Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Табысты оқыту мен табысты мұғалім



Pdf көрінісі
бет8/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

10
Табысты оқыту мен табысты мұғалім
Оқытудың сындарлы теориясына негізделген «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» 
бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу 
жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің 
оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. 
Себебі оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осы-
лайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне 
сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан 
мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана 
оқыту табысты болып саналады (1-кесте).
Табысты оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол 
жағдайлардың өзімен тығыз байланыст. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға 
лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Расында, 
оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған 
жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Табысты оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байла-
ныс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге 
асырылады. Табысты оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу 
мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
1-кесте. Шульман ілімі
Мұғалімнің үш көмекшісі 
(Shulman, 2007)
Табысты мұғалімге тән белгілер
Бас
Кәсіби түсінік
Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы 
тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің 
болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/
жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану 
керектігін білуді көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет