Бағдарламасы Мазмұны Бағдарламаның паспорты


Жетінші кіші бағдарлама: Аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-әрекет



бет5/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#143189
1   2   3   4   5   6   7

Жетінші кіші бағдарлама: Аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-әрекет
Ағымдық жағдайды талдау

Конго-Қырым геморрагиялық безгегі (бұдан әрі – КҚГБ) – кене арқылы берілетін және интоксикациямен, геморрагиялық синдроммен айқындалған екітолқынды қызбамен сипатталатын жіті зоонозды табиғи-ошақтық арбовирустық ауру. КҚГБ соңғы жылдары нозоареалдың кеңеюі анық айқындалған, ерте сатыларда ауруды диагностикалаудың күрделілігімен, жоғары өлім-жітіммен (30%), аурудың ауыр өтуімен сипатталады.

Барлық адамдар жынысына, жасына және кәсіп түріне қарамастан, КҚГБ-нің қоздырғышына тең түрде сезімтал. Адамдар үшін инфекция көзі кене, үй жануарлары, жабайы ұсақ сүтқоректілер, сондай-ақ КҚГБ-мен ауыратын науқастар болып табылады. Адам инфекцияның инокуляциялық (кененің соруы) және контаминациялық (кенелерді малдан алып тастау кезінде оларды жаншу, олардың экскременттерін денеге сүрту) жолымен берілуімен жұқтырады. Инфекция мал сою және оны бөлшектеу, аңды, мысалы қоянның терісін сыпыру және оны бөлшектеу кезінде гемобайланыс жолымен берілуі мүмкін. Аурухана жағдайларында медицина қызметкерлерінің жұқтыруы зертханалық зерттеулер үшін науқас адамдардан қан алу кезінде олардың қанымен байланыста болуы арқылы, тамырға қан айдау, жатырдан және мұрыннан қан кетуді тоқтату кезінде және т.б. сол сияқты жағдайларда болады. Вирустың таза өсіндісімен жұмыс істеу кезінде, зертханадағы апаттар жағдайларында респираторлық жолмен жұқтыру болуы мүмкін.

Жұқтырудың басым көпшілік жағдайлары (еңбек жолы мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы қызметімен, аң аулаумен, балық аулаумен, туристік сапармен, табиғатта белсенді демалумен байланысты) адамдардың КҚГБ бойынша энзоотикалық аумақтарда болуы болып табылады.

2009 жылы республика халқы арасында КҚГБ ауруының 26 жағдайы тіркелді (көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 0,17), оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында – 22 жағдай және Қызылорда облысында – 4 жағдай. Оңтүстік Қазақстан облысында КҚГБ-мен ауырған 22 жағдайдың ішінде 8 жағдай өлім-жітіммен аяқталған.

2010 жылы Қазақстанда КҚГБ ауруының 12 жағдайы тіркелген (көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 0,07), оның ішінде Оңтүстік Қазақстанда – 11 жағдай, Қызылордада – 1 жағдай.

КҚГБ-нің 12 жағдайының 3-і өлім-жітіммен аяқталды.

Санитариялық-қорғау аймақтары Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының КҚГБ бойынша ауданы 8 017 000 шаршы метр болатын 121 қолайсыз елді-мекеннің айналасына құрылған болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Қазақстан халықтың сырқаттанушылық деңгейінің орташа санаттағы еліне жатқызылған (жылына 5-49 жағдай).

КҚГБ-нің табиғи ошақтарындағы эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне табиғи факторлар да (мысалы, ауа-райының жаппай жылынуы), адамның шаруашылық қызметті ұйымдастыруда өзгерістермен негізделген антропогендік әсерлер де әсер етті. Оларға дағдылы шаруашылық қарым-қатынастың күйреуі, кенеге қарсы іс-шараларға арналған шығынды қаржыландыруды толық қысқаруға дейін азайту, сол себептерге байланысты ветеринариялық қадағалаудың тиімді шараларының жеткіліксіздігі жатқызылады. Осы факторлардың үйлесімділігі КҚГБ вирусын тасымалдағыштардың санын көбейту үшін заңды түрде қолайлы жағдай жасауға әкеп соқтырды. Кенелердің популяция санының тұрақтамай адам санынан артып өсуі осы инфекцияның табиғи ошақтары шекарасының белсенділігі және кеңеюі негізінде жатыр.

Жүргізілетін зерттеулер малға және малдың қора-жайларына кенеге қарсы іс-шаралар жүргізу кезіндегі маңызды проблемаларды анықтады.

Осылайша, 2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғанда республикалық бюджеттік қаражат есебінен облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары малды және малдың қора-жайларын жоспарлы кенеге қарсы өңдеуді жүргізді. Малға және қора-жайларға жүргізілген кенеге қарсы өңдеулердің тиімділігі Оңтүстік Қазақстан облысының халқы арасында КҚГБ-мен ішінара сырқаттанушылық расталды (3 жыл ішінде барлығы 3 жағдай тіркелген болатын).

2006 жылдан бастап малды және қора-жайларды кенеге қарсы өңдеулер жүргізу тоқтатылған болатын. Ол соңғы 4 жылда халық арасында сырқаттанушылықтың өсуіне әкеп соқтырды (2006-2009 ж).

Осылардың барлығы халық арасында Конго-Қырым геморрагиялық безгегімен (КҚГБ) сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған кешенді профилактикалық шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі кешенді бағдарламаны әзірлеу қажеттігін көрсетеді.


Мақсаты: Конго-Қырым геморрагиялық безгегімен (КҚГБ) сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған профилактикалық шаралар кешенін қалыптастыру.
Негізгі міндеттері

1. Халыққа КҚГБ-нің алдын алу шаралары және жұқтыру жолдары туралы ақпарат беру;

2. Кенеге қарсы іс-шаралар кешенін жоспарлы түрде және уақтылы өткізу;
Қолжеткізу жолдары және тиісті шаралар


  1. Конго-Қырым геморрагиялық безгегімен (КҚГБ) сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған профилактикалық шаралар кешенін жетілдіру үшін КҚГБ-мен сырқаттанушылыққа талдау жүргізу.

  2. Денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаны мынадай жолдармен құру:

    • Эндемиялық өңірлердің мал бастарына кенеге қарсы тазарту жүргізу;

    • Эндемиялық өңірлердегі малдың қора-жайларына кенеге қарсы тазарту жүргізу;

    • КҚГБ бойынша қолайсыз елді мекендердің айналасына санитариялық-қорғау аймағын құру.

  1. Республиканың Конго-Қырым геморрагиялық безгек бойынша эндемиялық аумақтарында кенеге қарсы тазарту жүргізудің бірыңғай әдіснамасын әзірлеу.

  2. КҚГБ-нің алдын алу шаралары және жұқтыру жолдары туралы халықпен санитариялық-түсіндірме жұмысын күшейту.


Бірыңғай Бюджеттік бағдарлама шегінде іс-шаралар жоспары:

Конго-Қырым геморрагиялық безгегімен (КҚГБ) сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған профилактикалық шаралар кешенін жетілдіру үшін КҚГБ-мен сырқаттанушылыққа талдау жүргізу;

Республиканың Конго-Қырым геморрагиялық безгек бойынша эндемиялық аумақтарында малға, малдың қора-жайларына жоспарлы түрде кенеге қарсы тазарту жүргізу;

Республиканың Конго-Қырым геморрагиялық безгек бойынша эндемиялық аумақтарындағы елді мекендердің айналасына қорғау аймақтарын құру;

Республиканың Конго-Қырым геморрагиялық безгек бойынша эндемиялық аумақтарында кенеге қарсы тазарту жүргізудің әдіснамасын жетілдіру;

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігі, оның ішінде КҚГБ-мен ауыратын науқастарды ерте диагностикалау және уақтылы ауруханаға жатқызу мәселелері бойынша деңгейін арттыру;

«Республиканың Конго-Қырым геморрагиялық безгек бойынша эндемиялық аумақтарында кенеге қарсы тазарту жүргізу әдіснамасын біріздендіру» әдістемелік ұсынымдарын енгізу;

КҚГБ-нің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық кампания (бейне және аудио роликтер шығару).


Нысаналы индикаторлар:

2015 жылы КҚГБ-мен сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 0,2-0,17.



5.2. Профилактикалық іс-шаралар, негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалтуды жетілдіру, скринингтік зерттеулерді күшейту
Мақсаты: халықтың денсаулығын әрі қарай нығайту және негізгі әлеуметтік-елеулі аурулар деңгейін төмендету.
Негізгі міндеттер

  1. Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын нығайту және ана мен бала денсаулығын сақтау.

  2. Аурудың профилактикасына тәсілдерді жетілдіру, скринингілік зерттеулерді дамыту және СӨС ынталандыру.

  3. Негізгі әлеуметтік-елеулі аурулар мен жарақаттануларды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру.

  4. Егде жастағы адамдарға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру (геронтологиялық және гериатриялық көмек).

Бағдарлама шеңберінде перинатальды медицинаны дамыту, акушериялық-гинекологиялық және педиатриялық қызметтер арасында өзара іс-қимылды жақсарту, босандыру және балаларға арналған ұйымдарды қазіргі заманғы емдеу-диагностикалау аппаратурасымен жабдықтауды жалғастыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, неонатальдық технологияларды белсенді енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ тұқым қуалаушылық және жүре пайда болған ауруларды ерте анықтауға, оларды уақтылы емдеу, асқынуға, мүгедектікке және өлім-жітімге алып келетін ауыр ауралардың дамуын тоқтатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, олардың жас физиологиялық ерекшеліктеріне және ДДҰ ұсыныстарына негізделген (балалар, жасөспірімдер, балиғатты жастағы әйелдер, қауіп топтары) халықтың нысаналы топтарына арналған Ұлттық скринингтік бағдарламалар кешені әзірленеді және енгізіледі.

Ұлттық скринингтік бағдарлама үшін ДДҰ ұсыныстарына сәйкес аурудың байқалу ауыртпалығы, осы аурулардың тарату жиілігі, сондай-ақ диагностиканың қолданылатын әдістерінің қарапайымдылығы мен нақтылығы, емдеудің қолжетімді және тиімді құралдарының бар болуы сияқты факторлар ескерілді.

Осылайша, Ұлттық скринингтік бағдарлама шеңберінде (В жіне С вирусты гепатит патологиясын, туберкулезді, онкопатологияны, жүрек қан-тамыр ауруларын анықтау үшін) мынадай халық топтарын қамту жоспарлануда:

Жүкті әйелдер; жаңа туған нәрестелер және балалар; жасөспірімдер; орта-арнайы, жоғары оқу мекемелерінің студенттері, декреттелген топтар (әскери қызметкерлер, түзету жүйесі мекемелеріне түскен адамдар); донорлар және қан және оның компоненттерінің, тіндердің, мүшелердің реципиенттері.

Аталған бағдарлама шеңберінде негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды диагностикалау, емдеу және емдеуге жатқызу әдістері жетілдірілетін болады. Негізгі әлеуметтік-елеулі ауралар сана мыналармен анықталған: жүрек қан-тамыр аурулары, жарақаттар (жол және өндірістік жарақаттар, күюлер), онкопатологиялар, туберкулез, АИТВ, психиатриялық аурулар, эндокриндік аурулар (диабет). Көрсетілген аурулар олар мыналармен сипатталу нәтижесінде анықталған:

таралуы жоғары және тез өрбитін, қаралуы бойынша сырқаттанушылық құрылымында бірінші орындарды алады;

өлім-жітім және мүгедектікке шығу себептері құрылымында маңызды үлесі;

ауру ағымының ауыртпалығы (сырқаттардың өмір сапасын төмендетеді, жұмыс істеу белсенділігін шектейді) және жағымсыз нәтиже мүмкіндігі;

ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексіне елеулі назар.

Сондай-ақ күтіліп отырған халықтың жалпы санында егде адамдар үлесінің айтарлықтай артуының тенденциясын ескере отырып, геронтологиялық медициналық көмек жетілдіріледі.



Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

    1. Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын, оның ішінде ана мен бала денсаулығын сақтау мыналарды көздейді:

      1. ДДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестігіне АБДС қызметі ұйымдарында әйелдер мен балаларға мамандандырылған көмек және МСАК деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын, қолжетімділігін және сабақтастығын арттыру;

ұрықтың және жаңа туған сәбилердің туа біткен және тұқым қуалаушылық ауруларын диагностикалау және қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып, скринингтік бағдарламаларды жетілдіру;

ғылыми дәлелді медицина негізінде әзірленген акушерия, неонатология және педиатрия бойынша емдеу мен диагностикалаудың хаттамаларын және ДДҰ халықаралық стандарттарын енгізу;

денсаулықты қамтамасыз ету және толыққанды өсуі, дамуы мен аурулардың профилактикасын қамтамасыз ету үшін ДДҰ халықаралық стандарттарға сәйкес МСАК деңгейінде ерте жастағы (5 жасқа дейінгі) балаларды қадағалау және антеналды күтуді жетілдіру;

АБДС ұйымдарының қызметінде сапаны үздіксіз арттырудың қазіргі заманғы әдістемесін әзірлеу және енгізу;

АБДС қызметі ұйымдарында медициналық көмектің мониторингі, бағасы және сабақтастық тетіктерін жетілдіру;

ДДҰ енгізілген тиімді технологияларына сәйкестігіне МСАК және акушериялық, балалар стационарлары медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;

балалар және босандыру ұйымдарын ДДҰ енгізілген тиімді технологияларына сәйкестігі қазіргі заманғы медициналық жабдық және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықтау;

отбасында ерте жастағы балалардың өсуі мен дамуына оңтайлы күтуді қамтамасыз ету жөнінде халықтың білімдерін арттыру;

медициналық көмекті психологиялық қолдаумен, жасөспірімдердің құқықтық консультациясымен және құпиялылықпен ұштастыратын жасөспірімдер қызметін дамыту;

АБДС қызметін ақпараттық қамтамасыз етілуін жетілдіруді қарастырады.

2.1.2. репродуктивті денсаулықты халықаралық стандарттарға сәйкестігіне нығайту жөнінде тиімді бағыттарды әзірлеу және енгізу:

отбасыны жоспарлау, соның ішінде әйелдерді жүктілікке дейін дайындау, қауіпсіз аналық, жасөспірімдер мен жас отбасыларды қауіпсіз жыныстық тәртібі жөніндегі отбасын жоспарлау және МСАК қызметкерлерін және мамандардырылған көмектің барлық деңгейлерін отбасын жоспарлау жөніндегі консультациялық дағдыларға, медициналық даярлау жөніндегі ұлттық нұсқаулықты әзірлеуді қоса алатын тиімді жүйесін құру;

дәлелді медицина негізінде репродуктивті жүйе ауруларын емдеу, диагностикалау және алдын алудың оның ішінде андрологиялық қызметті дамытудың (ерлер денсаулығын нығайту)тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу;

денсаулықтың гендерлік көрсеткіштерін статистикалық есепке алуды жетілдіру.

2.2. Аурудың профилактика жүйесін, скринингтік зерттеулерді дамыту және СӨС-ті ынталандыру төмендегілерді болжайды:


      1. профилактикалық тексеруге арналған стандартталған, инновациялық тәсілдерді әзірлеу және енгізу:

халықтың нысаналы топтары үшін Ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін әзірлеу және енгізу;

медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде СӨС-ті ынталандыру тетіктерін әзірлеу және енгізу.



      1. Профилактикалық шаралардың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету:

дәрігерге дейінгі (SCORE) және дәрігерлік скринингтің халықаралық тиімді әдістемесін енгізу;

МСАК ұйымдарын экспресс диагностикаға арналған приборлармен жабдықтау және МСАК мамандарын профилактика және скрининг мәселелері бойынша оқыту;

арнаулы топтардың ерекшеліктеріне сәйкес профилактикалық тексеруді жүргізудің хаттамалары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу.


      1. диспансерлік бақылау үшін халықаралық стандарттарды және тиімді тәсілдерді енгізу:

дәлелді медицинаға негізделген диспансерлік бақылау жүргізудің хаттамалары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу;

созылмалы науқастарға, соның ішінде мүгедектерге диспансерлік бақылау әдістемесін жетілдіру;



      1. Профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау жүйесін енгізу:

өткізілетін профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалаудың мақсаттық индикаторлар жүйесін әзірлеу және енгізу;

шығындардың тиімділігін бағалаудың жүйесін енгізу және әзірлеу.




    1. Негізгі әлеуметтік-елеулі аурулар мен жарақаттарды диагностикалау, емдеу және оңалтуды жетілдіру.

      1. емдеу мен диагностикалаудың кешендік бағдарламаларын әзірлеу және енгізу:

негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды емдеу, диагностикалау әдістемесін, халықаралық стандарттарын, хаттамаларын енгізу, соның ішінде:

  1. жүрек-қантамыр аурулары;

  2. жарақаттар (жол және өндірістік жарақаттар, күйіктер);

  3. онкологиялық патология;

  4. туберкулез;

  5. АИТВ;

  6. психиатриялық аурулар, соның ішінде тәртіптік бұзылыстар (алкоголизм, нашақорлық);

  7. эндокриндік аурулар.

ТММКК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтің тізбесін кезең-кезеңімен кеңейту;

негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды әзірлеу және енгізу;

денсаулық сақтау жүйесінде арнайы әлеуметтік жұмыс стандарттары мен индикаторларын енгізу;

әлеуметтік-елеулі аурулармен ауыратын пациенттердің мониторингін жетілдіру және мемлекеттік органдардың пациенттерді емдеудегі іс-қимылын үйлестіру;

пациенттердің бірыңғай ақпараттық дерекқорын құру.

2.3.2. Негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды оңалтуды жетілдіру:

әлеуметтік-елеулі аурулармен ауыратын пациенттерді оңалтудың халықаралық стандарттарын және әдістемесін енгізу (медициналық, әлеуметтік, психологиялық оңалту);

науқастарды оңалту бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсететін мақсаттық индикаторларды әзірлеу және енгізу.

2.3.3. Науқастарға паллиативті көмек көрсетуді жетілдіру:

паллиативті көмек көрсетуді және мейірбикелік күтімді қажет ететін науқастарды емдеу стандарттарын және хаттамаларын халықаралық талаптарға сәйкес дайындау;

дәрігерлер мен орта білімді медицина қызметкеріне арналған паллиативті көмек бойынша оқыту бағдарламасын әзірлеу және енгізу.
2.4. Егде жастағы адамдарға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру (геронтологиялық және гериатриялық көмек):

2.4.1. Егде жастың медициналық-биологиялық, әлеуметтік, психологиялық аспектілерін кешенді шешу.



5.3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру
Мақсаты: Халықаралық стандарттарға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету
Негізгі міндеттер

  1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру.

  2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру.

  3. Санитариялық-эпидемиологилық қызметтің инновациялық бағыттарын дамыту.


Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін, оның ішінде көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын қайта ұйымдастыру және ұйымдарын (санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын) оңтайландыру жүргізу арқылы басқаруды одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл қазіргі кезде көліктегі және әкімшілік аумақтардағы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары арасында қалалық және аудандық деңгейде зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша бар функцияларды қайталауды болдырмауға, олардың штаттарын және материалдық-техникалық базасын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерді тексеруді оңтайландыру және қысқарту, қызмет стандарттарын, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қазіргі заманғы халықаралық талаптарға және кеден одағының талаптарына сәйкес үйлестіру бөлігінде тәуекелдерді болжау, бағалау және басқару жүйелерін жетілдіру және одан әрі енгізу бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында инфекциялық ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне инфекциялық бақылау жүйелерінің халықаралық стандарттарын бірлесе отырып енгізу, эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүргізу алгоритмдерін және халықаралық стандарттар негізінде инфекциялық аурулар мен уланулардың жағдайларын (өршулерін) тексеру алгоритмдерін жетілдіру жалғастырылады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне микробиологиялық көрсеткіштер мен химиялық заттарды анықтау бойынша шұғыл зерттеулер енгізілетін болады.

Халыққа профилактикалық егулер жүргізудің ұлттық күнтізбелігін одан әрі жетілдіру жалғастырылады. Оған балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгізіледі.

Бұл ауруханаішілік инфекциялармен және спецификалық профилактика дәрі-дәрмектерімен басқарылатын инфекциялармен сырқаттанушылықты және өлім-жітімді одан әрі төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, эпидемиологиялық шиеленістерге уақтылы ден қоюды және қысқа мерзімде ошақтарды таратпауды қамтамасыз етеді.

Бағдарлама шеңберінде тамақ өнімдерінің, қоршаған орта объектілерінің қауіпсіздігін зертханалық бақылаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тиімді жүйесі құрылатын болады. Оның шеңберінде халықаралық талаптарға сәйкес өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың халықаралық стандарттарын енгізу, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау бойынша зертханалық қызметті дамыту және жетілдіру жоспарланады. Республикалық референс және дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына жауап беретін 3 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жөніндегі мамандандырылған зертхана және елімізде өткізілетін темекі бұйымдарының қауіпсіздігін токсикологиялық бақылау жөніндегі зертхана құрылатын болады. Инфекциялық ауруларды, оның ішінде аса қауіпті инфекцияларды жұмыс істеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары базасында диагностикалаудың сапасын арттыру үшін 5 зоональды вирусологиялық зертхана және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын, күйдіргіні, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша мамандандырылған зертхана желісі ұйымдастырылатын болады.

Бағдарлама шеңберінде инфекциялық емес ауруларды, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жұмыспен байланысты инфекциялық емес ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізу жоспарлануда, ол үшін Халықтың кәсіптік ауруларының мемлекеттік тізбесі құрылады, кәсіптік патологиялық қызметті одан әрі дамыту және нығайту бойынша шаралар қабылданады, медициналық ем-шарадан өту кезінде пациенттердің сәуле қабылдау жүктемесін бақылау жүйесі енгізіледі.

Бағдарлама шеңберінде алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысында инновациялық жобалар мен әдістер енгізу жоспарлануда. Бұл ретте санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының базасында медициналық иммундық-биологиялық препараттарды шығаруды кеңейту және жаңғыртуды жүзеге асыру, қазіргі заманғы санитариялық-эпидемиологиялық нормалау және стандарттау технологияларын әзірлеу және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың инновациялық әдістерін енгізу, оның ішінде зертханалық зерттеулер стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес әзірлеуді, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы зертханаларды халықаралық аккредиттеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысына сапаны сырттай бағалау жүйесін енгізу жоспарлануда.

3.1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру шеңберінде:



      1. көліктегі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен ұйымдарын оңтайландыруды көздейтін көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарын қайта ұйымдастыру жүргізу;

      2. қалалық және аудандық деңгейдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарын оңтайландыруды көздейтін аумақтардағы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарын қайта ұйымдастыру жүргізу;

      3. жеке кәсіпкерлік субъектілерді тексеруді оңтайландыру және қысқарту бөлігінде тәуекелдерді болжау, бағалау және басқару жүйелерін одан әрі енгізу және дамыту жұмысын жалғастыру;

      4. санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы қызметтің стандарттарын кеден одағының талаптарына сәйкес үйлестіру;

      5. стандарттарды қазіргі заманғы халықаралық талаптарға (санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер) сәйкес келтіру;

      6. қызметті стандарттау тетігін жетілдіру (әзірлеу, бекіту, мониторинг, тиімділікті енгізу, бағалау) көзделеді.

3.2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында:

3.2.1. мыналарды:

денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне инфекциялық бақылау жүйесінің халықаралық стандарттарын бірлесе отырып енгізуді;

эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізу алгоритмдерін және инфекциялық аурулардың (өршулер) және уланулардың жағдайларын халықаралық стандарттар негізінде тексеру алгоритмдерін жетілдіруді;

егулердің күнтізбелігін (пневмококк және басқа да инфекцияларға қарсы балаларға вакцина егу) жетілдіруді болжайтын инфекциялық ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру;

3.2.2. жұмыс істеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын, күйдіргіні, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша 5 зоональдық вирусолоиялық зертхана және мамандандырылған зертхана желісін ұйымдастыру;

3.2.3. мыналарды:

Халықтың кәсіптік ауруларының мемлекеттік тізілімін құруды;

кәсіптік патологиялық қызметті одан әрі дамытуды және нығайтуды;

медициналық ем-шаралардан өту кезінде пациенттердің сәуле жүктемелерін бақылау жүйесін енгізуді қамтитын инфекциялық емес ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру;

3.2.4. мыналарды:

өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың халықаралық стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес енгізуді;

тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертханалық қызметті дамытуды, оның ішінде:

дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына жауап беретін республикалық референс және 3 мамандандырылған зертхана құруды;

ҚРСЭС-ның зертханасын елімізде өткізілетін темекі бұйымдарының қауіпсіздігін токсикологиялық бақылау бойынша жабдықтармен жарақтандыруды;

санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне микробиологиялық көрсеткіштер мен химиялық заттарды анықтау бойынша шұғыл зерттеулер енгізуді болжайтын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарлануда.

3.3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің инновациялық бағытын дамыту үшін:


      1. Консорциум формасында біріктіру тетігін қолдану арқылы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары базасында медициналық иммундық-биологиялық препараттарды өндіруді кеңейту және жаңғырту;

      2. санитариялық-эпидемиологиялық нормалау және стандарттаудың қазіргі заманғы технологияларын әзірлеу және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      3. мыналарды:

зертханалық зерттеулер стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес әзірлеуді;

санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы зертханаларды халықаралық аккредиттеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді;

санитариялық-эпидемиологиялық қызмет хертханаларының жұмысына сапаны сырттай бағалау жүйесін енгізуді болжайтын санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың инновациялық әдістерін енгізу жоспарлануда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет