында шағын кәсіпкерлік және нақты секторды дамытуда мемлекеттік қолдау.

3. Технопарктің қызметін орта және шағын бизнес өнеркәсіптік және инновациялық бағытта жандандыру.

4. Шығарылған өнімдерді кепілді өткізім мақсатымен мемлекеттік тапсырысты ұлғайту.

5. Әлеуметтік саладағы жобаларды, сол сияқты белгіленген инфроқұрылым және индустриалдық жобаларды жүзеге асыру есебімен аймақтың экономикалық әлеуеттік дамуын көтеру, сонымен қатар әлеуметтік саладағы жобалар.

6. Қоғамдық сектор ресурстарын тиімді пайдалану үшін жеке және коммерциялық емес жергілікті атқарушы биліктермен институционалдық серіктестікті дамыту.

7. Білім беру нысандарының құрылысында мемлекеттік –жеке серіктестікті дамыту.

8. Жалға алу тұрғын-үй құрылысы және тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша іс шараларды жүзеге асыру.

9. Рұқсат ететін құжаттарды алуда әкімшілік шығындарды қысқарту.

10. Жұмысбастылықтың активтік үлгісін қолдану.

11. Жылумен жабдықтау көздерінің дәстүрлі емес даму келешектері.



1. Шығарылатын өнімдерге сұраныстың төмендеуімен байланысты, өндірістік өнімдердің төмендеуі.

2. Институттарда жобалардың күрделі даму процедураларын қарастыру, соның ішінде жеделдетілген индустриализациялау бағдарламасына байланысты.

3. Кредиттік ресурстардың құнының жоғарылығына байланысты қиын қол жетімділігі.

4. Шаралардың жетіспеушілігі жағдайында экономикалық ахуалдың төмендеуі.

5. Еңбек ақы деңгейінің төмен болуына байланысты білім беру жүйесінде оқытушылардың азаюы.

6. Медициналық жабдықтарға қызмет кепілдігімен қызмет көрсетуге қаржыландырудың жетіспеушілігі.

7. Тауарлар мен қызметтерге бағаның өсу қарқынының сақталуынан және оған мемлекеттік реттеудің жоқтығынан халықтың өмір сүру сапасының төмендеуі.

8. Кепілзаттық базаның әлсіздігіне байланысты кредит алу қиыншылығы туындайды.

9. Импорттық азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың жеткізіліміне тәуелділік.

10. Трансшекаралық Ертіс өзенінің ластануы.

11. Негізгі құралдардың жоғарғы дәрежеде тозуынан жылу көздері агрегаттарының тоқтап қалуы, қазандықтардың қуаттылығы істен шығуы мүмкін.

12. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарын қайта жаңарту және құрылыс жобаларына мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жеткіліксіз.



1.Негізгі бағттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, қол жеткізу жолдары

2016-2020 жылдарға Курчатов қаласының аумғын дамыту бағдарламасы (одан әрі Бағдарлама) тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруге бағытталған, облыстың негізгі «өсу нүктесі» және агломерация ретінде дамытуды жалғастыру үшін жағдай жасау бойынша логикалық саясаттарды өткізудің жалғасы блып табылады. Тұрақты және тепе-теңдікті дамыту есебінен бәсекелестікті көтеру және диверсификация арқылы экономиканың өсуін қамтамасыз етуге бағдарланған құжат.

Курчатов қаласы Қазақстан Республикасының атомдық ғылымды дамыту орталығы. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК және оның филиалдары қаланы құраушы кәсіпорын болып табылады Олардың құрылымында 1,7 мың адамнемесе 23,3 пайыз экономикалық белсенді тұрғындардан.

Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі әзірлеген, өткізілген критерилерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің бағасы бойынша, Курчатов қаласы орташа экономикалық потенциалы бар.

Курчатов қаласының атом саласын дамытуда артықшылығы бар. Қаланың негізгі бәсекелестік артықшылығына жатады: қалада Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және оның еншілес кәсіпорындары бар, жоғары біліктілікті кадрлар бар, жұмыссыздық төмен деңгейде.

Даму бағдарламасындағы іс шараларды жүзеге асыру бәсекелестік артықшылығы есебімен, және де мүмкіндіктері және қауіп-қатермен, тұрғындардың тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамудағы өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруді қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты болып диверсификация арқылы экономиканың дамуын қамтамасыз ету және қала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ететін қолайлы жағдай құру үшін қоршаған ортаның жағдайы және табиғат кешенінің өндірген потенциалын сақтау, ішкі және сыртқы факторларды пайдалану есебінен барлық саладағы бәсекелестікті, инженерлік инфрақұрылымның тиімділігін көтеру, әлеуметтік саланы дамыту және қаланың әлеуметтік-демографиялық дамуын көтеру болып табылады.

Аймақтық экономика бағыты:


    1. мақсат. Қала экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету


№ п/п

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

2014 ж.

Бағалау 2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Жауапты орындаушы

1.

Салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны , мың теңге

ҚР ҚМ Ведомствалық есептілігі

757 731,5

797 490,6

834 979,1

872 886,0

902 982,0

934 861,0

967 546,0

ЭжҚБ


Қаланың экономикасын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, белсенді тұрғындардың экономикалық өсуін ынталандыру, еңбек ақыны көтеру, жергілікті бюджтке салықтық, салықтық емес түсімдердің өсуі және салық салу базаларын кеңейтуге мүмкіндік туғызатын болады, соның ішінде іс шараларды жүзеге асыру есебінен:

1.Жыл сайын жаңа жұмыс орындарын ашу, негізгі қорларды 2016-2020 жылдары пайдалануға енгізу, соның ішінде есебінен:

1).Индустриализация Картасы бойынша жалпы құны 1,6 млрд. теңге 2 инвестициялық жобаны іске асыру, соның ішінде 157 жұмыс орынын құрумен 2016 жылы «Казхимтехснаб»ЖШС зауытының құрылысы.

2) 30-50 жаңа жұмыс орынын құрумен, әлеуметтік саладағы нысандар құрылысы (1 бала бақша).

3) Құрылыс бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және инженерлік инфроқұрылымдарды және тұрғын үйлерді қайта жаңғырту.

2. Жаңа тұрғын аудандарда коммерциялық нысандарды пайдалануға енгізу.

3. 2020 жылға дейін тұрғындар санын өсу есебінен, жеке тұлғалардың көлік құралдарының санан көтеру,.

4. Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу

5. Жер телімдерін сату бойынша аукциондар өткізу.

6. Бюджетке түсетін қосымша резервтерді анықтау Алгоритмдер бойынша жұмыстарды жалғастыру.

2 мақсат. Өнеркәсіптің басым секторларын дамыту.




№ п/п

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

2014 ж.

Бағалау 2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Жауапты орындаушы

2.

Өңдеу өнеркәсібінен шығарылатын өнімнің нақты индекс көлемі, %

Нақты статистикалық мәлімет

88,9

107,4

107,9

108,4

109

109,5

110,1

ЭжҚБ


Қол жеткізу жолдары:

-Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін және қойылған тапсырманы шешуде «Ядролық технологиялар паркі» АҚ-ымен құрылған «Kazfoam» ЖШС-і және «МұнайГазИзоляция» ЖШС-і кәсіпорындарымн жүзеге асырылатын индустрияландыру картасына енгізілген «Термоотырғызу манжеттері мен таспалар өндірісін құру» инвестиционды жоба іске асырылып жалғасуда. Нәтижесінде қосымша 31 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

- Моноқалаларды дамыту аясында «зәкірлі» инвестициондық жоба «Атомды саладағы кәсіпорындар және басқа өнеркәсіп саласында иондаушы сәулелену көздері және радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу және сақтау бойынша республикалық орталықты құру», жоба бастамашысы болып «Атомды энергия институты» РМК ҰЯО ҚР. Сонымен бірге бөлінетін гранттар мен несиелерге жаңа өдірістер ашу жоспарлануда.

- Жұмыс істейтін кәсіпорындарда шығарылатын өнімнің түрлерін көбейту және мақсатталған сапасын жоғарлату, қосымша іс шаралар орындалатын болады.

- Сонымен бірге жұмыс істейтін өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу және модернизацияға қосымша іс шаралар жасалынатын болады, жұмыс істейтін кәсіпорындарда шығарылатын өнімнің түрлерін көбейту және мақсатталған сапасын жоғарлату, сонымен қатар мақсатты индикатор бойынша маңыздылықтарға сатылы қол жеткізу қарастырылған.




№ п/п

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

2014 ж.

Бағалау 2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Жауапты орындаушы

3.

Өңдеу өнеркәсібінен шығарылатын өнімнің нақты индекс көлемі, %

Нақты статистикалық мәлімет

82,2

114,5

115,5

116,7

118,5

119,5

121

ЭжҚБ


Қол жеткізу жолдары:



  • «Машина жасау» саласында «Кип Луч» ЖШС-і жұмыс істейді, жұмыс

істейді, аталған кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты ірі тонналық автоматтандырылған салмақ өлшеуіш кешенінің датчиктер күші негізінде және өзі әзірлеген электрондық аппаратураларды әзірлеу мен дайындау болып табылады. Қазақстанда шетел елдерінен материалдарды сатып алатын «электрондық қоспа» кірлерін өндірістік масштабта жеке дайындалатын жалғыз кәсіпорын болып табылады. Дайындалатын техника сертификатталған және Қазақстан Республикасының өлшеу құралдары тізіліміне енгізілген. 2013 жылы осы салады тауар өнімі 53,6 млн теңгеге өндірілген, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 85,4% төмен, осындай 2011 жылы темір жол үшін тежегіш жабдықтау өндірісі бойынша «Ядролық технологиялар паркі» АҚ-ң базасында «Демпург PNT» ЖШС-і жұмыс істеп Астана қаласына тіркелуінен өндірістің өнімі күрт төмендеді.


№ п/п

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

2014 ж.

Бағалау 2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Жауапты орындаушы

4.

Өңдеу өнеркәсібінен шығарылатын өнімнің нақты индекс көлемі, %

Нақты статистикалық мәлімет

80,0

105

105,5

106

106,6

107,1

107,6

ЭжҚБ

Қол жеткізу жолдары:

- Химикалық өнеркәсіп жұмысын «Азот» ӨК-і атқарады, аталған

кәсіпорынның негізгі қызмет түрі криогендік сұйықтықтар, газдар (азот, оттегі, ацетилен, аргон). Бүгінгі күнде кәсіпорын өз өнімін сататын Қазақстан Республикасының 60-тан астам кәсіпорындары мен ұйымдармен қарым – қатынастары құрылған.




№ п/п

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

2014 ж.

Бағалау 2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Жауапты орындаушы

5.

Өңдеу өнеркәсібінен шығарылатын өнімнің нақты индекс көлемі, %

Нақты статистикалық мәлімет

32,2

105

105,5

106,1

106,6

107,2

107,7

ЭжҚБ

Қол жеткізу жолдары:

-«ЯТП» АҚ-ң базасында «Мерусар и К» ЖШС-і жұмыс істейді - бір рет пайдаланылатын медицина киімдерін шығарумен айналысады. Шығарылатын материал медицина саласында және тұрмыстық техникада пайдалынады. Көптеген Шығыс Қазақстан облысының ауруханалары «Мерусар и К» ЖШС-і өндірісмен жұмыс істейді. Кәсіпорында тұрақты клиенттер бар, олар Алматы қаласы президент істерінің басқармасының Орталық клиникалық аурухана РМК, Ғылыми педиатрия орталығы РМКК, Республикалық диагностикалық орталығы АҚ, Астана қ. Нейрохирургия Орталығы, соынмен бірге Екібастұз, Қарағанды, Курчатов, Семей, Павлодар қалаларының кәсіпорындарымен жұмыс істейді.

3 мақсат. Ішкі сауда саласының динамикалық дамуы.




№ п/п

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

2014 ж.

Бағалау 2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Жауапты орындаушы

6.

Өңдеу өнеркәсібінен шығарылатын өнімнің нақты индекс көлемі, %

Нақты статистикалық мәлімет

124,5

109,6

110,4

111,3

112,2

113,1

114

КӨжТБ

Қол жеткізу жолдары:

-Курчатов қаласында «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламаны қолдау және бизнесті дамыту аясында саланың шектуісіз гранттар ұсынылады, сонымен қатар «Моноқала» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкерлер 3,0 млн теңге сомма кішігірім несиелендіру алады, «Бизнес-Демеу», «Бірлестік» несие серіктестері құрылған, жұмыс істейтін кәсіпорындармен кездесулер өткізіледі.

-«2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы» іске асыруға сәйкес кәсіпкерлерді қолдау орталығы «Даму» жұмыс істейді. Осы орталық кеңестік қызметтер көрсетеді, оқыту курстарынан өту үшін өтініштерді жинау жұмыстары жүргізілуде, бастаушы және жұмыс істейтін кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламаға қатысуға қарату бойынша насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

-Болашақта қалада азық түлік және азық түлік емес дүкендер, киім тігу бойынша ателье, кір жуатын орын, қонақ үй, тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша шеберхана, компьютерлік зал, Интернет – кафе ашу жоспарлануда.

-Жаңа дүкендеру ашу есебімен сауда өркениетінің үлгісінің салыстырмалы салмағы жоғарланады, қоғамдық тамақтану кәсіпорыны, қазіргі заман талаптарына сай; жұмыс істейтін сауда объектілерін қайта жөндеу; киоск саудасынан стационарлық ғимаратқа көшу; тауар түрлерін көбейту.


4 мақсат. Аймақтың экономикасына инвестиция ағынын ынталандыру.


№ п/п

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

2014 ж.

Бағалау 2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Жауапты орындаушы

7.

Өңдеу өнеркәсібінен шығарылатын өнімнің нақты индекс көлемі, %

Нақты статистикалық мәлімет

158,1

102,2

103,2

103,7

104,2

104,7

105,2

ЭжҚБ,

КӨжТБ



8.

Тұрғындардың жан басына негізгі инвестиция капиталы, мың теңге

Нақты статистикалық мәлімет негізінде МИО есебі

148,0

152,3

152,8

160,5

161,3

161,8

170,5

ЭжҚБ,

КӨжТБ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет