БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



бет13/17
Дата04.03.2016
өлшемі5.58 Mb.
#41340
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

2015 - 2018 жылдары құны 400,0 млрд. тенгені құрайтын 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, онда 2405 жаңа жұмыс орынын ашу жоспарланған («Alina Holding» ЖШС – «Құрғақ құрылыс қоспаларын» өндіру кешенінің құрылысы, «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС – глифосат өндірісі, «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС-і – Қаратау қаласындағы минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша химия зауытының құрылысы). 4 инвестжоба әзірленіп, ҚР ИЖТМ-не Индустриаландыру картасына енгізу үшін келісуге ұсынылған. («Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС – «Мал сою және ет өндеу кәсіпорынның құрылысы», «Мын-Арал Компаниясы» ЖШС – «Балық өндеу бойынша зауытын қайта жаңғырту», Central Asia Gold Production» ЖШС – «Бағалы металл қойырпаларын өндіру бойынша зауыттың құрылысы», «КазБарит» ЖШС – «Барит рудасын өндіру және қайта өңдеу тау-кен байыту кешені»).

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорының қатысуымен, операторы «Бірлескен химиялық компания» ЖШС-і болып табылатын, негізгі мақсаты барынша тиімді технология негізінде химия өнімдерінің жаңа экспортқа бағытталған өндірісін құру бойынша «Тараз» химия паркі» арнайы экономикалық аймағын құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Химия өнімдерін өндіру бойынша біртұтас кластер құру, онда 2013-2016 жылдары индустриалдық аймақ салу және өндірістің бірінші кезегін енгізу, ал 2017-2025 жылдары - өндірістің екінші кезегін енгізу қарастырылған, бірінші кезеңде келесі инвестициялық жобалардың өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді, бұл құны 20,5 млрд. теңге «Каустикалық сода және хлор өндірісі», құны 6,0 млрд. теңге «Үшхлорлы фосфор өндірісі», құны 13,0 млрд. теңге «Глифосат (гербицид) өндірісі», құны 18,7 млрд. теңге «Синиль қышқылының және натрий цианидінің өндірісі». Алдын-ала бағалау бойынша АЭА ифрақұрылымына салынатын инвестиция 33,3 млрд. теңгені құрайды. Қаржылай инвестициядан бөлек өңірде қосымша 2000 астам тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.

2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Аймақта электроэнергияның генерациясын экологиялық таза және сарқылмайтын көздер арқылы дамытуға мүмкіндік тудыратын климаттық және географиялық жағдайлары бар. Аймақта жел, күн және гидро-электро станцияларының құрылысы тиімді.

2013 жылы Т. Рысқұлов ауданындағы жылдық қуаты – 2,1 МВт болатын Қарақыстақ ГЭС-ы, Шу ауданында жылдық қуаты – 9,2 МВт болатын Тас-Өткел ГЭС-ы, Қордай ауданында жылдық қуаты – 4 МВт болатын Кордай 21-ЖЭС-ын (бірінші кезегін) және де жылдық қуаты – 1 МВт болатын Қазақстандағы тұңғыш күн электростанциясы іске қосылды.

2012 жылдың басынан бастап, жылдық қуаты – 19 МВт құрайтын Меркі ГЭС-ның, бірінші кезекте жылдық қуаты – 100 МВт болатын Жаңатас ЖЭС-ның, Жамбыл ауданындағы бірінші кезектегі жылдық қуаты – 24 МВт болатын күн электростанциясының құрылысы басталды.

Тараз қаласында РК-4 аумағында, электроэнергия өндіру бойынша жылдық қуаты 50 МВт және жылу энергиясы бойынша 40 Гкал болатын, жалпы соммасы - 7,4 млрд. теңгені құрайтын когенерациялық жылу электростанциясының (КГЖЭС) құрылысы басталды.

Электроэнергетиканың дамуындағы келесі оңтайлы бағыттардың бірі - энерготапшылықты азайту мақсатында өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына және тұрғын-үй шаруашылығына энерго үнемдеуіш технологияларды енгізу болып табылады.

Мақсат 4.1.3.: Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Ауыл шаруашылығының өнімін өндірудің НКИ

%

106,8

96,6

106,3

103,5

104,0

Міндет 4.1.3.1. Прогрессивті технологияларды енгізу негізінде агроөнеркәсіп кешені салаларының көрсеткіштерін тұрақты өсіру

1.1. Өсімдік шаруашылығының өнімін шығарудың (қызметінің) нақты көлем индексі

%

111,6

90,9

116,3

103,0

104,0

1.2. Мал шаруашылығының өнімін шығарудың (қызметінің) нақты көлем индексі

%

102,6

103,2

98,0

104,0

104,1

1.3. Агроөнеркәсіп кешенінің жалпы қосымша құны

%

106,5

96,8

101,3

106,5

107,1

1.4. Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігінің өсімі

%

129,1

109,5

105,2

106,4

108,6

1.5 Агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортының өсімі

%

75,8

108,6

90,5

102,0

103,0

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылық, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары, аудандар және Тараз қаласының әкімдері, Шу-Талас бассейндік инспекциясы, мемлекеттік су шаруашылық коммуналдық кәсіпорындары


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жоспарланған өсімі рентабелді ауылшаруашылық дақылдарын (оның ішінде майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкөністер) егу алаңын ұлғайту; көктемдік егіс және жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу; егін егу кезеңінде іріктелген тұқымды пайдалану; минералды тыңайтқыштарды пайдаланатын егін алқаптарын кеңейту; «бос пайдаланбай жатқан» жерлер есебінен егіс алаңын кеңейту (ирригация, дренаж, мелиорация және басқа гидротехникалық іс-шаралар); ылғалды, ресурсты үнемдеу технологиясын барлық аудандарда пайдалану (оның ішінде тамшылап суару, нөлдік технология және т.б.); көпжылдық көшеттерді тиімді пайдалану; қант өңдеу үшін жергілікті шикізатты жеткізу үлесін кеңейту (2015 жылға қарай 2 қант зауыты үшін жергілікті қант қызылшасын өңдеуге толық ауысу); ауыл шаруашылығында прогрессивті және тиімді ғылыми әзірлемелерді пайдалану; мал шаруашылығының жалпы көлемінде асыл тұқымды үйірдің үлесін арттыру (жылсайын 01-1,5%); асыл тұқымды мал шаруашылықтарының санын арттыру (жылсайын 1-2 бірлікке); қолдан ұрықтандыру пунктерін тиімді пайдалану; жеке сектордағы МІҚ малды қолдан ұрықтандырумен қамтуды 0,5%-ға дейін арттыру; биязы жүнді қой шаруашылығының сапасын арттыру жұмыстарын жүргізу; жылсайын аудандарда сүттік-тауарлы фермалардың санын өсіру; жемдік алаңдарды кеңейту және ұйымдастыру, аудандарда және ірі елді мекендерде типтік сою пунктерінің құрылысын жүргізу; аудандарда ветеринарлық алдын-алу жұмыстарын жүргізу; ет өнімдерінің экспорт көлемін арттыру; аудандарда құрама жем зауыттарын және цехтарын салу; жемдік базаны жақсарту, Байзақ, Шу және басқа аудандарда қайта құрылған құс фабрикаларын тиімді пайдалану, өңдеу өнеркәсібі цехтерінің қуатын тиімді пайдалану, «Фабрика ПОШ» ЖШС-нің өнімін экспорттау мүмкіндігін пайдалану (ТОПС, жыл сайын 800 және тоннадан астам); жыл сайын облыс үшін маңызды ауыл шаруашылық өнімін өңдеу бойынша 5-6 инвестициялық жобаны енгізу, «Тараз» ӘКК мүмкіндіктерін пайдалану («Тараз» ӘКК қатысу үлесі өнім өңдеудің жалпы көлемінде 10%-ды құрау керек); «Заң» ЖШС, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС, «Мерке-Ет» ЖШС, «Астана-Самсон Трейд» ЖШС және басқа кәсіпорындардың өндіріс қуаттарын тиімді пайдалану; ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қызмет көрсетуде АТК және СДО механизмін тиімді пайдалану; ауылдық тұрғындарды микронесиелеуді арттыру (жылсайын 3-5%-ға дейін); аудандарда және елді мекендерде ауыл шаруашылық емес бизнесті дамыту; ауылдық жерлерде жас мамандарды үймен, көтерме қаражатымен және микронесиелеу жеңілділігімен қамтамасыз ету; мемлекеттік бағдарламаларды және ауыл шаруашылығын қолдау инструменттерін, сонымен бірге республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген субсидияны тиімді пайдалану.

Аймақта мал басының сапасын жақсарту, мал шаруашылығының тиімділігін арттыру бойынша және экспортталатын ет өнімінің сапасын бақылау үшін 2013 жылы облыста (Тараз қаласында) мал шаруашылығын дамыту бойынша бірыңғай орталық құрылады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының іріленуін және Жамбыл облысы аумағында тиімді ірі тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін құруды ынталандыру бойынша жұмыс жалғасады.

2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында «Умит Кордай» ЖШС-інің сүт өнімдерін шығару және «Алкопищепром» ЖШС-інің ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу және консервілеу бойынша зауыт салу инвестициялық жобалары іске қосылды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде Байзақ ауданында жылына 3 мың тонна құс етін шығаратын «Әулие Ата Феникс» ЖШС-нің құс фабрикасын ашу бойынша жобасын іске қосу жоспарлануда. Жоба өңірдің экономикалық дамуына ықпал ететін болады. Жоба ағымдағы жылы «КазАгро» ҰБХ» АҚ-ның несие комитетімен мақұлданды. Жобаны іске асыру 2014 жылға қарастырылған, құны 1,2 млрд. теңгені құрайды.

«Тараз» аграрлық қайта өңдеу логистикалық орталық жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өнімді қайта өңдеу және консервілеу бойынша зауыт, көкөніс сақтау қоймаларын, көліктік және сервистік кәсіпорындар, сэндвич-панелдер шығару бойынша зауыт және жылыжайлар салу үшін Жамбыл ауданының Шөлдала ауылында 370 гектар жер бөлінді.

2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Мақсатқа қол жеткізу үшін жерді түгендеу, мемлекеттік кадастрдың автоматтандырылған жүйесін құру, жердің есебін және мониторингін жүргізу, "е-үкіметті" қалыптасытру және дамыту шеңберінде "е-әкімдік" желісіне кіру, жерді зерттеу және оның картографиясын жасау, сонымен қатар, есептің және жер салығы мен басқада түсімдердің бюджетке толық түсуін және оның есебін қамтамасыз ету жүргізіледі.



3-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Гидрометриялық су өлшеу бекеттерін, су беру реттегіш-шлюздерін және суармалы каналдарды, оның ішінде лотоктарды ағымды жөндеу жоспарланған.
Мақсат 4.1.4.: ШОБ және сауданы дамыту


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. ШОБ субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі

%

105,1

101,0

101,5

101,7

102,0

2. Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

%

141,0

111,0

111,0

112,0

113,0

Міндет 4.1.4.1. Кәсіпкерлік секторларын дамыту

1.1. 1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орташа кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны


бірлік

34

34

34

34

35

1.2. Жалпы өңірлік өнім құрылымында ШОБ үлесінің артуы


%

27,4

24,3

24,3

24,7

25,0

1.3. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығару

млрд. теңге

173,9

185,8

187,5

190,0

192,5

Міндет 4.1.4.2. Сауданы дамыту

2.1. Бөлшек сауда айналымының көлемі

млн. теңге

103441,4

119672,2

132836,1

148776,4

168117,3

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, аудан және Тараз қаласы әкімдері


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Облыста шағын және орта бизнес субъектілері қызметіндегі әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша жұмыс жалғасатын болады. Бұл бағытта дөңгелек үстелдер, кездесулер, оқу семинарлары өткізілетін болады, кәсіпкерлік субъектілері үшін рұқсат қағаздарын (құжаттарын) қайта қарау және түгендеу жұмыстары жалғасатын болады. Жыл сайын «Жамбыл облысының үздік тауары» атты аймақтық конкурс өткізу жоспарлануда. Аймаққа инвестиция тарту мақсатында әлеуетті инвесторлар мен облыстың бизнес қауымдастықтың қатысуымен жыл сайын Бизнес Форум өткізу жоспарлануда.

Келесі шараларды өткізу жоспарлануда:

1) 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өндірісті модернизациялауға және кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдау;

2) бизнес үшін әкімшілік тосқауылдарды қысқарту бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің жүйелі жұмысын жалғастыру;

3) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық даму институттарының қаржылары есебінен кредиттеу;

5) кәсіпкерлер форумдарын, отандық тауар өндірушілер жәрмеңкелерін өткізу;

6) кәсіпкерлермен түсіндіру семинарларын, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін буклеттер және әдістемелік құралдар шығару;

7) жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік рыноктар, тауарлар мен қызметтерге сұраныстар туралы ақпарат жинауды, талдауды және жариялауды ұйымдастыру.

2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Өткеру рыногын кеңейтуге және отандық тауар өндірушілер өнімін жылжытуға ықпал ету, шекара маңы саудасын, сауда инфрақұрылымын дамыту жөнінде шаралар қамтамасыз етіледі.
Мақсат 4.1.5.: Инвестицияны тарту арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

2013

2014

2015

1. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі, %

%

69,1

134,8

117,8

102,9

109,3

2. Инновация саласындағы белсенді кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінің өсімі (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриалды парктер және т.б.)

%

132,3

156,1

102,0

103,0

103,5

3. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық үлесті ұлғайту

%

73,2

75,6

68,0

68,5

69,0

Міндет 4.1.5.1. Инновациялық өнімдерді өндіруге инвестицияларды тарту.

1.1. Өңдеу өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың нақты көлем индексі

%

39,7

110,0

104,0

120,0

135,0

1.2. Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі

мың теңге

101,4

143,7

122,7

133,1

153,4

1.3. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға салынған инвестициялар көлемі

мың теңге

18917,0

1500,0

2000,0

2500,0

3000,0

1.4. Инновациялық өнімді өндіру көлемін ұлғайту

млн. теңге

10950,3

18288,7

18654,5

19214,1

19886,6

    1. Инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі

%

10,2

9,7

9,8

9,9

10,0

Міндет 4.1.5.2. Қазақстандық үлесті ұлғайту

3.1. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тауарларды сатып алуларындағы қазақстандық үлестің өсуі

%

71,3

72,0

72,1

72,5

72,7

3.2. Жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарларды сатып алуларындағы қазақстандық үлестің өсуі

%

37,7

41,9

38,0

38,5

39,0

3.3. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық үлестің өсуі

%

89,7

91,2

91,5

92,0

92,0

3.4. Жүйе құрушы кәсіпорындардың жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық үлестің өсуі

%

94,1

97,3

97,0

97,3

97,5

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, аудан және Тараз қаласы әкімдері


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Инновациялық өндірістің дамуына инвестиция тарту бойынша жүргізілетін жұмыстар облысты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленген әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторларына қол жеткізуге ықпал ететін болады.

Мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің әлеуметтік секторды (білім, денсаулық сақтау және спорт) дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа және ақаба суларды тазартуды қосқанда экологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешуге бағытталған шығыстары ішкі сұраныстың көзі және облыс экономикасындағы инвестициялық белсенділікті қолдаудың жолы болып табылады. 2012 жылы оларды дамытуға арналған мемлекеттік бюджеттің шығыстары 30 млрд. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 10,3%-ға артты, жергілікті бюджеттікі – 13,3 млрд.теңге құрап, 44,6%-ға өсті.

2013-2015 жылдардағы инвестицияның өсу қарқыны орташа алғанда жылына 10,5%-ды құрайды. Белсенді технологиялық модернизацияны жүргізуге және аймақтың әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына мүмкіндік беретін негізгі капиталдың жинақталуы қамтамасыз етілетін болады.

Шаралар: 2012-2015 жылдары республикалық маңызы бар жолдарды және облыс деңгейіндегі автожол желісін модернизациялауға, экономиканы өндірістік қуаттармен жарақтандыру және негізгі капиталдың тозуы проблемаларын ескере отырып, жұмыс істейтін өндірістердің технологиялық базасын жаңартуға бюджеттен тыс көздерден 250 млрд. теңгеден кем емес инвестиция тарту қарастырылуда. Оның ішінде ҮИИДМБ аясында жаңа өнеркәсіптік өндірістерді құруға инвестициялар тартылмақ: 2012 жылы – 14,3 млрд. теңге, 2013 жылы – 19,7 млрд. теңге, 2014 жылы – 29 млрд. теңге және 2015 жылы – 35 млрд. теңге.

Облысқа 2 кешенді станциялардың құрылысын жүргізе отырып, Азиялық магистралдық газ құбырының 3-ші желісін жүргізуге 150 млрд. теңгеден кем емес (1 млрд. АҚШ доллары) тікелей шетелдік инвестицияларды тарту көзделуде.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.):

Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алудағы қазақстандық үлесті арттыру мақсатында облысымызда келесі жұмыстар жүргізіледі:

- облыстың тауар өндірушілерінің өндіретін тауарларының каталогын жаңартып, «NADLoC» АҚ және облыс әкімдігінің сайттарына орналастыру;

- импорт алмастыратын өнімдерді шығаруға бағытталған жаңа өндірістерді ашу және жұмыс істейтін өндірістерді кеңейту бойынша жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету;

- облыстағы мемлекеттік мекемелер мен жүйе құраушы кәсіпорындарда тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудың ай сайынғы мониторингін жүргізу.
БАҒЫТ 4.2. «Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету»
Мақсат 4.2.1.: Білім берудің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету, балалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

2014

2015

Мақсатты индикаторлар:

1. Халықтың білім берудің қолжетімділігіне және сапасына қанағаттану деңгейі



%

Халықтың білім берудің қолжетімділігіне және сапасына қанағаттану деңгейін есептеу әдістемесі жоқ

2. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту ( 3-тен 6 жасқа дейінгі)

%

60,5

64,6

66,5

69,5

73,5

3. Жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі (14-24 жас)

%

16,5

14,9

15,5

15,6

15,7

4. Жамбыл облысы әкімдігінің балалар құқығын қорғау бойынша басқармасына түскен балалар құқығына қатысты анықталған бұзушылықтардың жалпы санынан жойылған бұзушылықтар үлесі

%










45,0

50,0

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Міндет 4.2.1.1.: Педагог кадрлардың біліктілігін және мұғалім

мамандығының престижін жоғарылату

1. Жоғары және бірінші дәрежесі бар жоғары білікті педагогтардың жалпы педагогтар санындағы үлесі

%

45,9

47,5

47,7



48,6

50

Міндет 4.2.1.2.: Жалпы орта білім беру қызметінің сапасын жоғарылату

1. Табиғи-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесі

%

57,2

57,2

58,0

59,0

60,0

2. Сапалы және теңестірілген ыстық тамақтандырумен қамтылған аз қамтамасыз етілген отбасылар балаларының аз қамтамасыз етілген отбасылар балаларының жалпы санындағы үлесі

%

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Міндет 4.2.1.3.: Дамуда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруге

қол жетімділікті қамтамасыз ету

1. Инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар жасаған білім ұйымдарының олардың жалпы санындағы үлесі

%

13,6

15,4

17,7

19,8

30,0

Міндет 4.2.1.4.: Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және көрсетіліп жатқан мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын жақсарту

2.1. Пайдалануға берілген мектепке дейінгі ұйымдардың олардың жалпы санындағы үлесі

%

19,6

8,6

2,9

2,8

2,3

Міндет 4.2.1.5.: Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдай жасау

1. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, оқу жылын аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы КжТБ мекемелерінің жұмысқа орналасқан түлектерінің саны

адам

2367

2876

2500

2650

2700

Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Міндет 4.2.1.6.: Балалардың құқығын және заңды мүдделерін мемлекеттік қорғаудың негізгі кепілдерін қамтамасыз ету

1. Облыс бойынша балалар құқығын қорғау жөнінде өткізілген қоғамдық маңызды іс-шаралардың саны

бір.










40

50

Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл облысы әкімдігінің балалар құқықтарын қорғау басқармасы


4.2.1.1. Педагог кадрлардың біліктілігін және мұғалім мамандығының престижін жоғарылату міндеті бойынша қол жеткізу жолдары: Педагогтық кадрларды ауылға тарту үшін ауылда мұғалімдерді әлеуметтік қолдау және оларды материалдық көтермелеу жүзеге асырылуда. Ауылдық өңірлер педагогтық кадрларды ауылға тарту мақсатында бюджетте әлеуметтік қолдауға қаражаттар қарастырады. Ауылдық білім беру мекемелеріне келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету мәселері шешілуде. Жоғары оқу орындарын бітіріп шыққан, ауылдық жерге өмір сүруге және жұмыс істеуге қайтып келген жас мамандардың саны өсуде; мектеп оқушылары, студенттер мен білім беру мекемелерінің түлектері санынан ауыл шаруашылығы үшін кадрлық әлеует құрылуда; ауылда ауылшаруашылық өндірісі мен әлеуметтік сала жүйелерінің маңызды учаскелерінде кадрлардың тұрақтамауын төмендету және білікті кадрларды тарту үшін жағдайлар жасалуда.

Жаңа үлгідегі педагогтарды әзірлеу үшін барлық кезеңдерінде курстық даярлау және қайта даярлау жүйесі арқылы педагогтық кадрлардың біліктілігін арттыру және педагогтық жұмысшыларды аттестациялау жүйесін жүзеге асыру іске асырылатын болады. Облыстық және республикалық кадрлар білімін арттыру және қайта даярлау институттарының базасында облыстың инновациялық дамуына ықпал етуге қабілеті бар және заманауи білімі бар педагогтық кадрларды даярлау іске асырылатын болады.

Шығармашылық белсенділікті ынталандыруға, кәсіби шеберліліктің деңгейін жоғарылатуды ынталандыруға, дарынды педагогтарды анықтауға, педагог-зерттеушілер еңбегінің престижін арттыруға, инновациялық педагогтық тәжірибені жинақтау нысандарын жетілдіруге, педагогтардың ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік жұмыстарын насихаттауға, облыстың жалпы білім беру мектептерінің жақсы мұғалімдерінің және қосымша білім беру мекемелері педагогтарының жұмыс тәжірибесін таратуға ерекше назар аударылатын болады.

4.2.1.2. Жалпы орта білім беру қызметінің сапасын жоғарылату міндеті бойынша қол жеткізу жолдары: 2011-2012 оқу жылдары табиғи-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесі 57,2% құрады, жоспар - 57,0%, 2012-2013 жылдары 58,1% (жоспар – 58,0%).

2012-2013 жылдар қорытындысы бойынша білім сапасы математикадан – 51,8%-ды, физикадан - 55%-ды, химиядан – 55,4%-ды, биологиядан - 61%-ды, географиядан - 64%-ды құрады.

2012 жылы жаңа модификациядағы 57 кабинет, оның ішінде 6 биология, 44 химия, 3 физика, 4 лингофондық мультимедиялық кабинеттер сатып алынды.

2013 жылы жаңа модификациядағы 93 кабинет, оның ішінде 9 биология, 52 химия, 15 физика, 17 лингофондық мультимедиялық кабинеттер сатып алу жоспарлануда.

Кең ауқымды интернет желісіне облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 90,0%-ы қосылып, білім мекемелерінің 4-тен 10 Мбит шығу мүмкіндігі бар Интернет желісіне қосылуға қол жетімділігі қамтамасыз етілген, бұл білім нысандарына электрондық оқыту жүйесін енгізуге ықпалын тигізетін болады. Оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, интерактивтік тақталарды орнату артады.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың жалпы санынан сапалы және теңдестірілген ыстық тамақпен қамтылған балалардың үлесі 2012 жылы 100%-ға жеткізілген. Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 Қаулысына сәйкес жалпы оқыту қорына бөлінетін шығындар сомасын ұлғайту нәтижесі.

2012 жылы 8 мектептің құрылысы аяқталып, 5 апатты және 3 үш ауысымдағы мектептер мәселесі шешілді, 27 білімберу нысандары күрделі жөнделді. 4 мектептен тыс мекемелер ашылды.

Ағымдағы жылы апатты мектептер орнына 750 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 1665 орындық 4 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда, Жамбыл, Қордай, Мойынқұм аудандарындағы 1 апатты 2 үш ауысымдық және 1 ыңғайланған ғимаратта орналасқан мектептер мәселесі шешіледі деп күтілуде.



4.2.1.3. Дамуда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруге қол жетімділікті қамтамасыз ету міндеті бойынша қол жеткізу жолдары:

2012 жылы облыс бойынша 5 (республика бойынша 58) психологиялық-медициналық-педагогтық кеңес беру, 4 (102) арнайы түзету мектеп-интернаттары, 7 (129) психолого - педагогтық түзету, 2 арнайы логопедтік мектепке дейінгі мекемелер, 8 логопедтік топтары бар мектепке дейінгі мекемелер, 2 (479) логопедтік пунктер, 68 түзету сыныптары бар 20 жалпы білім беру мектептері және 1 (20) Оңалту орталығы жұмыс істейді.

Кедергісіз жағдайлар құру мақсатында облыстың 456 жалпы білім беру мектептерінің 261 мектебінде пандустар және тұтқалар, 250-інде кең есіктер орнатылып, 51-інде демалыс бұрыштары ашылған. 170 мектепке дейінгі мекемелердің 38-де пандустар және тұтқалар, 75-інде кең есіктер орнатылған. Стандарттарға сәйкес пандустар, тұтқалар орнату, демалыс орындарын ашу жұмыстары жалғасуда.

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру мекемелерінің олардың жалпы санынан үлесі 2012 жылдың қорытындысы бойынша 68 мектепті - 14,9%-ды құрайды (2011 ж. - 62 мектеп (13,6%)). 2013 жылдың соңына олардың санын 81 бірлікке (17,7%) дейін ұлғайту жоспарлануда, 2014 жылы – 90 бірлік (19,8%), 2015 жылы – 136 бірлік (30%).

2013 жылы Жамбыл, Т.Рысқұлов және Қордай аудандарында 3 логопедтік пунктер, Тараз қаласындағы № 46, 30 мектептерінде 2 логопедтік пунктер, №33, 15, 35 бала бақшаларында 3 логопедтік пунктер ашу жоспарлануда, 2014 жылы Шу, Т. Рысқұлов және Талас аудандарында және Тараз қаласында 4 түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерін, №6 және №18 мектептерінде 2 логопедтік пункт, 2015 жылы - Қордай, Талас, Шу аудандарында бала бақшаларда 3 логопедтік пункт, Тараз қаласындағы №14, 28, 38 орта мектептерінде 3 логопедтік пункт ашу жоспарлануда.



4.2.1.4.: Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және көрсетіліп жатқан мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын жақсарту міндеті бойынша қол жеткізу жолдары:

«Балапан» бағдарламасының шеңберінде 2012 жылы құрылыс есебінен Меркі, Талас, Сарысу аудандарда әр кайысы 280 орындық 3 мемлекеттік балабақша пайдалануға берілді, жаңғырту есебінен 11 мемлекеттік және 3 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар, 8 шағын орталықтар, істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша 455 орындар ашылды.

2013 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісі 11 бірлікке (1710 орын) ұлғаяды: құрылысы есебінен Байзақ ауданда 280 орындық 1 балабақша, Тараз қаласында 600 орындық 2 балабақша, Мойынқұм ауданында 140 орындық 1 балабақша; бұрын жекешелендірілген балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 7 ғимаратын (690 орын) қайтару есебінен Меркі ауданында 140 орындық 1 балабақша, Қордай ауданында 300 орындық 3 балабақша, Шу ауданында 200 орындық 2 балабақша, Жамбыл ауданында 50 орындық 1 балабақша.

2014 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісі 21 бірлікке (2995 орын) ұлғаяды, оның ішінде:

- 1680 орындық 7 балабақша құрылысы есебінен: республикалық бюджет есебінен әрқайсысы 280 орындық Шу (2 бірлік), Т. Рысқұлов (1 бірлік), Жамбыл (1 бірлік) және Қордай аудандарында (1 бірлік), жергілікті бюджет есебінен әрқайсысы 140 орындық Мойынқұм, Меркі аудандарында;

- Тараз қаласында 100 орындық, Байзақ ауданда 50 орындық 2 жекеменшік балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру мекемесін ашу;

- бұрын жекешелендірілген балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 2 ғимаратын (440 орын) қайтару есебінен: Талас ауданында 160 орындық және Тараз қаласында 280 орындық.

- 350 орынға 5 шағын орталықтар: 4 мемлекеттік (275 орын), 1 жекеменшік (75 орын) ашылады.

- 375 орындық балабақшалар ашу үшін 5 ғимараттар берілді.

2015 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісі 12 бірлікке (900 орын) ұлғаяды:

- Меркі ауданында 140 орындық балабақша құрылысы;

- 150 орындық 3 балабақша ашу және басқа ғимараттарды беру;

- 330 орынға 7 шағын орталык (150 орынға 4 мемлекеттік, 180 орындық 3 жекеменшік) ашу есебінен.

4.2.1.5. Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдай жасау міндеті бойынша қол жеткізу жолдары:

Облыс бойынша 2012-2013 оқу жылдарында 54 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызмет көрсетуде (оның 2-уі жабылған), оның ішінде 30 мемлекеттік және 24 мемлекеттік емес колледждер.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 2012-2013 жылдары 35472 адам тіркелді.

Мемлекеттік тапсырыстың есебінен білім алып жатқан оқушылардың саны 12966 адамды (36,5%) құрады. Облыс колледждерінде 121 мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім кадрларын даярлау жүзеге асырылуда.

Жергілікті бюджеттен мемлекеттік білімнің тапсырыс көлемі жылсайын өсуде.

2011-2012 оқу жылдарында ЖБ және РБ барлығы 4496 орын бөлінген, оның 3859 орны жергілікті бюджеттен. Осы оқу жылында ЖБ және РБ барлығы 4229 орын бөлінді, оның 3994 орны жергілікті бюджеттен, бұл өткен жылға қарағанда 135 орынға артық.

2012 жылы күндізгі бөлімнің 7307 түлектерінен 6277 адамы (85,9%) жұмысқа орналасқан.

Оқу жылдың (2011-2012 оқу жылында), гуманитарлық және техникалық бағыттағы 9 колледждің қызметі тоқтатылды:

- лицензиялық талаптарға сәйкес келмеуіне, материалды-техникалық базанын жетіспеуінен байланысты әкімшілік соттың шешімі мен 5, құрылтайшылар шешімімен 1 колледж жабылды;

- біліктілік талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты 3 колледждың қызметі тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы 2012 жылдың 18 сәуірдеғі №544 қаулысына сәйкес 3 колледж жабылды – ТарМУ жаныңдағы көп салалы Тараз, Каратау қалаларында және ТарМПИ жанындағы «Мәдениет және өнер колледждер».

Осыған байланысты мақсат индикаторының көрсеткіші «14-24 жастағы жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесіуге 2013-2015 жылдарда төмендейуге болжамдалуда.



4.2.1.6. Балалардың құқығын және заңды мүдделерін мемлекеттік қорғаудың негізгі кепілдерін қамтамасыз ету міндеті бойынша қол жеткізу жолдары:

Балалардың құқығын және заңды мүдделерін мемлекеттік қорғаудың негізгі кепілдерін қамтамасыз ету шеңберінде келесі шаралар іске асырылады:

- басқармаға ықылас білдірген өмірлік жағдайы қиын және нашар отбасындағы кәмелетке толмағандардың өңірлік есебін жүргізу, алдын-алу жұмыстарын жүргізу;

- кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың, бақылаусыз панасыз қалмаудың алдын-алу бойынша шараларды іске асыруға қызметінің қатысы бар коммерциялық емес және басқа да мекемелермен ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру;

- еңбектік және тұрмыстық жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шаралар қолдану, өмірлік жағдайы қиын кәмелетке толмағандарға басқа да көмек көрсету;

- балалар еңбегінің ең нашар түрлері, балаларға зорлық-зомбылық, жәбір көрсетудің алдын-алу және ескерту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру;

- балалардың құқығы мен мүдделерін көрсететін әлеуметтік маңызы бар балаларға арналған бастамалар мен жобаларды өрлету;

- балаларды әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерлерінен, олардың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпараттар, үгіт – насихаттан қорғау мақсатында ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын жүргізу;

- ата-ана қарауынсыз қалған балағарға, жетім балаларды жұмыспен және тұрғын үймен қамту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру;

- іс-шаралар өткізу: жарыстар, акциялар, семинарлар, әдістемелік жәрдемақы шығару, балалардың құқығын және заңды қызығушылықтарын қорғаудың негізгі қағидаттарын насихаттайтын жарнамалық роликтер құру, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және ескерту.
Мақсат 4.2.2.: Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Медицина қызметінің сапасымен тұрғындардың қанағаттануының деңгейі

%

85,5

88,4

90

90,4

93

2. Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы


жыл

69,23

69,53

69,6

69,9

70,3

3. 1000 адамға шаққандағы жалпы өлімнің азайюы


1000 адамға

7,62

7,53

7,5

6,8

6,6

Міндет 4.2.2.1. Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру

1.1. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке шығындардың деңгейін арттыру, жалпы көлемнен %

%

41,6

42,4

42,6

42,7

42,8

1.2. Дәрігер кадрларына тапшылықты төмендету, адам

чел.

254

201

197

142

102

1.3. Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің үлес салмағы



















- дәрігерлер

%

62

49,6

55

76

80

- орта медициналық қызметкерлер

%

65

52,5

54

80

85

1.4. Скринингтік тексерулермен халықтың жалпы санының кем дегенде 30% қамтуды қамтамасыз ету


%

30

50,04

30

30

30

1.5. Тегін және жеңілдетілген дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген әлеуметтік елеулі аурулармен ауыратындардың үлес салмағын ұлғайту

%

72

80

92

100

100

Міндет 4.2.2.2. Өмір сүру ұзақтығының артуын қамтамасыз ету

3.1. Ана өлімінің азайюы (100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда)


100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда

26,2

18,7

25,8

25,5

25,2

3.2. Нәресте өлімінің азайюы (1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда)

1000 тірі туылғанға шаққанда

14,84

13,46

14,2

14

13,8

3.3. Балалар өлімін тұрақтандыру және төмендету

(0 жастан 5 жасқа дейін 1000 тірі туылған балаға шаққанда)



100 мың. тұрғынға

18,58

15,4

18

17,8

17,5

3.4. Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлу, 100 мың тұрғынға шаққанда


100 мың. тұрғынға

291,75

220,0

288,7

286,5

285,2

3.5. Қатерлі ісік ауруларынан өлу, 100 мың тұрғынға шаққанда

100 мың. тұрғынға

93,32

99,2

91,5

91,1

90,7

3.6. Туберкулезден өлу, 100 мың тұрғынға шаққанда

100 мың. тұрғынға

6,6

6,7

6,2

6

5,8

3.7. ВИЧ-инфекцияның таралуын ұстап тұру (15-49 жас аралығында) 0,2-0,6% артық емес деңгейде

%

0,1

0,015

0,2

0,25

0,3

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар):

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында келесі шаралар іске асырылады:

Көмек көрсету деңгейіне сәйкес материалдық-техникалық базаны жақсарту, балалар және бала босану ұйымдарын осы заманғы медициналық жабдықпен жабдықтандыру;

Медициналық ұйымдардың материалдық- техникалық базасын нығайту (медициналық жабдық сатып алу, объектілерді күрделі жөндеу, салу);

Жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық – техникалық базасын нығайту (автокөлік және жабдық сатып алу);

Санитарлық авиация қызметін санитарлық көлікпен жабдықтау;

Жедел көмек бригадаларын заманға сай медициналық құрал-жабдықтармен және GPS мобильдік терминалдармен жабдықтау;

Алғашқы арнайы көмек көрсететін медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту (ОТҚД, ООД);

Облыста телемедицинаны жетілдіру;

Мемлекеттік кәсіпорындарды сатылы түрде шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға ауыстыру;

Көшпелі жағдайларда қан дайындау үшін мамандандырылған автокөлік алу;

БМСК ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізу;

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге шығындар деңгейінің 2015 жылға 42,8%-ға арттыру;

Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызмет көрсету кезінде жүктемелер ерекшеліктерін ескеретін тарифке қосымша компонентті қосу;

Медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін жоғарылату, ауылдық қызметкерлер;

Жамбыл облысының ауылдық жалпы орта білім беру мектептерін бітірушілердің медициналық жоғары оқу орындарында оқуы үшін гранттар бөлу;

Жас мамандарды ауылдық жерге тарту мақсатында қосымша көшерақы төлеу;

Дәрілерді шетелде оқыту;

Скринингтік тексеру бойынша анықтамалық жұмыс жүргізу және 2015 жылы облыс 30%-дан кем емес халықын скринингтік тексерумен қамту;

Артериялдық гипертензиямен, ишемиялық жүрек ауруларымен ауыратындарды тегін дәрілік препараттармен 100% қамтамасыз ету;

Онкологиялық науқастарды стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік препараттармен 100% қамтамасыз ету;

Науқастарды туберкулезге, диабетке қарсы препараттармен қамтамасыз ету;

Амбулаторлық деңгейде халықтың жекелеген санаттарын дәрілік құралдармен, мамандандырылған балалар және емдеу тамағы өнімдерімен қамтамасыз ету.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар):

Халықтың өмір сүру ұзақтығына қол жеткізу мақсатында келесі іс-шаралар қарастырылады:

Босануға көмек беретін ұйымдарында аналар өліміне және акушерлік асқынуда қатерлі жағдайларға жасырын аудит жүргізу;

Отбасын жоспарлау кабинеттері жұмысын жетілдіру;

Әйелдердің экстрагениталдық патологиясын төмендету, оның ішінде скринингтік тексерулер кезеңінде ауруларды ерте сатыда анықтауды арттыру;

Нысаналы топтағы әйелдерді контрацептивтермен қамтамасыз ету;

көмек көрсету деңгейіне сәйкес материалдық-техникалық базаны жақсарту, балалар және бала босану ұйымдарын осы заманғы медициналық жабдықпен жабдықтандыру;

медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру;

Жүкті әйелдерді қауіпсіз аналық принциптеріне үйрету (12 апта мерзіміне дейін, әйелдердің жүктілік бойынша есепке тұруының үлес салмағын арттыру);

Туа біткен даму кемтарлығының үлес салмағын азайту;

Жүкті әйелдерді және емізетін аналарды емшек сүтімен емізу жөніндегі насихаттаумен қамту, нәресте өмірінің алғашқы тәулігінде емшекті дұрыс емізуге үйрету, оның ішінде емшек сүтімен қоректенетін 6 айға дейінгі балалар үлесін ұлғайту;

Жаңа туғандардың хирургия қызметін дамыту;

Жатыр мойны және сүт безі қауіпті ісігін, қан айналымы, эндокринологиялық ауруларды, үлкендер мен балалардың қауіпті топтарында В және С гепатиті, глаукома, есту мүшесі ауруларын айқындау үшін скрининктік зерттеу жүргізу;

АГ, ИБС, қант диабетін қан құрамындағы холестерин және глюкозаны анықтау жолымен ерте бастан ересектердің дәрігерлік кабинеттеріне дейін тексеру жүргізу;

Облыстық медициналық ұйымдарында көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерінің тізбесін кеңейту;

Аритмологияны қоса алғанда кардиоинтервенциялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту;

Аудандық емханаларды кардиолог дәрігерлермен қосымша жарақтандыру;

Халықаралық стандарттарға және дәлелдік медицинаға сәйкес полиативтік көмек, қалпына келтіру ем және оңалту көрсету. Клиникалық басшылықты және диагностикалау ем хаттамаларын жетілдіру және одан әрі енгізу;

ВИЧ жұқпасының қауіп-қатерге түскен адамдарды байланыстан кейнгі профилактикасымен қамтамасыз ету;

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығын ашу және ұстау;

Еселік терапия жүргізу және метадон беру кабинеттерін ашу;

ПИН, СР, МСМ бағдарламамен шприцтерді алмастыру, ВИЧ жұқпасын алдын алу мақсатында мүшеқаптармен қамтамасыз ету, стационарлық және мобильдік сенім пунктерінде және серіктестік кабинеттерінде;

ПИН, СР, МСМ әлсіз жастар үшін серіктестік кабинеттерінде, сенім пунктерінде ВИЧ жұқпасына экспресс диагностика жүргізу;

Тілек білдіргендерді ПИН, СР.МСМ және бас бостандығынан айырылған адамдарды сапалы мүшеқаптармен қамтамасыз ету;

Қамау орындарында ВИЧ жұқпасын алдын алу бағдарламаларын іске асыру және қамау орындарынан босатылатын адамдар үшін әлеуметтік қолдау бағдарламаларын жүргізу. ҮЕҰ ВИЧ/СПИД қамау орындарында қарсы күрес үшін потенциалын дамыту;

ВИЧ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізу;

15-49 жас аралығындағы халықты ЖҚТБ- ға анонимдік тестілеумен және кеңес алумен қамту деңгейін 25%-ға жеткізу;

Туберкулезге қарсы күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру мақсатында туберкулезге қарсы мекемелер үшін медикаменттер және респираторлар алу;

СӨС қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

СӨС агенттері үшін СӨС насихаттауға тілек білдірген белсенді адамдарға білім беру;

Аурулардың алдын алу СӨС қалыптастыру бойынша ақпараттық білім материалдарын әзірлеу және тарату.


Мақсат 4.2.3.: Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету және еңбекті қорғау


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

2013

2014

2015

1. Жұмыссыздық деңгейі

%

5,5

5,4

6,0

5,8

5,5

2. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі

%

5,1

4,9

5,1

5,1

5,0

3. Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында)

%

4,6

11,9

85

85

85

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері

4. Өндірісте зақым алу деңгейін төмендету

1000 адамға

0,19

0,26

0,25

0,24

0,24

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы

Міндет 4.2.3.1. Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу

1.1. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

72,1



85,4

71,8

72,2

72,5

1.2. Жұмысқа тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлесі

%

94,2

88,0

51,5

52,0

52,5

1.3. Құрылған жұмыс орындарының саны


единиц

4585

5118

3920

4000

4100

1.4. Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өз-өзін жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі

%

51,9

51,9

51,3

50,6

49,6

Міндет 4.2.3.2. Халық табысын арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру

2.1. Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өсу қарқыны


%

120,2

106,0

110,0

110,0

116,0

2.2. Номиналды ақшалай табыстың өсу қарқыны (шамасы)

%

108,2

114,1

104,0

110,0

114,0

Міндет 4.2.3.3. Мүгедектерді, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту

3.1. Жеке сектор субъектілерімен (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі

%

13,3

14,4

16,4

17,6

18,2

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері

Міндет 4.2.3.4. Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету

4.1. Өндірістік зақымдану деңгейі

%

4,4

5,5

5,5

5,4

5,4

4.2. Ұжымдық келісім-шарт қатынастары жүйесімен қамтамасыз етілген кәсіпорындар үлесі

%

90,0

91,0

91,4

91,8

92,2

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет