Халықты әлеуметтік қорғау
|
17
|
Жұмыссыздық деңгейі
|
%
|
4,9
|
4,9
|
Ауданымызда жалпы халық саны 310,7 мың адамды құраса, экономикалық тұрғыдан белсенді халық 135,7 мың адам, жалпы жұмыссыздар 6,7 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз немесе былтырғы жылдың деңгейінде сақталды.
|
17.1.
|
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі
|
%
|
77,5
|
103,1
|
2012 жылы жұмыспен қамту бөлімі және жұмыспен қамту орталығына 4279 адам жұмыс іздеп келсе, олардың 4414 адам немесе 103,1 % тұрақты жұмыспен қамтылды.
|
17.2.
|
Жұмысқа тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлесі
|
%
|
-
|
-
|
Ауданға жұмысқа тартылған шетелдік мамандар жоқ.
|
17.3.
|
Құрылған жұмыс орындарының саны
|
бірлік
|
2674
|
2753
|
2012 жылы 2753 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар 102,9 % орындалды. Оның ішінде 2213 жұмыс орны тұрақты, ал 540 уақытша және маусымдық жұмыс орындары. Салалар бойынша: өнеркәсіп саласында-650, құрылыс саласында-305, ауыл шаруашылықта -546, сауда саласында-18, «Батыс Европа-Батыс Қытай» дәлізінде-204, білім беру саласында-89 және басқа салаларда-941. Жұмыс орындарын ашу көрсеткішінің жоспары 102,9 пайызға орындалып отыр.
|
17.4.
|
Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өз-өзін жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі
|
%
|
62,1
|
61,8
|
128,8 мың адам жұмыспен қамтылған болса, оның 79,7 мың тұрғыны, яғни 61,8 % өз-өзін жұмыспен қамтыған.
|
18
|
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі
|
%
|
10,7
|
8,7
|
2012 жылы аудан халқының саны 310,7 мың адам болса, оның ішінде күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2012 жылдың 1 қазанына 8,7 % құрады.
|
18.1.
|
Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өсу қарқыны
|
%
|
107,0
|
108,5
|
2011 жылы орташа ең төменгі күнкөріс деңгейі 13899 теңге болса, 2012 жылы – 15079 теңгені құрап, қарқыны 108,5 % құрады.
|
18.2.
|
Номиналды ақшалай табыстың өсу қарқыны (шамасы)
|
%
|
112,0
|
112,0
|
ОҚО бойынша Статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша номиналды ақшалай табыстың өсу қарқыны 112,2% құрады.
|
19
|
Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында)
|
%
|
95,0
|
95,0
|
Ауданның 17 ауыл округіндегі 15 ауыл округінің азаматтары үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған. Бұл аудан бойынша 95 % құрады. Штатқа байланысты қалған округтердегі мұқтаж азаматтар қамтылмаған.
|
19.1.
|
Жеке сектор субъектілерімен (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) ұсынылатын, арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі
|
%
|
-
|
-
|
Аудан бойынша жеке сектор субъектілерімен (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) ұсынылатын, арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар жоқ
|
Мәдениет және тілдерді дамыту
|
|
20
|
Халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі
|
%
|
50,0
|
59,0
|
Аудан бойынша 48 мәдениет ошағы халыққа қызмет етіп келеді. 2012 жылы 965 мәдени іс-шара өткізіліп, 880000 көрермен тамашалаған. Халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі 59,0 пайыз. Барлық мәдени іс-шаралар аудандық телеарна мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылды.
|
21
|
Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі
|
%
|
91,0
|
91,1
|
Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 2012 жылы 91,0% құрады. Жалпы халық саны 310,7 мың адам болса, оның ішінде 196842 ересектер. Олардың 179367-і мемлекеттік тілді меңгерген. Бұл көрсеткіш жоғары сынып оқушыларының және ересектер санының өсімі (статистикалық мәлімет) мен «Тіл үйренейік» телебағдарламасының есебінен артып отыр.
|
Дене шынықтыру және спорт, туризм
|
|
22
|
Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту
|
%
|
106,0
|
109,9
|
Ауданның негізгі және орта мектептерінде қоғамдық негізде 161 спорттық үйірмелер ұйымдастырылып 22350 бала спортпен шұғылданады. Орта мектептерде сыныптан тыс 4 спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Жалпы аудан бойынша барлық жастағы 49496 адам спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Бұл аудан халқының 16 пайызын құрады. 2011 жылы 45000 адам болса, 2012 жылы 49496 адамды құрап, өсім 109,9 пайызға ұлғайды.
|
22.1.
|
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту
|
%
|
106,0
|
129,0
|
Аудан бойынша 2012 жылы 24786 жасөспірім спортпен тұрақты түрде шұғылданып (2011 жылы-19 282 адам), былтырғы жылмен салыстырғанда 129,0 % артып отыр. Бұл аудан халқының 7,9 пайызын құрайды. Ал 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің 36,0 % құрайды (6-18 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны -68787 бала)..
|
23
|
Туристтік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту
|
%
|
-
|
-
|
|
23.1.
|
Ішкі туризм көлемінің өсуі
|
%
|
1,5
|
12,0
|
2012 жылы ауданымызға демалу мақсатында «Манкент Шипажайына» 15 300 турист және Сайрам ауылында орналасқан киелі жерлерге зиярат ету мақсатында 5000 турист келіп, ішкі туризмнің көлемі 20 300 адамды құрады. Ал 2011 жылы ішкі туризм көлемі 18158 адамды құраған. 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ішкі туризм 12,0 % өсіп отыр.
|
23.2.
|
Кірме туризм көлемінің өсуі
|
%
|
2,0
|
25,0
|
2012 жылы кірме туризмнің көлемі 50 адамды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 25,0 % ұлғайды (2011 ж. - 40 адам).
|
Ішкі саясат
|
|
24
|
Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру
|
%
|
75,0
|
78,0
|
2012 жылғы социологиялық сауалнаманың жұмыс жоспарынан тыс « Ауыл түрғындарының әлеуметтік- экономикалық және діни қатынасқа көз қарасы жағдайы» тақырыбында 100 респондеттің қатысуымен аудан тұрғындарының ой- пікірін зерделеуге арналған социлогиялық сауалнама жүргізіліп, сарапатма жасалды. Соның нәтижесінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындардың үлесі 78 % құрады.
|
24.1.
|
14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі
|
%
|
64,0
|
69,0
|
14 пен 29 жас аралығындағы жастардың мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында халықтың ой- пікірін зерделеуге арналған социологиялық сауалнама жүргізіліп, сараптама жасалынды. Халықтың 14-тен 29 жасқа дейінгі бөлігінің жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі 69 % құрады. Ауданда 2012 жылы 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 85996 немесе аудан халқының 29,8% (ұлдар – 43115, қыздар – 42881). Ауданда орналасқан 1 университет, 6 колледж және 2 кәсіптік лицейде 11616 жас білім алуда. (оның ішінде күндізгі бөлімде – 6426, сыртқы бөлімде- 5190 .
|
24.2.
|
Конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі
|
%
|
74,0
|
77,0
|
Ұлтаралық келісімді, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылдың қорытындысы конфессиялар өкілдерінің қатысуымен конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша дөңгелек столдар, семинарлар, конференциялар өткізілді. Мемлекеттік және діни мейрамдарды атап өту барысында ауданның зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен бірлескен іс-шаралар өтті. 2012 жылғы социологиялық сауалнаманың жұмыс жоспарынан тыс « Ауыл түрғындарының әлеуметтік- экономикалық және діни қатынасқа көз қарасы жағдайы» тақырыбында өткізілген сауалнаманың нәтижесінде конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі 77,0 % құрады.
|
24.3.
|
Этникааралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі
|
%
|
74,0
|
76,0
|
2012 жылғы социологиялық сауалнаманың жұмыс жоспарынан тыс « Ауыл түрғындарының әлеуметтік- экономикалық және діни қатынасқа көз қарасы жағдайы» тақырыбында 100 респондеттің қатысуымен аудан тұрғындарының ой- пікірін зерделеуге арналған социлогиялық сауалнама жүргізіліп, сарапатма жасалды. Соның нәтижесінде этникааралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі 76,0 % .
|
|
24.4.
|
Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі
|
%
|
35,0
|
37,0
|
Ауданда «НПО «Алпамыс» жастар қоғамдық бірлестігі мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі «БорАС» үкіметтік емес, коммерциялық емес, жастар қоғамдық бірлестігі бар. Бұл қоғамдық бірлестіктерде жалпы мүше саны 3512 адам болса, оның 1299 –ы жастар құрайды. Яғни жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі 37,0 пайыз. құрайды. Бұдан бөлек ауданда аудан әкімі жанынан « Жастар орталығы» құрылып, онда 6 жас маман жұмыспен қамтылған.
|
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп
|
|
25
|
Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі
|
%
|
63,0
|
65,0
|
Сайрам АІІБасқармасымен қылмысқа қарсы күресте, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жолында тұрақты түрде кешенді іс шаралар жүзеге асырылады.
Аудан аумағында «Тұрмыс», «Сабақ», «Есірткіге тосқауыл», «Допинг», «Шартты-Условник», Құқықтық тәртіп», «Арқан», «Автобус», «Қару», «Мигрант» және басқада жедел сауықтыру іс-шаралары жоспарлы түрде жүргізіліп отырды. Ішкі істер органдарына тұрғындардың сенуінің болжамды деңгейі 65,0 пайызды құрады.
|
25.1.
|
Жол-көлік оқиғалары санын (деңгейін) төмендету (10 мың бірлік автокөлікке шаққанда)
|
оқиға
|
31
|
43,3
|
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы 247 жол көлік оқиғалары орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 96 оқиғаға өскен /2011 жылы - 151 еді/ . Себебі, аудан көлемінде көлік саны жылдан- жылға өсуде. 2012 жылы 56984 көлік тіркелсе, онда 10 мың автокөллікке шаққанда жол көлік оқиғасы 43,3 бірлікті құрады.
.
|
25.2.
|
Ауыр және аса ауыр қылмыстардың аталған санаттағы қылмыстардың өндірістегі қылмыстық істер есебінен ашылғандарының үлесі
|
%
|
56,1
|
78,9
|
2012 жылдың 12 айында аудан аумағында тіркелген жалпы қылмыстар саны 2011 жылдың 12 айымен салыстырғанда 853-тен 899-ға 5,4 пайызға немесе 46 оқиғаға өсті. Аса ауыр қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанды 32-ден 34-ке 2 оқиғаға төмендеп, қылмыс ашылымы 78,9 пайызды құрады.
2012 жылдан бастап басқарманың негізгі көрсеткіштері ашылған ауыр және аса ауыр қылмыстар есебінен алынатындығына байланысты, әрбір қызметкерге қылмыстарды болдырмау және қылмысты ізін суытпай ашуға бағытталған жұмыстарды жүргізуге қатаң талаптар қойылған.
|
25.3.
|
Алынған есірткелердің саны, оның ішінде героин
|
кг
|
38 кг 484,48 гр / 16 кг 20,8 гр
|
38 кг 484,48 гр / 16 кг 20,8 гр
|
2012 жылы 2 есірткіге байланысты қылмыстар анықталып, 15 кг астам героин және 19 кг астам марихуана есірткі заты тәпкіленген. Жалпы 22 есірткіге байланысты қылмыстар анықталып, олардан 38 кг есірткі заты алынған. Осы тіркелген 22 қылмыстық істен жоғарыда аталған 2 қылмысты алып тастайтын болсақ, жалпы тәркіленіп алынған есірткі затының салмағы 4 кг жақын.
|
26
|
Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету
|
%
|
0,5
|
0,5
|
Сайрам ауданы әкімдігінің аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, тасқын суларды апатсыз және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету, қыс мезгілінде төтенше жағдайларға жол бермеу жөнінде №165 қаулысы бекітіліп, ауданда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Төтенше жағдайлар орын алған жағдайда техникаларын жұмылдыру жөнінде «ЯНС» және «Теміртас» ЖШС- ларымен келісім шарттар түзілген.
|
26.1.
|
су басу мен тасқынының, селге, көшкінге, жер сілкінуге, өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі
|
%
|
15,0
|
15,0
|
2012 жылы аудан көлемінде сел, қар көшкіні, сырғымалардың алдын алу және бақылау т.б. сол сияқты төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шаралары бойынша ауыл округтері аумағынан өтетін өзендер, каналдар арналарын өзгертіру, жиегін бекіту, қашыртқы қазу жұмыстарына бюджеттен жоспарланған 28850,0 мың теңге игеріліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Облыстық бюджет есебінен Бадам өзенінің жағалауы 230 метр жері нығайтылды. Құтарыс ауыл округі аумағындағы Арыс өзенінің жағалауы 1300 метр жері және Ақбұлақ, Арыс, Көлкент, Қайнарбұлақ ауылдарында 3200 метр өзен бойлары нығайтылды.
|
Бағыт: Инфрақұрылым
|
|
Байланыс және коммуникациялар
|
|
27
|
Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі
|
%
|
90
|
90
|
Аудан аумағында телекоммуникация қызметтерін «Қазақтелеком» АҚ ұсынылуда. Коммуникация нарығыныдағы қызмет көрсетулердің жаңа қызметтерін халыққа ұсынып, енгізу басты назарында. Бүгінгі таңда интернет жүйесі, интелектаулдық жүйелер мен анықтау-информациялық қызметтер халыққа барынша ұсынылуда.Бүгінгі күнге халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі қанағаттанарлық.
|
27.1.
|
Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі
|
%
|
40
|
41
|
Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі орташа.
|
27.2.
|
2015 жылға қарай жергілікті телефон байланысын цифрлеудің 100 пайыздық деңгейіне қол жеткізу
|
%
|
90
|
90
|
2012 жылға жергілікті телефон байланысын цифрлеу деңгейі 90% қол жеткізілген.
|
27.3.
|
Жалпы саны 1 000 адам және одан көп елді мекендерді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету
|
%
|
85
|
85
|
2012 жылға елді мекендердің ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз етілуі 85% құрайды.
|
Құрылыс
|
|
28
|
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі
|
%
|
100,9
|
94,6
|
2012 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9600,3 млн.теңгені құрады. 2011 жылмен салыстырғанда 94,6 пайызды құрады. . Республикалық бюджет есебінен 2012 жылы 5 мектеп пен 1 бала- бақша құрылысына 1 млрд. 840,6 млн.теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Облыстық бюджет есебінен 2012 жылы 2 мектеп құрылысына 834,0 млн.теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. Аудандық бюджет есебінен 738,6 млн.теңгеге 3 мектеп құрылысы жүргізіліп, 1 мектеп пайдалануға тапсырылды. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 94,6% құрады.
|
29
|
Тұрғын ғимараттарды республикалық бюджет есебінен пайдалануға беру көлемі, жалпы алаңның шаршы м
|
ш.м
|
-
|
-
|
2012 жылы республикалық бюджет есебінен түрғын үй ғимараттарының құрылысы жүргізілмеді.
|
29.1
|
Тұрғын ғимараттарды халықтың өз қаржысы есебінен пайдалануға беру көлемі, жалпы алаңның шаршы м
|
ш.м
|
25400
|
28299
|
Сайрам ауданында халықтың өз қаржысы есебінен 28299 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. 2011 жылмен салыстырғанда 111,6 пайызға артық.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |