2010 және 2013 жылдар аралығында білім беру саласында білім алуға қолжетімділік пен сапасын қамтамасыз ету, ауылдағы білім беруді дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асыруға бағытталған 2010-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстары жүргізілді.
Мектепке дейінгі ұйымдар желісін сақтау және кеңейту, 5-6 жастағы балалардың мектеп алды даярлығына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. 2013 жылы облыс бойынша 209 бала-бақша және 1183 шағын орталық жұмыс істеді. Мектепке дейінгі балалардың жалпы санынан мектепке дейінгі біліммен қамтылу 97,4 % (18542 бала) құрады. Бала-бақшалар желісі 2012 жылмен салыстырғанда 26 мекемеге артты, 7 шағын-орталық ашылды.
5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлығымен қамту 100% құрады.
Сондай-ақ, облыстағы қалалармен аудандарда мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға 16768 өтініш тіркелді.
9 кесте
Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің даму динамикасы
Мектепке дейінгі мекемелер саны
|
Шағын орталықтар саны
|
Балалардың мектепке дейінгі қамтылуы
|
Шағын орталықтармен қамтылуы
|
Балалардың жалпы қамтылуы%
|
1.01.14ж. Кезектегі адамдар саны
|
2012ж
|
2013ж
|
2012ж
|
2013ж
|
2012ж
|
2013ж
|
2012ж
|
2013ж
|
2012ж
|
2013ж
|
183
|
209
|
1176
|
1183
|
32166
|
37761
|
30365
|
29701
|
95,7
|
97,4
|
16768
|
Орта білім беруде 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуге дайындалу, мектеп жасындағы балалардың оқумен толық қамтылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.
Облыста жалпы білім беру мектептері санының төмендеу тенденциясы мен демографиялық және көшу үдерістері салдарынан оқушылар контингентінің азаюы сақталып отыр. Контингенттердің жоқтығынан жалпы білім мектептерінің санының азаюы байқалады.
10 кесте
2011-2013 жылдардағы мемлекеттік күндізгі жалпы білім
беретін мектептер желісінің өзгеру динамикасы
2011ж.
|
2012ж.
|
2013ж.
|
бірл. саны
|
контингент, адам
|
бірл. саны.
|
контингент, адам
|
бірл. саны
|
контингент, адам
|
718
|
171263
|
698
|
167586
|
687
|
167746
|
Облыстың барлық мектептері компьютерленген. 2013 жылы жалпы білім беру мектептерінде компьютермен қамтылу 8 оқушыға бір компьютерді құрайды. Кең жолақты интернетке мектептердің 47,6% қосылды.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын жабдықтауда пәндік кабинеттер және қондырғылармен жабдықтау жеткіліксіз болып қалып отыр. 2013 жылы мультимедиялық кабинеттермен жабдықтау – 65,6 % физика- 61,9%, химия-42,6 %, биология-39,1% құрайды.
11 кесте
2013 жылы мектептерді пән кабинеттері мен құрал-жабдықтармен
қамту динамикасы
мультимедиялық кабинеттер
|
физика кабинеттері
|
химия кабинеттері
|
биология
кабинеттері
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
451
|
65,6
|
388
|
61,9
|
267
|
42,6
|
245
|
39,1
|
687 жалпы білім мектептерінің 212 бейімделген бөлмежайларда орналасқан, 36 мектеп апаттық деп танылған. Қосымша білім беретін ұйымдардың материалды-техникалық базасы әлсіз – 72 ұйым бейімделген бөлмежайларда орналасқан.
2014 жылы мектептерді ынтайландыру жүргізілді.Оқу жылының басына жалпы білім беретін мектептер желісі 676 құрады.
Оқушылардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында мектептер құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылы апатты жағдайдағы мектептер орнына 10 мектеп қолданысқа берілді. 2014 жылдың аяғына дейін 36 апатты жағдайдағы мектептер орнына тағыда 18 мектеп қолданысқа беру жоспарланған.
Облыс мектептерінде 20,7 мың педогогикалық қызметкерлер жұмыс істейді, оның ішінде 16,8 мың адам және 81,2% әйел, соның ішін ауылды мекенде – 65,0 %. Аз тартудың және еңбекақының аз болуы себебінен мектептерге жас педагогтар ағымы жеткіліксіз.
Қазақстан Республикасында сапалы білім жүйесін енгізуге сәйкес облыс мектептерінің оқушыларыбіріңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі ҰБТ) формасында аттестациядан сәтті өтеді. ҰБТ мониторингі 2013 жылғы түлектердің білімінің сапасы бойынша негізгі көрсеткіштер 2012 жылмен салыстырғанда 5,6 балл жоғары екендігін көрсетеді. ҰБТ нәтижелері бойынша орташа балл 78,0 баллды құрады.
Облыста 3,6 мыңнан артық жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады, 2013 жылы 2265 бала қамқорлыққа (қорғаншылыққа) және патронаттық тәрбиеге берілді (2012 жылы-2404). 17 интернаттық үлгідегі жетім балаларға арналған мекемелерде 1034 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар оқытылып тәрбиеленеді. 10 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) (соның ішінде 4 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған) интернаттық мекемелерде 1359 бала тұрып білім алады. 31 баланың қамтылуымен девиантты мінез-құлықты балаларға арналған 2 интернат жұмыс істейді.
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін қамқоршы отбасына және асырап алушылар отбасыларына беру есебінен интернатта тұратын балалардың әлеуметтенуі өзекті міндеттердің бірі болып табылады.
Жаз кезінде облыс бойынша 31 қала шетіндегі балалар сауықтыру лагерлері жұмыс істейді. Қала шетіндегі лагерлер 4 ауданда, 6 жетім балаларға арналған мекемелерде жоқ.
Балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім берумен қамту жеткіліксіз болып отыр. 73342 баланы 43,9% қамтамасыз ететін 77 қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 2012 жылмен салыстырғанда 8 мекемеге азайды. Облыста 89 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ТжКБ) жұмыс істейді.
2014 жылы ТжКБ беру мекемелерін ынтайландыруға байланысты олардың саны 85 құрады. Сонымен қатар Курчатов қаласында Семей қаласы «Электротехника колледжі» бөлімшесі ашылып облыстың барлық аймақтарын техникалық және кәсіптік білім берумен қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырды.
ТжКБ оқу мекемелерінде 40,6 адам оқиды (сырттай оқу түрін қосқанда), соның ішінде мемлекеттік білім тапсырмасы бойынша 17,0 мың адам (немесе 41,9% ). Кадрларды даярлау 107 мамандық бойынша (199 біліктілік) жүзеге асырылады, бұл экономика саласын техникалық және кәсіптік біліммен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтар бойынша 3,0 мың адам білім алады (жалпы контингенттен 7,4 %).
2013 жылы мамандарды және жұмыс кадрларын енгізу 13,2 мың адамды құрайды, оның ішінде 54,3 % жұмысқа орналасты, 18,2 % білімін жалғастырды.
ТжКБ беру мекемелерін ынтайландыруға байланысты 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Үлгілік жастағы жастарды (14-24 жас) техникалық және кәсіби біліммен қамту деңгейінің үлесі» көрсеткіші орындалған жоқ (жоспар– 18,5%, нақты – 15,5%).
Жеткіліксіз кәсіптік бағдарланған жұмыстың күшіне, соның ішінде жұмыс берушілер тарапынан экономика саласының кадрларға және нақты дайындыққа мұқтаждығы проблемасы келіспеушілік болып қалады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алу мәртебесін және контингеннті арттыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдарлау (семинарлар, БАҚ –та насихаттау және т.б.) жұмыстары жүргізіледі
Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында консультативті-кеңестік органдардың қалыптасуы аяқталды:
облыс әкімдігі жанында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен техникалық және кәсіптік білім және кадрларды дайындауды дамыту мәселелері бойынша кеңес қызмет етеді;
қалалар және аудандары әкімдіктерінің жанында кадрларды дайындау бойынша кеңестер құрылған;
облысты шағын мамандандыру есебімен алалық кеңестер құрылған (аграрлы сала, туризм, металлургиялық және құрылыс салалары).
«ШҚО Кәсіптік білімін өңірлік дамыту моделі» пилотты жобасын іске асыру аясында қазақстан-норвег «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту қоры» құрылды, оның негізгі мақсаты әлеуметтік серіктестік және кадрларды дайындаудың сапасын арттыру мәселесін дамыту болып табылады, сондай-ақ Норвегия Корольдігі Рогланд округын курстық және кәсіптік дайындау орталығы өкілдігі ашылды. Сондай-ақ, Ресеймен, Белоруссиямен, Голландиямен, Германиямен, Франциямен халықаралық серіктестік дамып келеді.
ТжКБ мекемелерінде МТБ нығайтуға бюджет қаражатынан 314,3 млн. теңге бөлінді (2012 жылы – 904,0 млн.теңге).
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
-
мектепке дейінгі білім беру мекмелерінде кезек санының азаюы, мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтамасыз етілген балалар санының артуы;
-
Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі басқарудың жаңа жүйесін енгізуде республика бойынша тәжерибе алаңы болып табылады;
-
облыстың орта білім беретін 12 мектебі жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жобаға кіргізілген;
-
апатты жағдайдағы мектептерді, 3 ауысымды оқытуды, оқушылар орны тапшылығының азаюын жою;
-
үш деңгейлі жүйе бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
Әлсіз жақтары:
-
балардың мектепке дейінгі мекемелерінде кезектілікті сақтау;
-
білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасының жеткіліксіз қамтылуы, оның ішінде жаңа модификация кабинеттері, компьютер техникасын жаңарту;
-
техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде алған мамандық (біліктілік) бойынша жұмыспен қамтылу;
-
ТжКБ беру мекемелерінде арнайы пән және өндірістік білім беру шеберлерінің тапшылығы;
-
мұғалімдер кәсібилік деңгейінің жеткіліксіздігі, пәндік методистерінің тапшылығы, әлсіз менеджмент.
Мүмкіндіктер:
-
білім беру нысанары құрылысын қаржыландыруды арттыру; күрделі (кешенді) жөндеу жұмыстарын өткізу, материалды техникалық база;
-
білім беру нысандарын салуда мемлекетік-меншік серіктестігін дамыту;
-
электронды оқытуды енгізу;
-
жеке меншік бала-бақшалар ашу;
-
қосымша білім беру ұйымдарының желісін арттыру;
-
отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін ашу;
-
жетім және АҚҚ (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған) балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Қауіптер:
-
45 жылдан артық қолданыста болған мектептер санының көптігі;
-
еңбекақы мөлшерінің төмен болуына байланысты техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде мұғалімдер және өндірістік білім беру шеберлерінің кетуі;
-
саланың аз қаржыландырылуы білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасының елеулі тозуына әкеліп соқтырады.
2.2.2.2 Денсаулық сақтау
2011 - 2013 жылдары облыста демографиялық жағдай келесідей болады:
-
тұрғындардың туу деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 16,37-тен бастап (2011 жылы) 16,61-ға (2013 жылы) дейін артуы;
-
өлім көрсеткішінің 1000 тұрғынға шаққанда 2013 жылғы 11,08-ге (2011 жылы – 11,99) дейін төмендеуі;
-
тұрғындардың табиғи өсім коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 2013 жылы «+5,53» қарсы «+4,83» (2011 жыл) дейін артқаны байқалады.
ШҚО және ҚР бойынша өлім-жітім динамикасы
21 сурет
2013 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш (16,61) орташа республикалық көрсеткіштен 1,4 есеге төмен (ҚР – 23,09; өлім орташа республикалық көрсеткіштен 1,4 есеге артады (ҚР – 8,08).
Облыста туудың барынша төмен көрсетіштері облыстың жекелеген өңірлерінде тұратын тұрғындардың жыныстық-жастық құрамының, яғни ұрпақты болу жасындағы (15-49 жас) тұрғындар жасына қатысты бала көтергіштіктің әсер етумен түсіндіріледі. Облыс тұрғындары демографиялық қатынаста жастардың төменгі үлес салмағы есебінен қартаю беталысы бар.
Аталған жағдай облыстағы еркектер мен әйелдер күтілетін өмір сүру ұзақтығы деңгейінде де байқалады: 2013 жылы көрсеткіш 2012 жылғы 68,58 -ға қарсы 69,49 құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,96% төмен (ҚР – 2013ж. 70,45); еркектер арасында өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші барынша төмен – 64,16; бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,59 % төмен (ҚР – 65,75).
Ластанудың жоғары деңгейі бар өндірістік қалалардың болуы, ластану аймағында радиобелсенді шөгінділерде тұрғындардың көп жыл тұру факторы өңір экологиясына әсер етіп, тұрғындар денсаулығына теріс әсерін тигізді, сонымен қатар, облыстың шекараға жақын сипаты және белсенді көші-қон үрдісі де облыс тұрғындарының денсаулығына әсер етеді.
Облыста әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі және ұрпақты болу денсаулығының мәселесі өзінің өзектілігін сақтап отыр. Ана өлімінің көрсеткіші 2013 жылы 8,9, 2011 жылмен салыстырғанда 22,4-ға дейін төмендегені байқалады, ҚР бойынша көрсеткіште 100 000 тірі туғанға шаққанда 12,6 (ҚР – 2011 жылы 16,4 ).
Ана өлімінің басты себептері-акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагениталды патология, түсік пен аурушаңдықтың жоғары деңгейінің салдары (жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалар, анемия) болып табылады. Бұл жағдай медициналық қызмет сапасының жеткіліксіздігі және білікті кадрлардың, әсіресе ауылдарда тапшылығымен түсіндіріледі. 2013 жылы ана өлімі облыстың 2 ауданында тіркелген.
Облыс бойынша нәресте өлімі көрсеткішінің төмендеу үрдісі байқалады, 1000 тірі туғанға шаққанда 18,3 бастап (2011 жыл) 12,8-ға (2013 жыл) дейін артқан.
ШҚО бойынша ана мен сәби өлімінің динамикасы
22 сурет
Нәресте өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар болып табылады. Нәресте өлімінің құрылымында екінші орынды туа біткен даму кемістігі алады, бұл жүргізілетін ерте диагностикалаудың жеткіліксіз деңгейімен (жүкті әйелдердегі туа біткен даму кемістігін анықтауға арналған скринингтер), жалпы облыстағы және жекелеген аудандардағы жайсыз экологиялық жағдайлармен түсіндіріледі.
Облыста ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015жж. арналған «Саламатты Қазақстан» атты Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда, оның басты бағыттарының бірі- ҚР аналар мен балалар өлімін төмендету болып табылады. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 29.11.2010 жылғы № 1113 Жарлығымен бекітілген. Бұл мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру ағымдағы жылда босануға көмектесетін құралдармен жабдықтауды 79,3% дейін, балалар ұйымдарын жабдықтауды 74% дейін жақсартуға және жүктілікті бақылау мен босану процесіне жаңа технологияларды енгізуге, перинатальды көмекті өңірлендіруге көмегін тигізді.
Өңірде соңғы 3 жылда тұрғындар арасындағы аурушаңдық 7,7% төмендегені байқалады, яғни 2011 жылы 66511,2 болса 2013 жылы 61393,7 болды.
Республикалық орташа көрсеткіш деңгейінің артуы көптеген ауру түрлері бойынша байқалады: эндокриндік аурулар, соның ішінде қант диабеті, тыныс алу органдарының ауруы, сүйек-бұлшық ет жүйелерінің, несеп жолы жүйелерінің аурулары мен жарақаттар және уланулар бойынша.
Өткен жылдардың көрсеткіші бойынша тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар аурулардан болатын өлім көрсеткішінің төмендегені байқалады.
Облыста туберкулезбен ауру көрсеткішінің төмендегені де байқалады, 100 мың тұрғынға 109,8-ден (2011) 88,5-ке (2013) дейін, республикалық орташа көрсеткіштен 20,4% артық (ҚР 73,5)
ШҚО және ҚР бойынша туберкулез аурушаңдығы
(100 мың тұрғынға шаққанда)
23 сурет
Туберкулезден болған өлімнің жыл сайын төмендеуіне қарамастан облыс көрсеткіші ҚР бойынша 1,8 көрсеткішінен асады (2012 жылы ШҚО –10,3, ҚР 100 мың тұрғынға 5,6 ).
Эпидемиологиялық көрсеткішті тұрақтандыруға бағытталған беталысқа қарамастан туберкулез аурушаңдылығының алдағы уақытта жасаруы (18 жастан 55 жасқа дейінгі тұлғалар ауырғандардың жалпы санының 81,9 пайызын құрайды), жұмыссыздар мен әлеуметтік бейімделмеген топтар санынан ауырғандардың үлес салмағының артуы байқалады, туберкулездің дәріге көнбейтін аурушаңдық өсуі байқалып отыр.
2013 жылы балалардың ауруы 100 мың тұрғынға 22,0-ден 2011 жылы 23,1 құрайды, бала тұрғындардың аурушаңдығы 4,8% төмендеді. Облыста мектепке дейінгі санаторлық топтар жетіспейді, инфекция ошағындағы балалардың 50% оқшаулау мен сауықтыруды қажет етеді, 90% астамы – «қатерлі» топтан.
Облыстағы эпидемиологиялық ахуал түзету мекемелер санының көптігімен, ондағы туберкулезбен ауыратындың айтарлықтай көп болуымен асқынуда. Бұл контингент арасында белсенді туберкулезбен аурушаңдық облыстың азаматтық тұрғындары арасынан 10,6 есе артық.
Туберкулез бойынша бағдарламаны жүзеге асыру шараларының өткізіліп жатқанына қарамастан, науқастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесіне (баспана беру, жол қаражатын төлеу, туберкулезбен ауыратындардың тамақтануына, балаларды қоса) қаражат бөлу өзекті мәселе болып қалуда.
Облыста қатерлі ісік ауруларымен аурушаңдық көрсеткішінің артуы байқалады, 100 мың тұрғынға 2011 жылы 271 болса, 2013 жылы 285,4 дейін артты, ҚР бойынша – 191,9. Аурушаңдықтың артуын ауруды анықтаудың жақсаруымен, қатерлі ісікті ерте анықтау бойынша скринингілік бағдарламаны енгізумен түсіндіруге болады.
ШҚО және ҚР бойынша қатерлі ісік аурушаңдығымен ауыру
(100 000 тұрғынға шаққанда)
24 сурет
Қатерлі ісікпен барынша көп аурушаңдық облыстың мынадай өндірістік дамыған аудандарында және бұрынғы Семей сынақ полигонына іргелес жатқан аумақтарда тіркелген: Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалалары, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Ұлан, Шемонайха аудандары.
Облыста қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 2011 жылғы 158-ден 2013 жылы 149,4 дейін төмендегені байқалады, бұл ҚР бойынша көрсеткішін 1,5 есе көп (100 мың тұрғынға 102,27) құрайды.
ШҚО және ҚР бойынша қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлім
(100 000 тұрғынға шаққанда)
25 сурет
Тұрғындар аурулары арасында әлеуметтік-маңызды аурулардың қатарында барынша маңызды қан айналымы жүйесінің аурулары тұр. Жалпы өлім құрылымында 30,5% барынша көп үлес салмағы қан айналымы жүйесі ауруларына келеді. 2013 жылы қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткіші 337,8 құрады, Қазақстан Республикасы бойынша көрсеткіште 2013 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 217,88 (мәліметтер алдын ала).
2011-2013 жылдардағы ШҚО және ҚР ҚАЖА өлу көрсеткіші
26 сурет
Қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлімді төмендету мақсатында облыста кардиохирургиялық көмек қызметінің жұмысы жолға қойылған. Жүрек патологиясы бар, әсіресе жіті коронарлық синдромы бар науқастарға емдеу тактикасын таңдауда жүрек қантамырлары патологиясын ерте диагностикалау әдісі және негізгі дифференциалдық әдіс ретінде коронарография енгізілген. Облыста кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектің дамуы, емдеу мен тексерудің жаңа әдістерінің енгізілуі 2013 жылы жүректің ишемиялық ауруынан болған өлімнің 2011 жылмен салыстырғанда 1,1 есе төмендеуіне әкелді.
Жарақаттардан, бақытсыз жағдайлардан және уланулардан болған (12,3%) өлімі облыс тұрғындары өлімінің себептері арасында үшнші орынды алады – 2013 жылы 136,6, 2011 жылмен салыстырғанда төмендеу 5,7%, ҚР көрсеткіші – 97,90 (ҚР ДСМ жинағының мәліметтері бойынша).
Жарақаттардан, бақытсыз жағдайлардан және уланулардан болған өлім
27 сурет
АҚТҚ инфекциясының облыс тұрғындары арасында таралуы бойынша біздің өңір эпидемияның шоғырланған сатысында тұр. АҚТҚ инфекциясы аурушаңдығының динамикасын талдау аурушаңдықтың біраз көбейгенін көрсетеді, 2011 жылдан 2013 жылға дейін 7 % көтерілген.
АҚТҚ инфекциясы эпидемияның шоғырланған сатысында таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын алу шараларын жүргізу жалғасуда, сондай-ақ ЖҚТБ науқастарына қажет антиретровирусты терапия толық көлемде қамтамасыз етілген.
АҚТҚ инфекциясын жұқтырғандарды толық көлемде медициналық көмекпен қамтамасыз ету, оларды тексеру және емдеу мақсатында облыстың 5 стационарында төсек саны бөлінген. Облыста денсаулық сақтау саласының шығыны артқан, 2011 жылы 20 434,3 млн теңге болса, 2013 жылы 42 382,5 млн. теңгеге өсті.
ШҚО бойынша денсаулық сақтау ісіне арналған шығыстар
(ТМКК мың теңге)
28 сурет
Ауылдық тұрғындарға дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдық елді мекендерде БМСК объектілері арқылы дәрі-дәрмектер сату ұйымдастырылған.
Облыстың денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі маңызды мәселе болып қалуда. 2011 жылы дәрігерлер саны – 5573 (мем.-4434), орта медқызметкерлер – 12781 адам (мем. -10723). 01.01.2014 жылы дәрігерлер саны азайып, 5568 адамды құрады (мем -4396), орта медқызметкерлер -13547 адам (мем.-11305).
Тұрғындарды барлық мамандықтағы дәрігерлермен қамтамасыз ету, барлық медициналық ұйымдарды қоса (мемлекеттік және жеке) 2013 жылы 40 құрады, мемлекеттік медициналық ұйымдарды дәрігерлермен қамтамасыз ету бірнеше жыл қатарынан бір деңгейде -31,5 болып қалуда (2011 жылы -31,8).
Бүгінгі күні дәрігер кадрларының тапшылығы 312 дәрігерді құрап отыр, оның ішінде ауылдық жерлерде – 121. 2013 жылы 217 жас маман (2012 жылы – 162), тұрғынүй алғандары – 63, көтерме қаражаттармен – 68, тұрғынүй сатып алу үшін пайызсыз несиемен – 8 маман қамтылды.
ШҚО бойынша дәрігерлермен және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу (мем. құрылымдар)
29 сурет
Дәрігер кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады: 50 жастан жоғары жастағы тұлғалар 36,1 пайызды, 30 жасқа дейінгі 18,7 пайызды құрады. 25 жылдан астам өтілі бар мамандардың үлес салмағы артып отыр, бұл жас кадрлар келуінің төмендегені туралы куәландырылады.
Осыған байланысты, 2013 жылғы «Біліктілік санаты бар дәрігерлер (жоспар бойынша - 70%, нақты – 61,4%), орта медициналық қызметкерлердің (жоспар бойынша - 65%, нақты – 63,5%) үлес салмағы» көрсеткіші жоспарлық маңызға жете алмады.
Осы көрсеткішті орындау үшін бірқатар іс-шаралар қарастырылды: жоспарға сәйкес дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жолданды, көшпелі циклдар ұйымдастырылды, шетел мамандарының (Израиль, Корея, Алтай өлкесі) қатысуымен ғылыми-практикалық конференциялар және көшпелі шеберлік кластары жүргізілді.
Денсаулық сақтауды проблемаларды айқындау үшін SWOT-талдау жүргізіледі.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар:
1) демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, туудың өсуі, өлім-жітімнің азаюы, табиғи өсімнің артуы;
2) ана өлімі көрсеткішінің төмендеуі;
3) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тұрғындар үшін медициналық көмек жоғары технологиялық түрлеріне қолжетімділіктің жақсаруы;
4) кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтің дамуы.
Әлсіз жақтар:
1) тұрғындардың денсаулық жағдайына әсер ететін өңірдегі экологиялық ахуал;
2) тұрғындардағы әлеуметтік-маңызды аурушаңдықтардың жоғары деңгейі
3) облыс бойынша дәрігерлер тапшылығы 419 адам;
4) ұсынылатын медициналық қызмет сапасының жеткіліксіз болуы;
5) медициналық мекемелердің медициналық жабдықтармен және тұрпатты ғимаратпен жарақталу деңгейінің төмендігі.
Мүмкіндіктері:
1) заманауи медициналық объектілер құрылысын қаржыландыруды арттыру;
2) жаңа жабдықтар сатып алуға, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шығындарды қаржыландыру тетігін әзірлеу;
3) жұмыс орнына, атап айтқанда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеп отырған медициналық кадрларды бекіту және жас мамандарды бекіту бөлігінде шаралар жүйесін әзірлеу.
Қауіптер:
1) саланы жеткіліксіз қаржыландыру медициналық құрал жабдық пен медицина мекемелерінің ғимараттарының тозуына әкеледі, бұл ауруларға уақытында диагностика жасау мен халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын төмендетеді;
2) мамандар тапшылығының артуы.
Сонымен, облыстың денсаулық сақтау ісіндегі негізгі мәселелер әйелдер мен балалар денсаулығының төмен индексі; нәресте өлімінің жоғарғы көрсеткіші; кадрлық мәселелер болып отыр. Тұрғындар аурушаңдығының, әлеуметтік-маңызды аурулар аурушаңдығын-онкологиялық аурушаңдықтарды, туберкулез аурушаңдығын қоса алғанда жоғары деңгейі; жарақаттар мен уланулар дың жоғары деңгейі; өңірдің экологиялық проблемалары және денсаулықты қорғау мәселелерінде тиімділігі аз сектораралық өзара әрекет, тұрғындардың өз денсаулықтарына жеткіліксіз жауапкершілігі.
Емдеу алдын алу ұйымдарының, әсіресе ауылдық жерлердегі ұйымдардың материалдық техникалық базасы әлі жеткіліксіз болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |