БАҒдарламасы курчатов қаласы, 2015 жыл Мазмұны: Паспорт 3-6 2


Пайдалану мерзімі өткен үйлер саны



бет5/10
Дата04.07.2016
өлшемі4.05 Mb.
#175920
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Пайдалану мерзімі өткен үйлер саны

үйлер саны

пайдалану мерзімі

16

50 жылдан астам

23

50-40 жыл

9

40-30 жыл

12

30-20 жыл

14

20 жылға дейін

Тұрғын үй қорын күтіп ұстаумен және пайдаланумен жеке кәсіпкерлерден үш ұйым айналысады.

Коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарының енгізу бойынша жағдай қанағаттанарлықсыз. Тұрғын үй қоры бойынша жылу есептегіштердің жалпы көлемі: тұрғын үй-74, (7,4%) 10 үйге есептеу құралдары орнатылды. Ұйымдардың жалпы саны-180, (6,1%) 11 ұйымға орнатылды.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жаңғырту бағдарламасы аясында терможаңғыртудан өткізу жұмыстары басталып кетті. 2014 жылы терможаңғырту бағдарламасы туралы ақпараттар сонымен қатар басқа да мәселелермен тұрғындар арасында 40 кездесу өткізілді.

Кондоминимум жалпы мүлік нысанына терможаңғырту элементі аясында жөндеу жүргізуді бастау бойынша, ғимараттың жылу техникасын жақсарту қажет, қабырғалар, шатырлармен есік алдын жылылау жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 10 пайыз үй ағымдағы жөндеуден, 30 пайыз үй күрделі жөндеуден өткізіліп жылу тұтынуды үнемдеуге қол жеткізді

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу мен терможаңғырту бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың жетіспеушілігі, сонымен қатар 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын жетілдіру бағдарламасына қатысу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарының әлсіздігі.

2014-2015 жылға кондоминимум нысанына жөндеу жүргізужобасын жүзеге асыру мақсатында жөндеу жүргізуді қажет ететін кондоминимум нысанының үлесін төмендетеді. 2020 жылға дейін 20 үйді жөндеуден өткізу және жөндеу жүргізуді қажет ететін кондоминимум нысанының үлесін 54,0% жеткізу жоспарлануда.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары: (S)

1) 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығының жаңғырту бағдарламасы аясында көп пәтерлі тұрғын үйлерге жыл сайын жөндеу жүргізіледі.

2) Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй механизмінің көмегінің болуы


Әлсіз жақтары: (W)

1) Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігін ұстауда тұрғындардың төмен белсенділігі.

2) ТҮКШ саласының бәсекелестікке төтеп беру деңгейінің төмендігі, материалдық- техникалық базасының осалдығы.


Мүмкіндіктері: (O)

1) Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу мен терможаңғырту бойынша жобаларды жүзеге асыру кондоминиум объектілерінің техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасайды;

2) Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігін ұстауда тұрғын үй көмегін тарату;

3) Жеке инвесторларды тұрғын үй құрылысына және мемлекеттік жеке серіктестікке ынталандыруға тарту;



Қауіп - қатер: (T)

1) Терможаңғырту бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жетіспеушілігіне байланысты апатты көп пәтерлі тұрғын үйлердің үлесінің көтерілу қаупі.


Негізгі мәселелер:

1) Қалада ПИК болмауы.

2) Үй іші инжинерлік жүйесінің жоғарғы тозуы;

3) Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігін ұстауда тұрғындардың белсенділігінің төмендігі;
Жылумен қамтамасыз ету

Қаладағы жылу энергетика кешені ең күрделі, негізгі және қаладағы инженерлік инфрақұрылымдық әлеуметтік-маңызды нысан болып табылады.

Жылу жүйесінің жалпы қашықтығы – 14,285 км құрайды. Жылу жүйесіндегі жалпы қашықтығы 13,856 км (немесе 97 %) ауыстыруды қажет етеді.

2014 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 55,4 мың Гкал өткен жылғы деңгейден артық 0,8 мың Гкал жылу энергиясы жұмсалды.

2014 жылғы жылу энергиясын тұтыну құрылымында тұрғындардың үлесіне 59 %, ұйымдардың тұрмыстық-коммуналдық қажеттілігіне – 21 %, кәсіпорындардың өндірістік қажеттілігіне – 20 % келеді.

Бүгінгі күні тұрғын үй қорына, ұйымдарына, әлеуметтік нысандарға және кәсіпорындарға «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорыны» МКК қатты отында жұмыс жасайтын бес қазандық қызмет көрсетеді, бұдан басқа қаладағы ұйымдар мен кәсіпорындардың жартысында сұйық және қатты отында жанатын өздерінің қазандықтары бар.

Қазандықтарда төтенше жағдайдың орын алу қаупі бар және апат салдарынан, су құбырларының ескіруінен жылу берудің тоқтауы мүмкін.

Жылу жүйесіндегі құралдардың 97 % ауыстыруды қажет етеді.

Жылу көздері мен желілерді неше жыл қатарынан пайдаланғандықтан жөндеу жұмыстары инвестицияланбағандықтан, технологиялық құралдар мен жүйелердің тозуына әкеліп соқты, есептеу құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіші төмен болып қалады

Қазіргі уақытта көп қабатты тұрғын үйлер және басқа да нысандар қалпына келтірілгендіктен жылуды тұтынушылардың саны ұлғайды. 2013 жылы 1көп қабатты тұрғын үй қалпына келтірілді.2014 жылдан бастап 4 көп қабатты тұрғын үй қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қалада жылу насостық қондырғылары есебінен жылумен қамтамасыз етілетін нысандар бар: ол «Ядролық технология паркі» АҚ ғимараты және 1 тұрғын үй.

2012 жылдан 2014 жылдары аралығында («ККЭК»МКК бойынша) жылу энергиясын босатуға шартты отын шығынының өсімі бар. 2014 жылы осы көрсеткіш 19,104 мың тоннаны құрады.


SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары: (S)

  1. Жылу көздерімен жылу энергия

өндірісі өсті;

  1. Жылу энергиясын тұтынушыларды

арттыру;

  1. Қаладағы қазандықтар үшін арзан

отын көздері болып табылатын, көмір орындарының бар болуы.


Әлсіз жақтары: (W)

  1. Жылумен қамтамасыз ету

қызметінің сапасыздығы;

  1. Қазандықтарда қуаттылықтың

жеткіліксіздігі;

  1. Қазандықтар қала шетінде

орналасқан;

  1. Ыстық сумен жабдықтаудың

болмауы

  1. Жылумен қамтамасыз ету жүйесін

(жалпы қашықтықтағы) 97 % ауыстыру қажет

  1. жылу энергиясын жоғалтудың

жоғарғы қаупі.

Мүмкіндіктері: (O)

  1. Болашақта жылумен қамтамасыз

ету көздерінің зиянсыздығын дамыту;

  1. Қаладағы жылумен қамтамасыз ету

кестесін оңтайландыру.


Қауіп - қатер: (Т)

  1. Жоғары сатыдағы негізгі қордың

бұзылуынан жылу көздерінің қарапайым агрегатынан қазандық қуаттылықты шығаруы мүмкін;

  1. Төтенше жағдайдың орын алу қаупі

бар және апат салдарынан су құбырлары жүйесінің тоқтатылуына ескіруіне байланысты жылу берілудің тоқтауы мүмкін.

Негізгі мәселелер:



  1. Үй іші инжинерлік жүйесінің жоғарғы тозуы;

  2. Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігін ұстауда тұрғындардың

белсенділігінің төмендігі;

  1. Тұтынушыларға ыстық су беруге қазандықтардың қуаттылығы жүзеге

асыра алмайды.
Сумен қамтамасыз ету

Қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 100,0 % құрайды.

Қаладағы сумен қамтамасыз ету жүйесінің қашықтығы 99,0 км. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің техникалық жағдайы нашар жағдайда: құрылыстың бұзылу көрсеткіші орташа (су қамалы, су тазалау станциясы және сорғылар) – 90 %, осының салдарынан көп мөлшерде суды жоғалтуға, жоғарғы апатқа және шығындарға әкеп соғады.
17 кесте- 2012-2014 жылғы қала тұрғындарының сумен қамтамасыз ету қызметтерінің деңгейі

Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014/2015 жылғы өсу

Қала тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жеткізуі

100,0

100,0

100,0



Суды тазалау бойынша құрылыстарына су жуу және коагулираттауға шығын жоғары (20 % дейін РВЧ-тан суды тазалау фильтрда жуу өтеді). Құралдарды ылғалдау және хлорлау жұмыстары телемеханизациялау және автоматтау жүйесінің істен шығуына әкеп соқты.

Су құбырларын эксплуатациялау және қызмет көрсетумен «Курчатов-Водоканал» МКК айналысады, бұнда кадрмен қамтамасыз ету жеткіліксіз, құрал-жабдықтардың жоғары пайызы бұзылған. Осыған байланысты алдағы уақытта нысандарды ауыз сумен қамтамасыз етуді тасымалдау мәселесі туындайды.

Сумен қамтамасыз ету жүйесі жұмысының келесі себептер бойынша шығындары жоғары:

- су қамалы құрылысынан суды тазалау станциясына дейін маңызды су құбырларының қашықтығы;

- тазалау құрылыстары және қамал кешені ұлғайған;

- суды тазалау технология реагентін тазалау маңызды шығын, оның ішінде су қамалына ұдайы құюы Ертіс өзені суының ластануын жоғарлатады;

- Сумен қамтамасыз ету жүйесінің барлық арматуралары және құбырлардың техникалық жағдайы ескі болғандықтан апаттар және көп мөлшерде су ағуы болады.


SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары: (S)

    1. Су қорының жеткілікті

деңгейі;

    1. Сумен қамтамасыз ететін

жұмыс істейтін жүйе бар;

    1. Жұмыс істеп тұрған

пайдалану қызметі бар.


Әлсіз жақтары: (W)

    1. Сумен қамтамасыз жүйесі

және көп нысандардың бұзылуы және осының салдарынан ауыз су сапасының төмендеуі, апаттар болуы;

    1. Оларды жаңартудан бұрын,

өндіріс қоры негізінің ескіруі қарқынды жүруде;

    1. Сумен қамтамасыз ету

жүйесін жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестицияның жетіспеушілігі

    1. Су даярлау техникаларының

ескіруінен, қала тұрғындарының денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырады.

Мүмкіндіктері: (O)

  1. Жер астында жаңа тұщы суларды

игеру;

  1. Тұрғындарды сапалы сумен

қамтамасыз ету;

  1. Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің

техникасын жаңарту, суды тазартуға және су даярлауға шығындарды арттыру;

  1. Заманауи тиімді технологиялар

ендіру мүмкіндігі;

  1. Материалдық -техникалық базаны

жарақтандыру арқылы пайдалану қызметін жетілдіру.

Қауіп - қатер: (T)

    1. Ертіс өзенінің ластануына

байланысты судың азаюы;

    1. Құралдардың физикалық

тозуына байланысты жұмыс жасалмай қалуы, қоршаған ортаға қауіп төндіру мүмкіндігі;

    1. Сумен жабдықтау

техникалық нысандары ұзақ мерзімде пайдалану жағдайында болғандықтан қанағаттандырмаушылық жағдайы;

    1. Апаттың өсуі;

    2. Инфекциялық аурулардың

өсуі.

Негізгі мәселелер:



  1. Сумен жабдықтау жүйесінің және нысандардың 90,0 % жоғарғы тозуы.

  2. ескірген су даярлау техникасының қолданылуы.

Су өткізу

Қаладағы тазалау имараттары тұрғын орыннан 8 км ара қашықтықта орналасқан, пайдалануға 1968 жылы берілген.

Жоба қуаттылығы – 17 мың м 3/ тәулігіне, нақты – 7,9 мың м3/ тәулігіне. Канализациялар жүйесінің жалпы қашықтығы 42,696 км құрайды, жүйенің тозуы 31,459 км жетті немесе 85 %, бұл апатты жағдайға әкеледі. Тазалау ғимараттары материалдық және моралдық ескірген. Құрылыстың бетоны бұзылған, ішіндегі металды бөлігіндегі коммуникация толық агресивтік ортадан ажыратылған. Ертіс өзенінің суы ластануда.

Тазалау құрылыс ғимараты кешенді жөндеуді қажет етеді. Канализация жүйелері пайдалануға 1968 жылы берілген, агрессивтік ортадан ажыратылған, 2008 жылы қызмет мерзімі біткен, толық ауыстыруды қажет етеді.

1997 жылдан бері суды биологиялық тазалау көздері жоқ.

Су көздеріне тек хлорлау және механикалық тазалау жүргізіледі. Тазалау тиімділігі 30 %-дан 55 %-ға дейін, тазаланбаған қалдықтар 45-70 % жетті.

Қазіргі уақытта жаңа ғимарат тазартқыш канализация пайдалануға берілген жоқ. Тазалау имараттарын пайдалану сапа мәселесін шешу және қатардан шығуына жол бермеу мақсатында канализациялық жүйелерді қайта жаңартуға, жаңа тазалау имараттарының құрылысы қажет.


18 кесте- 2012-2014 жылғы қала тұрғындарының су өткізу қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі

Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014/2015 жылғы өсу

Қала тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілу деңгейі.

100,0

100,0

100,0




Қала тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жеткізуі

100,0

100,0

100,0



SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:




Күшті жақтары: (S)

  1. Суды ағызу қызметімен

тұрғындарды қамтамасыз ету.


Әлсіз жақтары: (W)

  1. Құбыр жүйелері 85 % қанағаттанарлықсыз жағдайда және ауыстыруды қажет етеді;

  2. Қысым коллекторы 15 шақырымда қынжыларлық жағджайда, тозу-90%. 3. СПК №7 және 9 қынжыларлық жағджайда, тозу-90%.

Мүмкіндіктері: (O)

    1. Канализация жүйесінің және

су тазалау имараттарының канализациялық жүйесін су өткізу нысандарын қайта жаңарту мен құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру.

Қауіп - қатер: (N)

1) Канализация жүйесінің және су тазалау имараттарының канализациялық жүйесі, құрылыстар нысандарға су өткізуді жаңарту құрылыстары бойынша мемлекеттік бюджеттен жобаны қаржыландырудың жетіспеушілігі.


Негізгі мәселелер:



    1. Сумен өткізу жүйесінің және нысандардың 90,0 % жоғарғы

тозуы.

    1. Биологиялық тазалау жоқ.

Көркейту


Қала аумағында 18 көшелер және жолдар бар, (1099,12 мың м2 тазаланатын алаң) 0,1 мың м2 – бақтар, саябақ, алаңдар, 52 тұрғын үйдің алаң аумақтары, 25 тұрғын үйлерге кондоминиум құрылды, 3 ескерткіш және ҚТҚ қоқыс төгетін полигон орыны бар.

Қаланы көркейту көрсеткішін жоғарылату үшін санитарлық жағдайын қолдап, тұрғындардың санитарлық - эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз етуде жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде көркейту және көгалдандыруда көшелерді және жолдарды, бақ аумағын, алаңдарды, мәдениет орындарының және мектептің аумағын тазалау бойынша іс-шаралары жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтардан іске жаратуды жүргізу, рұқсат етілмеген үйінділердің жойылуы, орындардың қанағаттанарлық жағдайы, сондай-ақ, көркейту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Қалада жыл сайын 1,8 мың көшет ағаштары, 4,0 мың пагонды метр бұталар және 0,1мың кв метр жерге газондар 0,5 мың кв. метр жерге гүлдер отырғызылады.

2014 жылы Абай көшесі бойына темір қоршаулар орнатылып – көркейту жұмыстары жүргізілді, қаланың шыға беріс аумағында беріктас орнатылды, «Буратино» балалар саябағы аумағында көркейту бойынша жұмыстар жүргізілді.

5,4 мың көшет ағаштар, 4,0 мың погонды метр бұталар, 500 кв.м гүлдер отырғызылды.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары: (S)

  1. Мәдени мекемелері және мектеп

аумақтарының, кондоминум нысандарының тұрғын үйлердің аулалық аумақтарын, алаңдарды, саябақ аумақтарын, көшелерді және жолдарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуіне сәйкес аумақтарды көркейту және көгалдандыру бойынша жыл сайынғы іс – шаралар өткізу.

  1. ҚТҚ полигонының және өндіріс

қалдықтары полигонының болуы.

Әлсіз жақтары: (W)

  1. Аумақтарды көркейту және

көгалдандыру бойынша іс –шараларды қаржыландырудың жетіспеуі.

  1. қала аумағында

жарықтандырудың жетіспеуі;

  1. ала алаңын көгалдандыру

деңгейінің төмендігі.

Мүмкіндіктері: (O)

  1. Саябақ, аулалық аумақтарды ,

қасбеттерді жөндеу аумақтарды көркейту, бойынша мемлекеттік – жеке әріптестік болашағы.

  1. Қала аумағын көгалдандыру үшін

жаппай қалалық іс –шаралар өткізу бойынша тұрғындарға үгіт-насихат жүргізу.

Қауіп - қатер: (T)

  1. Тұрғын үй қорының, көркейту

элементтерінің қарқынды тозуы, жабын, қасбет жағдайының қанағаттанарлықсыздығы, жеке құрылыстардың эстетикаға сай келмейтін түрі.


Негізгі мәселелер:



  1. көгалдандыру бойынша іс –шараларды қаржыландырудың жетіспеуі.

  2. жабын, қасбет жағдайының қанағаттанарлықсыздығы, жеке

құрылыстардың эстетикаға сай келмейтін түрі.

  1. Көпқабатты тұрғын үй қорының аула аумақтарының 70% аула

алаңшаларын құруды және жол өткелдерін жөндеуді қажет етеді, қураған ағаштарды қырқып, жас көшеттерді отырғызуды жүргізу.
Төтенше жағдайларға қарсы әрекеттер инфрақұрылымы.

2015 жылы Курчатов қаласында су тасқынының қауіпі бар кезең қиындықсыз, қосымша шығындарсыз өтті және материалдық қаражаттың қажеттілігі болмады. 100 (жүз) адам жеке құрам мен 30 (отыз) бірлік техника көлемінде төтенше жағдайларда әрекет ету тобы қойылған міндетті атқаруға дайын. Құлақтандыру, жиналу және шұғыл әрекет ету жасағын құру бойынша жаттығулар өткізілді.

Өткізілген тексеру кезінде анықталды: Ертіс өзенінің арнасы түзу, қала аумағында гидротехникалық құрылыстар салынбаған (бөгеттер, жағалауды қорғау жұмыстары және т.б.), сонымен қатар Курчатов қаласы табиғи тік жағалауда (биіктігі Ертіс өзенінен – 14 м.) орналасқан.

Курчатов қаласы сейсмикалық төзімді аумақта орналасқан.

Курчатов қаласының аумағында дала және орман аймақтары жоқ. Іргелес дала аймақтары Павлодар облысының Май ауданына және ШҚО Бесқарағай ауданына жатады.

Қала аумағында қиратушы жер сілкінісіне күш пен әрекет ету құралдарын дайындыққа келтіру мақсатында қиратушы жер сілкінісі салдарын жоюға арналған ағымдағы қала Жоспарына түзетулер енгізілді. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әрекет етуге авариялық-құтқару қызметі, азаматтық қорғаныс күштерін дайындықта ұстау қамтамасыз етілген.



Өткізілген сараптамаға сәйкес, Курчатов қаласының аумағында соңғы 10 жылда жыл сайынғы, жүйелі түрдегі төтенше жағдайлар байқалмаған. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету, әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілер, қауіпті өндіріс объектілері, көп пәтерлі тұрғын үйлер сейсмикалық қауіпі жоғары аумақтан тыс орналасқан.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары (S):

  1. Табиғи өрттің пайда болу ошағын

және тасқын қауіпі бар көктемгі кезеңде қардың еруін ерте анықтау бойынша ғарыш мониторингі қызметтерін пайдалану;

  1. «Казгидромет» ақпараттары арқылы

ауа-райы жағдайларының мониторингі;

  1. Смс-хаттарды, телеарналарды

пайдалану арқылы төтенше жағдайлар қауіпі туралы қала тұрғындарын құлақтандыру.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Қолданыстағы халықты құлақтандыру

жүйесінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпі немесе пайда болуы кезінде тұрғындарға жедел ақпаратты толық көлемде жеткізу қабілетсіздігі;

  1. Жергілікті атқарушы органдар мен

азаматтық қорғаныс қызметтері құрылымдарының авария және табиғи апаттар аймақтарында жедел құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен және құралдармен жабдықталуы төмен деңгейде;

  1. Техногендік апаттардың пайда болуына,

адам өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін, бөгеттер жағдайын тексеру және оларды нығайту бойынша іс-шаралардың жеткіліксіз қаражаттанылуы;

  1. Аумақтағы химиялық ластану

жағдайына адамдар өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін жеке қорғаныс құралдарын бөлмеу;

Мүмкіндіктері (O):

  1. Тұрғындардың төтенше жағдайлар

кезінде зардап шеккенге кепілді тіршілікті қамтамасыз ету үшін қала әкімінің материалды-техникалық қорларын нығайту;

  1. Төтенше жағдайлар мен азаматтық

қорғаныс саласындағы білімдерді насихаттау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең көлемді жұмыс жүргізу;

  1. Табиғи өрттерден залалды

айтарлықтай азайту үшін өрт сөндіру пунктілерін дамыту және санын көбейту, сондай-ақ елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  1. Су тасқынының қауіпі бар

аумақтарды инженерлік қорғау бойынша шараларды өткізу, жүйелі түрдегі жөндеулер мен гидроқұрылғыларды жаңғыртуды өткізу.

Қауіп - қатер (T):

  1. Қатты жер сілкінісі жағдайында адам

шығындарын қысқарту мүмкіндігінің болмауы;

  1. Елді мекендерге және инженерлік

құрылыстарға тікелей қауіп төндіретін су тасқындары пайда болуы мен су басу бойынша қауіпі ықтимал аумақтардың болуы.

Негізгі мәселелер:



  1. Халықты құлақтандыру жүйесінің қабілетсіздігі.

  2. АҚ пен ТЖ аумақтық құрылымдарының авария және табиғи апаттар

аймағында шұғыл құтқару жұмыстарын өткізу үшін қажетті жабдықтар мен құтқару құралдары тұрақты жаңартуды қажет етеді.

  1. Авариялар мен табиғи апаттарға қарсы әрекет ету және жою бойынша

шаралар жиынтығы, оның капитал сыйымдылығына байланысты, толық көлемде жүзеге асырылмайды.
2.1.5. Экология және жер қорлары
Жер қоры

2015 жылдың 1 қаңтар жағдайына Курчатов қаласының жер қоры 11000 гектарды құрайды.

Елді мекен жерлері – 11000 га (қаланың жер қорынан 100 %), оның ішінде:


  1. құрылысқа арналған жерлер – 910 га;

  2. қоғамдық іскерлікке арналған жерлер – 58,79 га;

  3. өндірістік құрылысқа арналған жерлер – 152,18 га;

  4. көлік байланыс және инженерлік коммуникацияларғаарналған жерлер – 132,45 га;

  5. су қоймалары және акваторийлер жерлері – 39 га;

  6. ауыл шаруашылық пайдалану және бау-бақша жерлері – 2444,39 га;

  7. жалпы пайдалану жерлері -182,52 га;

  8. қор жерлері және құрылысқа бөлінбеген жерлер – 7057,79 га;

  9. арнайы мақсатқа арналған жерлер – 8,58 га;

  10. қорғаныс қажеттіліктеріне және басқа пайдалану режимдеріне арналған жерлер – 14,35 га.

SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:




Күшті жақтары (S):

  1. Елді мекен жерлерін пайдалануды

ұлғайту.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Білікті мамандар тапшылығы;

  2. Ауыл шаруашылығына

арналған жерлер жоқ.

Мүмкіндіктері (O):

  1. Жерлерді тиімді пайдалану;

  2. Білікті кадрларды даярлау

  3. Жерлердің тиімді пайдалануын

жоғарылату;

Қауіп - қатер (T):

  1. Топырақ құнарлылылғының

төмендеуі.

Негізгі қиындықтар:



  1. Ауыл шаруашылығына арналған жерлер жоқ осыған байланысты

суармалы жерлер жоқ;

  1. жер қорларын пайдалануға әсер ететін жеке және заңды тұлғаларды

(коммерциялық және коммерциялық емес қйымдарды) тексеру бөлігіне қатысты өзгерістер енгізу қажет.
Қоршаған ортаның жағдайы

Қаладағы атмосфералық ауаның сапасына әсер ететін негізгі факторлар қазандық жұмысының қалдықтары, оның ішінде 25 - қаланың ішінде, 11 - өнеркәсіптік аймақта орналасқан. «ККЭК» МКК-ның бес қазандығының қалдықтарын ашық алаңдарда уақытша сақтау атмосфералық ауаны ластаудың қосымша көзі болып табылады.

Сонымен қатар қала аумағы Семей ядролық сынақ полигонының ықпалына душар болған.

Сонымен қатар, аймақтағы мәселесі шешілмеген бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны (ары қарай СЯСП) болып тұр, қазіргі уақытқа дейінгі сынақтың халыққа тигізген зардаптары, әсері ұшан теңіз, оның әсер ету аймағында тұратындардың үлкен бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.

Қалада Ертіс өзенінің суын тұтынатын негізгі «Курчатов қаласының көпсалалы пайдалану мекемесі» МКК болып табылады, өнеркәсіп кәсіпорындары мен тұрғындарды сумен жабдықтау үшін ішетін және техникалық суды беру үшін дайындайды. Сонымен қатар Ертіс өзеніне ағымды судың екі шығарылатын орындары бар: канализациялық тазарқыш құрылғылар (КТҚ) және шартты- таза шығарылым. КТҚ-да механикалық тазарту және ағымды суларды хлорлау жүргізіледі, шартты-таза шығарылым арқылы тазартылмаған техникалық су шығарылады.

Соңғы жылдары Ертіс өзенінің суының өсу беталысы байқалады.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында өндірістік қалдықтар полигоны салынды (күл қоқыс үйінділері).

Ең өзекті мәселенің бірі, өз шешімін талап ететін, бұл бұрынғы полигон жерін шаруашылық айналымға кезең – кезеңмен тарту мәселесі.

2008 – 2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ядролық Орталығы экология және радиациялық қауіпсіздік иституты Семей ядролық сынақ полигонын 6,0 кв. км-ге кешенді зерттеулер жүргізді. Сөйтіп, 2013 жылдың соңында 1/3 полигон территориясы зерттеліп бітеді.

Зерттеу нәтижесі бойынша (2021 жылға дейін – Индустрия және жаңа технологиялар Министірінің стратегиялық жоспар аясында) болжамдалынады, полигон жерінің 80% шаруашылыққа пайдалануға жарамдылығы бекітілетін болады.

Ауыл шаруашылық айналымына Семей ядролық сынақ полигонындағы тексерілген және жарамды жерді пайдалану үшін беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары (S):

  1. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсу

жағдайында тұрақты экологиялық жағдай.

  1. Қоршаған орта сапасын бақылауға

автоматтандырылған жүйені енгізу едәуір оңтайлы басқару шешімін қабылдау үшін оның жағдайының дұрыс суретін алуға жағдай жасайды, бұл дегеніміз соңғы қорытындысында тұрғындардың өмір сүру жағдайының жақсаруына оң нәтиже береді.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Альтернативті энергия көздерін

ендіру қажетті деңгейде жүргізілмейді.


Мүмкіндіктері (O):

  1. Қалдықтарды екінші рет қайта

өңдеуді ендіру энергия сақтау ресурстары саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ол болса табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтар көлемін азайтуға ықпалын тигізеді.

  1. Азаматтардың табиғат ресурстарын

пайдаланудағы көз қарастарын қалыптастыру.

  1. Шаруашылық айналымға бұрынғы

СЯСП жеріне қарату механизмін өңдеу.

Қауіп - қатер (T):

1) Транс шекаралық Ертіс өзенінің ластануы.

2) Иесіз, өндірістік, токсинді және тұрмыс қалдықтарының жиналу тенденциясы жалғасуда, сонымен қатар екінші рет қайта өңдеу технологиясының жоқтығы.

3) Табиғи ауа-райы жағдайының күрт өзгеруі;

4) Бағаның тұрақсыздығына байланысты жанар –жағар май материалдарының бағасының едәуір көтерілуі.

Негізгі мәселелер:



  1. Автокөліктерден ауа атмосферасының ластануының өсуі;

  2. Ертіс өзенінің трансшекаралық ластануы;

  3. Семей полигонындағы ядролық сынақ салдарынан экологиялық проблемалары;

  4. канализациялық жүйелер және тазартқыш құрылғылардың жоғары тозуына қатысты;

  5. Семей ядролық сынақ полигонының бар болуы;

  6. Ертіс өзенінің трансшекарасына тазалау ғимараттарынан жеткіліксіз мөлшерде тазаланған ағынды суларды ағызу;

  7. Курчатов қаласында ағынды суларды биологиялық тазалаудың жоқтығы;

  8. қазандық жұмыстарынан атмосфералық ауаның ластануының өсуі.

2.1.6. Мемлекеттік қызметтер


Мемлекеттік басқару

Курчатов қаласы әкімдігінің құрылымы әкім аппараты, 10 дербес бөлімдерден құралады.

Қала әкімдігінде орталық атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары қолданылады – «Е-әкімдік» АЖ, «Е-лицензиялау» АЖ, «ХҚКО» АЖ және т.б., сонымен қатар ШҚО әкім аппаратымен енгізілген ақпараттық жүйелер қолданылады – «Облыс әкімінің ахуалдық орталығы» АЖ, «Электронды қызметтер орталығы» АЖ, «Жеке тұлғаларды есепке алу» АЖ, «Облыс әкімінің тапсырмаларын есепке алу» АЖ, «Хаттамаларды есепке алу» АЖ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы «2008-2010 жылдарға Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметінің даму бағдарламасын бекіту туралы» №1155-1 Қаулысын орындау мақсатымен 2015 жылы қаланың әкім аппаратында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интернет-порталы енгізілді. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені 30 пайдаланушы пайдаланады. Ақпараттық жүйені толықтай қамту 2016-2017 жылдарға жоспарланған.

2011 жылы қала әкімдігінде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ведомство аралық құжат айналымы енгізілді, 2012 жылы – ведомтво ішіндегі құжат айналымы. Қазіргі уақытта жүйені әкімдіктің 44 қызметкері, дербес бөлімдерде – 30 қызметкер пайдаланады. 2014 жылы – 40 қызметкер, 2013 жылы – 34.

ҚР Экономикалық ынтымақтастық пен дамыту ұйымына кіруінің негізгі көрсеткіштерінің бірі өмір сүру сапасының деңгейі мен мемлекеттік қызметті көрсету сапасы болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен, ХҚКО-мен, Электрондық үкімет порталымен көрсетілетін қызметтердің артуына жыл сайынғы үрдіс байқалады.

Мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес 172 қызмет жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі. Қалалар мен аудандар (ауылдық округтер) деңгейінде 76 қызмет көрсетіледі, 2014 жылы – 131 қызмет - жергілікті атқарушы органдармен, соның ішінде 62 қызмет қалалар мен аудандар (ауылдық округтер) деңгейінде, 2013 жылы – 78 қызмет, соның ішінде 52 қызмет қалалар мен аудандар (ауылдық округтер) деңгейінде.

Барлығы Курчатов қаласы бойынша 2015 жылдың 10 айында 7 513 қызмет көрсетілген, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар арқылы альтернативасыз қызметтер бойынша – 956 қызмет. Мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар арқылы альтернативасы бар қызметтер бойынша – 5 744 қызмет көрсетілген, халыққа қызмет кқрсету орталықтары арқылы – 798. «Электрондық үкімет» порталы арқылы электронды түрде – 15 қызмет.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарылату екі негізгі құралмен қамтамасыз етіледі: халыққа қызмет көрсету орталықтары (әрі қарай – ХҚКО) және электрондық үкіметтің веб-порталы, соның арқасында мемлкеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттану сапасы артады.

Мемлкеттік қызметтерді «бір терезе» қағидасы бойынша қол жетімді алу үшін қалада 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс атқарады.

Алынбалы тасымалдаушыдағы электрондық-сандық қол қою көмегімен, мемлекеттік қызметтерді Интернет желісіне қосылмай қашықтан алуға мүмкіндік беретін қалада қоғамдық қол жетімді 1 пункт жұмыс атқарады.


SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары (S):

  1. Әкім аппараты мен әкімдіктің дербес

бөлімдерінде бірыңғай көлік ортасының болуы;

  1. Әкім аппараты мен әкімдіктің дербес

бөлімдерінде бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінің болуы;

  1. Жергілікті атқарушы органдардың

жеткілікті техникалық жабдықталуы;

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын

мониторингілеуді өткізу үшін негіздің болуы;

  1. Мемлекеттік органдар функциясы

бизнес-процесстерінің автоматтандырылуы;

  1. Виртуалды қабылдау жүзеге асырылған;

  2. Мүмкіндігінше қысқа мерзімде

«электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету;

  1. Мемлекеттік қызметтерге қоғамдық қол

жеткізудің 1 пункты жұмыс істеуі;

  1. Әкім аппараты мен әкімдіктің дербес

бөлімдерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интернет-порталы енгізілген.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Талшықты-оптикалық каналдар

байланысының болмауы;

  1. Қызмет көрсету мерзімдерін бұзу

(мемлекеттік органдардағы тікелей орындаушылардың қанағаттанарлықсыз жұмысы, кадрлар жетіспеушілігі, жұмыс көлемінің үлкендігі);

  1. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің

қаржылық жетіспеушілігі;

  1. Электрондық мемлекеттік қызметтерді

пайдалана отырып жауапты мемлекеттік органның өзара әрекет ету тәртібін реттеу үшін арналған нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі;

  1. Халықаралық тәжірибенің жаңа заманғы

үздік практикасын ескере отырып, мемлекеттік қызметтердің мониторинг әдістемесі және сапа мен тиімділігін бағалаудың жетілмегендігі;

  1. Әлсіз бағдарламалық және материалдық

техникалық қамтамасыз ету;

  1. Тұрғындардың аз хабарландырылуы

(қызмет көрсетілушілер қайда қызмет көрсетілетінінен хабарсыз – ХҚКО немесе мемлекеттік органда);

  1. «Электрондық үкімет» порталығында

жұмыс істеу қиындығы.

Мүмкіндіктері (O):

  1. Қала тұрғындарының мемлекеттік

қызметті элетронды түрде алуға қызығушылығы;

  1. Орталық мемлекеттік органдардың

ақпараттық жүйелерін мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды түрде ұсыну процесін жеңілдету және оңтайландыру үшін пайдалану;

  1. Ұялы телефондардың кең тарауы «е

әкімдікке» қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін басқа мемлекеттердің халықаралық тәжірибесіндегі «е-үкіметті» құру;

  1. Орталық мемлекеттік органдардың

ақпараттық жүйелерін мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды түрде ұсыну процесін жеңілдету және оңтайландыру үшін пайдалану;

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

сапасымен қанағаттандырылу дәрежесін арттыруды қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымның даму дәрежесі жеткілікті түрде, бірақ әлсіз жақтары да бар.

Қауіп - қатер (T):

  1. Жергілікті атқарушы органдар

ақпараттық жүйелер мен е-үкіметтің негізгі компоненттері арасында дұрыс құрылған интеграциялық шинаның болмауы себебінен электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын емес;

  1. Интернет желісіне қол жетімділіктің

шектеулі болуына байланысты электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің қажеттілігі аз;

  1. Тұрғындардың сандық сауаттылығының

төмендігі.

Негізгі мәселелер:



1) Бюрократия және мемлекеттік қызмет көрсетудің анық болмауы

Соңғы жылдары мерзімдер мен ұсынылатын құжаттар көлемін қысқарту бойынша өткізіліп келген жұмыс айтарлықтай алға басуларға әкелмеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдарда өтетін, бірін бірі қайталайтын қажетсіз бизнес-процесстердің көбі оларды ұсыну мерзімдерінің негізсіз көтерілуінің басты себебі болып табылады.

2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша кешенді және нақты статистикалық ақпараттың болмауы

Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы әрекет ету істері жөніндегі агентті (бақылау ішінде), Қазақстан Республикасының Инновациялық даму министрлігінің («e-gov» ХҚКО әкімгері ретінде) және әкімдіктің өзіндегі мәліметтер ерекшеленеді.

Шоғырландырылған, нақты ақпараттың болмауы барлық сала талдауы, концептуалды және болжамды жобалау, құрылымдық және жүйелік шешімдерді қабылдау мәселелерін қиындатуда.

3) Мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау қызметтерінің

тиімсіз жұмыс істеуі

Қаланың мемлекеттік мекемелері тарапынан ішкі бақылаудың болмауы қызмет көрсетушілердің стандарттарды орындау мерзімдері мен мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелерін айтарлықтай бұзуға әкеледі, осының бәрі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейінің төмендеуіне әкеледі.

Қала бюджеті

Қала бюджеті бюджеттік әкімгерлердің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің ұлғаюымен ерекшеленеді.

Қала бюджетінің көлемі 2014 жылы 2130,8 млн. теңгені құрады.

Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен трансферттер ұлғайып, 2012 жылға қарсы 102,5 % ұлғайды. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен трансферттердің үлесі 57,9 % құрайды, меншік кірістер үлесі – 36,7% құрайды.

2014 жылы экономика саласының өсу қарқынының оң жетістігінің және меншік кірістер түсімдерінің кіріс көздерінің қосымша резервтерін іздестіру бойынша облыста жүргізілген жұмыстар арқасында меншіктік кірістің түсуі 2012 жылға қарағанда 36,3 % өсті.

15 сурет.

2012-2014 жылдарға қала бюджетінің құрылымы

млн.теңге




Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Салықтық түсімдер

564 802,9

663 990,4

747 954,7

Салықтық емес түсімдер

4490,7

8821,7

9776,8

Қала бюджетінің шығындары ақырғы үш жылда 23,2 % өсті және 2130,8 млн. теңгені құрады.

Қала бюджетінде барлық әлеуметтік міндеттер сақталған, 2014 жылы әлеуметтік саланың қаржыландыру көлемі артып, 2012 жылға 37,5%.

Бюджеттің қалыптасуы шығын қажеттілігі бағасында жүзеге асырылды, бюджеттік қызмет пен объективті факторларды есепке алу тұтынушылары санына негізделгенде, әр түрлі аймақтардағы шығын қажеттіліктеріндегі әртүрлілікке себепші болады. «Сметалық» тәсілден - ағымдағы шығындарды бағалауға өту жүзеге асырылды, объективті факторларды есепке алумен формульдық кесте бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылар саны нәтижесінде, шығындар деңгейінде әртүрлілікке себепші болатын (демографиялық құрам, халықтың тығыздығы, климаттық жағдай, көліктік қолжетімділік және т.б.).

Қаланың бюджеттік саясаты қаланың барлық бірге алғандағы міндеттемелерін толықтай және уақытында жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жұмылдыруға және шоғырландыруға бағытталған, бірінші кезекте ол әлеуметтік міндеттемелер, сол сияқты жұмыспен қамтамасыз етуді қосқанда, қала тұрғындарына әлеуметтік қолдауға жанама әсерін тигізетін іс шаралар.

Сайып келгенде, бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталған, қала экономикасы және шығындарды жоспарлауда негізгі басымдылық білім және әлеуметтік қолдауға қатысты, сонымен қатар дағдарысқа қарсы сапалы өсуі үшін жағдай жасау болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет