БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе


міндеті бойынша қол жеткізу жолдары



бет20/23
Дата23.02.2016
өлшемі4.53 Mb.
#8960
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


4.2.5.1. міндеті бойынша қол жеткізу жолдары:

Көрсеткіштер бойынша жетістікке жетуді қамтамасыз ету және анықталған мәселелерді шешу мақсатында келесілер қарастырылады: Аудандарда дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық кешендер құрылысы, сондай-ақ жасанды төсеніштері бар шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңшаларының құрылыстары жалғасады.

2015 жылы Мойынқұм ауданындағы Мойынқұм ауылында және Тараз қаласында спорт кешендерінің қабылдануы жоспарланған.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін ашу, спорт мекемелерін құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Әралуан спорт түрлері бойынша облыс құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын, сондай-ақ облыстық (қалалық, аудандық) бұқаралық-спорттық жарыстардың санын арттыру қарастырылған.

Спортшылардың біліктілік сапасын арттыру мақсатында атақты спортшылармен кездесулер, оқу-жаттығу жиындары мен шеберлік сабақтарын жиі өткізу жоспарланып отыр.

Спорт мектептерін қажет мамандармен қамтамасыз ету қарастырылып (спорт жөніндегі инструктор-әдіскер және спорт дәрігерлері және т.б.) отыр.



Мақсат 4.2.6.: Дамыған сервис жүйесі бар жоғары тиімділікті және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.


Нысаналы индикатор

Өлшем 
бірлігі

2011 (нақты)

2012 (нақты)

2013 (нақты)

2014

(жос


пар)

2015

(жос


пар)

Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны:



















резиденттер

келушілер саны мың адам

-

-

-

-

89,8

резиденттер емес

келушілер саны мың адам

-

-

-

-

1,4

Нақты нәтиженің көрсеткіші



















Міндет 4.2.6.1. Туризмді дамыту

Орналастыру орындарының саны

бірлік

-

-

-

-

88

Орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі

мың. тг

-

-

-

-

603751,1

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасы


4.2.6.1.- міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 жж.):

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында Жамбыл облысының 5 аудандары елді мекендерін құрылыспен қамту жоспарланып отыр:



- Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылы;

- Меркі ауданы Актоған поселкесі;

- Т. Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылы Жақсылык ауылы ортасында;

- Байзақ ауданы Ақшолақ ауылы;

-Жуалы ауданыАқсайа/о.

2015 жылы аталмыш кешендердің құрылысы үшін халықаралық талаптарға сәйкес типтік жобалар әзірленетін болады, олар төмендегі нысандарды қамтитын болады.

«В» санаты: қонақ үйлер, мейрамханалар/кафелер, дүкендер, қоғамдық кәріздер, қоғамдық душтар, жанар-жағар май құятын стансалар, жүк және жеңіл көліктер тұратын қатты төсенішті тұрақтар, автожөндеу шеберханалар, ақпараттық туристік орталықтар.

«С» санаты: дүкендер, қоғамдық тамақтану пунктері, қоғамдық душтар, қоғамдық кәріздер, жанар-жағар май құятын стансалар, жүк және жеңіл көліктер тұратын қатты төсенішті тұрақтар, жұк және жеңіл көліктерге шеберханалар немесе эстадакалар.

Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес ірі туристік нысандарға жеткізетін жол құрылысы жоспарланған. Жамбыл ауданы Ақыртас кешені сарайына жеткізетін жол құрылысына (8 км) және Жуалы ауданы «Тау самалы» туристік кешеніне (4 км) инвестициялық ұсыныстар әзірленген.

Қонақ үйлер базаларының, демалыс үйлер мен демалыс базаларының, санаторлық-курорттық мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын жаңарту көзделген.

2015 жылы облыста «Көне Тараз» бірегей археологиялық саябағын жүзеге асыру барысында Тараз қаласының орталығында археологиялық зерттеулер және Бүкіләлемдік мәдениет мұрасы ЮНЕСКО алдын ала тізіміне қосылу жұмыстары жүргізілуде.

2015 жылы Ұлы Жібек Жолы бағытының бойында Әзірбайжан Республикамен бірге «барлығы қосылған» жүйе бойынша бірінші халықаралық тур жасау жоспарланып отыр. Аталған турды таратылатын материалдарда және интернет порталдарда танымал ету жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы щеңберінде «Қазақ хандығының ту тіккен өлкесі» атты экспедициясын ұйымдастыру жоспарланған.

«ЭКСПО-2017» халықаралық арнайы жәрмеңке өткізу шеңберінде туризмнің ішкі және сырттан келетін туристер санын кеңейту жоспарланып отыр, сонымен қатар облыс аудандары тұрғындарының жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Облысқа туристерді тарту мақсатында өңірдегі туристік әлеует www.dppzhambyl.gov.kz веб-сайтында ұсынылған.

2015 жылы туристік өнімді ішкі және халықаралық туристік қызметтер нарығына жылжыту мақсатында 2 ірі республикалық туристік жәрмеңкелерге Алматы қаласында өткен «KITF 2015» және Астана қаласында өткен «Astana Leisure - 2015» қатысу жоспарлануда.

Балалар, экологиялық, спорттық, танымдылық, этникалық туризмдерін дамыту мақсатында облыста келесідей іс-шаралар жүргізіледі:



  • Тараз қаласы және облыс аудандарының мектеп оқушылары және ТарМУ мен ТарПИ студенттерінің қатысуымен «Менің отаным – Казақстан» атты экспедициясын құру;

  • Бүкіләлемдік туризм күніне арналған күздік туриада өткізу

Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге және 2015 жылы 1,4 мың адамға дейін сырттан келетін туристер, 89,7 мың адамға дейін ішкі туристер санын арттыруға ықпал етеді.


Мақсат 4.2.7: Мемлекеттік тілді дамыту


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013 (нақты)

2014

(жоспар)


2015 (жоспар)

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

%

89

90,32

94

95

95,05

Міндет 4.2.7.1 Қоғамдық өмірдің әр-түрлі салаларына мемлекеттік тілді енгізу

Мемлекеттік органдардағы жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс жүргізу үлесі

%

-

-

-

-

98,5

Тіл саясаты саласындағы заңнама нормаларының жіберілген бұзушылықтарының саны:

- сыртқы жарнама,

- бұқаралық ақпарат құралдары


бірлік

-

-

-

-

10

Қалаларда қазақ тілінде оқытылатын мектептер саны


бірлік

-

-

-

-

40

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту, ішкі саясат, білім басқармалары, аудандар мен Тараз қ. әкімдіктері


4.2.7.1 Қоғамдық өмірдің әр-түрлі салаларына мемлекеттік тілді енгізу (2015 ж.) міндетіне қол жеткізу жолдары:

Облыстағы өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілге, мемлекеттік қызметкерлерді, облыстың ересек тұрғындарды - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрету бойынша жұмыс жалғастырылады.

Мемлекеттік және басқа тілдерді облыстың этномәдени бірлестіктері жанындағы үйірмелер мен курстарда оқыту, халыққа тілдерді үйрететін мемлекеттік емес оқу, лингвистикалық орталықтармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі. Облыс аумағындағы тілдік ахуалды зерделеу бойынша әр-түрлі топтарда социологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Қазақстанның лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында келесі шаралар өткізіледі:

- мемлекеттік тілдің және және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік тренингтер және талдама зерттеулер өткізу;

- қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында мемлекеттік тілді дамыту және қолдану, сондай-ақ Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бойынша жыл сайынғы семинар-кеңестер, ғылыми-тәжирибелік конференциялар, фестивальдар, «дөңгелек үстөлдер» өткізу;

- Қазақстан халқының тілдері республикалық фестивалі шеңберінде жыл сайынғы тілдер апталығын өткізу.

- көрнекілік және жарнама ақпарат құралдарында әдеби қазақ тілін дұрыс қолдануын бақылауды күшейту;

- мемлекеттік органдардың іс-қағаздарында ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының сақталуына жоспарлы тексерулер жүргізу;

- іс-қағаздарды жүргізуіне әдістемелік көмек беру мақсатында семинарлар өткізу.



Гендерлік саясат

Қол жеткізу жолдары (2015 ж.):

Қоғамның гендерлік мәдениетін арттыруға бағытталған кең ауқымды ақпараттық, ағарту науқандарын өткізу тәжірибесі жалғасады.

Тұрақты негізде семинарлар, тренингтер, әйелдерді билік органдарына тарту бойынша оқыту курстары өткізіледі, әйелдердің өкілетті билік органдарына сайлау науқандарына қатысуы жандандырылады, олардың бос лауазымдарға орналасу конкурстарына қатысуына ықпал етіледі.

Әсіресе ауылдық жерлерде әйелдерді жұмыспен қамту мәселелеріне ықпал ету. Шағын және орта бизнесте әйелдерді қолдау.



БАҒЫТ 4.3: «Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп»

Мақсат 4.3.1.: Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012 (нақты)

2013

(нақты)


2014 (жоспар)

2015

(жоспар)


Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

%

19,6

19,6

19,5

25,4

23,7

Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету

%

-

-

-

-

5

Жергілікті маңызы бар тасқындар мен су басулар, көшкіндер, жер сілкінулер, селдер, өрттерден болған адам шығынын төмендету

% өткен жылмен салыстырғанда

-

-

-

-

80

Міндет 4.3.1.1. Қоғамдық тәртіпті нығайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Көшелерде жасалған ұрлықтар деңгейінің төмендеуі

%

-

-

-

-

10

Көшелерде жасалған бұзақылық деңгейінің төмендеуі

%

-

-

-

-

26

Жол-көлік оқиғаларының саны (10 мың бірлік автокөлікке шаққанда)

бірлік

41,4

50,3

82,3

82

68

Міндет 4.3.1.2. Апаттар мен дүлей зілзалдың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру

Су басу мен тасқынының, селге, көшкінге, жер сілкінуге, өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

%

62,3

65,7

72,0

72,0

74,0

Тұрғындарды ТЖ қауіпі мен туындауы туралы заманауи құлақтандарумен қамтылуы

%

-

-

-

-

5,8

Басқару органдарын, құрылымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді оқытумен қамтылуы

%

-

-

-

-

0,08

5 мың және одан көп тұрғындары бар елді мекендерді өртке қарсы қызмет күштерімен қамтылуы

%

-

-

-

-

11

Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жолға шығатын өрт және апаттық-құтқару техникасымен жабдықталуы

ед.

-

-

-

-

10


4.3.1.1. Қоғамдық тәртіпті нығайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету (2015 ж.) міндетіне қол жеткізу жолдары:

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

- жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу;

- жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тәртібін күшейту;

- жол қауіпсіздігіне және транспорт құралдарының жағдайына, жүргізушілердің кәсіби дайындықтарына және жол жағдайына патрульдік жол полициясының ықпал етуінің тиімділігін жоғарылату;

- транспорт құралдарының тіркеу үрдісін мейлінше жетілдіру;

- жолда жүру Ережесін бұзуды тіркеу және бақылау бойынша техникалық құралдарын жаппай енгізу;

- патрульдік жол полициясының бөлімшелерінде жемқорлыққа қарсы тұру және тұрғындардың сенімін және құрметін жаулап алу;

- жолда қауіпсіз жүруді насихаттау бойынша әлеуметтік роликтер жасау және оларды жергілікті телеканалдарда көрсетуді қамтамасыз ету.



Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірінің, денсаулығының қажетті қауіпсіздік деңгейін, конституциялық құқықтары мен еріктерін қамтамасыз ету мақсатында келесі негізгі іс-шаралар жүзеге асырылады:

- тәулік бойғы стационарлық постар мен жылжымалы полиция пункттерінің, жылжымалы полиция топтарының, Жедел басқару орталығы және шағын Жедел басқару орталығы желісін дамыту есебінен көшелердегі және басқа қоғамдық орындардағы құқықтық тәртібін қорғау тетігін жетілдіру;

- криминогендік жағдай шиеленіскен кезде полиция және ішкі әскерлер күштері мен құралдарын бірыңғай орналастыру жоспарларын уақтылы түзетуді жүзеге асыру;

- құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар желісін кеңейту;

- әрбір қалалық және ірі елді мекендік мектепке кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекторлер қызметін енгізу;

- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына, сонымен қатар, оларға темекі және ішімдік сатуға тыйым салу туралы заң актілері талаптарының орындалуына бақылау жүргізу бойынша рейдттерді жүйелі түрде жүргізу.



4.3.1.2. Апаттар мен дүлей зілзалдың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру (2015 ж.) міндетіне қол жеткізу жолдары:

Сейсмикалық тұрақты ғимараттар салу, қолданыстағы ғимараттарды күшейту, күрделі жөндеу, апаттық тұрғын үйлерді бұзу арқылы жер сілкіністері салдарынан туындауы мүмкін шығындарды азайту бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады.

Облыс аумағында жыл сайын 3-тен -ға дейін 2 баллдан жоғары жер сілкіністері тіркеліп тұрады. Сейсмикалық қауіпті аумақта 700 мыңнан астам адамдар тұрады, экономиканың және өмір сүруді қамтамасыз ететін негізгі нысандар тұрғызылған, сондай-ақ Ташкент-Бішкек-Алматы магистральді газ құбыры, темір жол және автокөлік магистральі жүргізілген, қауіпті 11 химия кәсіпорындары жұмыс істеуде, бір қатар ірі су қоймалары бар. Облыста нысандардың сейсмикалық тұрақтылығын анықтау бойынша жұмыс жалғастырылуда.

2015 жылғы 1 қаңтарға білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәдени нысандарының шамамен 105 ғимарат сейсмикалық нығайтуды талап етеді.

Өрт сөндіру қызметін авариялық-құтқару құрал саймандарымен жабдықтау.

50 шақырымға алыста орналасқан елді мекендерде өз еркімен өртке қарсы жасақталуды (ӨӨЖ) құру, тұрмыстық және орманды дала өрттерін жою мақсатында жеке құрамды, суды тасымалдау техникасын (су шашатын машина, әмбебап өрт тіркемелері және т.б.) жеткізу үшін автомобиль жолдарының өткіштігін, сондай-ақ арнайы жабдықтармен және жасақтармен қамту, апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу.

Халық саны 5 мың адамды және одан астамын құрайтын алыстағы елді мекендерде кезең-кезеңмен өрт посттарын құру, оның ішінде шығарылатын өрт техникасын және жабдықтарын, арнайы әскери киімдер сатып алу.

Т.Рысқұлов ауданындағы Мақпал және Меркі ауданындағы Мерке шатқалдарында селді ұстап тұратын құрылғылардың құрылысы қажет.

Гидротехникалық қорғайтын ғиммараттардың тұрақтылығын асыру, өзендер, су айдындар, тоғандардың су тасу қауіпі бар телімдерінде тасқын суға қарсы, жағалауды қатайту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу.

Су-қорғау стансаларын жабдықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Облыстың Тараз, Жаңатас, Қаратау қалаларында екі мемлекеттік және бір жеке меншік су-қорғау станциялары бар. Станциялар су-құтқару жабдықтармен, жүзу құралдарымен қамтамасыз етілген.

Төтенше жағдайлар қаупі туындаған кезде облыстың елді мекендерінде хабарландыру жүйесін орнату.

Басқару органдарын, Азаматтық қорғау құрамаларының басшы құрамдарын төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға оқыту.
БАҒЫТ 4.4. «Инфрақұрылымды дамыту»

Мақсат 4.4.1.: Байланыс және коммуникацияны дамыту


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

(нақты)


2014

(жоспар)


2015 (жоспар)

Байланыс қызметінің нақты көлемінің индексі

%

-

-

-

-

100,0

Міндет 4.4.1.1. Байланыс қызметін жетілдіру

100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы

%

-

-

-

-

16

100 тұрғынға интернет желісіне тіркелген кеңжолақты қолжетімділігі бар абоненттердің тығыздығы

%

-

-

-

-

6,4

Жауапты орындаушылар «Казақтелеком» АҚ, «Жамбылтранстелеком» АҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет