Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет10/51
Дата24.07.2023
өлшемі144.21 Kb.
#475808
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Перспектива ересек топ

Тілдік дамытушы орта.
Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды алуға және оларды талқылауға мүмкіндік беру. Ұжымдық әңгімеге қатысуға, әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен сөйлеуге үйрету..
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту. Қазақ тіліне тән "ө" дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға
баулу.
Сөздік қор.
Қоршаған ортадағы заттар мен өсімдіктердің, жануарлардың, құстардың, табиғат құбылыстарының, тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру.
Туыстық қарым-қатынасты («сіңлі», «жеңге», «жезде», «нағашы», «жиен», «бөле») білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің отбасы, отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу.
Төрт түлікті бағатын адамдардың кәсіпшілік атауларын таныстыру: «қойшы», «жылқышы», «түйеші», «сиыршы» аталған атаулардың олардың еңбегімен байланыстылығын түсіндіру. Төрт түлік иелерінің төлдерді қалай шақыратынын балалардың өздеріне айтқызу.

Математика негіздері

- заттарды зерттеу барысында олардың пішінін, көлемін көзбен өлшеу, қолмен ұстау арқылы көрнекі-бейнелік ойлауды, есте сақтауды, қиялдауды, сөйлеуді, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
- танымдық қызығушылықты дамыту, себеп-салдарлық байланыстарды орнату, талдау жасай білуге, қорытынды шығаруға баулу;
- сенсорлық қабілеттерін, бастапқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
- сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, ұжыммен жұмыс істей білуге үйрету;
- эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой-өрістерін кеңейту; тірі және өлі табиғат объектілеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Сан, санау.
Екі қатарда орналасқан заттар тобын салыстыруды үйрету, теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Тең ұғымын екі тәсілмен саны бойынша кем топқа бір затты қосу немесе артық топтан алып тастау арқылы қалыптастыру, «қанша болды?», «қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету.
5 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет