БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар)



бет15/17
Дата04.03.2016
өлшемі5.58 Mb.
#41340
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


Қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар):

Мемлекеттік жастар саясаты проблемаларын шешу мақсатында келесі мәселелер қарастырылады:



  • жастар акциясын құру және ғылыми практикалық конференция, әскери спорттық ойындар және әскер қатарына шақырылатын жастағы жастар акциясы, форум, конкурстарға жастар саясатында насихат жүргізу.

  • аймақтағы шағын және орта бизнес сұрақтары бойынша ақпараттық- анықтамалық әдебиет шығару.

  • жастар орталығына және жас қызметкерлерге тренинг, семинарлар ұйымдастыру.

  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызды жобаларды конкурстық негізде ұйымдастыру.

  • жастар саясаты сұрақтары бойынша облыстық басқармада веб сайт құру.

  • облыста өткізілетін бос орын жзәрменкесіне қатысу, жастарды еңбекке баулудың алғашқы информациялық материалдарымен қамтамасыз ету.


Мақсат 4.2.8.: Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Ішкі істер органдарына халық сенімінің болжамды деңгейі

%

53

54

55

57

60

2. Төтенше жағдайлардан адамдардың және материалдық шығындардың азайюы

%

2,2

2,5

2,5

3

3

Міндет 4.2.7.1. Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту

1.1. Жол транспортық уақиғаның санының (деңгейі) төмендеуі (10 мың бірлік автотранспортына)

уақиғалар

41,4

50,3

39

38,5

36

1.2. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың аталған санаттағы қылмыстардың өндірістегі қылмыстық істер есебінен ашылғандарының үлесі


%

50,7

59,2

40,4

40,6

40,8

1.3. Алынған есірткелердің саны, оның ішінде героин

кг

10000/11

11291/8,6

10000/9

10000/9

10000/9

Міндет 4.2.7.2. Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету

2.1. Су басу мен тасқынының, селге, көшкінге, жер сілкінуге, өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

%

62,3

65,7

72,4

77,5

83,1


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар):

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

- жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу;

- жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тәртібін күшейту;

- қауіпсіздікке және транспорт құралдарының жағдайына, жургізушілердің кәсіби дайындықтарына және жол жағдайына патрульдік жол полициясының ықпал етуінің тиімділігін жоғарлату;

- транспорт құралдарының тіркеу үрдісін мейлінше жетілдіру;

- жолда жүру Ережесін бұзуды тіркеу және бақылау бойынша техникалық құралдарын жаппай енгізу;

- патрульдік жол полициясының бөлімшелерінде жемқорлыққа қарсы тұру және тұрғындардың сенімін және құрметін жаулап алу;

- жолда қауіпсіз жүруді насихаттау бойынша әлеуметтік роликтер жасау және оларды жергілікті телеканалдарда көрсетуді қамтамасыз ету.



Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтар өмірінің, денсаулығының қажетті қауіпсіздік деңгейін, конституциялық құқықтары мен еріктерін қамтамасыз ету мақсатында келесі негізгі іс-шаралар жүзеге асырылады:

- тәулік бойғы стационарлық постар мен жылжымалы полиция пункттерінің, жылжымалы полиция топтарының желісін дамыту есебінен көшелердегі және басқа қоғамдық орындардағы құқық тәртібін қорғау тетігін жетілдіру;

- криминогендік жағдай шиеленіскен кезде полиция және ішкі әскерлер күштері мен құралдарын бірыңғай орналастыру жоспарларын уақтылы түзетуді жүзеге асыру;

- құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар желісін кеңейту;

- әрбір қалалық және ауылдық мектепке тіркелген кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекторлер қызметін енгізу;

- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына, сонымен қатар, оларға темекі және ішімдік сатуға тыйым салу туралы заң актілері талаптарының орындалуына бақылау жүргізу бойынша рейдттерді жүйелі жүргізу;



Қылмысқа қарсы күрестің және қылмыскерлерді іздестірудің, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

- полицияның күштері мен құралдарын қылмыстарды ашуда және қылмыскерлерді іздестіруде кешенді қолдануды қамтамасыз ету;

- мақсатталған шұғыл іздестіру іс-шараларын және қылмыстарды «ізін суытпай» ашу бойынша арнайы операцияларды жүзеге асыру.

- өткен жылдардағы қылмыстарды ашу, оның ішінде іздеу шараларын және нақты қылмыс істері бойынша жедел-іздеу жұмыстарын жоспарлау бойынша жұмысты ұйымдастыру деңгейін жоғарылату;

- қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- есірткі бизнесі саласындағы ұйымдастырылған қылмыстық топтардың қызметінің алдын-алу, айқындау және тоқтату;

- есірткіге қарсы насихат бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

- халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде уәкілетті мемлекеттік органдарға нашақорлықтан сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

- есірткілерді тарату фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында ойын-сауық орындарында, оқу орындарында, сондай-ақ бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда арнайы рейдтер өткізу;

- заңсыз есірткі айналысымен байланысты оқиғалар, жеке және заңдық тұлғалар туралы ведомствоаралық жедел ақпарат мәліметтер банкін қалыптастыру.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар): Сейсмикалық тұрақты ғимараттар салу, қолданыстағы ғимараттарды күшейту арқылы жер сілкіністерінен болу мүмкіндігін азайту бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады.

Ормандарды және жануарлар әлемін қорғау бойынша мемлекеттік мекемелерде өртке қарсы қызмет көрсететін бөлімшелерді ашу.

Мемлекеттік мекемелерде өртке қарсы қызметті жолға шығатын өрт техникасымен жабдықтау.

Медициналық құтқару көмегін көрсететін трассалық пунктер ашу.

Гидротехникалық қорғайтын иммараттардың тұрақтылығын асыру, өзендер, су айдындар, тоғандардың су тасу қауіпі бар телімдерінде тасқын суға қарсы, жағалауды қатайту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу.

Облыстағы, Тараз қаласындағы және аудан орталықтарындағы халыққа шұғыл хабарлау жүйесін жасау.

Жамбыл облысындағы халықты табиғи және техногендік сипаты бар төтенше жағдайлар пайда болатын алғы шарттар жөніндегі ақпаратпен қамтуды жетілдіру.

Басқарушы органдары, АҚ және ТЖ күштерімен облыстық және аудандық жаттығулар өткізуді жоғары және сапалы деңгейге көтеру.

Халықтың жеке қорғаныс құралдарын ішінара ауыстыруды және аудандық жаттығулар өткізуді жоғары және сапалы деңгейге көтеру.

Шатырлы қалашықтардың тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық мүлік сатып алу, баспанасыз қалған тұрғындарды уақытша орналастыру үшін резервтік шатырлы қалашық әзірлеу.


БАҒЫТ 4.3. «Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасмалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету»
Мақсат 4.3.1.: Инфокоммуникацияны дамыту


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

2013

2014

2015

1.Халықтың байланыс пен коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі

%

х

х

х

х

х

Міндет 4.3.1.1. Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру және

байланыс қызметтерін жетілдіру

1.1. Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі

%

45,1

50

53

55,54

60

- қала тұрғындары

%

-

61

64

67

70

- ауыл тұрғындары

%

-

27

28

29

30

1.2. 2015 жылға қарай жергілікті телефон байланысын цифрлеудің 100 пайыздық деңгейіне қол жеткізу

%

87,1

97,0

97,6

98,7

100,0

1.3. Жалпы саны 1 000 адам және одан көп елді мекендерді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету

%

97,5

99,4

99,4

100,0

100,0

Жауапты орындаушылар: облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту бөлімі, облыс әкімдігінің білім басқармасы, «Казахтелеком» АҚ, «Жамбылтранстелеком» АҚ, ұялы байланыс операторлары

Қол жеткізу жолдары ( 2012-2015 жж.):

Облыс халқы арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін жоғарылату үшін халықтың барлық топтарын компьютерлік техникамен жұмыс істеуге үйрету, жаңа компьютерлік сыныптар ашу, оларды ұстау және оларға қызмет көрсету бойынша жұмыстар жалғасады.

Қоғамдық қол жетімділік пункттерін кеңейту қолданыстағы ҚҚП –не жүйелік-техникалық және ақпараттық қызмет көрсетуді, оларды жаңартуды, жөндеуді, қажет болған жағдайларда қосымша пункттер сатып алуды, сондай –ақ ҚҚП –не келу мониторингін көздейді.

Жергілікті атқарушы органдар жүйелерін дамыту шеңберінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қосымша серверлік жабдық сатып алынады және қолданыстағысы жаңартылады.

Қолданыстағы ақпараттық жүйе пайдалануға қосымша лицензиялар сатып алу, сондай-ақ жаңа құрылған жүйелер, вирусқа қарсы бағдарламалық қамсыздандыруға және қауіпсіздік жүйесіне қосымша лицензиялар сатып алу жалғасады.

Қолданбалы БҚ, ЖАО жабдықтары мен серверлік жайларын сертификаттау және аттестациялауға серверлік жайлардың қауіпсіздік жүйесі деңгейіне сәйкестендіру үшін оларды қосымша жабдықпен жарақтандыру және БҚ қауіпсіздігін бағалау және оны тиісінше өңдеу үшін сарапшылар тарту бойынша жұмыстарды қарастыру.

Қызмет көрсетуді электрондық түрге көшіру тетігі. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру екі жол арқылы:


  • Жамбыл облысы әкімдігі әзірлеген ақпараттық жүйелер есебінен;

  • «Электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі «Өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесінің қызметтер көрсету процесіне қатысатын жергілікті атқарушы органдардың қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орны есебінен қамтамасыз етіледі.


Мақсат 4.3.2.: Құрылысты дамыту


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі


%

120,3

168,4

88

109,0

100,0

2. Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі

мың ш.м.

231,9

226

258,3

272,2

293,3

3. Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу

%










50

50

Міндет 4.3.2.1. Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы мәселелерін кешенді шешу

2.1. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы және (немесе) сатып алу

млн. теңге

998,9

1995,8

1922,2

3333,3

3333,3

Міндет 4.3.2.2. Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу

3.1. Өндірістік, тұрғын үй, әлеметтік мәдени, энергоқамтамасыз етуші, білім және денсаулық сақтау нысандарына алдын ала тексерулер жүргізу және облыстағы елді мекендердің шағындандырылған сейсмикалық картасын дайындау

млн. теңге










242

243

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, аудан және Тараз қаласы әкімдері


Қол жету жолдары (2013-2015 ж.ж.): 2013-2015 жылдары тұрғын үй құрылысын жинақтау жүйесі арқылы 16,6 мың шаршы метрден кем емес, республикалық қаражат есебінен 46,4 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін тұрғын үй құрылысы аумақтарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы, абаттандыруы және қайта жаңғыртуы қарастырылған.

Шаралар: Жалға берілетін және ипотекалық тұрғын үйді жобалауға және салуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайғастыруға арналған нысаналы трансферттер мен бюджеттік несиелерді игеруді қамтамасыз ету.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жағдайларды жақсарту. Жаңа жалпы құрылыс аумақтарды коммуналдық инфрақұрыммен алдын ала қамтамасыз ету.


Мақсат 4.3.3.: Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігін дамыту


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең




2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

2014

2015




1. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі

%

76,2

77,0

77,5

78,0

78,0




2. Жүк айналымының көлемі

млн. тн.км

2246,9

2477,8

2479,2

2568,4

2684,0




3. Жолаушылар айналымының көлемі

млн. пасс.км

4728,7

5031,4

5296,7

5572,1

5850,7




Міндет 4.3.3.1. Автомобиль жолдарын дамыту




1.1. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңғырту


ш.

-

-

-

-

-




1.2. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

ш.

724,4

425,0

460,0

495,0

520,0




1.3. Жалпы пайдаланудағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзқатығындағы, нормативті қажеттілікке сәйкес жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзақтығының үлесін арттыру

%

50

60

65

70,0

75,0




Міндет 4.3.3.2. Көлікті дамыту




1.1. Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі

%

12,0

11,5

10,5

9,4

8,4




1.2. Әлеуметтік маңызы бар автобустық қатынастың қызмет етуі

Маршрут-тар саны

3

3

3

3

4




1.3. Жалдамалық автомобильдердің ресми қатынасымен қалаларды қамтамасыз ету

%

-

-

30

60

100




1.4. Автобекеті және автостансасы жок елді мекендерді жолаушылардың міну және түсу орындарымен қамту (100%)

%

35

40

55

80

100




Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасы





Қол жету жолдары (2012-2015 жж.): Қозғалыс қарқынының әсіресе ондағы жоғары салмақты автомобильдер, автопоездер және автобустар үлесінің өсімі жол жабынының тез тозуына және облыс жолдарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қажеттіліктің өсіміне әкеледі. Қолданыстағы жолдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бұл қажеттілік болашақта үнемі ұлғайып отыртын болады. 2013-2015 жылдары жөндеумен 71 нысан қамтылады, оның ішінде күрделі жөндеумен 3, орташа – 68 нысан.

«Батыс-Еуропа-Батыс Қытай» автобанын салу үшін құрылыс материалдарын жеткізу барысында облыс жолдарының кейбір бөліктері бұзылған және де «бетон» жолының мердігерімен осы бөліктерді жөндеу туралы меморандумдар жасалынған.

«Батыс-Еуропа-Батыс Қытай» жаңа республикалық жолында жол бойы сервисін / кемпингті, эстакада, СТО, ЖЖМС және де басқа желілерді дамыту мақсатында 2013-2014 жылы инвесторлар есебінен В, С санаттағы жол бойы сервис нысандары салынады. Облыстың басқа жолдарында ірі мұнай компанияларыменн және жеке тұлғалармен салынған және солар ұстайтын жол бойы сервисі / СТО, ЖЖМС, отделдер, дүкендер жұмыс істейді. Бұл нысандары құрылыстың нормалары мен ережелеріне қатаң түрде сәйкес орналасқан.

Жолаушылар көлігі паркін жаңарту мақсатында тасымалдаушылар есебінен 465 бірлік жаңа техника – сыйымдылығы орташа және жоғары автобустар алу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2011 жылы 80, 2012 жылы 178, 2013 жылдың басынан бері 52 жаңа автобус сатып алынды.

Тиісті деңгейде бақылау жүргізу мақсатында 2015 жылға дейін автобус маршруттарын диспечерлік алып жүрудің бірыңғай жүйесін құру және автобустарды GPS/ГЛОНАСС новигациялық жүйесімен жабдықтау жоспарлануда.

Облыс жол жабыны қатты және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жоғыры тығыздығымен сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет