Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Оқудағы әлеуметтік–жағдаяттық тәсіл



Pdf көрінісі
бет61/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқудағы әлеуметтік–жағдаяттық тәсіл 
Оқушылар әлемді түсіну үшін құрылымдар мен модельдерді игеріп қана қоймай, өз 
құрылымы бар ортаға қатысады. Оқу сан алуан тәжірибелік қоғамдастықтарға қатысуды 
көздейді.
Психологияда адамдар бақылау арқылы қалай оқитынын бірінші зерттеген бихевио-
ристер болды. Кейінірек зерттеуші Альберт Бандура өзара әрекеттестікті және танымдық 
үдерісті зерттеді. Субъектілерге басқалардың мінез-құлқының салдарын көруге, әртүрлі мінез-
құлықтың салдары туралы белгілі түсінік алуға мүмкіндік беретін тәсілдің бірі – бақылау. 
Егер адамдар не істеу керек екендігін білу үшін тек өзінің іс-қимылдарының әсеріне ғана 
сүйенсе, оқу ерекше жалықтыратын, тіпті қауіпті болар еді. Көбінесе адамның мінез-құлқы 
бақылау, модельдер құру арқылы зерделенеді: басқаларды бақылай отырып, жаңа мінез-құлық 
қалай қалыптасатынын түсінуге болады және кейін бұл кодталған ақпарат іс-әрекет жасауға 
басшылық етеді (Bandura, 1977). Мінез-құлыққа назар аудару, оны ықтимал модель немесе 
парадигма ретінде есте сақтап, түрлі жағдайларда оның қалай көрініс беруі мүмкін екенін 
болжау (репетиция) – бақылауға негізделген оқудың негізгі аспектілері.
Зейін оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
Хаген мен Хейл (1973) 5–6 жасар балаларды бірнеше ашықхаттағы суреттерді есте сақтауды 
сұрау арқылы селективті зейіннің дамуын көрсетті. Әр ашықхатқа екі сурет салынған, бірақ 
есте сақтау үшін оның біреуі ғана маңызды болды. Мұндай жағдайларда 5–6 жасар балаларға 
қарағанда, 14–15 жастағылар аса маңызды суреттерді көбірек еске сақтаған. Бірақ, кіші 
жастағы балалар есте сақта деп сұрамаған суреттерді көбірек есте сақтапты. Осылайша, есте 
сақтаған ақпараттың жалпы көлемі екі топтағы балалар үшін бірдей болды, бірақ ересек бала-
лар зейіндерін тиімдірек шоғырландыра алған. Бұл зерттеу біздің селективті зейінімізге еске 
сақтаудың белсенді сипаты айтарлықтай әсер ететіндігін анықтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет