2013 жылы Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі 2072,4 млрд. теңгені құрады.
2011-2013 жылдары жалпы өңірлік өнімнің өзгеру
динамикасы
(трлн. теңге)
1 сурет
Жалпы өңірлік өнім 2011 жылдан 2013 жылға дейін қарқынды өскен, оның көлемі облыс бойынша 2013 жылы 1,3 есе өсті немесе 2011 жылға қарағанда 448,1 млрд. теңге құрады.
Республикалық ЖӨӨ көлемінде облыс 5,9% орында, азаю шкаласы бойынша 6 орында.
2011 жыл мен 2013 жыл аралығында облыстың ЖӨӨ құрылымында келесі өзгерістер орын алды: ауыл шаруашылығы үлесі 7,5 % тен 9,4 %, көлік және байланыс 7,1% ден 8,3%, сауда – сәйкесінше 16,5%-дан 14,3%, басқалар 17,9% дан 18,2%. Бұл ретте өнеркәсіп секторының үлесі 29%дан 28,2%, құрылыс – 5,2% дан 5,1% азайды.
Өнеркәсіп секторы өнімінің жалпы көлемі 106,9 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы 71,3 млрд. теңге, сауда – 28,8 млрд. теңге, көлік және байланыс – 56,9 млрд. теңге, құрылыста өнім көлемі 20,7 млрд. теңгеге және басқа қызметтер 87,8 млрд. теңгеге өсті.
1 кесте
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2011-2013 жылдары
ЖӨӨ өзгеру динамикасы
№ р/с
|
Атауы
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2013 ж. 2012 ж. өсу қарқыны
|
2013 ж. 2011 ж. өсу қарқыны %
|
млрд. тенге
|
құрылым %
|
млрд. тенге
|
құрылым %
|
млрд. тенге
|
құрылым %
|
млрд. тенге
|
%
|
млрд. тенге
|
%
|
1
|
ЖӨӨ көлемі, млрд.тенге
|
1624,3
|
100
|
1819,5
|
100,0
|
2072,4
|
100,0
|
252,9
|
100,0
|
448,1
|
127,6
|
2
|
Өнеркәсіп
|
471,8
|
29,0
|
518,8
|
28,5
|
578,7
|
28,2
|
59,9
|
111,6
|
106,9
|
122,7
|
3
|
Құрылыс
|
83,9
|
5,2
|
83,5
|
4,6
|
104,7
|
5,1
|
21,2
|
125,4
|
20,7
|
124,6
|
4
|
Сауда
|
267,8
|
16,5
|
265,7
|
14,6
|
296,6
|
14,5
|
30,9
|
111,6
|
28,8
|
110,8
|
5
|
Көлік және байланыс
|
114,6
|
7,1
|
155,8
|
8,6
|
191,1
|
8,4
|
32,5
|
123,4
|
56,9
|
149,7
|
6
|
Ауыл шаруашылығы
|
122,6
|
7,5
|
169,9
|
9,3
|
193,9
|
9,5
|
24,0
|
114,2
|
71,3
|
158,2
|
7
|
Басқа
|
563,6
|
34,7
|
625,9
|
34,4
|
707,4
|
34,1
|
81,5
|
113,0
|
143,8
|
125,5
|
Кеден статистикасы мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2013 жылы 3406,7 млн. АҚШ доллары, соның ішінде экспорт көлемі – 2075,6 млн. АҚШ доллары, импорт – 1331,1 млн.АҚШ доллары.
2 сурет.
2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда сыртқы сауда айналымы көлемінің төмендеуі байқалады.
3 сурет
Экспорт пен импорт құрылымы тұрақты құрылымға ие, алайда 2013 жылы мал өнімдері (10,4%), минералды азық-түліктер (3,4 есе), ағаш, ағаш материалдары (45,5%), тоқыма мен тоқыма бұйымдары (163 есе), құрылыс материалдары (31,8%), металл және одан жасалған бұйымдар (44,3%) экспортының көлемі қысқарған, бұл импорт бойынша ұқсас өнімдердің өсіміне әкелді.
2011 жылы тауар экспорты көлемі 2978,9 млн.АҚШ долларын, 2012 жылы – 3831,1 млн.АҚШ долларын, 2013 жылы – 2075,6 млн.АҚШ долларын құрады, республикада экспорт көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 3,7 %, 4,8 % және 3,2 % сәйкес.
Экспорт құрылымында қарастырылып отырған кезеңде өнеркәсіп өнімдері орташа 72,9 % (руда, концентрат, сирек топырақты, түсті және қымбат металдар, қышқыл, жарылғыш заттар, тері т.б.), ауыл шаруашылығы – 1,7% (бидай, ұн, жарма, балық өнімдері, күнбағыс майы және басқалар), құрылыс – 0,2% (цемент, асбестоцемент бұйымдары, кірпіш және басқалар) және басқа тауарлар – 25,2% құрайды.
Экспорттың жалпы құрылымында республика бойынша облыс үлесінің өзгеруі, сондай-ақ жылдар бойынша экспортталатын тауарлар құрылымы көлемінің өзгеруі негізінен сыртқы нарықтағы конъюктураға байланысты.
Сонымен қатар, осы саладағы негізгі проблема көптеген тауарлардың бәсекеге қабілеттігінің төмендігі (түсті металлургия өнімдерінен басқа) болып табылады, осыған орай экспорт көлемі 2013 жылдың қорытындысы бойынша нақты секторда шығарылатын өнім көлемінен 30% аспайды.
2014 жылғы 1 қаңтарда өңірде екінші деңгейдегі банктердің 34 филиалы қызмет атқарған.
Екінші деңгейлі банктердің берген кредиттерінің көлемі 2013 жылы 335,5 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артты (2010 жылы 124,7 млрд. теңге).
Кредиттер бойынша негізгі қарыздар 2010 жылға 130,6 млрд. теңгеге немесе 58,2% өсті және 354,9 млрд. теңгені құрады, соның ішінде мерзімі өткен берешек 2,4 есе өсті және 42,1 млрд. теңгені құрады.
Заңды және жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі 185,6 млрд. теңгеге жетті, 2010 жылмен салыстырғанда 77,5 млрд. теңгеге ұлғайды (71,7%).
Достарыңызбен бөлісу: |